СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұқағали Мақатаев

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Презентация по теме "Мұқағали Мақатаев"

Просмотр содержимого документа
«Мұқағали Мақатаев»

 Қазынам бар,  Қисапсыз шектеледі.  Қызғанады біреулер,жек көреді. Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін Алам десең, алдымен, зертте мені.  М.Мақатаев

Қазынам бар,

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер,жек көреді. Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін Алам десең, алдымен, зертте мені.

М.Мақатаев

Мұқағалидың өмірі Мұқағалидың өлеңдері Мұқағалидың поэмалары Мұқағали туралы естеліктер Мұқағали мұражайында Мұқағали мұражайында Мұқағалиға  арнау  Мұқағали мұражайында Суреттер сөйлейді

Мұқағалидың

өмірі

Мұқағалидың

өлеңдері

Мұқағалидың

поэмалары

Мұқағали

туралы естеліктер

Мұқағали

мұражайында

Мұқағали

мұражайында

Мұқағалиға

арнау

Мұқағали

мұражайында

Суреттер

сөйлейді

6 класс 5 класс

6 класс

5 класс

Мен-таулықпын Фантазия Барлығы да сендердікі 5 класс

Мен-таулықпын

Фантазия

Барлығы да сендердікі

5 класс

Ф а н т  а з  и я Жеті қат жерің мынау төңкерілген, Жеті қат аспанменен көмкерілген. Адамзат оның бәрін ерте білген, Ертегіде табысқан ертеңімен, Ғаламаттар туылған ертегіден. Ғаламаттар жасалған ертегіден, Ертегілер қиялдан ерте жүрген. Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат, Галилей, Коперниктен ерте білген. Ғаламаттар жасалған ертегіден, Ертегілер қиялдан ерте жүрген. Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат, Галилей, Коперниктен ерте білген. Барлығын да адамзат қиялдаған, Қиялдап жер бетіне сыя алмаған. Ойлап-ойлап, отырып кілемімен Аспанға ұшудан да ұялмаған. Қиялдап,менің дана, байғұс бабам, Алайда, атқа мініп Айға ұшпаған. Бабамның қиялымен қанаттанып, Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам. Қиялдап,менің дана, байғұс бабам, Алайда, атқа мініп Айға ұшпаған. Бабамның қиялымен қанаттанып, Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.

Ф а н т а з и я

Жеті қат жерің мынау төңкерілген,

Жеті қат аспанменен көмкерілген.

Адамзат оның бәрін ерте білген,

Ертегіде табысқан ертеңімен,

Ғаламаттар туылған ертегіден.

Ғаламаттар жасалған ертегіден,

Ертегілер қиялдан ерте жүрген.

Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат,

Галилей, Коперниктен ерте білген.

  • Ғаламаттар жасалған ертегіден, Ертегілер қиялдан ерте жүрген. Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат, Галилей, Коперниктен ерте білген.

Барлығын да адамзат қиялдаған,

Қиялдап жер бетіне сыя алмаған.

Ойлап-ойлап, отырып кілемімен

Аспанға ұшудан да ұялмаған.

Қиялдап,менің дана, байғұс бабам,

Алайда, атқа мініп Айға ұшпаған.

Бабамның қиялымен қанаттанып,

Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.

  • Қиялдап,менің дана, байғұс бабам, Алайда, атқа мініп Айға ұшпаған. Бабамның қиялымен қанаттанып, Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.
М е н - т а у л ы қ п ы н  Тау дейтін алып жүрек Ана туған Мен- таулықпын! Таудан мен жаратылғам, Киіктің сүтін еміп ержеткенмін, Қуат алып қыранның  қанатынан. Мен- таулықпын! Таудан мен жаратылғам, Бұлт бүркеніп, жай отын ала  туғам. Күн алғашқы сәулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман. Тау ұлымын, Тау-менің дәу бесігім, Мен оның әуресімін, сәулесімін. Асқар шыңдар желпиді бесігімді Бір орамын ағытып сәлдесінің. Мен – таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Тау деген Ана туған дара  тұлғам. ...Тауға барып, Көкке ұшып кетсем бе екен? Ұстап алып қыранның  қанатынан .

М е н - т а у л ы қ п ы н

Тау дейтін алып жүрек

Ана туған

Мен- таулықпын!

Таудан мен жаратылғам,

Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,

Қуат алып қыранның

қанатынан.

Мен- таулықпын!

Таудан мен жаратылғам,

Бұлт бүркеніп, жай отын ала

туғам.

Күн алғашқы сәулесін маған шашып,

Маған келіп түнейді қара тұман.

