СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

4 - сыныпта орыс тілі пәнінен "Іс-әрекеттегі зерттеу сабағының" рефлексивті есебі

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

тілдік дағдылар бойынша 4-сынып оқушыларын зерттеу сабақтарының қорытындысы

Просмотр содержимого документа
«4 - сыныпта орыс тілі пәнінен "Іс-әрекеттегі зерттеу сабағының" рефлексивті есебі»

Іс – әрекеттегі зерттеу сабағына рефлексивті есеп

Темирова Бекзада Амангелдиевна

Жалпы білім беретін Томан бастауыш

мектебі орыс тілі пәнінің мұғалімі


Мектепті дамыту жоспарына сәйкес мектебімізде әдістмелік, тоқсандық, жылдық қорытындылардың талдауы негізінде, ұсынылып аталған проблема негізінде іс – әрекеттегі зерттеулер жоспарланды. 2017-2018 оқу жылында 4 сыныбында «Топтық жұмыс жасау арқылы тілдік дағдыларды дамытуға бола ма?» тақырыбындағы зерттеу сұрақтары бойынша іс-әрекеттегі зерттеу өткізілді. Толығырақ тоқталып өтсем. «Неліктен бұл сынып?». Себебі, бастауыш сыныптағы жылдық әдістемелік талдау қорытынды бойынша ең төменгі білім сапасын көрсетіп отырған сынып болатын. Сондықтан да білім сапасын арттыру мақсатында зерттеу жүргізіліп жатыр. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында  төмендегідей жоспар құрылды.


Жоспар

1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.


Зерттеу қадамдары


1 – бөлім. Іс – әрекеттегі зерттеулерге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

4- сынып жетекшісімен әңгімелесе отырып, сабаққа қатыса отырып, сараптап– талдауы, тақырып таңдауға негіз болды. Сыныптағы зерттеу сабағым: «Топтық жұмыс жасау арқылы тілдік дағдыларды дамытуға бола ма?». Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістердің барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға алып келеді.


2 – бөлім. Іс – тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп

4 сыныпта 8 оқушы бар. Ұлы – 4, қызы – 4. Сыныпқа ағылшы және орыс тілі пәндерінен беретін болған соң және үнемі сабаққа қатысып жүретін болған соң сыныптың ахуалы маған таныс. Оқушылардың бір-бірімен қарым – қатынасы орташа, кейбір оқушылардың сабаққа ынтасы төмен не қызығушылығы жоқ. І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 50% көрсетті. Зерттеу жұмысы «Ең жақсы сабақ бұл - ...» сауалнамасын жүргізуден басталды. Бұл сауалнаманы жүргізгендегі мақсатым – оқушыға қандай сабақтың ұнайтынын, менің алдымда отырған оқушы қандай сабақты көргісі келетінін білу. Олар мұғалімнен не күтеді? Оларға қандай сипаттағы сабақтың ұнайтынын анықтау еді. Назар аударып көрсек:


Менің ойымша, ең жақсы сабақ ...


Оқушы саны

%

1

АКТ қолданған сабақ

8

100

2

Түсінікті сабақ

8

100

3

Өзіңді еркін сезінетін сабақ

8

100

4

Ойыны көп сабақ

7

87,5

5

Қосымша тапсырмалары бар сабақ

5

62,5

6

Бейнебаян көрсетілетін

8

100

7

Жақсы баға алатын сабақ

4

50

8

Тез аяқталатын сабақ

0

0


Нәтижесінде, оқушылардың интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланған сабақ қызықты деп жауап берді. Сауалнама қорытындысы бойынша сынып жетекшісі сабағында RWCT әдістерін күнделікті сабақта қолданылмайтыны белгілі болды.

Оқушыларға қандай жұмыс түрі ұнайтынын білу үшін, олардың жас ерекшеліктері ескеріліп, «Саған сабақта қандай жұмыс түрі ұнайды?» - деген сұраққа сауалнама жүргізілді. Нәтижесі:


Менің ойымша, ең жақсы сабақ ...


