СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай дара Абай дана қазақта»атты ашық тәрбие сағаты . Бегимбетова Нургул. 5б- сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні:2.03.2020жыл

Сынып жетекшісі: Бегимбетова Нургул

Сынып :5Б

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай дара  Абай дана қазақта»атты ашық тәрбие сағаты Сабақтың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар.

Қасым:

Дана Абайды  Қазақтың ақылына балаймын.  Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!  Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,  Жан алаңы, мұңы бар — қазағы бар Абайдың. 

Жанерке:  Сара Абайды  Қазақтың жүрегі деп білемін,  Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?  Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,  Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім! 

Ризат: Арлы Абайды  Қазақтың қайраты деп ұғамын,  Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!  Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,  Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын! 

Абай атамыздың 175 жылдығы құтты болсын –  барлық оқушы бірге айтады.

 

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгін мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған «Абай дана –Абай дара қазақта» атты ашық кешке  қош келіпсіздер. Мұндағы мақсатымыз Абай өлеңдері мен қара сөздерін болашақ жас ұрпаққа үлгі өнегесін насихаттау. Сәкен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады, әуенмен ортаға 2 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Құрметті Оқушылыр , ұстаздар! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған ашық кешімізге қош келдіңіздер! 2-жүргізуші: Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет

атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде. Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты  мектебімізде  тамаша іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым . Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған кешімізді Абай атамыздың мына өлең шумағымен  бастаймыз.

 

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. 

 

2-жүргізуші: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!

1-жүргізуші: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар – қатпар сырларын Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!

2-жүргізуші Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер,  Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер  Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп  Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп бізде осы жерде ән салып жіберсек қайтеді? Хор:«Көзімнің қарасы»

1-жүргізуші

Жастайынан ел басқаруға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа: Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.

2-жүргізуші

Бар ғұмырын әдебиетке арнаған, Ақиқаттың ақ жолынан таймаған, Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап, Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!- дей келе Абай атамыздың өміріне тоқталып өтсек.

1-жүргізуші Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың. Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады.

2-жүргізуші

 «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз»  Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.  Бұл  өлеңдерде  табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.

1-жүргізуші Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын атандырып келешекке , Біздермен осы күнгі тілдескен кім? Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?   

Абай:  

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

 Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,

 Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз күрестім кінә қойма.

Мақсатым тіл ұстарту өнер шашпақ,

Наданның көзін ойып, ойын ашпақ.

Үлгі алсын деп ойлы жас жігіттер,

 Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.

Лермонтов:

Выхожу один я на дорогу; Сквозь туман кремнистый путь блестит; Ночь тиха. Пустыня внемлет богу, И звезда с звездою говорит.

В небесах торжественно и чудно! Спит земля в сияньи голубом... Что же мне так больно и так трудно? Жду ль чего? жалею ли о чем?

Уж не жду от жизни ничего я, И не жаль мне прошлого ничуть; Я ищу свободы и покоя! Я б хотел забыться и заснуть!

Байрон:

There is a pleasure in the pathless woods,  There is a rapture on the lonely shore,  There is society, where none intrudes,  By the deep sea, and music in its roar:  I love not man the less, but Nature more,  From these our interviews, in which I steal  From all I may be, or have been before,  To mingle with the Universe, and feel  What I can ne'er express, yet cannot all conceal.

2-жүргізуші

Абай – ойшыл.  Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.  Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.  Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық 1-жүргізуші Рухымен бекем күрескен, Санаға ғылым ұқтырған. Сөзімен жарық, нұр құйған Айналдық дана, текті ұлдан. Келесі кезекті  Көрініс Абайдың бала кезі

2-жүргізуші

Бар ғұмырын әдебиетке арнаған, Ақиқаттың ақ жолынан таймаған, Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап, Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!- дей келе Абай атамыздың өлеңдеріне берейік.

1-жүргізуші Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй.

