СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

11 сынып ашық сабақ "Көмірсулар. Жіктелуі. Биологиялық маңызы."

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

11 сынып химия пәнінен ашық сабақ "Көмірсулар. Жіктелуі. Биологиялық маңызы."

Просмотр содержимого документа
«11 сынып ашық сабақ "Көмірсулар. Жіктелуі. Биологиялық маңызы."»

Көмірсулар. Жіктелуі. Биологиялық маңызы. 11 сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Көмірсулардың құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері,алынуы, жіктелуі, биологиялық маңызы туралы білімдерін кеңейту; Дамутышылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту; Тәрбиелік:Оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу; Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың көрнекілігі:кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, үлестірмелі қағаздар, слайд. Оқыту әдістері: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, демонстрациялау. Күтілетін нәтиже: Көмірсулардың молекулалық құрылысын және оның көпатомды спирттерге тән қасиеттерін сипаттай алады. Есептер мен жаттықұларды өз бетімен орындай алады.Танымпаздық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.

Сабақтың ұраны: «Естігенімді - ұмытамын, Көргенімді - есте сақтаймын, Ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді - түсінемін!»

Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу ,білім алушыларды түгендеу, отырғызу. Психологиялық жаттығу :Броун қозғалысы Оқушылар атом болып өзара қозғалады, содан кейін екіден бірігеді, қозғалады, үштен бірігеді, қозғалады , төрттен бірігеді. Соңымен екі топ құрылады. II.Үй тапсырмасың тексеру .Миға шабуыл ойыны.Формуланы дұрыс оқып, анықтау. Бағалау парағымен жұмыс, оқушылар өз-өзіне, және бір-біріне баға түстер көмегімен қояды. «Қызыл»-Дұрыс, толық жауап . «Жасыл» -бір қате жіберсе. «Сары»-көп қате жіберсе

Өзектілігі: білімдерін өзектілеу үшін бақылау парағымен жұмыс(жұптық жұмыс); Жаңа тақырып, кітаппен жұмыс, топпен танысу, бір-біріне түсіндіру.

I.Жаңа сабақ

Мұғалім: Әр адам саяхатқа шыққанды ұнатады. Мен сендерді бүгін көмірсулар әлеміне саяхатқа шақырамын. Бұл саяхаттың ұзақтығы-45 минут. Саяхатта біз мынадай аялдамалар арқылы өтеміз: -Хабарлама аялдамасы; -Тарих аялдамасы; - Теория аялдамасы; - Зейін аялдамасы; -Диктант аялдамасы; -Тест аялдамасы; -Есеп аялдамасы Оқушылар-жолаушылар. Мұғалім-жол бастаушы .Оқушылар әр аялдамаға тоқталып, өз білімдерін көрсетеді. Сендердің дәптерлерің жол күнделігіне айналсын. Еңді біз сабағымызды жол күнделігінен бастайық.Біз сендермен Хабарлама аялдамасында тұрмыз. Саяхатқа шықпас бұрын, көмірсулар туралы хабарлама тыңдап алайық. Презентация көрсетіледі «Моносахаридтер.Глюкоза» Келесі аялдама- тарих аялдамасы; аялдамадан өту үшін мына сұрақтарға жауап дайындандар, содан кейін мұғалім допты әр оқушыға кезекпен лақтырып, сұрақ қойған тапсырмаға жауабын тыңдайды, қате болса , оқушылар дұрыс жауабын толтырады) 1.Көмірсулар деп аталу себебі не? 2.Көмірсулар қалай жіктеледі? 3.Глюкоза қандай зат? 4.Көмірсулардың маңызы қандай? 5.Глюкоза қасиеттерінің фруктозадан айырмашылығ неде? 6.Дисахаридтің өкілі 7.Көмірсулар табиғатта қайда кездеседі? 8.Қрахмалдың құрылысы қандай ? 9. Целюлозаның қрахмалдан айырмашылығы неде? 10. Глюкозаның өзіне ғана тән реакциялары қандай?

Білімді бақылау сұрақтарының жауаптары 1.Көбінің құрамы жалпы формуласымен белгіленеді Cn ﴾H 2O﴿ m , бұл формула бойынша көмірсулар көміртек пен судан құралатын тәрізді. 2.Жай көмірсулар(моносахаридтер), күрделі көмірсулар( дисахаридтер, полисахаридтер). 3.Кристалдық зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді, спиртте, эфирде ерімейді, коректік, бағалы шикізат. 4.Тірі организмде энергия қоры( өсімдікте-қрахмал; адамда, жануарларда-гликоген) құрылымдық, көректік зат. 5.Глюкоза-альдопентаспирт, фруктоза-кетопентаспирт.Фруктозада альдегидтік топ жоқ. 6.Сахароза түрлі моносахаридтен-глюкоза мен фруктозадан тұрады.Қант қамысында, қант қызылшасында болады. 7. Өсімдік массасының 80 %-ін құрайды(глюкоза, гликоген, крахмал, целюлоза) 8. Біртекті емес-амилаза-тізбектелген, аминопектин-тармақталған. 9.Сызықты полимер 10. а) Спирттік ашу реакциясы C 6H 12O 6→ 2C 2H 5OH+ 2CO 2

б) Сүт қышқылды ашуы: C 6H 12O6 → 2CH 3-CH-COOH

OH

сүт қышқылы

II. Келесі аялдама-Теориялық білімдерін тексеру . Алған білімдерін қолдана отырып. Топпен талдап, құрастырып, постер жасау, спикерді таңдау, қорғау.

