СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұланымыз ұлы елдің

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұланымыз ұлы елдің  сабағы 7-9 сыныптар аралығындағы сыныптарға арналған.

Просмотр содержимого документа
«Ұланымыз ұлы елдің»

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Жайсаңбай ауылы

Өтебай Қанахин атындағы орта мектебі.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Байжанов Бақыт Оразалыұлы.











Тақырыбы: Ұланымыз ұлы елдің.

Мақсаты: 1. Оқушылардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.Спортттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру,ойынға деген оқушының қызығушылығын арттыру,салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

2.Оқушының Отанға ,туған жерге деген сүйішпеншілігін ояту.Оқушы бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ерлікке, отаншылдыққа, елжандылыққа ,аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу.Тәуелсіздік мәнін тереңірек ашып көрсету.

3. Жауапкершілікке,достыққа тәрбиелеу.Оқушылардың спортқа деген ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: Командалық жарыс

Сабақтың әдісі: Ойын Өтетін орны: Гимнастика залы.

Керекті құрал жабдықтар: Секундомер, ысқырғыш, доп, шар, қапшық, себет, шелек.

Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мерекесін атап отуде.1991 жылы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.

Иә,бұл мереке ұлттық мереке,шын мәнінде ұлы мереке.

Бұдан 24 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы –Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан мына дархан даланың төсін қанымен,терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі,нақты нәтижесі дейміз.

Бүгін өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан-бұл біздің ортақ мақтанышымыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Қуаныш кеудемізді керней берсін,

Құлашын болашаққа сермей берсін.

Тек алға, жаса, жаса, Қазақстан

Тұғыры тәуелсіздік өрлей берсін.

« Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімен түн тірілген.» - деп, Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай бәріміз егемен еліміздің бақытты ұл-қыздарымыз. Ата-бабамыздың сенімі мен үмітін ақтайтын мына сендерсіңдер. Олай болса егемен еліміздің болашағы,қорғаны болатын ұл-қыздарымыздың қатысуымен өтетін « Ұланымыз ұлы елдің » атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайысқа 7 - сынып оқушылары қатысады.

Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Спортшы оқушыларды шақырамыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіз!

Жарысты бастамас бұры жарысқа төрелік ететін әділқазыларды сайлап алайық!

Ал оқушылар жарысымызды бастамас бұрын мен сендерге білімдеріңді тексеру үшін сұрақ қойып жіберейін.

  1. «Тәуелсізді манументі» қай жылы қай қалада салынды.(1991 ж 16 желтоқсанда. Алматы қаласында)

  2. Тәуелсіздік құрбандары кімдер. (Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, т.б.)

  3. ҚР мемлекеттік әнұранының авторлары.(Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)

Жарысымыздың шартымен таныс болайық.

Ұрпақ керек ертеңгі алға,

Болашақты болжайтын.

Дені таза,тәні таза

Елін,жерін қорғайтын, дей келе І турымызды бастаймыз!

І тур «Доп себет» ойыны

Ойын жетекшісінің белгісі бойынша әр топ ойыншысы жеке-жеке допты екі қолды алма кезек ыршытып келіп, противогаз киіп торға салу керек . (1 рет)

Мәдениеті өркендеп,

Табиғат көркейіп.

Қазақтың сымбатты,

Ұл-қызы көбейсін.

ІІ тур «Тасымақ» ойыны

Бұл ойында екі ойыншы арқасын түйістіріп,қолдарын шынтақ буынынан айқастырып,,жанымен жүгіріп өту және сол кейін қарай қайталанады. (бірі оң,екіншісі сол аяқпен,тез секіріп жүру)

Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып,айдай толасың

Спортты серік ете біл

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда дей келе

ІІІ тур «Мергендер» ойыны

Белгі бойынша ойыншылар дротик лақтыру арқылы нысанадағы шарды жару.

Денсаулық ол шыныққан

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі, - дей келе кезекті келесі кезеңге береміз.

ІҮ тур «Кортобыңды егіп келде,жинап ал» ойыны

Ойын белгі бойынша бірінші оқушы барып шеңбер тәріздес егу, екінші оқушы оны жинап келу, үшінші оқушы төртбұрыш қылып егу, төртінші оқушы оны жинап келу, бесінші оқушы үшбұрыш қылып егу, қайтіп бірінші оқушы оны жинап келу

Тәуелсіз тойға арналған,

Бүгінгі бәйге қандай-ды

Кім келер екен алдыда ,

Жарыс тек жүйрік таңдайды.

Ү тур « Бер де отыр » ойыны

Бұл ойын,белгі бойынша топ басшысы допты өз командасындағы ойыншыларға 4-5 метр қашықтықта қарсы қарап тұрып, бірінші ойыншыға лақтырады, ойыншы қағып алып топ басшысына қайта лақтырады да отыра қалады. Солай ретімен жалғаса береді.

ҮІ тур «Акробатшы» ойыны

Ойын шарты: Төрт тағандап допты үстіне қойып, өрмелеп барып, допты қолына алып, себетке салу (Кейін қарай допты алып жүгіру)

Ақылды деп айтамыз,

Туған елді зерттесе.

Ер жігіт деп айтамыз,

Жауға тастап кетпесе.

ҮІІ тур « Шарды қағып шелекке түсіру» ойыны

Бұл ойын,белгі бойынша екі топ үрленген шарды жерге түсірмей қағып апарып мәредегі шелекке түсіріп, түсіріп болған соң қолына алып екінші ойыншыға беру.



ҮІІІ тур « Бақа тәрізді секіру» ойыны

Бұл ойын,белгі бойынша екі топ қолымызды желкемізге қойып ,отырған қалыпта кедергілер арсымен секіріп өту.

Ерлік – елдің қасиеті

Жүректілік – жігіттің қасиеті.

ІХ тур « Бағдарлау » ойыны

Бұл ойын,белгі бойынша екі топ жетекшісі шығады. Көздері байлаулы арқылы ,кедергілерге мүмкіндігінше соқпай ,өз командасындағы ойыншылардың бағдарлауымен өз тобына келу. Ойыншылардың оңға, солға деп айтуымен .

Кім шапшаң боп,епті боп,

Жеңіп шықты сайыста.

Кезекті енді береміз,

Құрметті әділқазыға

Әділқазы шешімімен жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!