СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯ элективтік курс

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

  АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯ

элективтік курс

Просмотр содержимого документа
«АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯ элективтік курс»








АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯ

элективтік курс

(дербес авторлық оқу бағдарламасы )





















ТҮСІНІК ХАТ


«Абай мен Шәкәрімдей қос данышпанның әрбір сөзі сом алтын, дәмін жоймас, бұзылмас асыл»,- деп алаш арысы Ахмет Байтұрсынов дәл тауып айтқан. Осы қос хакімнің әрбір сөзі нақыл, даналық, афоризм. Қоғамдағы саяси-экономикалық өзгерістер, қалыптасып жатқан жаңа экономикалық жүйе мектептердегі оқыту-тәрбиелеу жұмысын өзгертуді талап етеді. Сондықтан білім беру жүйесінде жүргізілген реформалар негізінде елімізде мектептер үш сатылы болып қайта құрылды. Мектептің бастауыш сатысы 1-4 сынып, негізгі сатысы 5-9 сынып болса, мектептің соңғы сатысы – бағдарлы мектеп. Бағдарлы мектеп үш салаға сараланады: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, кәсіптік. Сабақтастық тұрғысынан қарағанда бұл саты – бүкіл мектептегі алған білімнің қорытындыланатын кезеңі. Бұл – білімнің білікке ұласар тұсы. Тілді оқытудың нәтижесінің көрінер кезі де осы бағдарлы мектеп сатысы. Осы негізде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныпқа «Абайтану» факульативтік курсы бағдарламасының оқытылуының маңызы үлкен. Білім берудің бағдарлы сатысында бұл бағдарламаны оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қазақ халқының рухани құндылықтарын бойына сіңірген, қазақша шұрайлы, түсінікті де терең, шешен сөйлейтін, ойдың қысқа да нұсқа тоқ етерін жеткізе алатын ұрпақ тәрбиелеу болмақ.

Абай мен Шәкәрімнің көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи-философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абай», Шәкәрім афоризмдеріндегі философия» жалпы білім беретін мектептерде арнайы курс ретінде енгізілуі қос ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батысты ұстазы ұлы Абайдың дәстүрімен жарастыра зерттеу.

Абаймен Шәкәрім танудың ғылыми – тағылымдық негіздері болып танылатын ақын шығармаларындағы дәуір үні, азаматтық ұстаным, адамзаттық ақыл – ой, қалыптастырған ақындық мектеп дәстүріне оқушы өз ізденісінде кеңінен тоқталып, ғылыми – тақырыптық мәнін ашуы тиіс. Абайтану ғылымы тек бір ғана ұлттың рухани құндылығы емес, бүкіл адамзат баласының ақыл – ой, парасатының көркем үлгісі екендігін оқушылар санасына сіңірту, әрі аталмыш ғылымның теориялық-методологиялық негіздерін меңгерту.

Ақын шығармаларының табиғаты, ерекшеліктері туралы мәліметтер беру. Бұл тақырыптарды күнделікті сабақ барысында кеңейтілген түрде, ғылыми түрде оқытулуы керек. Нәтижесі – оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алуы. Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып, ауызекі сөйлеуді және жыраулардың толғауларын жатқа айта білу керек.

Сабақты жүргізу кезеңінде практикалық жұмыстарға көбірек назар аударылады. Арнайы курсты оқып бітіру барысында бітіру жұмыстарын (газет-журналға материалдар беру, белгілі бір тақырыпты қорғау т.б.) жүргізу көзделіп отыр. Оқушылардың білімін бағалауда 12 балдық жүйе қолданылады.

Бағдарлама жасауда білім мазмұнын ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени-тарихи құндылықтарды таныту, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, сабақтастығы және пәнаралық, пәнішілік байланыс сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.

Осы пән абайтану мен шәкәрімтану ғылымының тарихын саралай отырып, шығармаларының рухани қуатын зерделеуге бағытталады. Әдебиет әлеміндегі сапалық өзгерістерді ұлттық рухы асқақ жаңалықты құбылыстарды, талғам мен таным таразысына безбендеп, ғылыми айналымға қосу міндеті жүктеліп отыр. Қос данышпанның афоризмдеріндегі көркемдік қуаты ерен, парасат пайымы, ой-толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөзөнерпазының көркем-пәлсапалық дүниетанымы, жанрлық – тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері адам, қоғам, табиғат қарым-қатынастары жаңаша талдануға тиіс.


АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:


1. Пәнді оқыту мақсаты: Қазір педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде Абай мен Шәкәрім философиясының ғылыми – тағылымдық негіздері болып танылатын ақын шығармаларындағы дәуір үні, азаматтық ұстаным, ұлттық ақыл – ой, ақындық даралығы мен суреткерлік тұлғасын мектеп оқушыларына таныстыру.

Абай, Шәкәрім афоризмдеріндегі философияның ғылыми – тағылымдық негіздері болып танылатын қаламгер шығармаларындағы дәуір үні, азаматтық ұстаным, ұлттық ақыл – ой, ұлағат пәлсапасы ақындық даралығы мен суреткерлік тұлғасын оқушыларға таныстыру. Абай, Шәкәрім афоризмдеріндегі философия тек бір ғана ұлттың рухани құндылығы емес, бүкіл адамзат баласының ақыл – ой, парасатының көркем үлгісі екендігін студенттер санасына сіңірту, әрі аталмыш ғылымның теориялық-методологиялық негіздерін меңгерту:

- Абай шығармашылық философиялық сипатына мәлімет беру;

- Шәкәрім философиясының тақырыптық аясын ажырата білуге баулу;

- Абай, Шәкәрім философиясындағы тағылымдық ерекшеліктеріне қарай талдау жасай білуге үйрету;

2. Пәнді оқыту міндеттері:

Абай мен Шәкәрім философиясы тек бір ғана ұлттың рухани құндылығы емес, бүкіл адамзат баласының ақыл – ой, парасатының көркем үлгісі екендігін оқушылар санасына сіңірту, әрі аталмыш ғылымның теориялық-методологиялық негіздерін меңгерту:

- А.Құнанбайұылының өмірінен мәлімет беру;

- Ақын шығармаларының тақырыптық аясын ажырата білуге баулу;

- Ақын поэзиясына көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау жасай білуге үйрету;

- Өз ойын нақты, дәл және ғылыми түрде жеткізіп айта білуге үйрету;

- ХХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және Абайтану ғылымы жайындағы ғалымдардың айтылған пікіріне сараптама жасай білу;

- Абай, Шәкәрім философиясының әлемдік, ұлттық түп-негізіне тоқталу, шығыс пен Батыс философиясының тоғысы;

- Абай поэзиясына байланысты мерзімді бапасөз беттеріндегі деректерді игере

3. Күтілетін нәтижелер:

  • Абай мен Шәкәрім афоризмдерінің жалпы адамзаттық рухани құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;

  • Қос ақынның ғақлияттық қолтаңбасын ұғындыра отырып, сөз мәдениетінің нормаларын меңгерту;

  • Абай, Шәкәрім тіл тазалығына қатысты ұғымдарды меңгерту;

  • шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру

  • көркем сөз нормаларын меңгерту;

  • теледидар, радио дикторларынан «Абай мен Шәкәрім даналығы» деген сұрақ төңірегінде пікір алмастыру;

  • әр түрлі тілдік жағдаяттарда қажетті сөз орамдарын қолдануға рөлдік ойындар арқылы дағдыландыру;

  • жазба тіл мәдениетіне қатысты белгілі адамдардың ой-тұжырымдарына талдау жасату;

  • әр оқушыға абайтану мен шәкәрімтану саласы бойынша өзі қалаған тақырыбы бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз материалдарынан осы жанрдағы шығармаларға талдау жасату;

  • өз бетінше мәселелер, мақсаттар айқындай алу, оны жоспарлай, жүйелей білу, тұжырымдай білу;

  • әдеби-шығармашылық жұмыстар атқару: пікір айту, рецензия жазу, хабарлама, баяндама жасай алу, жарнамалар құру, мақала, әңгімелер жаза білу.

  • Абай мен Шәкәрім даналық сөздерін таладаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет пен фольклорды зерттеуге қажетті біліммен қаруланады.

  • әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысады.

  • өз бойында көркемдікті танитын талғам қалыптастырады.

  • әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйренеді.

  • қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады.

  • теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

  • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

  • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

4. «АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯ»

ЭЛЕКТИВТІК КУРСЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Курстың жүктемесінің көлемі: аптасына- 1 сағат, оқу жылында -34 сағат


Тақырып аты

Сағ/с

Уақыты

1.

Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы афоризмдер

Қос ғұламаның қанатты сөздерінің жинақталу, зерттелу мәселесі

1

1


2.

Абай мен Ш.Құдайбердіұлының афоризмдеріндегі жан және тән мәселесі

Қос данышпандағы жан мен тән бірлігі

1

1


3.

Абай мен Сократ даналығының афоризмдердегі көрінісі

Абай қара сөздеріндегі Сократ даналығы

1

1


4.

Абай афоризмдеріндегі дін тақырыбы

Абай дүниетанымыдағы діни көзқарас

1

1


5.

Абай афоризмдеріндегі философиялық концепция

Абай мұрасындағы Батыс философиясы

1

1


6.

Абай мен Гетенің философиялық үндестігі

Абай мен Шәкәрім афоризмдеріндегі рухани әлем атауларының қолданыс ерекшеліктері

1

1


7.

Абайдың қарасөздеріндегі ғибратты ой, қанатты сөздердің пәлсапасы

1

1


8.

Абай, Шәкәрім афоризмдеріндегі адамгершілік мәселелері

Абай, Шәкәрім афоризмдеріндегі адамгершілік мәселелері

1

1


9.

Шәкәрім афоризмдерінідегі ғылым категориясының философиялық тұжырымдамасы

Ш.Құдайбердіұлының даналық дүниетанымындағы

адам және ұлттың мәні

1


1


10.

Шәкәрім мен Гете философиясындағы ой, сөз, іс бірлігі идеясы

Шәкәрімнің философиялық лирикасы

1


1


11.

Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» еңбегі – философиялық трактат

Махаббат-Шәкәрім афоризмдерінің өзекті мәселесі

1

1


12.

Абай поэмаларындағы афоризмдердің пәлсапалық мәндері

1

1


13.

Шәкәрім поэмаларындағы ғибратты ой, пәлсапалық түйіндер

1

1


14

Абай пәлсапасындағы жан, тән, рух түсініктері

1

1


15

Шәкәрім философиясындағы идеологиялық дүниетаным

2


16

Абай мен Шәкәрім афоризмдеріндегі сабақтастық: дәстүр мен жалғастық

2


17

Абай мен Шәкәрім афоризмдерінің өміршеңдігі

2



Барлығы

34


5. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ:


АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АФОРИЗМДЕР

1- сабақ

(2-сағат)

Қазақ әдебиетінде,жалпы шығыс әдебиетінде, оның ақылмандық поэзиясын Еуропалық жылтырақтан еректеп тұратын дидакиаклық шығыс поэзиясына жеткілікті көңіл аударылмай келеді. Еуропалықтар өздерінде жоқты сапасы төмен,көркемдігі нашар деп бағалауға әрдайым дайын тұрады. Осы пікірлерін түркі әлеміне де мойындатып та үлгерді. Өзгенің өзімізге таңғанынан арылатын уақыт жетті. Қазақтың мыңдаған жылдарға созылған дидактикалық поэзиясының түйіні-формасы өзгеріп,әлемдік ақыл-ойдың алтын қорына қосылған қара сөзді билер сөзінің прозалық жанрында хакім Абай тарапынан жасалып,қазақ афоризмдері жаңа әлемдік белеске көтерілді. Дидактикалық әдебиет көркемдігі нашар болса, ғұлама Абай өзінің «ғақлия сөздерін» неге жазды?

Өзіңде жоқты өзгеден алу бар да, өзіңде барды базарлай алмау бар. Екеуінің арасы жермен көктей,өзінде жоқты өзгеден алғандар,яғни, еуропалықтар,өздерінің поэзиясындағы афоризмнің көптеп қолданылынуын ағартушы кезең әдебиетімен байланыстырып,өзерінің бір кездері сөз жауһарын қарт Шығыстан үйренген шәкірттіктерін мүлде ұмытып, қазіргі жаңа тұрпаттағы прозалық афоризмдерінің бастау көзінде біздердің тұрғанымызды естерінен әдейлеп шығарып алады. Біздің әдебиет теориясын және тарихын зерттеушілеріміздің басым көпшілігі дидактикалық қазақ поэзиясына жеке жанр ретінде емес, поэзияның Абайға дейінгі сапасы төмен жыр,толғау сияқты тақырыптық түр ерекшелігі деп санайды да,ағартушылық әдебиеттің азаматтық лирикасы санатына мәселенің байыбына бармай қоса салады. Бұл-Шығыстың-Шығыс,Батыстың-Батыс екенін жете түсінбеу.

Сол дәуірдегі әдеби ізденістер қазақ қаламгерінің афоризмдік алтын антологиясын қалыптастырды. Осы құбылыстың әдебиетімізде бар екеніне алғаш көңіл аударған Құлмат Өмірәлиев болды. Оның «Абай афоризмдері» еңбегі афоризмдерді тақырыптық жақтан, және поэтикалық көркемдік ерекшелігі жағынан ғана қарастырып,мазмұндық-формалық құрылымдық-композициялық ерекшеліктері назардан тыс қалдырды.

Кейін Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасынан диссертация жұмысын жазып, қорғауға ұсынған Қарлығаш Құрмамбаева Шәкәрім афоризимдерін формалық жағынан:

а) жалғыз тармақтық;

ә) егіз тармақтық;

б) шумақтық деп құрылымына қарай таратып берді. Екі зерттеуші де, әдебиет теориясының зерттеушісі болмағандықтан бірі-тілдік,екіншісі-әдебиет тарихы тұрғысынан келіп отыр. Шәкәрім афоризмдерін мазмұнына(ой тереңдігіне) қарай:

  1. Философиялық;

  2. Дидактикалық деп бөлген.. Өлеңдік өлшемінің

композициялық құрылымына қарай:

  1. мәтелдік;

  2. мақалдық;

  3. билер тақпағы түріндегі деп тарихи жүйелілікпен

саралаймыз.

Қазір әлемдік және ТМД-лық орыс тілді кеңістікте афоризмдерді композициялық құрылымына,мазмұны мен формасына қарай бөлуде үш ғылыми неологизм: гнома, анжамбеман және апофегма қолданылуда. Бұндағы «гнома»-мақалдық құрылымды білдірсе; «апофегма»-мәтелдікті; «анжамбеман»-билер тақпағы түрінде келген түйдектілікті ұқтырады. Міне, осы афоризмдік тәсілімнің барлық түрі Абай мен шәкәрім философиясында құрылымдық көрініс тапқан.

АБАЙ МЕН Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ЖАН ЖӘНЕ ТӘН МӘСЕЛЕСІ

(2-сабақ)

Жан және тән мәселесі адамзатты ертеден бері толғандырып келе жатқан мәселелердің бірі. Сондықтан әр заманның озық ойлы адамдары бұл мәселеге қай қырынан қараса да, жән мен тәнді қарастырмай, оның жұмбағын шешуге үңілмей кетпеген. Аристотель «Жанды тану ақиқатты, әсіресе табиғатты тануға себепкер болады. Себебі жан - барша тіршіліктің бастауы» деген. Мысалы, Августин жанды тәннен азат деп қарастырса, ал Фома Аквинский адамды жан мен тәннің бірлігінде, хайуан мен періштенің аралығындағы тіршілік иесі ретінде қарастырған. Антика және оны жаңғыртқан араб философтарының жан және тән туралы үлкен еңбектері де бұл мәселенің адамзатпен бірге жасайтындығын көрсетеді. Абай өзінің 43-қара сөзінде «Адам баласы екі нәрсеменен: бірі-тән, бірі-жан» деп, бұл мәселенің қазақ дүниетанымындағы да өзекті сұрақ екендігін, ол туралы талас ешқашан тоқтамасын білдіреді.

Жан қандай, оның азығы не, ол тәннің қай жерінде қонақтаған, тән мен жан дос па, қас па, бірінсіз бірі қалай болмақ. Тәннің құмартқаны не, жанның аңсары не. Қайсысы қайсысына жол сілтеп, басшы болмақ. Тәнмен бірге жан да өле ме, әлде жан мәңгілік пе. Тән өлгеннен кейін жан қайда бармақ. Жалпы, жан бар ма, жоқ па, ол қайдан және неден пайда болды. ХХ ғасыр бастауының көрнекті қазақ ойшылдарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да бұл сұрақтардан аттап кетпеген. Философияның басты объектісі және негізгі субъектісі –адам болса, оған қатысты жан мәселесі, оған қатысты тән мәселесінің жауабын Шәкәрім келер ұрпақтарына ұғындыруға тырысқан.

Шәкәрім жанды мен тәнді бірдей алып қарастырған, оның түсінігінде екеуі бірігіп тіршілікті құрайды, «Жан мен дене-қосылған ерлі-қатын», бірінсіз-бірі толыққанды емес дейді. Жан да тән сияқты бар нәрсе, дегенмен екеуінің арасында айырмашылық бар. Жан тәнмен бірге жерге қатысты түсінікті тудырады. Ал, тәнсіз жандар, яғни періштелер жер тұрғындары емес. Жан тәннен көшкен кезде тән өледі. Шәкәрім түсінігінде жан өлмейді. Материалисттік көзқарастағы ғалымдар жан деген жоқ дейді. Материалисттер үшін жан метафора. Оның кеңістіктегі орны қайда дейді. Платон мен И.Кант жанды субстанция, жан шындық, бірақ көзге көрініп, қолға ұсталатын материалдық шындық емес дейді. Мәселенің қиындығы, күрделілігі мен өзектілігі де, адаммен бірге жасайтындығы да осында. Шәкәрім көзге көрінбеген нәрсені жоқ деуге болмайды, жан жоқ болса спиритизм, телепатия, магнетизм сырларын қалай түсіндіреміз деген сұрақ қояды. Егер бұл нәрселер бар болса, оны зерттеу қажет. Себебі ол өздігінен өзі болмақ емес қой дейді. Оның өзіндік себебі бар. Шәкәрім бұл жайында:

«Көрінбес зат бар бірталай,

Шығады жаннан көп қуат

Спирит, гипноз, телепат

Пакризм мен лунатик.

Жан сезу, түскер-бәрі жат.


Жан жоқ болса, бұл қалай?

Ойла, жанның жоғы шын ба

Сал сөзімді терең ақыл мен ой сынға.

Сен бұл дәлелге кетсең тоқтамай

Мен тағы айтамын, тыңда!


Электриядан не шықты,

Істедің талай қызықты!

Дәл өзін көрген адам жоқ,

Шын затын оның кім ұқты?

Ісінен білдік барлығын»,-дейді.

Жан-бұл тымық күйдегі нәрсе емес, ол әр уақытта қозғалыста болатын және қозғалысты қажет ететін субстанция. Шәкәрім «Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа»,-дейді. Егер Шәкәрім түсінігінде жан бар болса, онда ол үнемі қозғалыста, өзгерісте болуы тиіс. Бұл бұлжымас философиялық ақиқат. Әлемде өзгермейтін заттар мен қасиеттер, қатынастар жоқ. Сондықтан Шәкәрім:

«Түрлі жанда дене түрлеп,

Өзгеріп тұр бұл ғалам.

Жоғалатын нәрсе жоқ деп,

Айтты ғылым байқаған»,-дейді.

Қозғалыс-бұл бар нәрсенің бар болу тәсілі. Қозғалыстың әрбір нысанына белгілі бір –субстанция тән. Кез-келген заттың қозғалысы басқа бір затқа қатысты болады. Жеке дара дененің қозғалысының болуы мүмкін емес. Шәкәрімнің «Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп» деген ой тұжырымынан да мұны аңғару қиын емес.

Шәкәрім Құдайбердіұлының жан мен тән туралы түсінігін оның ұстазы Абайдың бұл мәселе жайлы ұстанымынсыз сөз қозғау мүмкін емес. Себебі Абай мен Шәкәрімнің бұл жайлы үндестігі даусыз және Абай шәкірті бұл түсінікті өзінше одан ары дамытқан. Абай:

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айырылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес».

Абай түсінігіндегі «Мен» не, «менікі» –не? Оған жауапты ақынның «Көк тұман- алдыңғы келер заман» деп басталатын өлеңінен табамыз.

«Ақыл мен жан-мен өзім, тән-менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы -екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуелбастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бек»,- деген. Абайша «Мен», яғни ақыл мен жан, екі рухани субстанция ешқашан өлмек емес. Әуелбастан, яғни жаратылыстың бастауынан тағдыр солай жазылған дейді.

Шәкәрімнің рухани философиясында да «мен» мен «менікі» бар, ол өзгешеленіп, «өзің» («мені» мағынасында) және «сенікі» («менікі» мағынасында) арқылы көрініс береді. «Жан менен дене һәм көңіл» атты өлеңінде былай дейді:

«Дене менен жан-анау, көңіл-мынау,

Қайсысына билеттің байғұсым-ау?

Ең түбінде-өзің кім, сенікі кім,

Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау?


Анық қара: жан-өзің, дене-киім,

Мақтан, бояу-денеге берген сыйың.

Жанға мұндай алдауың азық емес,

Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?»-деген.

Шәкәрім де ұстазы сияқты ақыл мен жанды қатар, ажыратпай қояды, ол «Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен, Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр»,- дейді. Егер «тағдыр» сөзінің араб тілінен аудармасы «Құдайдың бұйрығы, жазмыш» екендігін ескерсек бұл үлкен діни-философиялық терең ұғым. Абай айтуынша табиғат өледі, адам өлмейді дейді. Абай адам болмысын «жан» және «тән» деп екіге бөледі, «жан» жоғалмаса, ал тән («менікі») өлсе, жан тән өлгенен кейін де өзінің болмысын сақтай ма? Адам болмысында қайсысына жуық, тәнге ма, әлде жанға ма? Тән өлсе адам жанмен бірге бола ала ма? Бұл жете зертеуді қажет ететін үлкен сұрақ. Сонымен қатар, даусыз, баршаға мәлім жәйт жан тәнде тұрақтаған, «Дене сауыт сықылды жанның орны. Оған да күту керек бұзылмасқа»,- дейді Шәкәрім қажы. Жансыз тән тірі болмақ емес, ағза жаннан айырылса тән өзіндік функциясын жоғалтады. Сондықтан жан тіршіліктің көзі. Шәкәрім түсінігінде жан ақылмен нұрланса ғана, тән өзінің адами қызметін атқарады, яғни «Жансыз тән қалайша жүрмек, сол жан емес па денелерді қозғап өсірмек»,- дейді. Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Жан талпынар талайды көрмек үшін,

Әр сырын дүниенің білмек үшін.

Дене байғұс салмақ боп баса бермек,

Жаралған ғой түбінде өлмек үшін»,-

дейді. Егер түбінде бір өлім болса жанның жанталасы не, ол нені қажет етеді. Шәкәрімше жан алдыға ұмтылтылтатын күш-білуге, ғылымға, сол арқылы әлем жұмбағын шешуге деген құмарлық дегенге саяды.

«Жан құмары-істемек, біліп алмақ,

Бөгет бола береді, дене, салмақ.

Асыл іздеп асылды аласұрар,

Амал бар ма денесіз қайда бармақ»,-

деп, жан тәнге матаулы болып, нәпсінің құрмауына шалынады дейді.

«Біз семірттік денені азықпенен,

Байлап бердік жанды оған қазықпенен.

Ұйқы, тамақ күйлеген сорлы дене,

Құтылар ма осындай жазықпенен»,-дей келе:

«Түптіге ұмтыл, тұрақты істерді қыл,

Тәуекел деп өзіңе сүйтіп сыйын»,-

дейді. Түптіге, нәпсіні жеңуге тәуекел, талап ету, яғни өлмеуге ұмтылу ғылым арқылы жүреді дейді. Мұндағы өлмеу физикалық шама емес, рухани өлшем. Ислам дүниетанымындағы «қайрат көрсету, талап қылу, мақсатқа ұмтылу» сөздерінің синонимі «жиһад» болса, Хазіретті Мұхаммед с.ғ.с. «ең үлкен жиһад-кісінің өз нәпсісіне қарсы жасалған жиһад» екендігін түсіндірген. Мұндағы «өз нәпсісі» деген, кісінің өз менмендігі мен ынсапсыз, ашкөздік қасиеттері. Білім мен тәрбие адам баласын екі дүниеде де ұшпаққа жетелейтін және бақида мәңгілік өмір силайтын жол. Алла Тағала Құран Кәрімде «Біздің жолымызда жиһад жасағандарды тура жолға бастаймыз. Әлбетте, Алла көркем амал етушілермен бірге»,-деді. («Антабуд» сүресі, 69-аят). Бұл жанның өлместігін білдірмей ма. Абай Құнанбайұлы:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым-сол үшеуінің жөнін білмек»,-

деп бекер айтпаса керек. Шәкәрім де осы негізде «Ақылсыз болса, ғылым тұл»,- дей келе:

«Ақылға еркін ой керек,

Матаудан ойды азат қыл.

Әдеттеніп ертерек,

Өрісін кеңіт жылма-жыл»,-дейді.

Адам ағзасының қызметін зерттейтін физиология ғылымында ой, ойлау дегеніміз- адам санасының ең жоғарғы баспалдағы, екі әрқилы психофизиологиялық механизмдерге негізделген екі қағида: білім мен жаңа талқылау мен ой қорытудың, түсініктердің үздіксіз толығудың нәтижесіндегі шынайы қоршаған өмірдің мида бейнеленуі. Сондықтан адам өлмеу үшін артынан із (сөз, ой) қалдырмақ керек. Ол із, Шәкәрім түсінігінде-ғылым. Ол жайлы қажының талай шығармалары жазылған. Қазақ халқының дүниетанымында «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді». Абай да айтқандай: «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артынан сөз қалдырған». Шәкәрім де осы сипатта «Мен кетермін, сөз қалар, Ақ қағазға басылып»,-демеп па еді.

Жалпы Шәкәрім Құдайбердіұлының афоризмдік дүниетанымындағы жан және тән мәселесі терең зерттеуді қажет ететін, адам мен оның мәнін анықтауда көптеген сұрақтарға жауап беретін дүние.


АБАЙ МЕН СОКРАТ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ АФОРИЗМДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

(3-сабақ)


Абай мен Сократ арасындағы шығармашылық байланыс пен сабақтастық туралы мақала жазған ғалым Б.Ғабдуллин мынадай пікірін білдіреді: «Жаратылыстың заңдылықтарын білуге, өз білгенін халқына білдіруге ұмтылған Абай айтылған проблемаларға шешім іздестіреді, өзінше жауап тауып, оларды халыққа түсіндірмек болады. Сол іздену жолында «Сократ туралы естеліктерді» кездестіреді». «Естеліктердің» төртінші тарауындағы құдайға құлшылық ету жайындағы мәселеге Абай да қызығушылық танытып, бұл жайды өз халқының да білгенін қалаған, сөйтіп оны өз тарапынан баяндап, қарасөздеріне енгізген. Абайдың 27-қарасөзіндегі «Сократ хакімнің сөзі» дегеніміз - осы. Б.Ғабдуллин: «…Абай өз ойларын Сократ ойларымен жарыстырады» деп жазады. Анығында Абай Сократ айтқан адамзаттық ақиқатты сол күйінде өз ойы, өз сөзімен жеткізгенді қалап, өз қалауын 27-сөзінде жүзеге асырған. Кейінгі көп ойшылдардың Сократ, Платон, Аристотель, әл-Фараби секілді даналардың ертеректе айтып кеткен ойларымен қабысып қала беретіндігі аталған даналардағы ойлардың абсолютті ақиқаттығына байланысты. Таза, шынайы мәніндегі абсолюттілікті Аллаға ғана қатысты айту орынды. Сөйтсе де адамның да өз ақылы мен өз өресіне қарай түпкі ақиқатты айтуға мүмкіндігі бар. Абай да Сократ сөзін шынайы ақиқат болған соң ғана қабылдап, ұрпағына өсиет етіп жеткізіп отыр.

Абай, Сократ ойшылдығындағы ортақтық тақырыбында мақала жазған Г. Мұратованың ой түйіні мынадай: «Екі сұхбатты салыстыра қарағанда дүниетаным мен көзқарас бірлігіне көз жеткізгендей болдық». Тек Г. Мұратова Сократ пен Абай арасындағы ой ортақтығын Платонның Гиппий жөніндегі диалогіндегі мазмұн арқылы анықтамақ болады. Біздіңше, Абай «Сократ туралы естеліктердің» төртінші тарауындағы сұхбат мазмұнын негізге алған.

Сократтың Аристодеммен болған әңгімесін Ксенофонт «Сократ туралы естеліктерінде» баяндайды. Онда Аристодем шәкірт ретінде аталмайды. Абай өз нұсқасында өнерлі адамдар ретінде Меланипид пен Поликлидті атамай тастап кетсе, есесіне сұхбат мазмұны мен мәнін өз тарапынан нақтылап жандандыра түседі. Ксенофонт баяндаған Сократ сөзінде алғашқыда «жан» ұғымы аталмайды, оны қимыл, әрекет түрінде ғана танытып өтеді. Абайдағы «жан иесі, ақыл иесі адам» қолданысы Сократ сөзінде «живые существа, разумные и самодеятельные» деп жұпынылау айтылады. Зевс атымен ант ішу Абай аудармасында жоқ, себебі мұның қазақ тыңдаушыларына жат екенін ескерген болар.

«Сократ туралы естеліктерде» Сократтың Аристодеммен сұхбаты «Құдайдың адамға қатынасы туралы Аристодеммен әңгіме» деп аталады. Естелікті айтушы Ксенофонт ел аузындағы «Сократ халық назарын қайырымдылықтарға бұрғанмен, олардың қайырымды болуына ықпал ете алмаған» деген пікірге келіспейтінін танытады. Сөйтіп ол халықты адамгершілікке тәрбиелеуде Сократтың ықпалы мен үлесі зор болғанын дәлелдеп таныту мақсатында Абай қарасөзі арқылы біз білетін сұхбатын айтуға көшеді: «В первую очередь я изложу слышанную мною беседу его с Аристодемом о божестве». Байқағанымыздай, Сократ сөзінде «Құдайдың адамға қатынасы» деп айтқанын Абай мәселенің мәніне жақындап «Құдай табарақа уа тағалаға құлшылық қылмақ турасына» деп нақтылай түскен. Абай түпнұсқадағы Сократ сұхбатын Құдайға құлшылық ететіндерге күліп жүретін Аристодемге ұстаздың сұрақ қоятын тұсынан бастап аударады. Әрі Абай үнемі түпнұсқаға әрі сөзі, нүкте, үтіріне дейін дәл келіп жатуды мақсат тұтпағанға ұқсайды. Мұны мысалы Сократ сұрағындағы «талантом» сөзін Абайдың «қылған өнерлері себепті» деп аударуынан байқауға болады. Өнерлі адамдар ретінде аталған Меланиппид, Поликлиттерді Абай өз нұсқасында атамай тастап кеткен, сірә олардың оншалық әйгілі адамдар емесін ескерген болса керек. Түпнұсқадағы «в трагедии – Софоклом» дегенді Абай «Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түспектік» деп таратыңқыра,танытыңқыра аударады. Оның үстіне жаңағы аталмай тастап кеткен екі кісі Абайдың ойында болып, оларды «соған ұқсас неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты» деп қамти кеткендей болады. Абай сөзіндегі әр сөйлемді оқыған сайын оның көркемдік ойлауы мен қабілетіне тәнті бола бересіз. Мысалы Сократ сұхбатындағы «кто делает изображения, лишенные разума и движения» дегенінен гөрі Абай нұсқасындағы «жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме» қолданысы сөзсіз көркем көрінеді. Сократ сөзіндегі «для пользы придал им органы» дегенді Абай шығыстық таным төркініне иек арта отырып «адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде» деп аударатыны бар. Абай түпнұсқада сөз болатын сыртқы бес сезім мүшесін шығыстық терминмен танытқан. Хауас - сезім мүшесі, хамса - бес, заһри – сыртқы деген мағыналарды білдіріп, Абай қолданысындағы «хауаси хамса заһри» Сократ сөзіндегі сыртқы бес сезім мүшесін танытып тұр. Түпнұсқадағы Сократ өз сөзінде көзден бастап өзге төрт сезім мүшесін санамалап өтсе, Абай Сократтың көз туралы сөзін құлпыртыңқырап, есесіне өзге төрт сезім мүшесі туралы айтқанын тастап кетеді де, артынша қайта оралып көзге қатысты айтатын тұсынан жалғап кетеді. Сократ «глаза, чтобы видеть, что можно видеть» деп, осы сарын, осы тұлғада өзге сезім мүшелерін де айтып өтсе, Абай көз туралы ойға біршама аялдайды: «Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік?». Абай нұсқасы әрі мазмұнды, әрі көркем шыққаны байқалады. Есесіне Абай Сократ сөзіндегі біршама мәнді саналатын «не похоже ли на дело промысла вот еще что» деген ой үзігін аудармай тастап кетеді. Сократ көзден де басқа төрт сезім мүшелерін санамалап өтсе, Абай оларды «хауаси хамса заһри» қолданысымен түгел қамтып кетуі себепті аудармай тастап кетсе керек. Сократ пен Абай аздаған өзгешеліктен соң «так как зрение слабо» - «ол көз өзі нәзік болған себепті» деген тұста қайта табысады. Екі ойшылдың көз қабағы, кірпік, қас туралы айтқандарында айырмашылық жоқ. Есту сезімі жөнінде Сократ қысқа қайырса, Абай тағы да бұл жөнінде тарата түсіп, ойын көркем аударып жеткізеді: «Далее, орган слуха воспринимает всякие звуки, но никогда не наполняется?» - «Құлақ болмаса не қаңғыр, не дүңгір дауыс, жақсы үн, күй, ән - ешбірінен ләззат ала алмас едік». Сократ адамға қажетті әрі пайдалы күрек, азу тістері туралы айтса, Абай бұлар жөнінде айтуды жөн көрмей, есесіне мұрынның иіс білуіне қатысты ойын таратып аударады. Абай нұсқасында мәліметтің мән-мазмұнын аша түсу жайы жиі ұшырайды. Мәселен, Сократтың: «Рот, через который живые существа вводят в себя пищу, какую желают, он поместил близ глаз и носа» деген ойын Абай: «Көзді, мұрынды мұндай ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, иісін біліп ішіп-жесін деп» түрінде жеткізеді. Абай - хауас мәселесіне ерекше ден қойған ойшыл ақын. 27-сөзінде бес сезім мүшесін әуелгіде « хауаси хамса заһри» деп атаса, осы сөзіндегі тағы бір қолданысында оларды ( бес сезім мүшесін) «бастағы ғазиз білімді жеріміз» деп жазады. Шынында да адамның өз болмысына сай оқып-білуі, ізденуі, жетілуі – бәрі де о баста осы бес сезім мүшелерінің әрекетінен бастау алады. Бес сезім мүшесінсіз адам ақылы сыртқы әлеммен байланыса алмай, азықсыз, мәліметсіз қалады, яғни адамдағы басты әрекет – таным процесі болмас еді.

