12
«Картина бойынша әңгіме құруда И.Н. Мурашковска әдістемесінің пәнаралық интеграциясы»
Тәрбиеші: Р.М.Кунанбаева
2013 жыл
Мақсаты:
И.Н.Мурашковска әдістемесі негізінде балалардың тіл құзіреттілігін, ой-өрісін, шығармашылығын жеке даралығын дамыту.
Міндеттері:
әңгіме құрастыруда балалардың монологтік және диалогтік сөйлеу тілін қалыптастыру;
әңгіме құрастыруда балаларды ойлап табу іскерліктеріне үйрету;
балаларды сөйлемдерде бейнелеу сөздерін мен салыстырулар қолдануға үйрету;
- балалардың тілдік шығармашылығын дамыту;
Кіріспе
Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді.
Байланыстырып сөйлеу сөз қорының байлығын, тіл заңдылықтары мен мөлшерін, яғни грамматикалық құрылымын меңгеру, сонымен қатар оларды тәжірибеде қолдануға әкеледі.
Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеуі болып табылады, яғни сәбидың тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша мектепке дейінгі және кіші жастағы балалардың тілін дамыту тек қарапайым ситуациялық түрде ғана көрінеді. Бала мақсатсыз түрде ойындағы жалғыз бір көріністі бір ғана сөзбен сипаттайды. Басқа да ой елегінен өткізіп, толық, мәнді айту оның ойына келмейді, тек сұрақты жаудыртсаң ғана сол сұрақтарға нақты жауап беруге тырысады, не бірден ойын толық жеткізуге тартынады. Сол себептен балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Балаға өз ана тілін меңгерту мектепке дейінгі берілер білімнің маңыздысы болып табылады. Ол қазіргі мектепке дейінгі білім беру ісінде байланыстырып сөйлеу бала тәрбиесінің негізгі іргетасы ретінде бағаланады. Мектепке дейінгі баланың тілді меңгеру үдерісі үлкендер және балалармен қарым – қатынас жасауымен және қоршаған ортаны тануда, өзінің ойы мен сезімдерін толыққанды айта білу мүмкіндігімен тығыз байланысты.
Байқауым бойынша, соңғы жылдары балалардың сөйлеу деңгейлері дамуының төмендеген сияқты. Сондықтан өзіме алған зерттеу тақырыбым балалардың тілін дамыту болды. Тілдің жақсы дамуы – мектепалды дайындықтың негізгі көрсеткіші болып табылады. Баланы мектепке жақсы дайындау, тілді ауызша дамытудың сапасына байланысты. Тілді дамытуға:
Отбасындағы үлкендер мен балалардың, балабақшадағы бүлдіршіндердің өзара сөйлесуі тілдік орта болып табылады. Егер де бала тіл мәдениетін меңгерген адамдардың арасында болса, үлкендер балалармен белсенді қарым – қатынас жасап, оның әңгімелесудегі белсенділігін мақтайтын болса, тілдік ортаның тіл дамытудағы әсері нәтижелі болады.
Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы мен тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал ата – аналар мен тәрбиешілердің балаларға үлгі болатындай дұрыс бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты болып табылады.
2 қадам. Нысандар арасындағы байланыстар мен өзара қатынас.
«Не істеп жатыр?» деген сұрақ бала ойына бірден түсінікті болмайды. Егер де ұл қолын созып тұр және оның қолдары күректі қатты қысып алыпты десе, қарсы шығып көр! Біз әрине, ұлдың аққаланы жасап жатыр деген жауапты ғана естігіміз келеді. Бірақ аққаланы жасап жатыр көп істі қажет ететінін білеміз ғой, яғни күрекпен қарды күрегенін, қарды дөңгелетіп, шарға айналдырғанын, сәбізден танауын жасағанын және сол сияқты көптеген қайталанатын қимылдарды ойластырып қоюға болады. Жасап жатыр жалпылауыш әрекет қана. Ендеше өзіміздің қарапайым сұрағымызбен суреттегі қатып тұрған ұлдың сан түрлі қимылдарын айтып берсе екен деп ойлаймыз. Егер де бала жалпы осындай тұрмыстық жағдайлардан хабары болса, әрине есіне түсіріп айтып бере алады, ал егер де хабары болмаса онда оған қиыншылық тудырады. Бұл жөнінде, мұндай жағдай туындаған кезде не істеу керектігін біз кейінге қалдырамыз.
Қайтадан қарапайым түрдегі «не істеп жатыр?» сұрағына оралатын болсақ, көп жауап ала алмайтынымыз анық әрине. Ұл аққаланы жасап жатыр, қыз шанамен сырғанайды, тағы не айтуға болады? Нысандар арасындағы байланыс аяқталған жағдайды үнемі көрсете бермейді. Біз әрине бұл дүниедегі барлық нәрсе өзара байланыста болады деген қағиданы ұстанамыз. Ендеше алдымызға мынадай мақсат қоямыз: картинадан бөлініп алынған нысандардың өзара байланыстарын табу.
Бұл үшін «БӘРІН ҚОС» тапсырмасын орындаймыз. Мысалы, ойланып қарындашқа қараймыз. Сендер қалай ойлайсыңдар, қарындашты немен қосуға болады? Ақ қағазбен. Неге? Өйткені қарындашпен ақ қағазға сурет саламыз не жазамыз. Қолмен қосамыз. Қол сурет салады. Суды, аяқты немен қосуға болады? Суды шелекпен, өйткені шелекке құйылады, аяқты жермен қосамыз, өйткені аяқ жерді басып жүреді т.с.с. Міне осындай ойларды түрткіге ала отырып, енді тақтада тұрған шеңбер ішіндегі нысандарды өзара қоса бастаймыз. Яғни ретке келтіру әдісі басталады, барлық нысандарды өзара қосып бір бүтін аламыз.
Неден бастаймыз? Қандай екі шеңберді өзара қосамыз? Ойлап тапқан бала тақтаға шығып «сиқырлы таяқшасымен» өзара екі шеңберді сызып қосады. Бұл жерде бала өз ойын дәлелдеу керек.
Сонымен:
Әзірше еш жаңалық жоқ. Бірақ жалғастыра береміз. – тағы да айтатындар бар ма?
Тақтадағы бағыттаушы «сиқырлы сызықтар» саны өсе бастайды. Суреттер өзара өрмекшінің торындай матаса бастайды. Бірақ балалар қызығып өзара екі нысанды алып қосқысы келе береді, яғни әлі қосылмағандарын іздейді.
Балалар өз байланыстарын айтып жатқанда олардың өзара бірізділігі бар ма, жоқ па, айтқандарынан байланысқан әңгіме шыға ма, оны ойламайды. Сондықтан олардың бірден пайда болған көтеріңкі көңіл – күйлерін бұзбай, ізденістік жолдарына бөгет болмай тыңдаймыз. Бұл жерде бала өзінің тапқырлығына масаттанып алсын делік! Қазір оларға нақты мақсат емес, айтатын ой керек. Ал тәрбиеші байланыстарды тақтаға не дәптерге түртіп жазып отыруына болады. Алғашқыда барлық айтылған көзқарастар үзілмей қабылданады. Кейін әбден кез келген картинаны қарастыруды үйренген кезде артығын балалар өздері де сезетін болады. Ал балалар ойына шек берсек, яғни айтқандарын үзбей тыңдасақ, онда аталмыш картинаны ұзақ уақыт, тіпті 1 айға дейін қарастыруға болады. Ал балалар тарапынан тағы да өздері байқамай айтып отырған сөйлемдері, иә – иә, толық байланыстырып айтып отырған сөйлемдері ағылып келіп жатады. Сонда бастапқыдағы қатып қалған екі сөйлем «Ұл», «Ұл аққала жасап жатыр» қайда қалды? Оған көмекті осы сиқырр жасады.
2 ҚАДАМ. «БӘРІН ҚОС» (байланыстарды табу).
Қысқаша сипаттама.
