СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 14.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7 сыныпка физика пәнінен арналған "Күш моменті" тақырыбындағы сабақ жоспары

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

7- сыныпка арналган "Күш моменті" такырыбындағы сабақтың презентаиясы

Просмотр содержимого документа
«7 сыныпка физика пәнінен арналған "Күш моменті" тақырыбындағы сабақ жоспары»


Пәні : Физика

Сыныбы-7

Күні : 3-мамыр. 2017 жыл.

Мұғалімі: жоғары санатты физика пәні мұғалімі Қ.С.Жанғалиева.


Сабақтың тақырыбы: Жаңа сабақ «Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.

Иінді таразылар»

Сабақтың мақсаты: Күш моменті, өлшем бірліктері,иіндіктің тепе-теңдік жағдайы, бір иінді таразылардың жұмыс істеу принципіне түсінік беру.Физикалық ұғымдардың мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беруде, эксперименттік тапсырмаларды орындауда, есеп шығара білуді уйрету.

Сабақтың тілдік мақсаты: күш иіні-shoulder strength, күш моменті-moment of force, тірек нүктесі-fulcrum, моменттер ережесі-Prahl moments, иінді таразылар-scales, рычаг-lever, блок-block, айналатын денелердің тепе-теңдік шарты-condition of equilibrium of a rotating body

Сабақтың міндеттері:

  • Негізгі ұғымдарын қалыптастыру, иіндік, күш иіні,тіреу нүктесі, күш моменті, ондық таразылар.Моменттер ережелері,тең иінді және ондық таразылардың жұмыс принциптерін түсінуді қалыптастыру.

  • Эксперимент ғылыми білімдердің дамуының және пайда болуының көзі бола алатынын көрсету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

  • Алған білімдердің әртүрлі ситуацияларда пайдалану іскерліктерінің қалыптасуы бойынша жұмыс істеуді жалғастыру.

  • Топта бірлесе, ынтымақтастықта , белсенді жұмыс жасауына жағдай жасау

  • Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету.

5. Күтіліетін нәтиже:

  • Оқушылар өтке тақырыпта өтілген формулалар мен теориялық ережелерді еске түсіреді

  • Күш моменті тақырыбына есептер шығара білуді үйренеді.

  • Топпен жұмыс жасауды үйренеді, қорытынды жасауға дағдыланады

реті

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, түгендеп назарларын сабаққа аудару;

Мұғаліммен амандасады.

Қажетті

құрал-р

АКТ, оқулық, иіндік, жүктер, штатив, аудио –визуальды дискілер, суреттер тақырыпқа сай, формулалар жазылған қағаздар,слайдтар.

Тақырыпты меңгеру үшін пайдаланады.

Тапсырма көздері

Топтарға арналған тапсырмалар


Қамтылатын модульдер

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),

 2-модуль диалогтық оқыту, Блум жүйесі бойынша оқыту,Модуль: СТО.

 3-модуль –бағалау,

4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық),

7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)


Тапсырма №1

Топ басшыларын тағайындау

«ЖҰМЫС» «ҚУАТ» «ЭНЕРГИЯ»

1. Х.Б жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі?

2. Х.Б. жүйесіндегі қуаттың өлшем бірлігі?

3. Энергияның өлшем бірлігі қандай?

Кім тез жауап береді, сол үш оқушы топ басшысы ,көшбасшы болады.

Тапсырма №2

. «Жұмыс». «Қуат». «Энергия» ұғымдары бойынша топқа бөлу. формулаларды жинақтау

А=F*S, N=A/t, E=mv2/2

Мотивация

лық кезең





Тапсырма 3.




БІЛУ






Тапсырма 4


ТҮСІНУ

Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдерін қалай меңгергендігіне байланысты ой-қозғау сұрақтарын беру,диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу.

  1. Энергия дегеніміз қандай шама?

  2. Энергияның қандай түрлері бар?

  3. Потенциалдық энергия деп қандай энергияны айтады?

  4. Кинетикалық энергия деп қандай энергияны айтады?

  5. Кинетикалық энергияның формуласы?

  6. Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы формуласы қалай өрнектеледі?

  7. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы формуласы қалай өрнектеледі ?

  8. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?

  9. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдаймыз?

  10. Үйкеліс күші бар болса механикалық энергия сақтала ма?