Тау ұлымын,

Тау-менің дәу бесігім,

Мен оның әуресімін, сәулесімін.

Асқар шыңдар желпиді бесігімді

Бір орамын ағытып сәлдесінің.

Мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Тау деген Ана туған дара

тұлғам.

...Тауға барып,

Көкке ұшып кетсем бе екен?

Ұстап алып қыранның

қанатынан .

Барлығы да сендердікі Сендердікі - өмір, қоғам, заман да, Сән түзеген қалаң менен далаң да, Барлығы да мұра болмақ әманда, Болашақ деп аталатын Адамға. Қабылдаңдар қазынаны біз берген, Қиындықты көрмессіңдер біз көрген. Бұл өмірде сақтау үшін сендерді, Бабаларың үйде туып, түзде өлген. Қабылдаңдар қазынаны біз берген, Қиындықты көрмессіңдер біз көрген. Бұл өмірде сақтау үшін сендерді, Бабаларың үйде туып, түзде өлген. Сендер- дағы өздеріңше күресіп, Өздеріңше сендер де өмір сүресің, Болашақты жалғау үшін, болашақ Бола жатар сендердің де үлесің. Барлығы да сендердікі, барлығы- Табыстаймыз жансыз бенен жандыны. Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры! Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры! Барлығы да сендердікі, барлығы- Табыстаймыз жансыз бенен жандыны. Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры! Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!

Барлығы да сендердікі

Сендердікі - өмір, қоғам, заман да,

Сән түзеген қалаң менен далаң да,

Барлығы да мұра болмақ әманда,

Болашақ деп аталатын Адамға.

Қабылдаңдар қазынаны біз берген,

Қиындықты көрмессіңдер біз көрген.

Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,

Бабаларың үйде туып, түзде өлген.

  • Қабылдаңдар қазынаны біз берген, Қиындықты көрмессіңдер біз көрген. Бұл өмірде сақтау үшін сендерді, Бабаларың үйде туып, түзде өлген.

Сендер- дағы өздеріңше күресіп,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің,

Болашақты жалғау үшін, болашақ

Бола жатар сендердің де үлесің.

Барлығы да сендердікі, барлығы-

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.

Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры!

Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!

  • Барлығы да сендердікі, барлығы- Табыстаймыз жансыз бенен жандыны. Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры! Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!
Қара өлең Қайырлы түн Анау – аспан, мынау - бақ  Елім барда 6 класс

Қара өлең

Қайырлы түн

Анау – аспан,

мынау - бақ

Елім барда

6 класс

Елім барда Не сыйлайды, не береді келер күн?! Не де болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің. Не сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман,мен де аман. Таулар менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.  Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты? Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты! Таулар менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.  Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты? Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты! Таулар менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.  Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты? Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!

Елім барда

Не сыйлайды, не береді келер күн?!

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман,мен де аман.

Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты?

Оларды іздеп өткізбеймін уақытты.

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты!

  • Таулар менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам. Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты? Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!
  • Таулар менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам. Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты? Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!
Қайырлы түн Қайырлы түн! Жер-Анам, Көк аспанды жамыл да, Таңға дейін дін аман, Тәтті ұйқыда дамылда. Орманың да шуламасын, Суларың да туламасын. Ақ басты ала тауларың да, Күңіренбесін, жыламасын. Шамыңды өшір, Түсіре ғой пердеңді, Қайырлы түн ,алып Жер! Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді, Таптамасын танктер.  Қайырлы түн, Көк аспан, алып жерді төсен де, Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста, Ұшырама кеселге. Қайырлы түн, Ақ аспан, алып жерді төсен де, Боз көрпеңді айқара жап иыққа. Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.  Қайырлы түн,ұйықта! Шашу болып жұлдыздарың шашылды, Айың келіп ақ мойныңа асылды. Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы Тыныштық деп аталатын жас ұлды...

Қайырлы түн

Қайырлы түн!

Жер-Анам,

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін дін аман,

Тәтті ұйқыда дамылда.

Орманың да шуламасын,

Суларың да туламасын.

Ақ басты ала тауларың да,

Күңіренбесін, жыламасын.

Шамыңды өшір,

Түсіре ғой пердеңді,

Қайырлы түн ,алып Жер!

Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді,

Таптамасын танктер.

Қайырлы түн,

Көк аспан,

алып жерді төсен де,

Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,

Ұшырама кеселге.

Қайырлы түн,

Ақ аспан,

алып жерді төсен де,

Боз көрпеңді айқара жап иыққа.

Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.

Қайырлы түн,ұйықта!

