СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?ытуда?ы ба?алау.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ыту ?шін ба?алау  ж?не о?ытуда?ы  ба?алау.

Ба?алау о?ушыларды? білім де?гейлеріні? ?лшемі болып табылады. О?ушылар саба?ты ба?а ?шін о?у?а тырысады. Біз курс барысында ал?ан білімімізді пайдаланып, о?ушыларды? ба?а ?шін емес, ?зіндік білім алу?а ы?пал жасауыды ма?сат еттім. Осы ма?сатта саба? ?стінде о?ыту ?шін ба?алау (формативті ба?алау) ж?не о?ытуды ба?алауды (жиынты? ба?алау) пайдалана отырып,  о?ушыны саба??а деген у?жін арттыру м??алім алдында?ы міндет болып табылады.

         Т?жірибе барысында ?ткен саба?тарымны? барлы?ында формативті ба?алауды пайдаланып, я?ни о?ушыны мада?тай отырып, жауап берген о?ушы?а мада?тау «смайликтерін»

тарата  отырып, саба??а ?ызы?ушылы?ы т?мен о?ушыларды саба??а тарту?а тырыстым. Ж?не де о?ушы ойынша м??алім ба?алауы ?діл емес сия?ты к?рінгендіктен, ?р тапсырманы орындау барысында ба?алау критерийлерін та?та?а іліп, ?р топтан сарапшыларды та?айындап, о?ушыларды ?зін – ?зі ба?алауын ж?зеге асыра бастадым.

      Ал?аш?ы саба?та о?ушыларды формативті ба?алауды ауызша ж?ргіздім, я?ни жауап берген о?ушы?а «жарайсы?», «?те жа?сы», «ойы?а ?осыламын» деп о?ушыны мада?тау?а тырыстым,  Саба? со?ында сарапшылар ?ойыл?ан с?ра?тар мен жауаптарды негізге ала отырып ?з топтарында?ы о?ушыларды ба?алады. Дегенмен ба?алауда сарапшылар ?з топтарында?ы о?ушыларды ба?ала?анда ба?алау критерийлерінен ауыт?ып, ?з топтарына жо?ары ба?а ?ой?анды?ы бай?алды. Сарапшыларды? пікірлері жайлы не ойлайтынын білу ?шін о?ушыны? ?зіне с?ра? ?ой?анымда, о?ушы арты? ба?а ?ойыл?анды?тан ?ялып т?р?анды?ы к?рінді, о?ушы ?зіні? саба??а толы? ?атыса алма?анды?ын айтты. Сарапшы ?з тобына арты? ба?а ?ой?анын бас?а топтардан ?алыспау ?шін ?ой?анын, дегенмен ?з топтарында?ы адамдарды? барлы?ы да саба??а ?атыс?анын, ?з ?лестерін ?осу?а атсалыс?анын айтты. Сарапшыны? ?ой?ан ба?асын саралай отырып, о?ушыларды ба?аладым. Саба? со?ында о?ушылармен кері байланыс ж?ргізу ма?сатында «Білім ?оржынын» пайдаландым. «Білім ?оржынына» о?ушылар саба? туралы ойларын, я?ни саба?та нені ме?герді, нені толы? ме?гере алма?аны жайлы ?з ?сыныстарын жазып, ілді.   Б?л саба?тан кейін мен ?р о?ушыны ?зіне ба?алат?ан д?рыс шы?ар деген ой?а келдім.