Түпнұсқадағы Сократ Жаратушының жаратуы мен жақсылығынан үнемі ақыл ісін тануға бейім болса, Аристодем жаратылысты кездейсоқтықтың көрінісі мен нәтижесі деуге ыңғайланып тұрады. Сократтың: « Все это так предусмотрительно устроено: неужели ты затрудняешься сказать, что это? - дело ли случайности, или творение разума?» деген ойын Абай: «...мұның бәрі хикметпен біліп істелгендігіне дәлел емес пе?» – деп аударады.

Ақыл мен ақылдылықтың көрінісі мен белгісі адамда ғана ма екен яки өзгенің бәрі «кез келгендікпенен бір нәрседен жарала» салған ба деген мәселеде түпнұсқа мен Абай нұсқасындағы Сократ сөзінде аздаған айырма бар секілді. Түпнұсқадағы « только ум, стало быть, которого нигде нет, по какому-то счастливому случаю, думаешь, ты весь забрал себе» деген күрделі де нәзік ой-танымның Абайда өзгешелеу жеткізілетіні бар. Алғашқыда ақыл болмысы бөлек, биік нәрсе ретінде айтылса, Абай нұсқасында «жан» ұғымы тыңнан қосылып, адамдағы ақылдың жанмен, ал жанның ақылмен тығыз байланыста болатыны байқалып қалады. Яғни адамдағы ақыл жан қуаттарымен толысады әрі адам жаны әйтеуір жан емес, ақылды, ойлаушы жан. Оның үстіне адамдағы ойлау мен ақыл ғана емес, жануардағы тіршілік те жан арқылы өмірге бастау алады. Сондықтан да Абай түпнұсқадағы жоғарыда аталған Сократ сөзін «жан» ұғымын енгізе отырып аударады: «Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың». Ал қозғалыс пен танып-білуге мүмкіндік беретін жан Жаратушыдан ғана келетіні анық. Адам өздігінен жан жарата алмайды. Түпнұсқадағы ақыл мен білім көрінісі - әлем жаратылысынан да айқын танылады деген елеулі ойдан бөлек Абай айтпақ болған түйін - осы, яғни әлемдегі бәрінің де жан келуімен, өмір келуімен басталып, жалғасатынын айту.

Сократ сөзінен Аристодем адамның ақылға ие болып, әлемнің де ғажап ақылдан жаралғанын ұққандай болады. Мұндай жан әрі ақыл иесі адам және

« лайықты жарастықты законімен жаратылған» ғажап ғаламның бастауы мен ұлы иесі бар екенін мойындаған сыңай танытқандай. Сөйтсе де оның сенімінде беріктік жоғы байқалып қалады: « Да, клянусь Зевсом, думаю так: я не вижу хозяев, как вижу мастеров в здешних работах.Түпнұсқадағы Сократ осы орайдағы ойын жалғай түсіп, «тән иесі - жанымыз бен адамдығымыздың бастауы - ақылды көре алмауымыз себепті оларды да жоққа шығаруымыз қалай болар еді» дейді. Осы ойларды Абай тастап кетіп, Аристодемнің «... я не презираю божество, а, напротив, считаю его слишком величественным, чтобы ему нужно было еще почитание с моей стороны» деген сөзі тұсынан қайта жалғастырады: «... Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?».

Аристодемнің құдайға құлшылық етуден соншалық қашық қалғаны оның әрбір кері кеткен сөзінен байқалып қала береді. Ол адамзаттың бір өкілі ретіндегі өзіне жаратушы тарапынан жасалған өлшеусіз жақсылықты әлі де ұға қоймағанын сездіреді. Бұдан әрі Сократ Аристодемге өзге тіршілік иелерінен адамды артықша асыл, биік етіп жаратқан Жаратушы жақсылығын айтуға көшеді. Осы арада Абай түпнұсқадағы Сократ сөзін біршама ықшамдап аударады. Түпнұсқадағы Сократ осы арадағы өз сөзін Жаратушының адам тәніне қатысты жасаған артықша жақсылықтарын баяндаумен бастайды. Ал Абай болса әуелі адам жанының артықшылығын айтуды жөн көреді. Әрі түпнұсқадағы Сократ пен Абай нұсқасындағы Сократ айтқан жан сырын ұғынып, танудың өзіндік ерекшеліктері бар. «Естеліктердегі» Сократ пен Абайдағы Сократтың жан туралы танымын жете білудің мәні зор. Сондықтан Сократтың өз сөзі мен Абай арқылы айтылған Сократ сөзін салыстыра оқып көрейік. «Однако бог нашел недостаточным позаботитъся только о теле, но, что важнее всего, он насадил в человеке и душу самую совершенную. Так, прежде всего, у какого другого существа душа заметила, что есть боги, создавшие этот великий, прекрасный мир? Какой другой род существ, кроме человека, чтит богов? Какая душа более, чем человеческая, способна принимать меры предосторожности против голода, жажды, холодов, жаров, бороться с болезнями, развивать силу упражнениями, работать над изучением чего-либо, помнить все, что услышит, увидит, изучит? Неужели тебе не ясно, что в сравнении с другими существами люди живут, как боги, уже благодаря своему природному устройству далеко превосходя их и телом и душой?». Сократтың жанға жанастырып айтқан ойларын Абай өз тарапынан былайша аударып жеткізеді: «Жә, олай болса, һәммә мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ». Екі нұсқадағы ортақтық адам жанының жарығы мен кемелділігі туралы ойдан көрінеді. Жанның тану мен ойлауға қатысты қырын айтуда да екі нұсқада өзгешелік жоқ. Сократ өз нұсқасындағы сұхбат соңына таман жан сырын тарата сөз етсе, Абай мұны өз аудармасында қысқа да нұсқа түрде нақты жеткізеді. Сократ адам жанының Жаратушы жаратқан ғажап ғаламды танып әрі оның құдайға құлшылық етуге бейім болатын қырын көбірек айтыңқыраса, Абайдағы Сократ сөзінен адам жанын артық әрі кемел етіп жаратудағы Жаратушы жақсылығын сезіну жайы басым байқалады. Екі ойшылдың да мақсаты мен көздегені Жаратушының адамға қатысты жасаған жақсылығын таныта түсіп, Аристодем мен оған ұқсас қауымды Құдайға шын көңілмен құлшылық жасауға жеткізу.

Жаратушының адамды соншалық сүйіп әрі оның қамын артықша жеп жаратқаны оған берген ғажайып ақылы мен соған лайық ғажайып жасалған денесі, әрнеге қабілеттілігі, нәтижесінде бәрін пайдаланып, өзге хайуандарға сұлтан болғанынан анық көрінеді. Өзіне осыншалық зор әрі артықша ақыл, махаббатпен қарап, қамын жегені үшін адамзаттың құдайға құлшылық етуі қасиетті парыз болмақ. Абайдың өз атынан баяндаған Сократ сұхбатындағы басты түйін – осы.


АБАЙ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ДІН ТАҚЫРЫБЫ

(4-сабақ)


Кезінде М. Әуезов «Абайдың діні сыншыл ақылдың шартты діні» деген. Ұлы жазушының Кеңес заманындағы бұл сырлы сөзінен не айтқысы келгенін сезіп, барлауға болады. Бұл сөздің сыры — Абай діні діннің түпкі мағынасын кабылдаған таза дін деп үқсақ жөн бөлар. Бұған Абай өмірінің өзі де дәлел. Ол діннің сыртқы ғибадатын қатты ұстанбаса да ішкі ғибадатын үнемі өсіріп отырған.

Абай «Алланың Өзі рас, сөзі де рас» деп бір Алланың барын және Оның бүкіл болмыс себебі екенін толық мойындағаң. «Ғылым — Алланың бір сипаты, оган ғашықтык, өзі де хақлық һәм адалідық дүр», — дейді Абай отыз сегізінші сөзінде. Дін Алла тағалаға қайтуға үйрететін рухани ғылым жүйесі. Осы түрғыдан алатын болсақ, Абай ілімі бойынша дін Алла тағатаның Өзінен бастап бүкіл болмысты түгелдей қамтуға тиісті. Бүкіл жаратылысты Жаратушы біреу болғандықтан Ол туралы ғылым да, яғни дін де жалпыға ортақ, барлығын біріктіруші күш.

Бүгінде Абай жайлы зерттеліп, оның өмірі мен шығармашылығын қарастырған әдебиетшілер де, шығармаларының тілдік ерекшеліктерін арнайы сөз еткен тілші ғалымдар да, философиялық ойларын топшалап, саралаған философтар да жеткілікті. Олардың зерттеулері кітап болып бірінен соң бірі жария етілді. Бұл ізденістердің нәтижесінде көптеген ғылыми еңбектер қарастырылды. Оның ішінде бірнеше кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Тіпті кейбір қара сөздері мен қолданысындағы кірме араб, парсы сөздерінің ерекшеліктерін арнайы зерттеу нысаны етіп қарастырылған ғылыми жұмыстар да жетерлік.

Тілдік тұрғыдан ұлы ақынның қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы ретінде танытып, әдеби сөздердің қолданысын алғаш ұсынған да Абай хәкім екені де сөз етіліп келеді. Алайда ұлы ақынның барлық еңбектерін толық зерттеп, зерделеп, талдап тауыстық деп айтуға келмесе керек. Абайдың бүгінде тың жатқан бір ғана дүниесі бар. Ол – ақынның діни ойлары мен Алланы танудағы көзқарасы.

Бұл мәселе әлі толығымен зерттелмеген сыңайлы. Рас, Абайдың Алла, ислам, шариғат жайлы айтқандары ара-кідік айтылып қалады. Бірақ оның Аллаға деген сенімін, шариғат жайлы айтқан өлең жолдарын арнайы зерделеп, саралаған жеке дара зерттеулер жоқтың қасы. Оның бұлай болуы да түсінікті болса керек. Кешегі кеңес өкіметі тұсында ол жайлы айтуда оңай болмағаны анық.

Абайдың Алла жайлы жазған ойларын талдап, ғылыми саралау үшін алғаш ол жайлы жазылған шығармалары мен өлең жолдарын кеңірек қарастыру нәтижесінде ғана оған көз жеткізуге болады. Ол үшін Абайдың әділеттілікті меңзеп, имандылық негіздегі жолдарына терең бойлау қажет. Онда Абай әділеттілік дегенде нені түсінді? Имандылықты қалай қабылдады? Ақынның Алланы тануындағы негізгі көзқарастары қандай? деген бірнеше сұрақтар өзіне жауап беруді қажет етеді.

