| Сұрақтар | Жауаптар |
-
| Сенің атың кім? | Менің атым ... . |
-
| Сен неше жастасың? | Мен ... жастамын. |
-
| Сен қайда тұрасың? | Мен Астрахан ауылында тұрамын. |
-
| Сен нешінші сыныпта оқисың? | Мен үшінші сыныпта оқимын. |
-
| Сенің отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер? | Менің отбасымда .... адам бар. |
-
| Оқу құралдарын ата | Оқу құралдары: кітап, дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, бояу, қорап, түрлі түсті қарындаштар. |
-
| Сен қандай түстерді білесің? Ата | Мен мынандай түстерді білемін: қара, ақ, қызыл, көк, көгілдір, қызғылт, сары, қоңыр, қызғылтсары, күлгін. |
-
| Сенің досың кім? Ол қандай? | Менің досым- ....... . Ол ақылды, күшті, көңілді, әдемі. |
-
| Киімдердің атауын ата | Киімдер: тон, шалбар, күрте, жейде, көйлек, шұлық, белдемше. |
-
| Аңдарды ата | Аңдар: арыстан, түлкі, аю, қасқыр, жолбарыс, маймыл, қоян, тиін. |
-
| Үй жануарларын ата | Үй жануарлары: сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі, мысық, күшік. |
-
| Үй құстарын ата | Үй құстары: қаз, әтеш, үйрек, тауық, күркетауық. |
-
| Сенің туған күнің қашан? | Менің туған күнім үшінші желтоқсанда. |
-
| Аптада неше күн бар? | Аптада жеті күн бар. |
-
| Бүгін аптаның қай күні? | Бүгін аптаның жұма күні. |
-
| Ертең аптаның қай күні болады? | Ертең аптаның сенбі күні. |
-
| Кеше аптаның қай күні болды? | Кеше аптаның бейсенбі күні болды. |
-
| Ойыншықтарды ата | Ойыншықтар: доп, қуыршақ, робот, секіртпе. |
-
| Жаңа жылда кім келеді? | Жаңа жылда Аяз ата мен ақшақар келеді. |
-
| Дүкенде не бар? | Дүкенде азық-түліктер бар. |
-
| Жемістерді ата | Жемістер: алма, алмұрт, шабдалы, өрік, алхоры, анар. |
-
| Көкөністерді ата | Көкөністер: сәбіз, қияр, пияз, сарымсақ, асқабақ. |
-
| Сенің сүйікті тамағың қандай? | Менің сүйікті тағамым-палау. |
-
| Көктем айларын ата | Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. |
-
| Сенің сөмкеңде не бар? | Менің сөмкемде оқулықтар, дәптерлер, қаламсауыт, қайшы, қалам, қарындаш, желім, бояу, түрлі түсті қарындаштар, күнделік бар. |
-
| Таңертең не істейсің? | Таңертең ерте тұрамын, бетімді жуамын, төсек жинаймын, жаттығу жасаймын, тамақ ішемін, тісімді тазалаймын. |
-
| Демалыс күні не істейсің? | Демалыс күні қонаққа барамын, кітап оқимын, тауға барамын. |
-
| Сен қандайсың? | Мен әдемімін, ақылдымын, күштімін, көңілдімін. |
-
| Сенің анаңның аты кім? | Менің анамның аты-.... |
-
| Сенің әкеңнің аты кім? | Менің әкемнің аты-.... |
-
| Сенің атаңның аты кім? | Менің атамның аты-.... |
-
| Сенің әжеңнің аты кім? | Менің әжемнің аты-... |
-
| Сенің атаң не істейді? | Менің атам газет оқиды, теледидар көреді, суға барады, қойға барады, отын жарады, мал жайлайды, дала сыпырады. |
-
| Сенің әжең не істейді? | Менің әжем тамақ пісіреді, кітап оқиды, ән айтады, кір жуады, дүкенге барады. |
-
| Тазалық заттарын ата | Тазалық заттары: сабын, ысқыш, сабынсу, тіс пастасы, тіс щекасы. |
-
| Қазақстанның мемлекеттік тілі қай іл? | Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі. |
-
| Қазақстанның астанасы қай қала? | Қазақстанның астанасы-Астана қаласы. |
-
| Астанада не бар? | Астанада «Думан», «Бәйтерек» бар. |