СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

3 "Б" сынып Сынып жетекшісі: Натикулова А.Н

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Бейімделу кезеңіндегі ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас

Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру; Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы – баласы екеніне көз жеткізу. Қатысушылар: ата - аналар Көрнекілігі: парақ және қаламсап, интербелсенді тақта Күтілетін нәтиже: тренинг барысында ата - аналар баланы түсініп, кез келген жағдайда қарым - қатынаста бір - бірін түсіне білу. Тренинг жоспары: 1. Кіріспе 2. «Таныстыру» тренингі 3. «Мен түсінемін» тренингі 4. Сауалнама 5. «Тілек білдіру» тренингі 6. Қорытынды Тренинг барысы: 1. Кіріспе. Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады. Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор. 3. «Мен түсінемін» тренингі. Мұнда ата - аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата - анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды. 1) Мені балам қуантады... 2) Мені балам ренжітеді... Талдау: - қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма? - неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз? - Оның көп болуына ата - ананың әсері бар деп ойлайсыз ба? 4. Сауалнама. Ата - аналарға арналған. Мақсаты: ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты анықтау. 5. «Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз. Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз? - сізге тілекті шынайы айтты ма? - сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз? 6. Қорытынды: Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Просмотр содержимого документа
«3 "Б" сынып Сынып жетекшісі: Натикулова А.Н»

Тақырыбы: Бейімделу кезеңіндегі ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру; Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы – баласы екеніне көз жеткізу.
Қатысушылар: ата - аналар
Көрнекілігі: парақ және қаламсап, интербелсенді тақта
Күтілетін нәтиже: тренинг барысында ата - аналар баланы түсініп, кез келген жағдайда қарым - қатынаста бір - бірін түсіне білу.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе
2. «Таныстыру» тренингі
3. «Мен түсінемін» тренингі
4. Сауалнама
5. «Тілек білдіру» тренингі
6. Қорытынды

Тренинг барысы:
1. Кіріспе.
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.



3. «Мен түсінемін» тренингі. Мұнда ата - аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата - анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды.
1) Мені балам қуантады...
2) Мені балам ренжітеді...
Талдау: - қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма?
- неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?
- Оның көп болуына ата - ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?

4. Сауалнама. Ата - аналарға арналған.
Мақсаты: ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты анықтау.

5. «Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?

6. Қорытынды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!