        Екінші саба?ымда о?ушыларды? кешегі ба?алауда жіберген ?ателіктерін т?зету ма?сатында ба?алау критерийлерімен саба? басында таныстырып, ?здерін ба?алау керектігі жайлы ?сыныс айттым, о?ан о?ушылар ?ркім ?зін ба?алап, ?з пікірін айтып т?руына уа?ыт к?п кететіндіктен сарапшыны? ?діл ба?алауына сенетіндіктерін айтты. Сонымен келісім бойынша сарапшылар ба?алайтын болды. Саба? ?стінде формативті ба?алауды о?ушыларды ынталандыру ма?сатында «Смайликтер» тарату ар?ылы ж?зеге асырдым, я?ни саба??а белсенді ?атысып отыр?ан о?ушылар?а к?лімдеп т?р?ан «смайликтерді», орташа ?атысып отыр?ан о?ушылар?а «Ал?а» с?зі бар смайликтерін, тыныш отыр?ан о?ушыны саба??а тарту ма?сатында «жабыр?ау отыр?ан баланы?» кейпіндегі  смайликті тараттым. Осы смайликтерді тарат?ан со? тыныш отыр?ан ?айнар ?имылдай бастады. Жан – жа?ында?ы о?ушыларды? пікірін ты?дап, та?ырып бойынша ж?мыс жасай бастады. Демек мені? ынталандыру ма?сатында  тарат?ан «смайлигім» ?сер етті деп ойлаймын. Саба? со?ында сарапшылар б?гінгі саба??а ?атыс?ан о?ушылар жайлы айта отырып, о?ушы білімдерін критерийге с?йкес ба?алады.

       ?шінші саба?та о?ушылар т?жірибелік ж?мыс жаса?анды?тан о?ушылар ББ? стратегиялы? картасы бойынша ?з білімдерін толы?тырды. Саба?ты т?рлендіре отырып, ?рбір кезе?де о?ушыны? кестені толтыруына, жауап беруіне, т?жірибелік ж?мысты жасауына, сол ар?ылы кескін алуына байланысты сарапшыларды? критерий бойынша топ ж?не топта?ы оушылар ба?аланды.

         Со??ы саба?та осы тарауды? ?орытындысы іспеттес бол?анды?тан б?л саба?та «И?, жо?» с?ра? – жауап ?дісі ар?ылы осы тарау бойынша о?ушыны? нені ме?гергенін аны?тадым, д?рыс емес жауап берген бала?а жетелеуші с?ра?тар ?ойдым. Осы ар?ылы о?ушыларды? білім де?гейлерін бай?адым. Жа?а м?тінді ?зіндік т?сінуі бойынша пікірталас?а тарттым, осы пікірталас?а ?атыспа?ан о?ушы ?алмады, сонды?тан сарапшыларды? пікірі бойынша барлы? о?ушы жа?сы ба?аланды.

     О?ушыны ?алай о?у?а ?йрету ?шін саба?та о?ушы білімін ба?алау м??алім шеберлігіне байланысты. О?ушыны ба?а ?шін емес, ?зіндік білім алу?а ынталандыруда у?ж ту?ызу ?шін м??алім формативті ба?алауды тиімді ж?ргізе білу керек.

 

Просмотр содержимого документа
«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?ытуда?ы ба?алау.»

Оқыту үшін бағалау және оқытудағы бағалау.

Бағалау оқушылардың білім деңгейлерінің өлшемі болып табылады. Оқушылар сабақты баға үшін оқуға тырысады. Біз курс барысында алған білімімізді пайдаланып, оқушылардың баға үшін емес, өзіндік білім алуға ықпал жасауыды мақсат еттім. Осы мақсатта сабақ үстінде оқыту үшін бағалау (формативті бағалау) және оқытуды бағалауды (жиынтық бағалау) пайдалана отырып, оқушыны сабаққа деген уәжін арттыру мұғалім алдындағы міндет болып табылады.

Тәжірибе барысында өткен сабақтарымның барлығында формативті бағалауды пайдаланып, яғни оқушыны мадақтай отырып, жауап берген оқушыға мадақтау «смайликтерін»

тарата отырып, сабаққа қызығушылығы төмен оқушыларды сабаққа тартуға тырыстым. Және де оқушы ойынша мұғалім бағалауы әділ емес сияқты көрінгендіктен, әр тапсырманы орындау барысында бағалау критерийлерін тақтаға іліп, әр топтан сарапшыларды тағайындап, оқушыларды өзін – өзі бағалауын жүзеге асыра бастадым.

