Шаттық шеңбері: Ризамын (2 рет) бүгінге, Ризамын (2 рет) бүгінге, Ризамын қазірге! Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Өткенге шолу -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді? -көктемде қандай өзгерістер болады? Әріп дегенім не? Буын дегеніміз не? Сөз дегеніміз не? «Сөйлемді жалғастыр» Лимон ащы, ал қант..... Шөп жасыл, ал аспан..... Ағашты аралайды, ал шегені.... Құстар ұяда тұрады, ал адамдар... Құс ұшады, ал жылан... Кеме жүзеді, ал машина.... Шиені жейді, ал шайді.... Әнші өлең айтады, ал құрылысшы.... Түнде қараңғы, ал күндіз.... Қызығушылығын ояту. «Қай дыбыс екенін айт» ойыны Шарт: Дыбыс шығармай бір әріпті айтамын. Қандай әріп екенін тапқан бала жеңімпаз атанады. Еске сақта З дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. З дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келеді. Оны қөк текшемен белгілейміз. Диалог әдісі -Бір оқушы сөз ойлайды, екінші оқушы сөйлем құрастырады. Мысалы: 1-ші оқушы: Қазан 2-ші оқушы: Қазанмен ет асады. Жаңа сөздермен танысу -Оқушылар бейнежазба тамашалайды. Өздері айтпаған жаңа сөздерді айтып шығады. Сол сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.  №1. Оқылым  |