Сынып | 10 | Күні: 26.01.2017 | |
Пәні: | Информатика |
Сабақтың тақырыбы: | Графикалық әдістер мен процедуралар |
Негізгі түйінді идея: | VisualBasic-те бағдарламалау заңдылықтарын біледі. |
Оқу мақсаты: | VisualBasic-те графикалық файлдарды қолдануға, әдістерді пайдалана білуге, процедураларды жазудың әдістерін білу . |
Табыс критерийлері |
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: |
а) VisualBasic-те бағдарламалау негіздерін біліп түсінеді | а) Координаталарда мәнді енгізіп, программасын құрады, сызықтарды сызады, координатаға геометриялық фигураларды орнатады, ә) операторларын жазады, қателермен жұмыс жасай алады. | а) Графикалық әдістер мен процедуралардың практикалық маңызын біледі. Бағдарламалау негізіндегі жаңартуларды өмірмен байланыстыра алады. |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Ресурстар |
2 мин | Ұйымдастыру: Топқа біріктіру | | Ынтымақтастыру, жақсы көңіл күй қалыптастырып, оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу. | - Амандасу, түгендеу. -Ыңтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін 2 топқа біріктіу. Топқа біріктіу үшін түрлі -түсті қағаздардан қиылған геометриялық фигураларды балалардың өз қалауымен алуын дұрыс ұйымдыстырады | - Амандасады геометриялық фигуралар бойынша 2 топқа бірігеді. - 1-топ – «Алгоритм», - 2-топ – «Visual» | Түрлі түсті қағаз. |
7 мин | Үй тапсырмасы: | 2 топқа тапсырма 1-топ «Алгоритм» Visual Basic негізгі терезе элементтерінің қызметі. 2-топ – «Visual» Басқару элементтерін атап, қолдану аймағына мысал келтіріп түсіндіру. | Өткен тақырыптарды есіне түсіріп, қайталау Тақырыпты меңгергенін бақылау. | Бағалау крийтерийлерімен таныстыру Сұрақтар беру Топтағы оқушылардың сұрақты талқылауын қадағалау, бақылау. | Топпен шығып талқылайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды. | Үлестірме қағаздар. |
12 мин | Негізгі бөлім: Жаңа сабақты білу,түсіну. Қолдану. | Ой қозғау «Стоп кадр» «Сұрақтар шеңбері» 1. Графикамен байланысты батырмаларды атаңыз. 1-топ: 2. Scale әдісі не үшін қажет? 2-топ: 3. Нүкте, сызық, тіктөртбұрыш, боялған, боялмаған тіктөртбұрыш, эллипс салу операторлары қандай? Бағдаршам арқылы бағалау | Тақырыпты ашу мақсатында Жаңа материалды талқылап, толық меңгеру. Жауапкершілігін арттыру Шығармашылық ой қозғау. | Видео роликті көрсетіп сұрақ қояды. Бақылайды, сұрақ қояды, бағыт береді Талқылауды тыңдау, өзектісін шығаруға бағыттау, сұрақтарға берілген жауапты бақылау. | Видео роликті оқушылар көре отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, білімін жинақтайды. дәптерге жазады. Бір-бірне түсіндіреді, сұрақ қояды. Әр топ өз мәтінін қорғайды. Мәтін мазұмынының өзекті мәселелері туралы көзқарастарын суреттер, сызбалар арқылы постер қорғайды. . Әділ бағалауға дағдылану. | Оқулық дәптер. АКТ пайдалану |
14 мин | Компьютермен тәжірибелік жұмыс | VisualBasic-те бағдарламалау. Тәжірбиелік тапсырма: 1-топ: Графикалық әдістерді қолданып үйдің суретін салу. 2-топ: Графикалық әдістерді қолданып аққаланың суретін салу. | Алған білімдерін тәжірибеде қолдану | Бақылайды, бағыт-бағдар береді. | Visual Basic бағдарламалау ортасыда графикалық әдістерді қолданып, сурет салады. | Оқулық, дәптер. VisualBasicбағдарламалау ортасы |
7 мин | Қорытындылау Жинақтау. | Тест жұмысын беру. Компьютерде орындайды | Тақырыпты қай деңгейде меңгергенін білу | Кері байланыс. Талқылау бойынша серіктестер (Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы; Не нәрсе оңай болды? Не нәрсе қиын болды? Не білгіңіз келеді?) Бағыт-бағдар беру. Бағалау | Тест жұмысын орындайды. Кері байланыс Оқушылар талқылау серіктестер бойынша өздерінің жауаптарын стикерге жазып тақтаға жабыстырады. | Компьютер. Стикер |
2 мин | Бағалау. | Әділ бағалауды үйрену | Өзін-өзі бағалауды үйрену | Оқушылардың білім деңгейін бағалау | Әр топ басшысы оқушы бағалау парағындағы сабақ барысында оқушылардың жинаған бағаларын жинақтап, суммативті бағасын қояды | Өзін-өзі бағалайды. Бағалау парағы. |
1 мин | Үйге тапсырма. | §19. Графикалық әдістер мен процедуралар | Білімдерін толықтырып, іздену. | Үй тапсырмасына түсінік береді. | Күнделікке тапсырманы жазады | Күнделік, кітап. |
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар: |
Не сәтті болды? | |
Не сәтті болмады? | |
Нені жақсартуға болады? | |
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | |
Нені өзгертуге болады? | |