Алғашқы сабақта оқушыларды формативті бағалауды ауызша жүргіздім, яғни жауап берген оқушыға «жарайсың», «өте жақсы», «ойыңа қосыламын» деп оқушыны мадақтауға тырыстым, Сабақ соңында сарапшылар қойылған сұрақтар мен жауаптарды негізге ала отырып өз топтарындағы оқушыларды бағалады. Дегенмен бағалауда сарапшылар өз топтарындағы оқушыларды бағалағанда бағалау критерийлерінен ауытқып, өз топтарына жоғары баға қойғандығы байқалды. Сарапшылардың пікірлері жайлы не ойлайтынын білу үшін оқушының өзіне сұрақ қойғанымда, оқушы артық баға қойылғандықтан ұялып тұрғандығы көрінді, оқушы өзінің сабаққа толық қатыса алмағандығын айтты. Сарапшы өз тобына артық баға қойғанын басқа топтардан қалыспау үшін қойғанын, дегенмен өз топтарындағы адамдардың барлығы да сабаққа қатысқанын, өз үлестерін қосуға атсалысқанын айтты. Сарапшының қойған бағасын саралай отырып, оқушыларды бағаладым. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізу мақсатында «Білім қоржынын» пайдаландым. «Білім қоржынына» оқушылар сабақ туралы ойларын, яғни сабақта нені меңгерді, нені толық меңгере алмағаны жайлы өз ұсыныстарын жазып, ілді. Бұл сабақтан кейін мен әр оқушыны өзіне бағалатқан дұрыс шығар деген ойға келдім.

Екінші сабағымда оқушылардың кешегі бағалауда жіберген қателіктерін түзету мақсатында бағалау критерийлерімен сабақ басында таныстырып, өздерін бағалау керектігі жайлы ұсыныс айттым, оған оқушылар әркім өзін бағалап, өз пікірін айтып тұруына уақыт көп кететіндіктен сарапшының әділ бағалауына сенетіндіктерін айтты. Сонымен келісім бойынша сарапшылар бағалайтын болды. Сабақ үстінде формативті бағалауды оқушыларды ынталандыру мақсатында «Смайликтер» тарату арқылы жүзеге асырдым, яғни сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға күлімдеп тұрған «смайликтерді», орташа қатысып отырған оқушыларға «Алға» сөзі бар смайликтерін, тыныш отырған оқушыны сабаққа тарту мақсатында «жабырқау отырған баланың» кейпіндегі смайликті тараттым. Осы смайликтерді таратқан соң тыныш отырған Қайнар қимылдай бастады. Жан – жағындағы оқушылардың пікірін тыңдап, тақырып бойынша жұмыс жасай бастады. Демек менің ынталандыру мақсатында таратқан «смайлигім» әсер етті деп ойлаймын. Сабақ соңында сарапшылар бүгінгі сабаққа қатысқан оқушылар жайлы айта отырып, оқушы білімдерін критерийге сәйкес бағалады.

Үшінші сабақта оқушылар тәжірибелік жұмыс жасағандықтан оқушылар ББҮ стратегиялық картасы бойынша өз білімдерін толықтырды. Сабақты түрлендіре отырып, әрбір кезеңде оқушының кестені толтыруына, жауап беруіне, тәжірибелік жұмысты жасауына, сол арқылы кескін алуына байланысты сарапшылардың критерий бойынша топ және топтағы оушылар бағаланды.

Соңғы сабақта осы тараудың қорытындысы іспеттес болғандықтан бұл сабақта «Иә, жоқ» сұрақ – жауап әдісі арқылы осы тарау бойынша оқушының нені меңгергенін анықтадым, дұрыс емес жауап берген балаға жетелеуші сұрақтар қойдым. Осы арқылы оқушылардың білім деңгейлерін байқадым. Жаңа мәтінді өзіндік түсінуі бойынша пікірталасқа тарттым, осы пікірталасқа қатыспаған оқушы қалмады, сондықтан сарапшылардың пікірі бойынша барлық оқушы жақсы бағаланды.

Оқушыны қалай оқуға үйрету үшін сабақта оқушы білімін бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Оқушыны баға үшін емес, өзіндік білім алуға ынталандыруда уәж туғызу үшін мұғалім формативті бағалауды тиімді жүргізе білу керек.











Логин

[email protected]



Жамбыл облысы,жуалы ауданы Қайрат ауылы, № 2 Мыңбұлақ орта мектебі.

Дүйсеқұлова Светлана Мықтыбековна тарих пәні.

Еңбек өтілім : 8 жыл.

санатым : ІІ