Оқушы саны

%

1

Өз бетімен жұмыс

2

25

2

Мұғалімнің түсіндіргені

7

87,5

3

Топпен жарысқан жұмыс

4

50

4

Жұппен жұмыс

3

37,5

5

Оқушының сабақ түсіндіргені

2

25

6

Рөлдік тапсырмалар

3

37,5

7

АКТ қолданған сабақ

4

50

8

Кітаппен жұмыс

2

25


Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың дәстүрлі сабаққа үйреніп қалғанын көруге болады. Егер мұғалім түсіндірмесе, сабақты түсінбей қаламыз деп қорқады. Оқушы тақырыпты өзі зерттеп, зерделей алатынына сенбейді.

Өзіме, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға жағдай жасап, соған байланысты әдіс-тәсілдерді пайдалануымды көздедім. Екінші ескерген мәселем – оқушыларға практикалық бөлімді көптеп ұйымдастыру керек, себебі сынып өте қозғалшақ, гипербелсенді оқушылар бар.



3 – бөлім. Тәжірибеге өзгерістер енгізу.

Таңдалған тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістер енгізу үшін орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген 4 сабақ жоспарланды. Сабақтар топтамасында әрбәр 7 модульді үйлестіріп, ықпалдастыру жоспарланған болатын. Әр сабақтан соң, «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады ?» деген сұрақты естен шығармай, әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелер мен кедергілерді саралай отырып, одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарладым

№ 1 сабақ сабағым «Абсоютно верно» тақырыбында өтті. Сабақ психологиялық ахуалдан басталды. Топқа кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздер арқылы бөлінді. Серіппелі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын қайталап алдық, С оқушылары үй тапсырмасын орындамаған, Қайталауда әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп отыр, бірақта В оқушыларына әсер етіп отырған кедергі – тұйықтығы мен ұялшақтығы. С оқушылары қателесем бе деген ойдан тосылып жауап бермей отыр. Ары қарай тақырыпты ашуда «Потерянные слова» ойыны арқылы аштық, бұл ойын оқушылардың қызығушылығын оятты. Оқушылар мәтінмен танысты, оны бөлікке бөліп оқу, аудару, сұраққа жауап беру жұмыстары өткізілді. Әр оқушының деңгейіне сай сараланған тапсырмалар берілді. Ол әр оқушының белсенді жұмыс жасауына көмегін тигізді. А,В, С оқушылары бірлесіп, бірін тыңдап, ортақ шешім қабылдап отырды. Ал сергіту сәттерінде жұмбақ, жаңылтпаштар шешу олардың қызығушылығы арта түсті. Оқушылар басында жеке жұмыс жасап отырса, кейін «мен білемінге» салынбай бірлесіп жұмыс жасай бастады. Ержан, Тахир, Өркен постерді жақсы қорғады. Айзада мен Диляра айтылымға келгенде қысылып тұрды. Қырмызы, Арсен, Рысгүл постерді қазақша қорғады. Жаттығу жұмысы жасалып, әр жұмысты тексеріп, уақытылы кері байланыс беріліп отырды. Бүгінгі тақырыпты бекіту мақсатында «Срятанное слово» ойыны ойналды, барлығы өз деңгейінде тапсырманы орындап, сөздердің мағынасын айта алды. Десек те топтық ережелер сақталмай бір-бірін тыңдамай кеткен кездер де болды.