Шашу болып жұлдыздарың шашылды,

Айың келіп ақ мойныңа асылды.

Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы

Тыныштық деп аталатын жас ұлды...

Қара өлең Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген. Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым, Қасиетіңнен қара өлең айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген. Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым, Қасиетіңнен қара өлең айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.  Түзу-түзу жыртылған аңыздайын, Аңызыма неге нәр тамызбайын. Қара өлеңі қазақтың қаза болса, Қара көзден неге қан ағызбайын. Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Қара өлең

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Жат жерді жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым,

Қасиетіңнен қара өлең айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

  • Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген. Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым, Қасиетіңнен қара өлең айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Анау - аспан, мынау -бақ  Анау - аспан, мынау-бақ, Аспанда бұлт,бақ жадау. Мамық ұшты қылаулап, Қыс та келіп қалған-ау. Аспан, жердің арасын, Дәрігер қыс алуда, Табиғаттың жарасын Ақ дәкемен таңуда. Тоңдырып ап маңдайын Тағы көйлек сұрап жүр.  Бақты кезіп, тал-қайың  Жалаң аяқ жылап жүр.  Қу бұтағын құшақтап,  Түксиеді кәрі емен. Қыс-тазалық, қыс-аппақ,  Әрі өкініш, әрі өлең.

Анау - аспан, мынау -бақ

Анау - аспан, мынау-бақ,

Аспанда бұлт,бақ жадау.

Мамық ұшты қылаулап,

Қыс та келіп қалған-ау.

Аспан, жердің арасын,

Дәрігер қыс алуда,

Табиғаттың жарасын

Ақ дәкемен таңуда.

Тоңдырып ап маңдайын

Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты кезіп, тал-қайың

Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап,

Түксиеді кәрі емен.

Қыс-тазалық, қыс-аппақ,

Әрі өкініш, әрі өлең.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі - Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы

9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданы Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Балалық бал дәурені соғыс жылдарының ауырлық - тауқыметімен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды.Әкесі Сүлеймен соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдары ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Орта мектепті интернатта бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егеменді Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965) , «Жұлдыз» (1965-1972)журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.

Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп,әпербақан сынға ұшырағанда да «Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана»деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге, лауазым атаққа қызықпаған.

Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975)атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен» т.б. жыр кітаптары, «Қош,махаббат»атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей,іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.

Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы» (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным - сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, «Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын,ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б.тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Ж а з ы л а р е с т е л і к т е р м е н т у р а л ы   Б і р е у л е р ж а н е д і д е р ө р т ұ л ғ а л ы . Б і р е у л е р т ұ л п а р е д і д е р д е м ү м к і н, Б ү т і н д е л м е й к е т к е н б і р е р- т ұ р м а н ы.   М ұ қ а ғ а л и Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық.  Ф.Оңғарсынова “ Жазылар естеліктер мен туралы ” деп өзі айтқандай,Мұқағалимен бірге жүрген, көріп білгендердің ішінде құлаш-құлаш естеліктер жазбағаны кемде- кем. Ақиық ақын есімін есте мәңгі қалдыру мақсатында да көп нәрсе жасалды. Біз білген Мұқағали барынша ірі,кесек мінезді,басынан сөз асырмайтын намысшыл, кейде тез тұтанғыш,ақиқат үшін от пен суға түсуден тайынбайтын, тумысы ерекше жаралған тұлға еді. Әрдайым турашылдығын тұрып айтатын еді де, сол мінезімен жақынына да жақпай жүретін. Жұрттың көзінше бетке айтудан осы Мұқағалидан асқан жаужүрек батырды, Мұқағалидан асқан мәрт жігітті көрген емеспіз.  Ә.Сәрсенбаев

Ж а з ы л а р е с т е л і к т е р м е н т у р а л ы

Б і р е у л е р ж а н е д і д е р ө р т ұ л ғ а л ы .

Б і р е у л е р т ұ л п а р е д і д е р д е м ү м к і н,

Б ү т і н д е л м е й к е т к е н б і р е р- т ұ р м а н ы.

М ұ қ а ғ а л и

Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық.

Ф.Оңғарсынова

“ Жазылар естеліктер мен туралы ” деп өзі айтқандай,Мұқағалимен бірге жүрген, көріп білгендердің ішінде құлаш-құлаш естеліктер жазбағаны кемде- кем. Ақиық ақын есімін есте мәңгі қалдыру мақсатында да көп нәрсе жасалды.