1 топ «Моносахаридтер»

Глюкоза

2 топ «Дисахаридтер»

Сахароза (Топтық қорғау, формативті бағалау)

III.Жол күнделіктеріне келесі аялдаманың атын жазып қойындар: «Зейіні өте жақсы химик» (тапсырмамен келіседі ме, әлде жоқ па, неге?) 1.Мынау глюкоза C 6H 11O5 2. ﴾C6 H 10O5 ﴿ n 3.Лактоза-крахмалдың изомері; 4.Целюлоза-тармақталған полимерлер

Жауаптары:1.Жоқ бір сутегі жетіспейді; 2.Бұл крахмал және целюлозаның формуласы; 3. Дисахарид, сүт қанты; 4. Сызықтық полимердің өкілі.

IV.Химиялық диктант аялдамасына жетіп қалдық, оны өту үшін жазылған сөйлемді дұрыс құрастыруларын керек.(жеке жұмыс, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі бағалау) . Көмірсулар тақырыбына арналған химиялық диктант 1 топ

__________табиғатта өте көп таралған және адам тіршілігінде маңызы өте зор рөл атқарады. Молекулалық формуласы C 6H 12O 6 -ға сай ___________ бірнеше изомері бар. Соның бірі ___________ . Рибоза және дезоксирибоза-суда жақсы еритін ,дәмі тәтті ____________- заттар. Рибоза мен __________- биологиялық маңызды қосылыстар. Олар _______ қышқылдарының құрамына кіреді. Сахарозаның құрылысы__________қарағанда күрделірек. ___________изомерлері лактоза мен мальтоза.





2 топ

___________-табиғи полимер. Өндірісте крахмалды _____________ немесе жүгеріден алады. _________- салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат.________ суда ісініп, коллоид ерітінді-клейстер түзеді. Целюлоза да крахмал сияқты табиғи__________-полисахарид. ____________ клетчатка деп те айтады. Целюлоза-ақ немесе сұр түсті талшықты ________ механикалық берік зат. Целюлоза суда, спиртте, эфирде, ацетонда __________

Химиялық диктанттың жауаптары

I топ:1.көмірсулар; 2.глюкозаның ; 3фруктоза; 4.кристалл; 5.дезоксирибоза, 6.нуклеин;7.глюкозаға; 8.сахарозаның; IIтоп:1.крахмал; 2.картоптан; 3.крахмал; 4.ыстық; 5. полимер; 6.целюлоза; 7.қатты, 8.ерімейді;

V.Тест аялдамасы 1 топ

1.Глюкоза молекуласында неше гидроксил тобы бар? А)үш; Ә) төрт; Б) бес;

2.Сахарозаның балқу температурасы? А) 120 0C; Ә) 1500 C; Б) 160 0C;

3.Сахарозаның молекулалық формуласы? А) C 12H 22O11 Ә) C 6H 12O6 Б) ﴾C6 H 10O5 ﴿ n

4Картоп түйнегінде неше пайыз крахмал болады? А) 20%; Ә)15%; Б)25%;

5. Нешінші жылы К.Кирхгоф күкірт қышқылынан катализаторлық әсерінен крахмалдың глюкозаға айналу реакциясын ашты. А) 1811; Ә)1813; Б)1815;

2 топ

1.Мақта талшығында неше пайыз целюлоза болады? А)15%; Ә) 50%; Б) 98%;

2.Пентозалардың өкілі? А) рибоза; Ә) дезоксирибоза; Б) Рибоза және дезоксирибоза;

3.Адам қанында неше пайыз глюкоза болады? А)0,1% Ә) 0,01% Б) 1% 4.

4. Сүтте ... болады. А) мальтоза; Ә)лактоза; Б)глюкоза;

5. Жүгері дәндерінде крахмал неше пайыз болады? А) 65%; Ә)70%; Б)80%;

Тестің жауаптары I топ: 1 -Б, 2- Б, 3-А , 4- А, 5- А II топ: 1 -Б, 2- Б, 3-А , 4- Ә, 5- Ә Сендер соңғы Есеп аялдамаға келіп, одан сүрінбей өтсендер, саяхатымыз сәтті өтті деп есептейміз. 1.500 мл спирт тығыздығы 0,8 г/мл алу үшін жұмсалатың глюкозаның массасын табындар. 2. 16 г метил спиртін толық жаққанда түзілетіндей газ алу үшін, спирттік ашу үшін қажет глюкозаның массасы қанша болады?





VI. «Кім жылдам»есептер шығару

1. 500 мл спирт (r=0,8 г/мл) алу үшін жұмсалатын глюкозаның массасы

Шешуі: C6Н12О6 → 2C2Н5ОН  + 2СО2

2М(C2Н5ОН) = 92 г/моль

М(C6Н12О6) = 180 г/моль

m (C2Н5ОH) =500 мл · 0,8 г/мл= 400 г

х г C6Н12О6—- 400 г C2Н5ОH

180 г C6Н12О6 —-  92 г C2Н5ОH x=782г


2. 16 г метил спиртін толық жаққанда түзілетіндей газ алу үшін, спирттік ашу үшін қажет глюкозаның массасы

Шешуі: 2CН3ОН+ 3О2 → 2СО+ 4Н2О

2М(CН3ОН) = 64 г/моль

2М(CО2) = 88 г/моль

х г СО2—- 16 г CН3ОН

88 г СО2  —-  64 г CН3ОН

C6Н12О6 → 2C2Н5ОН  + 2СО2

М(C6Н12О6) = 180 г/моль

2М(CО2) = 88 г/моль

22 г CО2—- х г C6Н12О6

88 гCО2 —-  180 г C6Н12О6

x=45 г


VII. Сабақты бекіту. Рефлексия :Бағалау парағы бойынша оқушыларға баға қою. Оқушылар ойларын еркін стикерге жазып , «Үміт» -ағашына жапсырады. Формативті бағалау, суммативті бағалау.




























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!