Сабақ тақырыбы: | Жиын дегеніміз не? | Мектеп: 21 |
Күні : | | Мұғалімнің аты-жөні: Баймбетова Майгүл |
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Осы мақсат арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.4.1.1 екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін айырып алуды көрнекі түрде кескіндеу |
Сабақ мақсаттары: күтілетін нәтиже, саралау. | Барлық оқушылар орындай алады: Екі жиынды біріктіреді және жиыннан оның бөлігін айыра біледі. |
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жиын элементтерін атайды. Жиындарға мысал келтіреді. |
Кейбір оқушылар орындай алады: Жиындарды ажырата алады. Өмірмен байланыстырады. |
Тілдік мақсат: | Пәндік лексика мен терминдер: жиын, элемент |
Алдыңғы оқу: | Сандарды өсу ретімен санай алады. Заттарды ажырата алады. |
Дағды: | - білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті. - қарым – қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда) -АКТ саласындағы дағдылар. |
Рухани құндылықтар: | - қарым – қатынас жасау қабілеті. - жауапкершілік - қамқорлық - өмірмен байланыстыру |
Жоспар: |
Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз | Ресурс |
Басы: Ширату Білу: Түсіну: Қолдану: | «Кір ілгіш» жіп -Оқушыларға сандар рет қатарын сақтамай беріледі. Оқушылар сандарды өсу ретімен орналастырады. Сол сандардың артында әріптер жазылған. Сандарды өсу ретімен орналастырғаннан кейін Жиын деген сөз шығады. 1 2 3 4 Ж и ы н -Оқушылар 3 топқа бөлінеді. 1-топ: Гүлдер жиынын ажыратады. 2-топ: Көліктер жиынын ажыратады. 3-топ: Алмалар жиынын ажырады. Жиын – ортақ белгісі бар заттар жиынтығы. Мысалы: алма, алмұрт, апельсин – жемістер жиыны. Жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады. Практикалық жұмыс -Оқушылар қане жан-жағымызға, алдымыздағы құралдарымызға назар аударайық. Сол арқылы әр түрлі жиындарды атап шығайық. | Сандар, әріптер. |
Ортасы: Талдау: | -Оқушыларға суреттер таратылып беріледі. Оқушылар суреттерде берілген жиындарды атап шығады.   | Суреттер |
Кері байланыс: | -Жарайсыңдар, жиындарды ажырата аласындар! Жиындарды өте жақсы атап шықтыңдар! | |
Соңы: Жинактау | «Артығын тап» 3-топқа үш түрлі суреттер беріледі. Сол суреттерден жиын емес суретті қоршап көрсетеді.    Есте сақта Егер екі жиынды біріктірсе, онда жаңа жиын пайда болады. Егер бір жиыннан онын бөлігін алып тастаса, онда да жаңа жиын пайда болады. «Ойлан тап» Қандай жиын шығады? -Балалар жиыны мен ересектер жиынын біріктірсе; -Сынып оқушылары жиынынанқыздар жиынын алып тастаса қандай жиын шығады? | Суреттер таратылады. |
Дескриптор: | -Жиындарды ажырата алады. -Жиынды құрайтын элементтер екенін біледі. -Жиындарға мысал келтіреді. -Екі жиынды біріктірсе жаңа жиын құрайтынын біледі. -Бір жиыннан оның бөлігін алып тастаса жаңа жиын пайда болатынын түсінеді. |
Кері байланыс: | -Жарайсыңдар! Сендер жиын туралы толық меңгергенсіңдер! Жиындарды атау кезінде өте жоғары деңгейде болдыңдар. Жиынның әрбір элементін атай алдыңдар! Тамаша! |
Рефлексия. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? | Өз сабағыңызда талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |