Сабақтың ортасы 10 минут 20 минут (5+10+5) 5 минут 5 минут 2-сабақ 2 минут 20+15 минут 8 минут | 1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді?    Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің күйтабағын қояды, интерактивті тақтадан «Абай Құнанбайұлы» туралы деректі фильмді көрсетеді. Ой қозғау сұрақтарын қояды: — Балалар, біз қандай дерек- ті фильмді тамашаладық? Абай Құнанбайұлы жайлы не білесіңдер 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. 2. Мәтіналды жұмыс. А) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 1-тапсырманы орындатады. Ә) Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады. Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орында- тады. 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 5, 6-тапсырманы орындатады. Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады. Тапсырма: төмендегі тірек сөздерді қолданып, суреттерді сөйлетіңіздер. Тірек сөздер: жас Абай Құнанбаев, құмар болды (әуес болды), орыс жазушылары, ойшылдар, пәлсапалық (философиялық), А.С.Пушкин, ауыл, туған жер, қара сөздер кітабы. 2.Төмендегі мақал-мәтелдердің қайсысы сабақтың тақырыбына сәйкес келеді деп ойлайсыздар? Неге? Түсіндіріп айтыңыз. О – М, М - О Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Аз жұмысты қиынсынсаң, Көп жұмысқа тап боларсың. 3. Оқушылар А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін оқиды. Мәтін таратылып беріледі. Өлеңдегі көтерілген мәселе төңірегінде өз ойларын жұпта талқылайды. ЖЖ 4. Содан кейін «Дастархан» әдісі бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. ТЖ Жеке пікір Жеке пікір Жеке пікір Жеке пікір Жеке пікір Жеке пікір 5. Ортақ ой, шешім шығарады. 6. Өлеңнің мәтініндегі қарамен жазылған сөздердің баламасын (синонимдерін) сөздіктен тауып, дәптерлеріне жазады. Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз, Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. Тілдесім. Сұрақтарға жауап береді. Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Мәтінді оқиды, диаграмманы толтырады. Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, қою қаріппен жазылған сөздерді қазақ тіліне аударады. Тыңдалым. Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, бо- лымсыз етістіктерді табады, өзі қалаған екі шумағын жаттайды. Айтылым. Жазылым. Сөйлем құрайды, болымсыз етістіктерді болымды етістікке айнал- дырады Бағалау критерийі: Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | Оқушы | Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. | 1-2 | берілген сұрақтарды түсінеді; | 2 | сұрақтарға дұрыс жауап берді; | 2 | тірек сөздерді қолданды; | 2 | 3-5 | шағын диалогке түсе алды; | 2 | ортақ ой, шешім шығара алды; | 2 | | | Барлығы | 10 | 1.Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу» https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s 2.Шығармашылық тапсырма: Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану қажет. «Бас бармақ» тобына: Еріншек пен еңбекқордың арасында диалог құрастыру. «Балаң үйрек» тобына: Өсекшінің монологын құрастыру. «Ортан терек» тобына: «Талапты баланың басынан өткен оқиға» әңгіме құрастыру. «Шылдыр шүмек» тобына: Өтірікшінің атынан өтірік өлең құрастыру. «Кішкентай бөбек» тобына: Қанағатшыл әке мен мақтаншақ бала туралы ертегі құрастыру. Бағалау критерийі: Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | Оқушы | Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану. | 2 | орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады; | 4 | тыныс белгілерді орынды қолданады; | 4 | стилі берілген жанрға сәйкес; | 2 | | | Барлығы | 10 | 5. Кері байланыс «Гамбургер» әдісі Жағымды ахуал Жағымсыз ахуал Сыни пікір Жағымды ахуал 6. Үйге тапсырма: Берілген үзіндіні мүмкіндігінше жаттап келу. «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз.» | https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s |