№ 2 сабақ Классная библиотека тақырыбында өтті. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «Джигсо» топтық жұмыс, жұптық жұмыс, дидактикалық ойындар: адасқан сөздер, «собери букв» постер «Когда это бывает?», «облако тегов». Сабақ психологиялық ахуалдан басталды. Өткенді қайталау «Мозговой штурм» әдісімен жүзеге асырылды. А деңгейіндегі Ал жаңа тақырып «адасқан сөздер» ойынымен ашылды. А деңгейіндегі оқушылар сабаққа белсене қатысып, сұраққа жауап беріп отыр. В, С деңгейіндегі оқушылар сұраққа қазақша жауап беріп отыр. Әрі қарай мәтін оқылды. «Джигсо» әдісі арқылы бір – біріне мәтінді түсіндірді. Оқушылар мәтінді түсіндіруде қиналды. Сөздік жұмысы жүргізілді, әр топ бір-біріне сұрақ қойып жауап берді. С оқушылары қате болса да, өз ойларын барынша орыс тілде айтуға тырысып отырды «Собери букв» ойыны арқылы жаңа сөздерді пысықтады. Ай, апта күндерінің аттарын бекіту мақсатында «Когда это бывает?» постерін құру, қорғау тапсырмасы берілді. Сынып жұппен жұмыс жасады. Бұл әдіс тиімді болды деп айтуға болады. Оқушылар барынша орыс тілінде сөйлеуге тырысты. Ары қарай дәптермен жұмыс жасалды. Қабілетті оқушылармен жұмыс жасау мақсатында карточкалармен жекелеген тапсырмалар берілді.

№3 сабақ Обычный день тақырыбында өтті. Сабақ ән айтумен басталды. «Как прошел день знании?». Әр оқушы жұпта әңгімеледі.

А оқушылары белсенділік танытып отыр, В,С оқушылардың айтылым дағдысын, сөздік қорын дамыту керек. Содан соң мәтінді оқыды. Әр топтан бір оқушы мәтінді оқыды. С деңгейіндегі оқушы – Арсен оқуға ынтасы ашылды. Оқушылар мәтіннің не түсінгендерін айтты, негізгі түйінін тапты. Жаңа сөздермен танысты. Содан соң сұраққа жауап берді. Сұраққа жауап беруде барлық оқушылар белсенділік танытты. Орфографикалық тапсырма карточкамен берілді. Бұл тапсырма А деңгейлі оқушылар үшін болды қалғандары үшін 10-15 сөзден тұратын сөздік диктант жүргізілді.

№4 сабақ Золотая рыбка тақырыбында өтті. Сабақты «Фразеологический зверинец» жұмбақтарымен аштық, топқа ертегі кейіпкерлері арқылы топқа бөліндік, топта оқушылар білетін ертегі кейіпкерлері туралы айтты. Үй тапсырмасы, өткен «Миға шабуыл» әдісімен пысықталды. Сұрақтарға А,в оқушылары жақсы жауап беріп отырды. Топта мәтін оқылды. Содан соң екі топ бір-біріне «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша сұрақтар қойып, жауап берді. Мәтін оқуда Рысгүл мен Арсен дұрыс оқуға деген тырысып отырғанын көргенде қуандым. Топта оқушылар кезекпе кезек мәтінді оқып отырып аударды. Мәтімен жұмыс жасағанда , А және В оқушылары С оқушыларына көмектесіп, бірлесіп жұмыс жасап отырды.

Айтылым, оқылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында фонетикалық жаттығуларды қайталап оқып отырдық, сонымен қатар жаңа сөздерді оқып, мағыналарымен танысып отырды. Орфоэпиялық ережелермен танысып, ережеге байланысты сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік диктант жаздық. Диктантта А, В деңгейіндегі оқушылар топтағы С оқушыларына көмектесіп отырды. Әрі қарай сергіту сәті, қызықты минуттарда ойын ойнадық «жоғалған әріптер» ойнына барлығы қызығушылықпен қатысты. Сабақ соңына қарай «Хороший человек» тақырыбында постер қорғады. Оқушылардың барлығы қызығушылықпен қатысып, әңгіме құрап, өз әсерлерін айтты.


4 – бөлім. Іс – әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс – тәжірибеге ықпалы.