Оқушылар таныстырылымнан тарау бойынша анықтамаларды, формулаларды естеріне түсіреді, тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға жауап береді.


Мультик «Фиксики» Нолик, апасы Симка, Дим Димыч. Осы бейне мултик төңірегінде оқушылармен ой өрбіту. «Идеялар себеті» әдісі. «Идеалар себеті» тақтада слайдпен.

«Жарияланбаған тақырып» әдісі

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды

Оқушылар мультфильмде көргендерінен түйген ойларын себетке стикермен жинақтайды.



ҚОЛДАНУ

«Мидың штурмы», «Мозговой штурм», «Brainstorm» әдісі (үш топқа үш сұрақ)

1. Күш ұғымын қалай түсінесің?
2. Шырпыны ортасынан сындырыңдар, алынған бөліктерді тағы да ортасынан сындырыңдар және бөліктер тым ұсақ болғанға дейін осылайша шырпыны бөле беріңдер. Неліктен ұсақ бөліктерді сындыру үлкен бөліктерге қарағанда қиын.

3. Неге есіктің тұтқасын ортасына емес шетіне бекітеді?

Әр топқа жеке тапсырма беріледі, сол тапсырманы топ болып түрлендіру керек. Оқушылардың тапсырмаларының дұрыс орындалуын тексеру


5-тапсырма.

ТАЛДАУ

Деңгейлік есептер шығару.

(5 мин)

 1.Иықтары 0,1 м және 0,3м иінтірекке екі күш әрекет етеді.Қысқа иыққа әрекет ететін күш 3Н-ға тең .Иінтірек тепе-теңдік те болу үшін ұзын иыққа әрекет ететін күш неге тең болуы керек.

2.Иінтірекке 4Н-ға тең күш әрекет етеді.Егер күш моменті 0,8Н*м  болса,онда иық күші неге тең?

3.Иінтірекке 3Н-ға  тең күш әрекет етеді.Егер күш иіні 15см болса,осы күштің моменті неге тең?

Оқушылар күш моментінің формуласын пайдаланып топпен есептер шығарады, игерген теориялық білімдерін есептер шығаруда қолданады.

6-тапсырма.

ЖИНАҚТАУ

Тест тапсырмала

рын орындау.

(7 мин)


   1.Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез-келген дене
                     а)таразы     ә)иіндік   б)күш момент

 2 .Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі 
                   а)таразы     ә)иіндік   б)күш моменті
    3.Күш моменті қандай әріппне белгіленеді?
                      а)Е        ә)А       б)М 
    4.Күш моментінің өлшем бірлігі. а)Н*м        ә)Дж       б)м
    5.Иінді таразыларды дененің ……өлшеу үшін қолданады?
                      а)энергиясын        ә)массасын       б)қуатын 
    6.Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін……деген ұғымды енгізілген.
                    а)күш моменті       ә)энергия       б)иін
   7.Күш моментінің формуласы.
                    а)Е=mgh       ә)A=F*s       б)M=F*d
   8.Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының    қосындысы. а)механикалық энергия  ә)ішкі энергия       б)жұмыс
  9.Энергияның өлшем бірлігі.  а)Н*м        ә)Дж       б)м 
  10.Массаның өлшем бірлігі.     а)Н*м        ә)Дж       б)кг




Оқушылар тақтаға қарап ауызша жауап береді

7-тапсырма

БАҒАЛАУ

БЕС ЖОЛДЫ ТҰЖЫРЫМ


1- топ- «Иіндік»; 2 -топ «Таразы»; 3- топ «Күш»

Зат есім- Не?______

Сын есім-Қандай?____,_____.

Етістік-Не істеді?____,____,_____.

Сөз тіркесі._____   ______  ______

Синоним____________________




РЕФЛЕКСИЯ




Оқушылар сабақ уақытындағы көңіл күйлерін стикерге жазып сәйкес аралға жабыстырады.

\Мұғалімге»


абақ кезіндегі өзіне ұнаған үш жақсы Кезең мен болашақтағы сабақта жақсартуда өзінің бір әрекетін ұсынады.

«Парталас көршіме»




Парталас жанындағы көршісіне формативті бағалауы

БАҒАЛАУ





Топ басшысы, көшбасшы ұпайлармен толтырып береді

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

§69, §70












































































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя