СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сыныпқа арналған сабақ жоспары Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлері және оларды өңдеудің тәсілдері. "

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

пән: Информатика  сынып: 5  Тақырыбы: "Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлері және оларды өңдеудің тәсілдері. "  Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен және оларды өңдеу тәсілдерімен таныстыру.  Сабақ міндеттері:  Білімділік: Ақпарат, информатика ұғымдарын қалыптастыру.  Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 

Просмотр содержимого документа
«5 сыныпқа арналған сабақ жоспары Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлері және оларды өңдеудің тәсілдері. "»

пән: Информатика 
сынып: 5 
Тақырыбы: "Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлері және оларды өңдеудің тәсілдері. " 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен және оларды өңдеу тәсілдерімен таныстыру. 
Сабақ міндеттері: 
Білімділік: Ақпарат, информатика ұғымдарын қалыптастыру. 
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 
Сабақ барысы 
I. Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. 
II. Өтілгенді пысықтау 
1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер? 
А) Мұғалімді шақырамыз 
Б) Ақауды өз бетіммен жоямын 
С) Компьютерді электр желісінен ағытамын 
Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын 
2. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек? 
А) 6 сағаттан 
Б) 45 минуттан 
С) 2 сағаттан 
Д) 15 минуттан 
3. Көзден экранға дейінгі қашықтық қанша болу керек? 
А) 10-15см 
Б) 20-30см 
С) 40-50см 
Д) 55-65см 
4. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер? 
А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін 
Б) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар 
С) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олар бұзылуы мүмкін 
Д) Компьютерге коп ақпарат тасығыш қосуға болмайды. 
5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек? 
А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру 
Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу 
С) Тұрып, кабинеттен шығу 
Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету 
Жауабы: 1-А, 2-Д, 3-Д, 4-Б, 5-А 
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі 
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. 
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың , жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді. 
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады. 
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады. 
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болыпсаналады. 
Ақпарат түрлері 
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша: 
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы); 
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық; 
3. басқарушы және мәлімет беруші; 
4. объективті және субъективті болуы мүмкін. 
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық. 
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары: 
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. 
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді. 
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады. 
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады 
Мәтіндік ақпарат Оқулықтағы мәтін,дәптердің шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар 
Сандық Көбейту кестесі,арифметикалық мысал,хоккей оцындағы есеп. 
Графикалық апарат Суреттер,схемалар,сызбалар,фотосуреттер. 
Музыкалық апарат Дыбыстар,музыка,сөз. 
Бейне апарат Түрлі түсті графика,дыбыс,фильмдер,екі және үш өлшемді жылжымалы обьектілер. 

IV. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі 
Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындау. 
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі 
Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру. 
VI.Бақылау кезеңі 
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер? 
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады? 
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды? 
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір? 
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды? 
Үйге тапсырма: §2


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!