СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 наурыз ертеңгілік Тақырыбы: "Ана біздің - күніміз, Ананың біз - гүліміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз ертеңгілік Тақырыбы: "Ана біздің - күніміз, Ананың біз - гүліміз"

Просмотр содержимого документа
«8 наурыз ертеңгілік Тақырыбы: "Ана біздің - күніміз, Ананың біз - гүліміз"»


МКҚК №5 «Балбөбек» балабақшасы




«Бекітемін»

Әдіскер: ______Қалапбаева Б.И.










8-Наурызға арналған ертеңгілік

Тақырыбы: «Ана – біздің күніміз,

Ананың біз – гүліміз»







Тәрбиеші: Саламатова С.Р.











2014 – 2015 оқу жы

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз – гүліміз.

Жүргізуші: Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күншуақ,

Бізге қымбат анамыз – деп,

Жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 – наурыз мерекесі құтты болсын. «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді ғой халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан жаратылған.

Жансая: Той – тойлап дала мен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтауға келе жатыр балаларың.

Жүргізуші: Олай болса, ардақты аналарымыз бен ару қыздарымызға арналған «Ана – біздің күніміз, ананың біз – гүліміз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Ортаға №13 «Жауқазын» тобын шақырамыз.

Вальс әуенімен ортаға «Жауқазын» тобының тәрбиеленушілері шығады.

Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Қыдырәлі: Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күншуақ,

Бізге қымбат анамыз.


Аселья: Сыйлаймын мен әнімді,

Сізге арнап жаттаған.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын, ақ анам.


Мадина: Анам менің – өмірдегі тірегім,

Анам менің – кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Алшын: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

8 – Наурызбен.

Данияр: Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт.

Гүл ұсынып қыздарға,

Береміз біз аналарға ән салып.

Ән: «Құттықтаймын апа туған күніңмен»

Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпаққа береміз.

Нұрдәулет: Жанымызды жадыратқан,

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз – балалар.

Ағлес: Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


Ануар: Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын, ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.


Айдос: Анашымды сағынам,

Оған ешкім жетпейді.

Анасының жанынан,

Бөбегі де кетпейді.


Жасмин: Ананың әрбір сөзі, ой – талабы,

Жүректің тереңінде сақталады.

Өсеміз елін сүйген ұландар боп,

Ардақты ана еңбегі ақталады.


Жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауында «Хорезм» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Хорезм» биі.

Осы кезде әуен орындалып ортаға көктем келеді.

Жүргізуші: Көктемге арнап қыздарымыздың орындауында «Көбелек» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Көбелек» биі.

Ойын: «Гүлдерді жинау»

Жүргізуші: Бүгінгі мейрам аналардікі ғана емес, ардақты әжелердікі де.Осы мейрам күні әжелерімізді де құттықтап, таппақтарымызды арнайық.

Самал: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

Әжетай сізді жақсы көремін деп,

Ақырын құлағына сыбырлаймын.


Қайыржан: Шәй ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.


Әлия: Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Әжелерді құттықтап,

Ән арнайтын күн бүгін.

Ән: «Әже тілегі»

Ойын: «Тілек айту»

Сәттібек: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Аман сау бол анашым.


Қыдырбек: Аялаған, баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен.

Би: «Ариба»

Гаухар: Аяулы анашым - ардағым,

Жанымда жүрші сен ардайым.

Құлпырған гүлімдей жайнай бер,

Әнімді мен саған арнаймын.

Би: «Вальс»

Нұрбек: Қысылып еш саспаңдар,

Сызылта би бастаңдар.

Аналардың көңілін,

Бір көтеріп тастаңдар.

Ән: «Ана туралы ән»

Сыйлықтарын аналарына береді.

Жүргізуші: Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқашанда қимаған.

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар! – деп, бүгінгі « Ана – біздің күніміз,Ананың біз – гүліміз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Сау болыңыздар.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!