Екі шеңберді өзара қосып және олардың өзара байланысын түсіндіріп береміз. Түсіндіріп қана қоймай дәлелдеу қажет екені тағы бар.
ІІ. «Картинадағы нысандар арасында өзара байланыс орнату»
Мақсаты: картинадағы нысандар арасында өзара байланыс орнату кезіндегі ойлау әрекеттеріне үйрету.
Балалармен жұмыс жасау әдістемесі.
Нысандар арасында өзара байланыс жасау кезінде келесі шығармашылықты тапсырмалар ұсынылады.
1). «Бәрін қос» сиқыршы келді де, екі нысанды қосты. Ол неге олай жасағанын дәлелдеуін сұрады.
2). «Дос іздеймін» - өзара байланысы бар нысандарды бірден тауып, қосу.
3). «Дос болмайды» - өзара достаса алмайтын нысандарды табу.



3 қадам. Нысандар мен әрекеттерге сипаттама.
Әңгіменің негізін дайындадық, бірақ оның қиял шегін шарықтататын бейнелер жетіспейді. Әңгімені одан әрі суреттеу керек, яғни ашық түсті сипаттаулар керек ақ, сонда біздің қабылдауымыздағы картинаға жан біте бастайды.
Осы сипаттамаларды байланыстыра құрастырған кезде қолдануды ұсынамыз. Онда мысалға алғанда мынадай сөйлемдер легі шығады:
Осылай әңгіме барысына жаңағы белгілер, сипаттамалар, қасиеттер ене бастайды. Ал адамның қабылдауға қажетті басқа да дене мүшелері бар екендігі есімізге түскендіктен, бізге Алдар Көсенің тағы да бір тапсырмасын орындауға тура келеді.
Оның аты «МЕН БӘРІН СЕЗЕМІН», оны «КАРТИНАҒА ЕНУ» ойын жаттығуымен байланыстыруға болады, яғни бір мезетте көздеріңді жұмып картина ішіне енетіндеріңді елестетіңдер. Мұқият тыңдап, картина ішіндегі оқиғаға көз салыңдар, сендерді қоршаған заттар не істеп жатқанын естіп көрейік. Не естіп жатырсыңдар?
Жұмыс барысында жиі қолданатын дидактикалық ойындарымның сипаттамасы.
«Дүрбі» ойыны. Балалардың қолдарында дүрбі болады. Немесе балалар алақандарын дөңгелетіп «дүрбі» жасайды. Сол дүрбімен картинадағы нысандарды бөле бастайды. Нысандарды жай ғана бөлеміз демей, осындай ойынды қолданып, яғни «дүрбіні» ойын жаттығуына айналдырса, балалар көптеген нысандар тауып алады.
«Шеңберде кім тұрады?». Балалардың атаған нысандарын шеңберлер ішіне қойып, тек жай ғана ататып қоймай, ойын арқылы «Шеңберде кім тұрады?» - десек, бала бірден қызыға бастайды. Шеңберде сырғанақ тұрады, шеңберде суықторғай тұрады т.б. деген көптеген жауаптар туындайды. Әрі ойын, әрі ойды бекітеміз.
«Туыс іздеймін». Бәрін қос сиқыршысы нысандарды өзара қоса бастағанда тек жай ғана мен мысықты сүтпен қосамын дегізбей, оның орнына осындай ойынды енгізсек, қызық болады, яғни суреттер бір – бірлеріне туыс іздейді.
«Дос іздеймін». Мағынасы жоғарыдағы ойын сияқты. Бұл жерде тәрбиеші өзі ойындарды таңдай алады. Мысалы, шеңбердегі суықторғай өзіне дос іздейді. Кім болар екен? Суықторғайға дос: аққала, ағаш, шетен, бола алады.
«Дос болмайды». Мағынасы дәл солай. Бірақ дос болмайтын нысанды іздейміз. Мысалы суықторғайға кім дос болмайды? Сырғанақ, жол, қар т.б.