Осындай мақсатқа жетуде ақынның бірнеше өлең жолдарына сараптама жасап, талдау барысында көз жеткізуге болатындығы негізге алынды. Бұл ретте біз көпшіліктің көкейінде жүрген «Барлығын молда етіп біттіңдер, енді Абайды да молда етпексіңдер ме?» деген сұрақтарынан бой тасалау мақсатында, оның діни өлең жолдарындағы ойларын саралағанды жөн деп білдік. Ондағы мақсатымыз ұлы ақынның діни көзқарасы мен діни ойларын көпшілік оқырманға ұсыну. Абайды дінтанушы немесе молда ету емес, дін туралы оның ойлары мен түсінігіне аз да болса ой жүгірту.

Шындығында, Абайдың діни көзқарасын сөз етсек болғаны «Аланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін келтіреміз. Алайда ақын оны не үшін айтып отыр? Қандай мақсатта айтты? Оның осы жолдарда меңзегені не? Міне осы мәселелерге көп көңіл бөлмей келеміз.

Мұндағы ақынның ойы Алланың барлығын растауы, оның барлығына күмән келтірмей, шынайы мойындауын, расында, Алланың өзін мойындаған адам, оның айтқандарының, яғни сөзінің де, өзінің де барлығы рас екенінің дәлелін ұғына алса керек. Міне Абай мұны өз кезегінде дұрыс ұғына білді, соны дәріптеді. Өйткені осы өлеңнің жалғасы «Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деп келеді. Бұл жолдар алдыңғы айтылған ойды тиянақтап, Алланың айтқан әр сөзінің жалған болмайтындығын, нақтылап, қуаттап тұрғандай.

Ақын Алланың барлығын, оның адамзат ұғымында расында қалыптасуын олардың кітаптары арқылы ұсынады. Сол ұсыныс негізінде адамзатқа түскен кітаптарды сөз етіп «Көп кітап келді Алладан, оның төрті» деп келесі жолдарын келтіреді. Бұл жолдарда Абайдың қасиетті төрт кітаптың түскенін, бұл кітаптардың Алладан жіберілгендігін негіз ете келе «Алланы танытуға сөзі айырылмас» деп, оны осы кітаптар танытатынын, Алланың барлығына дәлел болатын кітаптар екенін тілге тиек етеді.

Абай «Аманту оқымаған кісі бар ма?» – дейді өлеңді жалғастырып. Бұл қасиетті аяттарды меңзеген жолдар. Олай болса, дана Абай оны біліп қана қоймай, түсініп, іштей соны дәріптеп отыр. Содан «Уә кутубиһи дегенмен ісі бар ма?» Деп келеді де «Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер», деп адамзаттың күнсайын, уақыт өткен сайын өзгеретінін паш етеді. Десе де, «Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді»,,.. «Қағида шариғаты өзгерсе де», «Тағриф Алла еш жерде өзгермеді» деп түйеді.

Міне осындай ойды негіз етіп, барлық жаратылыс, жанды-жансыз өзгереді бірақ Алланың өзгермесі хақ деп біледі. Сол құбылысты ақын жіберілген кітаптар арқылы тасдиқ етіп, тілге тиек етеді. Оның жолдары мынадай болып келеді:

Күллі мақлұқ өзгерер, Алла өзгермес,

Әһли кітап бұл сөзді бекер демес.

Алла тағала адамзатты топырақтан жаратып, жан беріп, оған өмір сүруді жазғанда шын мәнінде, «Махаббатпен жаратқан адамзатты» деп топшылайды. Бірақ ол оны екі жастың арасындағы сезімдік махаббатпен шатастырмай, шынайы сүйіспеншілік махаббатты Аллаға тән деп ұғады. Олай болса, осыншалықты өмір, рызық, несібе, бала-шаға мен бақдәулет берген Алланы «Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» деп жалғастырады. Алайда адамзат Алланы тани алса, оның барлығына күмән келтірмесе, онда оның сүйіспеншілігі артар, ал егер тани алмаса, сене білмесе, онда танымайтынын, көре білмейтінін қалай сүйсін деген ойға оралады. Бұл жолдарда иманның беріктігі жайлы ой қозғайды.

Сүйіспеншілікті кейде сүю, ұнату ұғымымен де қатар қояды. Онда шынайы махаббат ұғымындағы сүйіспеншілікті жақын тарту, бауырына басып, туысқандық танытып, бауырым деп білуді ұсынады. Келесі өлең жолдарын «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» жалғастырады. Ондағы ой адамзат тек қана өзінің туған-туыстарын ғана емес, мұсылман бауырларын да бауырым деп сүйе білуі керек дегенді ұсынады. Мұндағы ой қасиетті Құран Кәрімнің Хужрат сүресінің 10-аятындағы «Шын мәнінде, мұсылмандар бір-біріне бауыр» дегенге түйіседі [1].

Бұл өлең жолдарынан ақынның тек қана мұсылмандар үшін ғана емес, барша адамзат туралы ой толғанысы екенін ұғыну қиынға соқпайды. Десе де, осы ұғымда ұлы ақын өзінің ұстанымын шариғи үкімдермен байланыстырады.

Абайдың ұғымында адамзат баласы әділетті болуды қашанда жадында тұту керек деген қағиданы алға тартады. Сол үшін күреседі, дәріптейді, соған жол көрсетуді меңзейді. Ол үшін адам баласы өзі әділ жолды ұстану керек, соның мағыналық ұстанымын әманда есте тұту керек деп ұғады. Ол үшін ең бастысы Алла жолында жүру керектігін түсінеді. Бұл ретте Абай әділеттілікті имандылық негізде қарастырады да «Және хақ жолы осы деп әділетті» дәріптейді. Абай әділеттілік дегенде осыны түсінеді. Шындық та, дін де, нақты көрсетілгендігін сөзге тиек ете келе «Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы» деген өлең жолдарымен тиянақтай түседі.

Әрі қарай «Екі дүние бұл тасдик – хақтың досы» деп жалғасады. Мұнда шариғат үкімінде ақыретке сен, оның барлығына нану мәселелері нақты келтірілген, алайда адамзат баласының бұл айтылған екі дүниенің байланысына сене алмайтындығында. Олай дейтініміз, ақырет сөзінің шариғи мағынасын дұрыс ұғынбаудан туса керек-ті. Ақырет араб тіліндегі соңы, арғы дүние, біткен мағынасындағы сөз болса, оның шариғи мағынасы – адамзаттың келесі өмірі. Тасдиқ сөзінің мағынасы растау, бекіту, қабылдау, сенім білдіру. Сондықтан Абайдың ұғымында екі дүниенің барлығы ақиқат екендігінің дәлелі.

Осыларды бұзатын және үш іс бар:

Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы

Жалғасын тапқан өлең жолдарындағы ұғым бұл дүниенің пайдасы ештеңе бермейтінін мақтан сөзімен мағынасын ұсынады да әуесқойлық қашқанға да, қуғанға да серік екендігін айтып өтеді.

Абай өз ынтасын да, халық ынтасын да дінге, сол кезде мұсылмандар үшін «шынайы шындықтың», «ғылымның негізі» ретінде санап, ислам дінін догма деп қарамай, ғылыми тұрғыда саралауға шақырады. Сондай-ақ қазақ даласында ислам дінін үстем таптың идеологиялық құралына айналдырмай, діншілдер мен дүмшелерді діннің жалпы мәнін осы негізде түсінуге үндейді, оны уағыздауда қақиқи шындықты уағыздау қажет деп таниды. ­Өзі де сол ұстанымды қолдайды. Осы тұрғыда ол «Адам болу үшін, оған қайғы жемеу үшін» қандай да қарсылықтан, жамандықтан қашық болу, нендей жақсылыққа жақын болу керек екендігін ақын үнемі уағыздап отырады. Мұны ол былай келтіреді:

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

Кезінде М.Әуезов айтқандай: «Абайдың діні – «ақылды, сыншыл ойдың діні», «адамгершіліктің діні», «сыртынан барынша діншіл көрініп отырған өлеңнің өзінде де, Абай ислам дінінің үгіт-өсиетін өте шартты түрде ғана, шамалы, шақты жерде ғана керекке жаратады».

Абай «Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы,..» өлеңінде өмірдің мағынасы не деген ұғымда түсінігін ұсына келе, адамның адамдық қасиеті өзге айналадағы жан-жануарлардан қандай айырмашылығы бар дегенді алға тартады. Оны да діни ұғымда өліммен өлшеп, талдап, саралайды. «Сондықтан да ақынның айтары: өмір – өткінші, адам бір қалыпты тұра алмайды, бәріміздің барар жеріміз – о дүние. Демек, «Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа?!» деп ой түйеді.

Сөзімізді түйіндей келе, ақынның аздаған өлең жолдарына ғана талдау жасай келе, оның діни түсінігін саралап, ұғымы мен тұжырымы шынайы ақиқатты ұсынғандығын көреміз. Ол қазақ даласында ислам дінін үстем таптың идеологиялық құралына айналдырмастан, дінді осы бағытта дәріптеу керектігін ұстанғандығын аңғаруға болады. Діннің жалпы мәнін түсінуде нағыз шынайылық пен ақиқатты бет тұтып, әділдікті ұстанады.

Алайда біз мұнда оның діни ұғымын, ойын, түсінгін барынша, жеткізуді мақсат тұттық. Белгілі дінтанушы М.Бұлұтай: «Абай – ислам дінінің уағызшысы. Басқа діндердің элементтері кіргізіліп, бұрмаланған тұрмыстағы діннің емес, Алла тағала пайғамбарға және күллі адамзатқа жіберген дінді жақсы түсінген және оны уағыздаған адам» – деп айтқан болатын.

Түйіндей келгенде, Абайдың дінді сөз еткен өлең жолдары мен діни ойлары, көзқарастары арнайы сөз етуді қажет етеді. Біздің ұсынып отырғанымыз оның пікірлері мен ойларына жасалған шолу ғана. Ұлы ақынның діни ойлары мен пікірлерін нақты саралауда алғаш Абайдай дінді түсініп, дәл сондай ұғымда оны үнге қоса білу керек. Сонда ғана Абайдың нағыз діни ұғымы мен ойларын нақты аша алатын боламыз. Ал жоғарыда келтірген өлең жолдардағы талдауларымыз ұлы ойшылдың ойына жасаған тұжырымдамамыз бен ұсынған жеке ойларымыз ғана екенін айтқымыз келеді.

Абай өзінің «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде діннің шын мәнін түсіндіріп, бірақ оны қабылдаудың көпшілік үшін неге қиын екепін көрсетеді. Ол өзі тапқан дән - үш сүюді имани гүл деп атай келе, әрі қарай былай деп жазады:

Руза, намаз, зекет, хаж — талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшті бекітпей, соғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

Бас жоғары жаралған, мойын төмен,

Қарашы, дене біткен ретіменен.

Істің басы - ретін танымақтық,

Иман білмес тағатты қабыл демен.

Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған,

Хүснизән мен иманды білді ойлаған.

Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған.

