СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 сынып?а арнал?ан І то?санды? ба?ылау ж?мысы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі п?нінен І то?санды? ба?ылау ж?мысы

8  –сынып.

Ма?саты:  Стандарт бойынша талаптарды? орындалу де?гейі, Орфографиялы?, пунктуациялы?, грамматикалы? талаптар?а сай сауатты жазуын;

Синтаксис бойынша ал?ан білімдерін тапсырманы орындау барысында?ы машы?тарынан ба?ылау;

Сауаттылы? бойынша: ?ріптер емлесі, т?л с?з, к?рделі с?здер

 

Просмотр содержимого документа
«8 сынып?а арнал?ан І то?санды? ба?ылау ж?мысы»

Қазақ тілі пәнінен І тоқсандық бақылау жұмысы

8 –сынып.

Мақсаты: Стандарт бойынша талаптардың орындалу деңгейі, Орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық талаптарға сай сауатты жазуын;

Синтаксис бойынша алған білімдерін тапсырманы орындау барысындағы машықтарынан бақылау;

Сауаттылық бойынша: Әріптер емлесі, төл сөз, күрделі сөздер


Туған жер


Ол өзінің туған жерінің ой-шұқырын, тау-тасын, өзен-суын, өзі білетін жерлерін түгел аралады. Бұрынғы ескі қала, үлкен қала: Құмкент, Баба-Ата, Қызылкөл, Қызылсеңгір, Қаратас, Қызылтас, Шиліөзен – бәрін бірін қалдырмай аралап шықты. Осы аралауда табиғаттың кәрілік кезін, ұлғайған кезін есіне түсірді. Жер-су қартаяды екен. Қартайғанда кейде, тіпті, бір адамның көз алдында қартаяды, азады, тозады. Мұны Қамбарбек өзінше жер кәрілігі деп ұқты. Кеше ғана шиге тұнып тұрған, сол мол шиі үшін Шиліөзен атанған жердің жүрсе, адам адасатын қалың шиі қайда? Бұл шиді жергілікті жердің өзіндегі адамдары былай қойып, сонау Сарыарқадан, Сарысу, Шу бойынан келіп тартатын. Шиліөзен шиінен тоқылған шилер талай-талай әдемі үйлердің салтанаты болған. Ал ши таусылды, өспей қалды делік. Қысы-жазы арық-арық боп, Үштөбе мен Жартытөбе бауырынан қайнап шығып жататын мөлдір сулы, сылдыр бұлақтар қайда? Бір ғана Үштөбе бауырынан ағатын бұлақ сулары бүкіл өңірді суландырып, атақты тоған арқылы сонау Мәнжі мен Тазшабайдың даласына шығатын.

(С. Бақбергенов, 140 сөз)



Грамматикалық тапсырма:

І нұсқа

1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері болып тұрған сөздерді тауып, олар қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарып тұрғанын анықтау.

2. Ол өзінің туған жерінің ой-шұқырын, тау-тасын, өзен-суын, өзі білетін жерлерін түгел аралады. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

3. «Туған жер – алтын бесік». Ойтолғау жазу.

ІІ нұсқа

1. Мәтіннен айқындауыш мүшелерді тауып, түрін ажырату.

2. Осы аралауда табиғаттың кәрілік кезін, ұлғайған кезін есіне түсірді.

Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

3. «Туған жер – алтын бесік». Ойтолғау жазу.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!