СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай лирикасы, өткенді қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай өлеңдерін жаттап,үйрену.

Қара сөздерінің мағыналарын тұсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Абай лирикасы, өткенді қайталау»

Қайталау арқылы білім деңгейін анықтайтын жаттығулар жұмысы. Абай..... Абай лирикасы.

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы:

Жакенова А.З

Сабақтың тақырыбы: Қайталау арқылы білім деңгейін анықтайтын жаттығулар жұмысы. Абай..... Абай лирикасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің білімдерін өткен тақырыпты қайталау арқылы тексеру. Абай туралы мәлімет. Абайдың лирикасына тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, жаттығу жұмыстары арқылы дұрыс жазуға үйрету.

Тәрбиелік: Қазақ халқының ақындарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру Отанын,елін сүюге үйрету, лирикаға деген көзқарастарын байқау.

Сабақтың түрі: қайталау, танымдық сабақ.

Сабақтың типі: бұрынғы өткен материалдар арқылы білімін тексеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап,баяндау,талдау.

Көрнекілігі: интер тақта, оқулық, тест сұрақтары, суреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану,орыс тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу .



1. Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Жұманың әр кезі,

Сәттілікке толсын.

II. Үй жұмысын тексеру (қызығушылығын ояту)

слайд 1.

Сан есім

Сын есім


Етістік

Зат есім

Есімдік

Шылау











Үстеу

Еліктеуіш сөз

Сөз таптары










Одағай



Қазақ тілінде неше сөз таптары бар?

Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары

Есімдік дегеніміз не?

Етістіктің түрлеріне тоқтал.


Слайд

1.Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?

2. Бастауыш дегеніміз не?

Мысал келтір

3. Баяндауыш дегеніміз не?

4. Тұрлаусыз мүшелерді ата.

Ал енді балалар өткенде қандай лексикалық тақырыптарды өттік?

Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин

Кім тоқталып айтып өтеді?

Енді балалар сіздермен өткен материалды пысықтау үшін бірнеше жаттығу жұмыстарын жүргізейік.

Ал балалар дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңыздар.Қазір сіздермен өткен тақырыптарды бекіту үшін жаттығулар орындаймыз.

Слайд

Сөйлемдерді дұрыс құрып, өткен сөз таптарын тауып көрсет.

1.Қалам, Щучинск, менің, туған, сүйікті.
2.Барайық, жаңа,көруге, ертең, фильмді.
3.Болуым, он алтысында, Астанада, керек, желтоқсанның.
4.Үйде, керек, уақытта, қай, болуы, Шолпанның?
5.Оны, керек, қашан, көруің, сенің?


Слайд

Тақтамен жұмыс


Берілген уақытпен сөйлемдер құрыңыздар


7.30

16.00

18.35

21.00

22.00

Слайд

Мақал – мәтелдерге керекті сөз таптарын қойыңдар

  1. ... жұрттың тілін біл

... түрлі білім біл.

2. Білім ... , ... қымбат.

3. ... достан жақсы дұшпан артық.

Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі басқарған.


Балалар қазір қандай мезгіл? Қандай ай?

Біз өткен аптада қандай мерекені тойладық?

Биылғы жылымыз ерекше жыл. Тәуелсідігіміздің 25 жылдығы.Біз егеменді мемлекетпіз. Ал мемлекетіміздің дара,дана ақыны яғни еліміздің бас ақыны кім деп ойлайсыңдар? Ол Абай атамыз.. Ендеше бүгін Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына соның ішінде Абай лирикасына тоқталайық.

Слайд























Слайд

Мәтінмен жұмыс

  • Сөздік жұмысы

  • Мәтінді тез қарап шығу керек.

  • Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқимыз.

  • Тізбектеп оқу(1 сөйлемнен)

  • Мәтінді абзацқа бөлу, аудару.

  • Сұрақтар арқылы мәтінді мазмұндау


Слайд

Сөздікпен жұмыс.

өте қатал-очень строгий

қайырымды-добрый

мінезі жұмсақ- с мягким характером

Слайд

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңiрiнде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан бiлiм алды. Әкесі Құнанбай қатты кісі болган. Ал анасы Ұлжан өте қайырымды, мінезі жұмсақ болған.Кейiн ауқатты Құнанбай баласын Семейдегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп оқыды, қаладағы орыс мектебiне барып жүрдi. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Әкесі Құнанбай 13 жасында Абайды діни мектептен шығарып алады. Абай Пушкинді ,Лермонтов, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Слайд

Лирика

Бүгін біз Абайдың лирикасы жайында сөз етпекпіз.

Ең алдымен «лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық.

Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан-

дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз

басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші. 

Лириканың 4 түрі бар.

 1. Философиялық

2. Саяси 

3. Махаббат

4. Табиғат.

Слайд

Өлеңдерді оқыңдар, ақынның табиғат лирикасына назар аударыңдар

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Табиғат лирикасына арналған « Желсіз түнде жарық ай»өлеңін біздің әншілеріміз әнге қосып шырқап жүр.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Махаббат лирикасына арналған өлеңдері

Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

. Неге бұл өлеңдер достық-махаббат лирикасына жатады?Себебі балалар бұл - Абайдың жастарға арналған жар сүю мәселесін қозғайтын насихат олеңі.Абай тек жай ғана өлең жазбай махаббат лирикасына әнде қосқан .Ендеше балалар кезекті әнге берейік.

Көзімнің қарасы әнін жырлайық.


Слайд


Шығармашылық жұмыс «Менің Абайым» өз ойларын жазу.

Мақал –мәтелмен жұмыс.



Балалар жоғарыда айтылып кеткендей біздің еліміз –Қазақстан.Отан адамда біреу ғана .Абай атамыз да елге, отанга деген сүйіспеншілікті талай жырлаған.Ендеше сабағымызды мақал –мәтелмен аяқтайық.




Не ұнады ?

Что понравилось?

Сұрақ?

Вопрос?

Пікір

Твое мнение





Бағалау.

Үй жұмысы : Абай өлеңдерін жаттау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!