СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Менің бөлмем» қазақ тілінен сабақ жоспары.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сыныпқа арналған қазақ тілінен сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
««Менің бөлмем» қазақ тілінен сабақ жоспары.»

Сабақтың тақырыбы: «Менің бөлмем»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, әртүрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың сөз байлығын тексеру, ойын дамыту.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша, ойлау, сөйлеу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін, тілге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, бағалау әр түрлі асық таңбалары бойынша.
Сабақтың көрнекілігі: топтың аты жазылған кәртішкелер, тірек – сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір қай сабақ? Қазақ тілі сабағы. Қолдарымызды ұстап, шеңбер жасап, мына өлең жолдарымен сабағымызды бастайық:
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап
Сабақты енді бастаймыз.
Оқушылар 3 - топқа бөлінеді
Қыран
Ұлан
Достық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?
- үй тапсырмасын айту. (5 мин.)

ІІІ. Жаңа білім беру Миға шабуыл

Тақтаға бөлменің суреттері беріледі
Оқушылар суретті сипаттап сабақтың тақырыбын ашады.


Жана сөздікпен танысу:
Менің бөлмем - Моя комната
Таза - Чистый
Жарық - Светлый
Кең - Широкий
2 - тасырма. Кесте толтыру

3 - тапсырма

Балалар, бүгін сабақта осы екі бөлмені салыстырып айтайық.
Мен үйде не істеймін? сұраққа жауап береді (Оқушылар тақтадағы суреттерге қарап жауап берді, кітаптан оқиды.)
Осы тапсырмасы сурет бойынша әңгіме құрау.

Мен заттарымды жинаймын
Мен еден жуамын.
Мен шаң сүртемін
Мен кілем тазалаймын.
Есте сақта!
Шаң, шаңсорғыш
Мен кілемді шаңсорғышпен тазалаймын

4 –тапсырма.Тыңдап, оқу.
(есте сакта!) Жіктік жалғауын еске түсіре отырып дәптерлерімізге жекеше – мын, - сың,- сіз, және көпше турде
жіктік жалғауын жалғай отырып жазайық.
Мен жинаймын ---------- Біз жинаймыз
Сен жинайсың ----------- Сендер жинайсыңдар
Сіз жинайсыз ------------- Сіздер жинайсыздар
Ол жинайды -------------- Олар жинайды

Сергіту жаттығуы:
Қоян, қоян тұршы,
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы.
Шашыңды тарашы
Киіміңді киші
Мектебіңе қарай жүрші
Орныңа отыршы
Сабағыңды оқышы!

5 - тапсырма Оқушылар тақтадағы керекті сөздерді пайдалана отырып сәйкестендіріп ретін айтыңдар.
жинаймын --------- жинамаймын
жуамын ------------- жумаймын
сүртемін ------------ сүртпеймін
тазалаймын ------- тазаламаймын

Қорытынды:
- Ал, балалар бүгінгі сабағымызда не туралы айтылды?
- Сабақ сіздерге ұнады ма?
Балалар, біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады олар бір - бірімен тату дос. Осы достығымыз жалғаса берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.

Үй тапсырмасы:
27бет, 4 тапсырма толықтырып айту
Сау болыңыздар!