Біз білген Мұқағали барынша ірі,кесек мінезді,басынан сөз асырмайтын намысшыл, кейде тез тұтанғыш,ақиқат үшін от пен суға түсуден тайынбайтын, тумысы ерекше жаралған тұлға еді. Әрдайым турашылдығын тұрып айтатын еді де, сол мінезімен жақынына да жақпай жүретін. Жұрттың көзінше бетке айтудан осы Мұқағалидан асқан жаужүрек батырды, Мұқағалидан асқан мәрт жігітті көрген емеспіз.

Ә.Сәрсенбаев

Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы,өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы.  Ә.Кекілбаев Мұқағали мұрасы-біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. З.Серікқалиев Мұқағали жұлдызы- ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз. Т.Молдағалиев Әдебиет-ғаламат ғимарат, сұлулық сарайы. Мұқағали- соның талантты тас қалаушыларының бірі. Қ.Мырза Әли

Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы,өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы.

Ә.Кекілбаев

Мұқағали мұрасы-біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.

З.Серікқалиев

Мұқағали жұлдызы- ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.

Т.Молдағалиев

Әдебиет-ғаламат ғимарат, сұлулық сарайы. Мұқағали- соның талантты тас қалаушыларының бірі.

Қ.Мырза Әли

М ұ қ а ғ а л и ғ а а р н а у   Т.Молдағалиев Жыр өзен іздеп толғана,  Шөл кезген мен бір құралай.  Әруағыңмен қолда да,  Аян бер маған, ұлы ағай!  Қайырымсыз қазаға бас ұрмайды,  Саған деген сағыныш басылмайды.  Табытыңды жасырса жер жасырар,  Ал, уақыт өзіңді жасырмайды.  Серке едің, сен өзіңе сенімді едің,  Ерке едің, ашық еді сенің көгің,  Сағынып Қарасазға кетіп қап ең,  Көп болды Алматыда көрінбедің.  Шабыты шарықтаса көл дария,  Ақ гүлі ақындықтың солмады я,  Санада қалып кеттің, салып кеттің, Жастардың жүрегіне сырдан ұя.  Ағам ең аңқылдаған алдымдағы, Қашан да ашылады бардың бағы, Өлкеңді гүлге, нұрға бөледі рас, Жырыңның толастамай  жаңбырлары. Жарқылда найзағай боп жарқылдағам, Даңқыңа ризамын аспандаған. Бәйгеден дара келген тұлпарының, Көзінен сүйді халқы жас парлаған.

М ұ қ а ғ а л и ғ а а р н а у Т.Молдағалиев

Жыр өзен іздеп толғана,

Шөл кезген мен бір құралай.

Әруағыңмен қолда да,

Аян бер маған, ұлы ағай!

Қайырымсыз қазаға бас

ұрмайды,

Саған деген сағыныш

басылмайды.

Табытыңды жасырса жер

жасырар,

Ал, уақыт өзіңді жасырмайды.

Серке едің, сен өзіңе сенімді

едің,

Ерке едің, ашық еді сенің көгің,

Сағынып Қарасазға кетіп қап ең,

Көп болды Алматыда

көрінбедің.

Шабыты шарықтаса көл дария,

Ақ гүлі ақындықтың солмады я,

Санада қалып кеттің, салып

кеттің,

Жастардың жүрегіне сырдан ұя.

Ағам ең аңқылдаған алдымдағы,

Қашан да ашылады бардың

бағы,

Өлкеңді гүлге, нұрға бөледі рас,

Жырыңның толастамай

жаңбырлары.

Жарқылда найзағай боп

жарқылдағам,

Даңқыңа ризамын аспандаған.

Бәйгеден дара келген

тұлпарының,

Көзінен сүйді халқы жас

парлаған.

Кең маңдайлы ақиық ақын Мұқағалидың суреті

Кең маңдайлы ақиық ақын Мұқағалидың суреті

Ақынның анасы- Нағиман Батанқызы

Ақынның анасы- Нағиман Батанқызы

Ақынның жас кезі

Ақынның жас кезі

Ақынның Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі.

Ақынның Қазақ радиосында диктор

болып жүрген кезі.

Мұқағали мектепте

Мұқағали мектепте

Мұқағали қаламдас жолдастарының арасында

Мұқағали қаламдас жолдастарының

арасында

Ақын-жазушылар мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында

Ақын-жазушылар мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында

Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған қызы Майгүлмен бірге.

Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған

қызы Майгүлмен бірге.

Ақынның жары -Лашын, қызы- Алмагүл, ұлы- Айбар.

Ақынның жары -Лашын, қызы- Алмагүл, ұлы- Айбар.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!