Көріп отырмыз, Абай діннің шын мәні бұрмаланып, оның түпкі мақсатынан ауыткуының себебін айткан. Ақын діннің рәсімдерін орындау керек, бірақ бұлардың барлығы діннің түпкі мағынасы болып табылатын бастапқы үш сүюді, яғни Алла тағала мен адамды байланыстыратын сүюлерді, ікимани гүлді» бекітпей, құр діни рәсімдерді орындау татымды жеміс бермейді деп діттеген. Әр істе де әуелі оның неден басталатынын білу маңызды, дінді үстану үшін де әуелі оның неден басталатынын білу керек. Абай сөзі бойынша дін иманнан басталып, әрі қарай ораза, намаз, зекет, хажылық болып жалғаса береді. Ал діннің басы, яғни иман болмаса, онда істің бәрі бос. Иманды ұқтыру, уағыздап көпшілікке үйрету имамдар парызы еді. Өйткені, дінді иманнан бастамасаң, иманды білмесең, ондай тағат (қүлшылық) та қабылданбайды, яғни бос әуре. Көпшілік арасындағы діни түсініктің осындай қүлдырауы имамдардың ғибадаттан (құлшылық жолынан) сөз қөзғап, Хүснизөн (жақсы ой) мен иманды білдіруді ойласа да иманның тазалығын жақсы ұқтыра алмайды, себебі олардың өздерінде иманның тазалығы жоқ. Бұл діннің құлдырау себептсрінің бірі. Осының барлығы адамның өз нәпсісін тыймауының кесірінен екенін айтып келеді де, әрі карай ақын сөзін былай деп жалғастырады:

Мү'мин болсаң, әуелі иманды бол,

Бендеге иман өзі ашады жол,

Шын илан да, таза ойла бір иманды,

Мүнафиқ намаз қылмап па, мағлүм ғой ол.

Алла ішіңді айтқызбай біледі ойла,

Пендесіне қастықпен кіиә қойма.

Распенсн таласпа мүмин болсаң,

Ойла, айттым, адамдықатын жойма!

Абай күнделікті тіршілікте көріп жүрген мүнафиқтардың (екі жүзді, іші көпір, сырты мүсылмандардың) соңына ерме, иманыңды таза ойла деп ескертеді. Сонымен бірге, екі жүзді шала мүсылмандар бірігіп дінге нағыз берілгендерге каруласып карсы шығуы да мүмкін. Кезінде Шәкәрімді «кәпір» атап, Л.Н.Толстойды шіркеуден аластатқан осыпдай дінді таяз түсінетін, не болмаса саясаттың ықпалынан шыға алмаған дін қызметкерлері еді. Соның алдын алғандай ақын Алланы алдай алмайсың, сондықтан мұсылман болсаң пендесіне кінә қойып, распенен таласып адамдық атын жойма дейді. Бұл арада ақынның адам деп имандыларды ғана атайтыны көрініп түр. Ол өзінің отыз сегізінші сөзінде имансыздарды «жарым адам' деп атайды.

Абайдың айтуынша адам ақылды немесе ақымақ, қайырымды немесе жауыз болып тумайды, ол жағдайға, тәрбие мен еңбек қызметіне қарай қалыптасады. Ақынның бұл ойлары Чернышевскийдің адамның ақыл-ойы оның саяси және басқа да дамуы сияқты экономикалық өмір жағдайлары мен материалдық өмір сүру құралдарына байланысты деген тұжырымымен үйлесіп жатыр. Бірақ, Абай танымның сезімдік-нақты және түсінікті дең-гейлерін тиісті ғылыми атаулармен толық атап көрсете алмады. Соған қарамастан оның негізгі ойлары дұрыс бағытта өрістейді, сенсуализм мен рационализмнің шектерінен асып, танымның сезімдік және рационалдық жақтарын бөлінбейтін қатынаста деп қарауға ұмтылысты танытады. Абай таным барысында игерген білім мазмұны туралы айтқанда олардың шынайы болуына баса көңіл бөледі. «Шындық пен өтірікті анықтау» жолы - таным жолы болып табылады. Ол адам таным арқылы шындыққа жетеді дегенге сенді. Ақын «хақиқат... Һәмманы білетұғын ғылымға ынтықтықтан» туындайды деген тамаша тұжырым жасайды. Бұл түжырым Абайдың гносеологиялық пікірінің сырын ашып, оның топшылауынша шындық бейне мен объектіні түсінуге көмектеседі, өз түпнұсқасына сай, яғни, шындықтың біздің санамызда бейнелеуіне сәйкес қалыптасады, тек рационалдық таным мен сенімнің тұтастығы ғана таным нәтиже басты шарты бола алады.

Абай шындыққа жету, таным жолындағы ойлаудың қызметі мәселелеріне ерекше мән берді. «Адаспай тура іздеген хакимдер болмаса, дүние ойран болар еді. Фиғыл пәнденің (адамның) казығы – осы жақсы хакимдер, әрнәрсе дүниеде солардың истихражы (істеу, ойлау) бірлән рауаж табады. Хакимдердің ғақлияты бірлән жетсе, иман якини (шын иман) болады. Бұл хакимдер... адам баласының акыл-пікірін ұстартып, хақ пенен батылдықты айырмақты үйреткендігі — баршасы нәфиғлық (пайда беруші) болған соң, біздің оларға міндеткерлігімізге дауа жоқ».

Ғалым алған білімінің көлемімен, көп оқығаңдығымен ғана ардақты емес, ол өз білімін үздіксіз толықтырып, жаттығып, логикалық ережелерді еркін меңгеріп, шеберлігі мен өнерін шындай түсуге тиісті.. ойшыл-ақын әл-Фарабидің, сол арқылы Аристотельдің логиканың мәні ғылым ретінде баяндалатын философиялық еңбектерімен жақсы таныс болды. Оның логикалық түйіндеу шеберлігін еркін меңгергендігін қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары», сондай-ақ, өзіне жасалған оқиғадан соң 1898 ж, Сенатқа жазған хаты айқын дәлелдейді. Абайдың бұл құжаттағы сөз жүйелеуі, тұжырымдарының дәлелділігі, ойының айқындығы оның логика саласындағы алымының кеңдігін танытады. Ол жауласқан екі жақтың куәларының сөздеріндегі фактілер мен мысалдарды тиімді пайдаланып, олардан бірден қорытынды жасайды. «Егер куәлар өздері бір мезгілде көрген бір оқиға жайында ұқсас пікір айтса, онда мұндай жағдай әлгіндей оқиғаның болмағандығына дәлел бола алады...» Абай неғұрлым негізделген логикалық заңдылыққа сүйене отырып шындықтың жекелеген үздік-үздік мысалдар арқылы ғана ашылмай, деректерді тұтас, өзара байланыстыра отырып күдіксіз дәлелденуін, сөйтіп оның дұрыс тұжырым жасап, танымның шынайы нәтижелеріне жетуге қызмет керсетуін талап етеді. Ол логикалық дәлелділік әдістерін басшылыққа ала отырып: «Мен былай деп ойлаймын: егер бір оқиға жайлы бірді-екілі емес, көп адам түсінік бес рсе және ол жайында мүлде ұқсас пікір айтса, онда мұның өзі оқиғаның ойдан шығарылмағандығын, шын болғандығын дәлелдейді. Әлбетте, сол адамның да әлдебір мүдделер көздеп мүлдем болмаған, яки болған оқиғалар жайлы нақ болғандағыдай айтпауы да мүмкін жай, ондай жағдайда мұны жоққа шығару әңгімелер ұқсас екен деген бірер тұжырыммен түйінделмей, әлгі әңгімелерді істің басқаша жағдайларында және басқа адамдардың куәліктерімен тексеруден өткізумен түйіңделуге тиіс деп жазды.


АБАЙ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯ

(5-сабақ)


Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Г.Спенсор, Б.Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған,ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатына, сол мұратыны жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетті.

Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.

Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.

Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді.

Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.

Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.

Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.

Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге, -

деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.

Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен», -дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған мақсат емес,

Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.

Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі»1,-деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.

«Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,

Бұларды керек қылмас ешкім қалап…

Терей ой, терең ғылым іздемейді

Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.

Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.

Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездерін қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді


АБАЙ МҰРАСЫНДАҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

(6-сабақ)


Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығырмаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қыры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Европаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Европа ғалымдары арқылы оқып біледі. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бертіде Дарвинге қызығады. Қиыр Шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі талдау. Абай және Пушкин. Абай және Лермонтов, Абай және Крылов. Орыс әдебиетінен алған тағылымы. Оны қазақ әдебиетіне енгізудегі ақындық ізденістері.

Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.

Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршігер міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.

Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқты-барды, ертегіні термек үшін», - деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.

Абай өзінің өлеңдерінің бірінде:

Қалың елім қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,

Жақсы мен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың

– деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер мал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты.

Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.

Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын», -

деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.

Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науан, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.

ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды.



АБАЙ МЕН ГЕТЕНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҮНДЕСТІГІ

(7-сабақ)


«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз еш уақытта жалған болмас».


Қазақ халқының Ұлы ақыны Абай осылай Аллаға иман келтіру арқылы өзінің мұсылмандығын дәлелдей отыра, Исламның шарттарына, «имандылық» сөзіне терең түсінік бере білген. «Иманның асылы үш деп сен тахқық біл... Ол: Алланы сүю, әділетті сүю, бүкіл адам баласын сүю» дейді. Араб тілінде тек қара танып, адам санасын қалыптастырудағы Исламның ұлы ғылым екендігіне халықтың көзін жеткізе алмайтын жай молдалар туралы «Абыралыға» атты өлеңінде былай деген:

«Құранды молда теріс оқыр,

Дағарадай болып сәлдесі».

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Мен де өздерің секілді Алланың лымын, уа сіздерге Алланың сөзін жеткізуші елшісімін»деген екен. Олай болса, Алланы шын қастерлеп, бірлігіне сеніп, сүйіп аялауы керек. Ол туралы Абай: Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек шын көңіл,

Өзгесі хаққа жол емес.

Алла адамды ізгі махаббатпен жаратқан, солай болғандықтан бұл өмір бірі-біріне сүюмен тәуелді дейді. Махаббат – әлемнің тартылыс заңы. Ең алдымен адам өзін сүйіп жаратқан Аллаға махаббатын арнауы керек дей отыра, Абай «Алланы сүй, Алланың құдіретін сүй,

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», -дейді. Адамзатты жаратушы Алла болғандықтан, адамдар бір-біріне дос, бауыр, жанашыр жан болуы керек, деген түсінік береді. Алғаш өмірге келгенде жаны қалай таза, пәк болса, адамзаттың осы дүниедегі парызы- өмірден өткенде де солай жаны ақ болып, өзін солай ақ жолмен тәрбиелеп, арамдықтан аулақ, абзал болып өтуі керек деген философиялық ойды айтады. Мүлдем софылық ағымға беріліп, дүниенің қызығы - ғылым, ілімнен бас тарту күпірлік болар деген екен. Пайғамбарымыз: «Ең жақсы адам-адамдарға жақсылық істеген адам», депті. Феодлизм кезінде мыңдаған еркін ойлы адамдардың зардап шеккенін біз тарихтан білеміз. Яғни феодализм халықты үркіту, қорқыту арқылы ғасырлап қара түнекте ұстап келген. Бірақ адамзат ой-өрісінің дамуының арқасында түнектен жарық жол тапқандар аз болмаған. Бұл кезең тарихта «қайта өрлеу « заманы болды. Аталған заманның өз қаһармандары болды. Неміс халқынан Гете болса, қазақ елінен- Ұлы Абай болды. Халықтың көзін ашып, оқытып, жастарға тәрбие беріп, өз еліне, жеріне деген шексіз махаббатын жыр жолдарына сыйғыза білген, жақсылық пен жамандықтың атын атап, жұртына таныта білген Имандықтың нағыз таразысы-Абай. Ақын өзінің биік танымын Құраннан алған.Абайдың артықшылығы - Ислам ілімін түпнұсқадан білгендігінде. Ал Шығыс елінде Ислам ілімі мен ғылымды бірдей алып жүре білген адамды «Хакім» деп таныған екен. Сонда біздің Ұлы Абай атамыз- Хакім болған. Абай өзіне алған бүкіл құндылықты да, ұстанған жолын да, осы Исламнан алады. Абайдың даналығы – Қожа Ахмет Яссауиді, Әбу Насыр әл-Фарабиді, Жүсіп Баласағұнды түпнұсқадан оқып, бастау алғандығында. Әбу Насыр ақылды жүрекке билеткен ғалым. Абай даналардың ілімдерін дұрыс қабылдап, сол дәстүрді жалғастыра білді. Кейіннен Алаш көсемдері ақынның ойын терең түсінеді. Ахмет Байтұрсыновтың «Абай – қазақтың бас ақыны» деген сөзінің мәні осында сияқты. Абайды жеткілікті дәрежеде оқып-үйреніп, ары қарай кеңінен насихаттады және өмірде пайдаланып отырды. Абай өзі айтқандай:

