СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5-сыныптар арасында "тапқыр достар" атты сабақтан тыс сайыс сабақ

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-сыныптарға  "тапқыр достар" атты сабақтан тыс сайыс сабақ

Просмотр содержимого документа
«5-сыныптар арасында "тапқыр достар" атты сабақтан тыс сайыс сабақ»

103 жалпы орта мектебі





Сыныптан тыс жұмыс




Тақырыбы: «Тапқыр достар»





Математика пәнінің мұғалімі: Г. Б. Ахметчеева











2016-2017 оқу жылы



Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр достар»

Сабақтың мақсаты:

1. Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.

2 Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды алғырлыққа, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Түрі: матеметикалық сайыс

Әдісі: топ бойынша жұмыс.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.» Білімді азамат – ел ертені»» Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар» Бүгінгі сайысымызға 5– сынып оқушылары қатысады. Үш топ ортамызда.Сайыстың жоспарымен таныстырайық.

  1. Таныстыру

  2. «Жорға»

  3. «Тіл өнері»

  4. «Ғажайып үштік»

Әділ қазылар сайлаймыз.

Жүргізуші

Бүгінгі кеш төрінде, дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде .есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып, есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық, жұмбақ шеруін шашайық

Мұнда тағы қызық бар, жаңылтпаш ,жұмбақ бәрі бар

Ат салысып аянбай , бар өнерге басайық

Сараптап өздеріңіз көріңіздер ,

Ұқыптылықпен тыңдай отырып

Оларға баға беріғіздер

Үш топтың сәлемдесуі. Дұрыс жауап бес ұпай, толық болмаса үш ұпай беріледі. «тапқыр достар»



Жүргізуші

Бүгінгі кеш төрінде, дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде. Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып, есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық



І. Бәйге. Бұл кезеңде әр топқа 9 сұрақ. Сұрақтарға тез,тапқырлықпен жауап беру керек

І топ

1. Сағаттың төртен бір бөлігі

2. Ортақ бөлгіші 1- ге тең сан

4. Қай уақытта бөлшек 1-ге тең?

5. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту амалдары қалай орындалады?

6. 5 санына кері сан?

7. 6*6*6*6*6*6=6-ның неше дәрежесі болады?

8. Санды қандай санға бөлуге болмайды?

9. Қандай санды аралас сан дейді?

ІІ – топ

1. 396 саны 3- ке бөліне ма?

2. 20 мин сағаттың қандай бөлігі?

3. Ондық бөлшек дегеніміз не?

4. Ең үлкен екі таңбалы сан

5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек?

6. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?

7. Аралас сандарды қосу ережесі?

8. Санына кері сан

9. Төрт таяқтың 8 үшы бар, алты жарым аяқтың неше ұшы бар?


ІІІ топ

1.Бөлшек ұғымы?

2. Жай сан дегеніміз не?

3. Ең кіші жай сан?

4. (3+4)*4=?

5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш?

6. Санның бөлігін қалай табуға болады?

7. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту амалдары қалай орындалады?

8. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір рет атап өтеді, бұл қай күн?

9. Көбейтіндісі 1 тең болатын сан?



Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де деп келесі кезең «Тіл өнері» кезеніне өтеміз.



ІІІ- кезең «Тіл өнері»

Бұл кезең бойынша берілген жұмбақтың нақты жауабын тауып, оны 3 тілде айту керек. (30 ұпай)



1.Жоқ өзінде баста , қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, ruler)

2. Қабат –қабат қаптама,

Ақылың болса аттама? (кітап, книга, book)

3. Компьютермен енеді. қағаз басып береді (принтер, принтер,printer)

4. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің? (ауа, воздух, air)

5. Қонса аяғы көп, ұшса аяғы жоқ? (ұшақ, самолет, plan)

6. Суға салсаң батпайды, отқа салдаң жанбайды (мұз , лед, ice)

7. Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды?

(отыз, тридцать, soty)



ІV –кезең «Ғажайып үштік» Кезең шарты бойынша , ойыншы ұяшықтарды таңдап , сұрақтарға жауап береді.


Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика ғылымы жайында

«Ғажайып үштік» сайысын

Бастаймыз!



Қызықты математика сериясы

10

20

30

40



Тарихи серия


10

20

30

40

Сан есімі бар жұмбақтар


10

20

30

40



Қызықты математика сериясы

10 - Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.

Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай (1 бала асықты дорбасымен алды)

20- Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен

тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)



30- Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)



40- Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).

Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел

құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)



Келесі ұяшық ашылсын.

«Тарихи серия»



10- алғашқы ондық бөлшектер орта ғасырларда қай елдерде кездеседі

(араб математиктерінің еңбектерінде және Ежелгі Қытайда пайда болды. Одан ертеректе Ежелгі Вавилонда бөлшектер қолданылған)

20-ондық бөлшектерді кім қолданысқа енгізген ( Нидерланд математигі және инженері Симон Стевин)

30- Арифметика –дегеніміз бұл математика негізі деп айтқан ғалым? ( Л.Н. Толстой)

40- XVIII ғасырдың соңында Германияда бір сабақта мұғалім оқушыларына «1 ден 100 ге дейінгі натурал сандардың қосындысын» табуды жасырғанда ойланбастан 5050 –ге тең деп жауап берген оқушы кейінен аты әлемге әйгілі болған математиктер каролі? (Карл Фридрих Гаусс)



Сан есімі бар жұмбақтар

10- Бір –бірімен жарысқа , төрт аю бір арсытан

Екі қой мен бір түлкі , бәрі нешеу кім білді (8)

20- Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер ,бір карандаш

Тіс ысқышты тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бәрі (6)

30 – Он бір түйе бес жылқы,

Екі сиыр бес ешкі.

Екі қоян үш түлкі

Таба алмасаң бос күлкі (28)

40- Тауда 7 ағаш , әр ағаштың түбінде 7 ін, әр әнде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік бар? (2401)


Жүргізуші:

Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып, әділ сына

Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.



Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл сайысқа,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрермен баршаңызға

Мың алғыс, мың рахмет!



Ең бастысы орын емес жарыста

Терең білім , жеңу шарты сайыста.

Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз

Өмір де жетері хақ табысқа.


Осымен «Тапқыр достар» атты сайысымыз аяқталды. Қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.









«Тапқыр достар» атты сайыс


р/с

Топ аттары

Таныстыру

Бәйге

Тіл өнері

Ғажайып

үштік

Қорытынды

Сөз жұмбақ

1












2










3












«Тапқыр достар» атты сайыс


р/с

Топ аттары

Таныстыру

Бәйге

Тіл өнері

Ғажайып

үштік

Қорытынды

Сөз жұмбақ

1












2










3










«Тапқыр достар» атты сайыс


р/с

Топ аттары

Таныстыру

Бәйге

Тіл өнері

Ғажайып

үштік

Қорытынды

Сөз жұмбақ

1












2










3












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!