«Картинаға ену». Бұл ойынды тек сиқыршылардың көмегімен ғана жүргізе аламыз. «Бәрін естимін, Бәрінің дәмін татамын, Бәрін қолыммен сипап сеземін, Бәрін иіскеймін» сиқыршыларын көзді жұмып картинаға кіргіземіз. Сонда олар картина ішінде жүріп естіп, көрген – білгендерін айтады, әрине балалар атынан.
«Осы түс сияқты таңда». Картинадағы нысандардың түстерін қарастырамыз. Сосын осы сияқты нысанды, түсті тап деп талап қоямыз. Бұл жерде тек қана түсі емес, пішіні, материалы, дәмі, иісі т.б. алынуға болады.
Тәрбиешілерге И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс әдістемелерін қолданып балалармен картинаны қарастырғанда шығармашылықты әңгіме құрастыруға үйрету бойынша ұсыныстар беріледі. Ұсынытар дидактикалық ойын түрлерімен бірге көрсетілген.
Картинамен жұмыс жасау үлгісі.
кезең «Картинаның құрамын анықтау»
«Дүрбі» ойыны
Шеңберде кім (не) тұрады? Ойыны
«Туыс іздеймін» ойыны
Кезең «Картинадағы нысандар арасында өзара байланыс орнату»
«Дос іздеймін» ойыны
«Дос болмайды» ойыны
Кезең «Картинаны қабылдау кезінде сипаттауға сезім мүшелерін қолдану»
«Картинаға ену» ойыны
Бізге қонаққа «Мен бәрін естимін» гномы келді
Бізге қонаққа «Мен иіс сеземін» гноым келді
Бізге қонаққа «Мен бәрінің дәмін татамын» гномы келді
Бізге қонаққа «Мен қолыммен және теріммен сеземін» гномы келді
Кезең «Нысандарға бейнелі мінездеме құрастыру»
«Осы түс сияқты таңда» ойыны
«Пішінімен салыстыр» ойыны
«Материалы бойынша салыстыр» ойыны
Кезең «Уақыт ағымына нысандардың ауысуы»
Бізге қонаққа «Мен уақыт көлігімін» гномы келді
Кезең «Әр түрлі көзқараспен әңгіме құрастыру»
Әдістеме екі түрлі әңгіме құрастыруға бағытталған.
Бірінші түрі «Шынайы сипаттамалық мәтін» - сипаттау әңгімесі
Мақсаты: Дидактикалық талаптарға сай картина бойынша сипаттау әңгімелерін құрастыруға үйрету.
Екінші түрі «Қиялды сипаттамалық мәтін» - картина бойынша шығармашылықты әңгімелеу (қиялдау)

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. А.М.Бородич «Методика развития речи детей» Москва 1981г.
2. Т.И.Петрова, Е.С.Петрова «Игры и занятия по развитию речи дошкольника» Москва 2004г.
3. И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс «Картинки без запинки» Санкт – Петербург 1995г.
4. О.С.Ушакова, Е.М.Струнина «Диагностика речевого развития дошкольников» Москва 1999г.
5. О.С.Ушакова «Развитие речи и творчество дошкольников» Москва 1999г.
6. Я.Бабич «365 увлекательных занятий для дошкольников» Москва 2000г.
7. Н.В.Новотворцева «Развитие речи детей»
8. Л.А.Венгер «Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста»
9. Учебный центр им. Л.А.Венгера программа «Развитие»
10. Н.Егорова «Учитесь фантазировать»
11. «Играем по системе ТРИЗ» №5 1998г.
12. О.Ушакова «Развитие речи детей»
13. «Отбасы және балабақша» журналдары
Павлодар қаласының білім беру бөлімі
МКҚК «№28 сәбилер бақшасы»

«И.Н.МУРАШКОВСКАЯ, Н.П.ВАЛЮМС ӘДІСТЕМЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КАРТИНА БОЙЫНША ӘҢГІМЕ
ҚҰРУҒА ҮЙРЕТУ»
(ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ)
Орындаған:Р.М.Кунанбаева
Павлодар