Іс –әрекеттегі зерттеу барысында әр сабақтың жетістігі мен кемшілігін талқылап, алдағы уақытта нені ескеру керек екендігін тізімін жасап отырдым. Практикалық жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушының деңгейін ескеру , тапсырма бергенде жеңілден күрделіге қарай қағидасын ұсыну, оқушылардың сабақта «бос» отырмауын қадағалау, өзге пәндер бойынша сабаққа кіру, оқушылардың сұрақ қою, жауап беру деңгейін қадағалау, сияқты іс – әрекеттерді жүйелі қоюға тырыстым. Әр сабаққа рефлексивті есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағы анықталып, тапсырмалар мен әдіс – тәсілдер өзгертілді.

Зерттеу соңында «Ең қызықты пән» деген сауалнама өткізілді. Сауалнамада тек бір пәнді таңдау ұсынылды.

пәні

Оқушы саны (8)

Пайызы

1

Қазақ тілі мен әдебиеті

2

25

2

Математика

1

12,5

3

Орыс тілі

4

50

4

Дүниетану

1

12,5

Сауалнама қорытындысы зерттеу жүргізу мұғалімді емес, барлығын толғандыру керек. Бұдан көретініміз, балалар өзгеріске дайын, сабақты қызықты, әр түрлі өткізгенін қалайды.

5 – бөлім. Деректі талдау, қорытындылау және оқытудағ келешек өзгерісті жоспарлау.

4 сыныпта жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесінде абақтар топтамасында Жұптық және топтық жұмыс, «ҚБ тапсырмалары», «Блум таксономиясы» стратегиясы, «РАФТ», «Білім аллеясы», «Миға шабуыл», «Өрмекші әдісі», «АКТ мен жұмыс», «Сәйкестендіру», «Ойлан, тап», «Грамматикалық арифметика», «Кластер», «Постер қорғау», «Кері байланыс , сөздік диктан, суретпен жұмыс т.с.с әдістер кеңінен пайдаланылды. Қоланылған әдістер оқушының дамуына көмектесті. Жазылым дағдылары біртіндеп қалыптасып келеді. Айтылым дағдысы да 25%-ға жетті. Оқылым дағдысы 5 оқушыда жақсы деңгейде қалыптасты.

Қорытынды:

С – деңгейіндегі оқушылар

  • Берілген тақырыпты түсінеді

  • Жеңіл сұрақтарға жауап береді

  • Жазулуы айтылуынан ерекшеленбейтін сөздерді жаза алады

В – деңгейіндегі оқушылар:

  • Алған білімдерін пайдалана отырып клсатер, постер құрайды

  • Қосымша материалдармен жұмыс жасай алады

  • Мәтінді түсінеді, сұраққа жауап береді

  • Айтылуы жазылуынан ерекшеленетін кейбір сөздерді жазады

А – деңгейіндегі оқушылар:

  • Алған білімдерін пайдалана отырып кластер, постер құрайды, қорғайды

  • Жан – жақты белсенділік танытып, сыныпты ұйымдастырады

  • Мәтінді түсінеді, аударады, сұрақ құрастыра алады

  • Айтылуы жазылуынан ерекшеленетін сөздерді жазады

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің қажеттілігі неде? Іс-әрекеттегі зерттеу проблеманы анықтаудан басталып, тәжірибені өзгертудің жағымды қарқынын көздейтін үдеріс болып табылады.

Іс-әрекеттегі зерттеуді тәжірибеге енгізу оқушыға не береді?

  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

  • Пассивті оқушылар белсенділік танытады

  • Оқушылардың сыни ойлауы дамиды

  • Сұрақ қойып, оған жауап беріп үйренеді

  • Оқушылар шығармашылық тұрғыдан дамиды

  • Тілдік дағдылар қалыптасады

Іс-әрекеттегі зерттеуді тәжірибеге енгізу мұғалімге не береді?

  • Сабақтың мақсаты айқын болады

  • Мақсатқа жету үшін міндеттер, тапсырмалар сараланады

  • Әр тапсырма оқушыны дамытуға бағытталған болады

  • Сабақтың өн бойында оқушылардың даму үрдісі бақыланып отырады

  • Кеткен кемшілікке талдау жасалынған, алдыңғы сабақ дұрыс жоспарланған болса өз нәтижесін береді




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!