СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 29.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

16 - желтоқсан тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру. б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.  

Просмотр содержимого документа
«16 - желтоқсан тәрбие сағаты»


(Әжесі жұн түтіп отырады Немересі далада ойнап жүреді)

Әжесі: Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...

Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар құанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!

Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?

Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мундай еркіндік болған жоқ.

Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?

Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).

Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.

Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.

Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келді!

Қ.Р. әнұраны орындалады.

1-жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және қадірменді қонақтар!?

Бүгін бізде айрықша қасиетті күн.Себебі әрбір Қазақстан азаматының жан жүрегіне жақын ең басты құндылықтарының бірі -тәуелсіздік күні.

2-жүргізуші:

Ата-бабаларымыздың ұлан ғайыр жерімізді жаудан ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен қорғап,бүгінгі ұрпаққа аманат еткен қасиетті қазақ даласында - 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге - міне бүгін 26 жыл көк байрағын желбіретіп отыр. 

1-жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіздігін алғанына аз уақыт болса да біздің елімізді бүгінде әлем таныды.

Қаншама жылдар бойы арман етіп қол жеткізген бұл тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Сондықтан да жұлдызы жарқыраған Қазақстанның азаматы екенімізді біз әрқашан мақтан етеміз.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік күні құтты болсын, бейбіт күннің байрағы көк туымыз биікте мәңгілік желбірей берсін!

1-жүргізуші: .«Тәуелсіздіктің ақ таңы! » атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Сөз кезегін Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық техникалық колледжінің директоры Абдигалиева Мадина Сабыржанқызына беріледі.

1-жүргізуші:

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,

Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,

Өттің де астан – кестең ойда жоқта

Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.

2-жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: Қазақстаным Алға! орындайтын 4-курс студенті Тұрсынәлі Ұлмекен

желтоқсан туралы бейнеролик жүріп тұрады.жүргізушілер оқи береді

1-жүргізуші:Кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді.

1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл күні Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспауы түрткі болды. Жастар шеруі желтоқсан айының 17 - 18 күндері болды.

2-жүргізуші: Бұл оқиға қазақ халқының қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.

1-жүргізуші: Күй сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой - қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық « .» күйі орындайтын Даярдиев Алпамыс

(желтоқсан туралы бейнеролик жүріп тұрады.жүргізушілер оқи береді)-

2-жүргізуші: Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен "Құйын − 86" деген атпен желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз!

Желді тоқсан...

Қан тоқсан...

Қаралы күн,

Жұдырықтай жүректің жанары мұң.

Көкіректе сыздаған із қалды,

Кім қайтарар жандағы жара құнын?

1-жүргізуші:Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан − Қайрат, Ләззат пен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың...

2-жүргізуші:Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Алтынайқызы Асанованың 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ол Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталады. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

1-жүргізуші: 19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған, энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – бір үйдің жалғыз баласы еді. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.

2-жүргізуші:Сабира Мұхамеджанова  Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеруге шықты. Оны дүрбелеңге үн қосқаны үшін айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Училищеден жазықсыз шығарып жіберген қорлығына шыдай алмай Өскемен педагогикалық училищесінің І курс студенті Сабира Мұхамеджанова жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

1-жүргізуші:Қайрат Рысқұлбеков  1982 жылы  Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» зорлық-зомбылық көрсетті. Небары 21 жас ғұмыр кешті. (айтылмайды)Көрініс.

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады.

«Түрме жыры»

Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың

Телміріп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой дәмін

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік

Күніне ұзатады үш тілім нан,

Өлмейтін саған тиер осы несіп.

Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма сорыма. Біріншіден, мен сағындым анамды, Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым.

«Ақтық сөзі»

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!


Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең, атыңдар!


Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін

Көрмеген, қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.


Қош, аман бол, артымда

Ағайын, туған азамат!

Артымда қалған ата – анам,

Ел – жұртым саған аманат.

(көрініс біткесін студенттер екі жақтан бір бірден шығып,көркем сөздерін оқи береді,бәрі сол жерде тұрады,бастарын иіп кетіп қалады)

Ән: « .» Мұратова Назерке

2-жүргізуші: Жарты ғасыр ғұмыр кешкен қазақ елі о бастан ешкімге тәуелді емес. Елдіктің жолында еңсесі биік. Қылыштан май емес, қан тамған күндер көп болды. Бесіктегі нәрестенің де басы алынған күндерді артқа тастады. Азаматпен қатар ақ жаулықтылар да атқа отырып, жауға шапты. Тарихтың әр парағында қуанышқа қарағанда қайғының орны басым. Намыс пен рух, жігер мен қайрат қазақтың қанына сіңген қасиет. Қызым күң болмасын, ұлым құл болмасын деп қасық қаны қалғанша күрескен талай жауынгердің есімі әрдайым ел есінде.

1-жүргізуші: Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл қасиетті арманға жету жолында небір қазақтың марқасқа азаматтары, қанша ару қыздары құрбан болды. Бұл тәуелсіздік бізге бабаларымыздың қасық қанымен, маңдай терімен келді. Ел болып қалыптасу барысында Керей мен Жәнібек шаңырағын көтеріп кеткен ұлы алаштың ұрпақтары бүгін сол құдіретті Тәуелсіздіктің ширек ғасырға толуын тойлап отыр. Бұл біз үшін ұлы мереке, әрбіріміз жан дүниемізбен сезініп, қадірін біліп, аялайтын айбынды мереке..

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқи отырып, біз жастар ертеңгі елдің кемел азаматтары болуға сөз береміз! 

2-жүргізуші: Білім көгінде қанат қағып, отбасының және отанның келешегі үшін қызмет жасаймыз, ғылым игереміз. 

1-жүргізуші: Осымен тәуелсіздігіміздің

26 жылдығына арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!

(ортаға барлық қатысушылар шығып, ортақ хормен ән салады. «Елім менің!» видеосын қосамыз студенттерге галстук пен жалауша)



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя