СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жапырақ тамырдан нәр алады" тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналармен жұмыс

«Жапырақ тамырдан нәр алады» тренинг Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты Барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Жапырақ тамырдан нәр алады» атты тренингіміздге қош келдіңіздер. Ата-ана – баланың бас ұстазы. Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы. Баланың бағыт-бағдар алатын шамшырағы іспеттес. Ата-ана өзі үлгі болуымен қатар, мейірім мен махаббат иесі болуы қажет. 1. Сергіту жаттығуы. «Жаңбыр» Жылы жаңбырда жауды (екі қол артта кезек-кезек алдыға созу) Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді. (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу) Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктерде жапырақтарын күнге жая бастайды. (аяқты артқа созып, қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу) Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр.(қолды қанатша қағып, отырып тұру). Жарқырап күн шықты. 2. Танысу жаттығуы. «Мен өзімді мақтаймын». Әрқайсыңыз есімдеріңізді айтып, өздеріңізді бір нәрсе үшін мақтауларыңызды сұраймын. Қазір көп мақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Мен бастаймын, сіздер қостайсыздар: «Мен өзімді еңбеқорлығым үшін мақтаймын» және т.б. 3. «Сөздерді алмастыр» 1) Сенен ешқандай пайда шықпайды, нөлсің. 2) Неге сен басқа балалардай емессің. 3) Неге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір. 4) Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың. 5) Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмайды. 6) Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалады ғой. 7) Айтатының ылғи өтірік. 8) Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын. Ата-аналар осы сөзді былай алмастыруына болады. 1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететіне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек. 2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп үміт артуы керек. 3. «Үстіңді ретке келтір,шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» - деп, баланыңғ өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек. 4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама». 5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек. 6. Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымды сынып жетекшіңе барып жолығамын. 7. Қателеспейтін адам болмайды, мен саған сенемін, сырлас болайық. 8. Сен туралы айтылған әрбір жақсы сөз маған күш, қуат береді. Міне, біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін. 4. «Ой жинақтау» жаттығуы. Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру. Ата-аналар топқа бөлініп ата-ана мен балалар арасындағы қарым -қатынас ережелерін құрастырады,сызба, кесте арқылы құрастырады. Қорытынды. Сонымен ата-аналар бала тәрбиесі ең маңызды- мәселе. Ең басты – ата- ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс- шарамыздың соңында сіздерге мандарин ұсынғым келіп отыр. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нәрлі шырынында дәрумені көп жемістердің ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса бізде балалармызға жұмсақ мінез танытып, жан-жақты тәрбие берейік. Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік, Үш – ақ әріптен үлбірейді гүл шығып. Үш – ақ әріп дүниені танытқан, Үш – ақ әріп қойған жыршы ғып – дей келе тренингімізді аяқтаймыз.

09.04.2016 16:02


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!