Ән:  Жақсы адамдарым Орындайтын Өмірбай Ажар 2-жүргізуші

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана  сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып, бүгінгі кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер. 1-жүргізуші Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен – көп рақмет. Сау – саламат болыңыздар.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай дара Абай дана қазақта»атты ашық тәрбие сағаты . Бегимбетова Нургул. 5б- сынып»

Бекітемін:

Күні:2.03.2020жыл

Сынып жетекшісі: Бегимбетова Нургул

Сынып :5Б

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай дара Абай дана қазақта»атты ашық тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты:
халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар.

Қасым:

Дана Абайды 
Қазақтың ақылына балаймын. 
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын! 
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың, 
Жан алаңы, мұңы бар — қазағы бар Абайдың. 

Жанерке: 
Сара Абайды 
Қазақтың жүрегі деп білемін, 
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін? 
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің, 
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім! 

Ризат:
Арлы Абайды 
Қазақтың қайраты деп ұғамын, 
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын! 
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын, 
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын! 

Абай атамыздың 175 жылдығы құтты болсын – барлық оқушы бірге айтады.


Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар !
Бүгін мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған «Абай дана –Абай дара қазақта» атты ашық кешке қош келіпсіздер.
Мұндағы мақсатымыз Абай өлеңдері мен қара сөздерін болашақ жас ұрпаққа үлгі өнегесін насихаттау.
Сәкен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады, әуенмен ортаға 2 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Құрметті Оқушылыр , ұстаздар! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған ашық кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет

атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде. Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты мектебімізде тамаша іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым . Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған кешімізді Абай атамыздың мына өлең шумағымен бастаймыз.



Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. 


2-жүргізуші: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!

1-жүргізуші: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар – қатпар сырларын Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!


2-жүргізуші Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер, 
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер 
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп 
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп бізде осы жерде ән салып жіберсек қайтеді?
Хор:«Көзімнің қарасы»

1-жүргізуші

Жастайынан ел басқаруға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.

2-жүргізуші

Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!- дей келе Абай атамыздың өміріне тоқталып өтсек.

1-жүргізуші
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады.

2-жүргізуші

«Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз»  Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі. 
Бұл  өлеңдерде  табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.

1-жүргізуші
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?   

Абай:  

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

 Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,

 Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз күрестім кінә қойма.

Мақсатым тіл ұстарту өнер шашпақ,

Наданның көзін ойып, ойын ашпақ.

Үлгі алсын деп ойлы жас жігіттер,

Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.

Лермонтов:

Выхожу один я на дорогу;
Сквозь туман кремнистый путь блестит;
Ночь тиха. Пустыня внемлет богу,
И звезда с звездою говорит.

В небесах торжественно и чудно!
Спит земля в сияньи голубом...
Что же мне так больно и так трудно?
Жду ль чего? жалею ли о чем?

Уж не жду от жизни ничего я,
И не жаль мне прошлого ничуть;
Я ищу свободы и покоя!
Я б хотел забыться и заснуть!

Байрон:

There is a pleasure in the pathless woods, 
There is a rapture on the lonely shore, 
There is society, where none intrudes, 
By the deep sea, and music in its roar: 
I love not man the less, but Nature more, 
From these our interviews, in which I steal 
From all I may be, or have been before, 
To mingle with the Universe, and feel 
What I can ne'er express, yet cannot all conceal.

2-жүргізуші

Абай – ойшыл
Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. 
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық
1-жүргізуші
Рухымен бекем күрескен,
Санаға ғылым ұқтырған.
Сөзімен жарық, нұр құйған
Айналдық дана, текті ұлдан.
Келесі кезекті Көрініс Абайдың бала кезі

2-жүргізуші

Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!- дей келе Абай атамыздың өлеңдеріне берейік.

1-жүргізуші
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.

Ән: Жақсы адамдарым Орындайтын Өмірбай Ажар
2-жүргізуші

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып, бүгінгі кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші
Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен – көп рақмет. Сау – саламат болыңыздар.














Скачать

© 2020, 8121 34

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!