Ыза шығар білімнен,

Қайғы шығар ілімнен,

Ыза мен қайғы қысқан соң,

Зар шығады тілімнен,-деп. Бұл зар мен қайғы жалғыз Абайдікі емес, бүкіл халықтікі. Ақын ғылым арқылы біледі, ілім арқылы таниды, халықтың қайғысын ащы тілмен зар ғып шығарады. Абайдың өлеңдері терең философияға, адамгершілікке, имандылыққа құрылған. Абай – қазақ үшін парасат биіктігінің, ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Қазақ халқының әр азаматы өмірдегі бар іздегенін Абай шығармасынан, қиналған кезде де, жаны ластанғанда да Абайды оқып, тазарады, жұбанады. Абайдың басқа ақындардан ерекшелігі – оның туындыларының философиялық тереңдігінде. Ұлттық философия негізін Еуропадан емес, қазақтың өзінен, немесе шығыстан алып, жас ұрпақты тура жолға сап бағыт берсе, өмірімізде, ұлт тәрбиесінде жақсы жетістіктерге жетер ме едік, деп ойлаймыз. Ал ұлттық философияның бастауы Қорқыт атамызда, Майқы биімізде, Жиреншеде, Асан Қайғымызда, Жүсіп Баласағұнда жатқан жоқ па?

Осындай ұстанымды Алман елінің Ұлы ақыны Гете де өз шығармашылығында ашып береді. Мұсылмандығын ел-жұртқа жарияламаса да, ақынның көп шығармаларынан Ислам мен оның рухани-құндылықтарына деген көзқарасы анық байқалады. Осы құндылыққа негіздеп, жас ұрпақты тәрбиелеуге неміс ақынының сілтемелері жоқ емес. Гетенің бақи мен фәни жайлы түсінігі Ислам шарттарымен дәлме-дәл келеді. Гетені Құран тілінің сұлулығы, әуезділігі мен ұлылығы, ондағы діни және философиялық терең астар ой қайран қалдырады. Көп уақытын Хақтың құлы ретінде бір тәңірге ғана ғибадат етуге жұмсайды. Ақын қасиетті Құранның жекелеген аяттары мен 1771 жылы Бақара сүресін аударған еңбегін жарыққа шығарады. Еңбектерінде Құран Каримнің еш теңдесі жоқ, ол ең қасиетті кітап екендігін хақ, деп көрсетеді. «Данк дес Зенгер» немесе «Әншінің Рахметі» атты өлеңінде:

Сондай-ақ қасиетті Құранды оқыған кезде,

Сондағы тарауларды сүре және аят деп атайды.

Және де әрбір Мұсылман, соған лайықты бол,

Оның санасын құрмет және тыныштықпен сезінеді.

Уа, Қасиетті Құран! Уа мәңгі тыныштық!

Ұлы ақын Гетенің қасиетті кітабымыз Құран Каримге деген махаббатын паш ететін мысалдар өте көп. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- неміс ақыны Гете де Ұлы Абай сияқты жас ұрпақты тәрбиелеу жолында Имандылыққа, шындыққа, адалдыққа апарар жол Хақ дін Исламның қолында деген. Сол имандылыққа апарар жолда сілтеуші, көмекші Пайғамбарлар- Адам, Нұх, Дәуіт, Сүлеймен, Ибраһим, Мұса, Иса деген. Гетенің Исламдық Шығыстағы ұстаздары – Фирдауси, Атымтай Жомарт Низами, Сағди және т.б. Осы Шығыстың ақындарына Гетенің арнап жазған өлеңдері аз емес көрінеді.

Мысалы: Ұлы Низами туралы «Лейзебух» -»Оқу кітабы» дегенде,..

Уа Низами! Мінеки ақырында,

Таптың сен тура жолды!

Шешілмейтін зат, соны кім шешті?

Ғашықтар бір-біреуін қайта тапты!

Мұхтар Омарханұлы Әуезов Абайдың 100 жылдығына арнап жасаған баяндамасында : «Абай өзінің жас шағынан жақсы білген классик ақындары Фирдауси, Низами, Шейх, Сағди,Хожа Хафиз, Науайи, Физули, Бабурларды өмір бойы зор қадірлеп өткен» дейді. Міне, екі ел алыптарының ұстаздары да бір болғаны ғой.

Сонымен, Қазақтың Ұлы ақыны Абай мен Алманның Ұлы ақыны Гетенің арасындағы ғаламат ұқсастық, үндестік айдан анық болуда. Сірә, Абайдың батыс ақындары ішінен Гете шығармасын «Вандрерст нахтлиид» («Түнгі саяхатшының әні») аударуының өзі тегін емес болар. «Қазақ үшін Гете мен Абай өркениетті ұлы мәдениет көшінің екі арысы» деген Қалмұқан Исабаев. Таңғажайып үндестік деп осыны айт!


АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ РУХАНИ ӘЛЕМ АТАУЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

(8-сабақ)


Қазақ даналық ойларының қайнар көздері Абай мен Шәкәрім шығармалары адам бол­ысына қатысты мәселелердің барлығын қамтиды десек қателеспейміз. Қос ойшылдың қай туындысын алмасақ та, ондағы айтылған өсиеттердің барлығы адамның өмірлік мақсат-мұратын айқындауда темірқазық іспетті. Осы ретте, ғұламалардың сөз саптауларындағы астарлы ой иірімдерінде адам жанына қатысты атаулардың қолданысы қандай деген сұраққа кеңінен тоқталғымыз келеді.

Қазіргі таңда адамның «көзі ашық, көкірегі ояулығы» оның білімділігін растайтын құжаттарымен өлшенбейтіндігіне күнделікті тіршілік барысында сан мәрте көз жеткіземіз. Адам болмысын құрайтын адамның рухани әлемі Абай қарасөздерінде жақсылық пен жамандық, адамдық пен надандық, еңбекқорлық пен жалқаулық сынды ақ пен қараның бітіспес майдан алаңы ретінде танылады. Абай өз айтарын күрделі метафоралар арқылы тыңдаушының ой-санасына жететіндей етіп суреттейді. Рухани әлем атаулары – дерексіз ұғымдар ақын санасында туындап, қарасөздерінде бейнелі тілдік бірліктермен өрнектеледі.

Адамның жан-дүниесіне қатысты атауларды:

– адамның психикалық іс-әрекеттерінің (сезім, қалау, ойлау әрекеттері);

– адамның өз түсінігіне байланысты ( қайырым, борыш, ар) ұғымдар;

– әлеуметтік тип (құқық, өкім, бедел) әрекеттеріне байланысты ұғымдар;

– тұлғалық қасиеттер атаулары деп жіктер болсақ, Абай қарасөздерінде олардың барлығы да сөз етіледі. Жетінші қарасөзінде «адамның білсем, көрсем, үйренсем дейтіндерін жан құмары», ал есейген шақта «жанды тәнге ұрғызып, еш нәрсеге көңілмен қарамай» тән құмарлығына көп салынып кететінімізді надандық деп таниды [1]. «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр сөзбен көрген біздің хайуаннан неміз артық. Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз» – деп адамның рухани надандығын сынға алады. Абайдың «Жетінші сөзінде» «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесінде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде таниды. Осы себептен де Абай «жанның тамағы» ұғымына «...құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», – деп қайыра түсінік береді. Осындай үлгімен жасалған атаулар Абай қарасөздерінде көптеп кездеседі. Мысалы қулық ұғымына қатысты метафоралы тіркестерді мына жолдардан кездестіреміз: «Қулық саумақ, көз сүзіп тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі». Рухани дүниенің жұтаңдығы адамның тіленіп, қулықпен, адамды арбаумен табыс табатындардың әрекетін Абай осылайша астарлы бейнелейді. Адамның адал іске емес, арамдыққа бағытталған әрекетін қулық саумақ, адам саумақ, иттің ісі тіркестері арқылы сипаттайды. Он бесінші сөзінде «Егер кісі орнын таппай, ие болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады екен-дағы. Күнінде өкінгені пайда болмайды» – дейді. Адам жанының қиналысы баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығудан екенін, сол баянсыз құмарлық көптегендердің өмірін «итқорлыққа» айналдырғаны қазіргі заманның көріністерінен де қылаң береді.

Рухани құлдырау жалқаулық, мақтаншақтық, надандықтан бастау алатыны – Абай танымының басты тақырыптары. Абай қарасөздерінде жан мен тән қарама-қайшылығы негізінде адамдық пен надандықт айқындалады. Жиырма бірінші сөзінде «Біреу жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, ләкин надан да болса, адам. Екіншісі, өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес» – деп мақтанудың өзінде адамның адамдығы, наданның надандығы танылатынын көрсетеді. Осы сөзіндегі адамның әдепсіздік, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы қылықтарды өзіне қорлық деп біліп, ақылды, арлылардың рухани әлеміне бұл қылықтар жат екенін көрсетеді. Қырық үшінші сөзінде: ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де өлшеуі бар» – дейді, яғни белгілі өлшемнен шығып кеткен жағдайда адамның адамдық қасиеті жоғалады. Осы айтылған ойлардың барлығы рухани дүниенің байлығы басқа құндылықтардан жоғары тұратыны және оны тануда адамның адамдығы көрінетіні – Абай философиясының түпқазығы.

Адамның рухани биік болуын басты өлшем етіп таныған Абай оған қол жеткізу сыртын түзеумен емес, адамның ішкі қалыбын, боямасыз ықыласын түзету арқылы болады дейді.

Ақын шығармаларында адамның түйсігі, сезімі, санасы арқылы танылған дерексіз ұғымдар метафоралар арқылы берілетіні белгілі. Материалдық дүние атаулары нақтылығымен, затқа бағытталуымен ерекшеленсе, адамның жан дүниесі, рухани әлемі, тәлім-тәрбие тақырыптары көркемдеуші тәсілдерді қолдануды талап етеді. Өйткені адам түйсігімен танылатын ұғымдар бейнелер арқылы түзілдеді.

Адам танымы, ішкі дүниесіне қатысты атаулар көбінесе «жан» лексемасына қатысты жасалады. Мысалы, тілдік қолданыста бар жанашыр, жанкүйер, жаналар, жанталас, жанкешті атауларының ішкі мағыналық құрылымы жан ашу, жаны күю, жанын алу, жанға таласу сияқты ұғымдар негізінде қалыптасқаны байқалады.

Шәкәрім өлеңдерінде де «жан» ұғымы адамның адамгершілігінің айнасы ретінде маңызды мазмұнға ие болған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жан – 1) Жан-жануарларға тіршілік беретін рух; 2) Жүректен бойға тараған қан, жүрек соғысы; 3) Адамның психологиялық ішкі сарай, ой-санасы, рух-қасиеті деп көрсетілген. Ақын өлеңдерініде жан сөзінің осы үш мағынасы да қолданыс тапқан. Мысалы:

Табиғат неше түрлі жан жаратты,

Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.

Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,

Есепсіз қанша мың мен сан жаратты –

деген өлең жолдарында бұл сөз алғашқы мағынада қолданыс тапқанын байқаймыз. Ақын жан ұғымымен табиғат ұғымын тығыз байланыста қарастырады. Табиғатта жаратылған жандардың ішінде «өсімді ең күшті жан адамда тұр» - деп адамға берілген жанның өзгелерден айырмашылығы оған берілген ерік-жігерде деп көрсетеді. Адам жанының қас жаулары жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, ынжықтық дей келіп, ақын осы қылықтардан жаныңды қорға деп өсиет айтады.

Адамның рух-қасиеті ұғымында қолданылған жан сөзі арқылы жан құмары, жан тал­пынар, жан күшті, жан жұмысы, жан керегі, жан орны, жан құтқару тәрізді тіркестер жасалған. Бұл тіркестер ассоциациялы ойлау нәтижесінде, метафоралы мағынада құрылған.

Сауық-қызық көрем деп күнде жиын,

Жан құтқарып алуың болар қиын.

Түптіге ұмтыл, тұрақты істерді қыл,

Тәуекел деп өзіңе сүйтіп сыйын –

деп ақын орынсыз сауық-сайранның жанды күйзелтуі, күйретуі мүмкіндіген меңзейді. Осы ұстанымының жалғасы ретінде адам бойын жайлаған құмарлық, нәпсінің жан үшін бірінші жау екенін келесі жолдар арқылы бейнелейді:

Құмарлық деген бір ит бар,

Жаныңа жау шын ит бар.

Жан тыныштық, жан жұмысы тіркестерінің өздері адамның бұл дүниедегі орнын, мақсатын тыңдаушыға жеткізу, түсіндіру үшін қолданған. Мысалы:

Жан тыныштық бұл емес,

Жан дененің құлы емес.

Өзің байлап бересің,

Жан жұмысы ол емес .

Ақын өлеңдерінде жан салу, жан сату тіркестері де қолданыс тапқан. Олардың мағынасы жағымсыздық сипатта қолданылады.

Тек отырмай, атыңды алысқа айда,

Партия жағаласқан жарысқа айда.

Жердің жүзін жеңіп ал жанды салып,

Дос қайда, құда қайда, таныс қайда –

деген жолдардағы жанды салу тіркесі мансап, атақ үшін бар құндылықты құрбан етер жандайшаптардың ісін әшкерелеп тұр.

Жан тазалығын дәріптеген ақын:

Жалған айтып, жан сатып, жалынбай-ақ,

Тура жолда тұрып-ақ тынысталық» –

деп жалғандыққа ұрынуды жан сатумен тең дәрежеде таныған. Шәкәрім шығарма­ларында биік адами қасиеттерді дәріптеліп, қоғамымыздың кеселі болып отырған кер­тартпалықтан адамзатты құтқару әр адамның өзіне байланысты дейді.

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.

Осылайша, рухани толығу адам жанының жаңаруымен, жамандықтан арылуымен байла­нысты екенін туындыларына өзек еткен ойшылдың тілінде «жан» ұғымының басты мазмұнға ие болғанын байқаймыз.

Жоғарыда келтірілген ақын шығармаларынан үзінділер дәлелдеп отырғандай, Шәкәрім адамның жан дүниесін барлық материалдық құндылықтан жоғары қойып, оның тазалығын, ізгілігін өзінің өлең жолдарына арқау еткен. Бұл шығармалар адамның рухани әлемі құндылықтары мәселесін талдап, таразылауымен қай заманда болмасын маңызын жоғалтпақ емес. Адамзаттың қазіргі түйіні шешілмей тығырыққа тірелген мәселелерінің көпшілігі рухани жұтаңдық пен надандықтан бастау алатындықтан, әр адам ойшылдарымыздың өсиетіне жиі жүгініп, жан дүниесінің толығуына мән бергені абзал.


АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ ҒИБРАТТЫ ОЙ, ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДІҢ ПӘЛСАПАСЫ

(10-сабақ)

Абай ғақлиялары – кемеңгердiң өз заманындағы отарлау салдарынан туған ұлт бойындағы кеселдi кесiр қылықтарды сынап, еркiн ойға құрылған тағылымдық мәндегi өз ой танымдарын көпшiлiкке түсiнiктi қара сөз түрiнде жазған шығармалары. Олардағы отарлық езгiге қарсы сарын Абайдың этнопедагогикалық, дiни гуманистiк және жадидтiк ойларынан айқын көрiнедi. Ғақлиялардағы этнопедагогикалық пiкiрлер Абай танымының ұлттық бастауларынан хабар берсе, Шығыстық дiни ой тұжырымдары хакiмнiң толық адам жайлы гуманистiк көзқарасын танытады. Абай ғақлияларының түп мақсаты – халқын жарыққа жетелеу болғандықтан, осы еңбегiнде Абай өзi нәр алған рухани бұлақ көздерiнiң бәрiн де пайдаланған.

Заман өзгередi, дүние көшi тоқтаусыз алға тартады, ғасырлар белесiнде кемеңгер тұлғалардың мәңгi өлмес iстерi мен ғибрат сөздерi қалады. «Естiлердiң айтқан сөздерiн ескерiп жүрген кiсi, өзi де естi болады» немесе «Менi» мен «менiкiнiң» айырылғанын, «өлдi» деп ат қойыпты өңкей бiлмес» - дегенде, Абай осыны айтқан. Абайдың ұлтының бақыты жолындағы iстерi мен сөздерiнiң бәрi де, халқының Абай заманындағы ғана емес, бүгiнгi күндегi де керегiне қызмет етуде. Абай кемеңгерлiгiнiң бiр қыры, оның осындай халық мұрасына айналған ұлт даналарының, халық мақалдарының, елдiң жақсы дәстүрлерiнiң көздерiн ұлт бойындағы келеңсiз жайларды жою үшiн заманға лайықтап қолданғандығында жатыр. Мәселен, отарлық езгiге дейiнгi кезеңдегi халықтың малға ортақтық қасиетi оның салт-дәстүрiн, шаруашылық қалпын ғана емес, ұлттық тұтастығын танытатын жай болатын. Ал, Абай заманында отарлау саясатының кесiрiнен мал қолдан кетiп, халықтың шаруашылық дәстүр жалғастығы үзiлiп, «ортақ өгiзден, оңаша бұзау» артық болған заманға ұшырағанда, халықтың тұтастығын, бiрлiгiн қалпына келтiретiн нәрсе, ақылға бiрлiк болды. Сол себептi, Абай «Алтыншы сөзде»: «Бiрлiк - ақылға бiрлiк, малға - бiрлiк емес» - деген. Жалпы, Абай ғақлияларындағы ұлттық рухани мұраларға сын көзбен қараған пiкiрлерiн, оның нигилистiк көзқарастары деп емес, жадидтiк ой танымдары, этноцентризмге, отарлық езгiге қарсы пiкiрлерi деп қабылдау керек. Сөйтiп, Абайдың отарлық езгiге қарсы ұлт мұраларындағы этнопедагогиканы насихаттап, бодандық бұғауы әкелген халық бойындағы кемшiлiктердi сынап, басқа жұрттардың жақсы қасиеттерiн үлгi етiп, бiлмекке құмарлыққа шақырған еңбектерiнiң қатарына «Екiншi сөз», «Үшiншi сөз», «Бесiншi сөз», «Алтыншы сөз», «Тоғызыншы сөз» сияқты ғақлиялары жатады.

Бұл айтылғандар Абай ғақлияларының бiр қыры болса, Абайдың екiншi бiр хакiмдiк қызметi - Шығыстың исламдық дiни тәрбие көздерiн өз шығармашылығында гуманистiк мақсат тұрғысында пайдалануы болып табылады. Бұл орайдағы Абай сөздерiнiң қатарына «Он екiншi», «Он үшiншi», «Жиырма жетiншi», «Жиырма сегiзiншi» т.б. ғақлиялары жатады. Абайдың бұл еңбектерiнiң басты мақсаты – адамды толық адам дәрежесiне жетуге тәрбиелеу. Ал, мұның шарты – имандылық, адамдық ақ ниет, жан мейрiмiн ұштау. Осы жолда Абай дiннiң гуманистiк қасиетiн бұл дүние кiрiн тазарту, адам тәрбиелеу құралына айналдырды. Абайдың дiн арқылы адамға гуманистiк тәрбие беруге арналған ғақлияларындағы ой-пiкiрлер – оның өзiне дейiнгi Шығыс мұраларымен етене жақын таныс болғадығының кепiлi. Мәселен, Әли ибн Әбу-Тәлiптiң «әл Хасанға айтқан өсиеттерi», Кабус Сушмагирдiң «Кабус намесi», Ғұламаһи Дауанидiң «Жалали этикасындағы» ой-пiкiрлер мен Абай ғақлияларының өзара үндестiгi осыны танытады.

Абай өз ғақлияларында исламның гуманистiк сипатын – ұлт тәрбиесiнде ғана емес, отаршылдардың озбыр саясатының таяққа сүйенген қиянатшыл мәнiн ашуда да рухани тiрек деп бiлген, сол тұрғыда насихаттаған. Мұны Абайдың: «Алла тағала өзi - хақиқат жолы. Хақиқат пен растық - қиянаттың дұшпаны»,- деген сөзiнен анық көремiз.


АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

(11-сабақ)


Жалпы Абай мен Шәкәрім афоризмдік философиясының алтын діңгегі адамгершілік тақырыбы екендігіне ешкім күмән келтірмес. Бұл мәселені кемеңгер М.Әуезовтен бастап басқа да кемелдердің бәрі бірауыздан мақұлдаған. Соның бірі

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге! –

деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қаламынан туған бұл жолдар данышпан Абай шығармаларының негізгі идеясын ашып көрсеткендей.

Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіреміз, үйретеміз. Әдептілік, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың сана- сезіміне, ақыл-парасатына ұялата білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық қасиеттерді терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани – адамгершілік тағылымдарды әр ұстаз барлық сабақ кезеңдерінде негізге алып, өмірмен байланыстыра отырып өткізсе, көкірегі ояу, мінез-құлқы дұрыс, саналы адам тәрбиелеп шығарады.

Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сонда толық боласың елден ерек,- демекші, әр бала өз жүрегінің қалауымен ұстазды қабылдауы, оқушыға әсер ететіндей ұстаздың жеке басыныңмәдениеттілігі, сабырлы, салмақтылық жеке қарым-қатынас кезінде инабаттылық, әдептілік, мейірімділік қасиеттері болу керек.

Осындай мақсатты негізге ала отырып, ұстаздың бойындағы жақсы қасиеттердің оқушыға берілуі, кез келген пәнді оқытудағы ұйымдастырушылық қабілетімен тығыз байланысты. Рухтың мекені – адамның жүрегі.Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.

Біздің мақсатымыз ұлы кемеңгердің аталған тақырып арқылы адамтану іліміне қосқан гуманистік, азаматтық қыруар үлесін оқушы санасына жеткізу, сол бағытта тәлім-тәрбие беру.

Адамгершілік ! Бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше , мәні мәңгілік айқын , салмағы пара-парсыз парасатты сөз, Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулыұғым. Ұғым ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым, Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін төрт тағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип. Шынын айтқанда, жеке дара принцип қана емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш! Өйткені адамгершілікке негізделген жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім. Адамгершілік қасиетін жас ұрпаққа сіңіртуді тәрбие үрдісінің басты ерекшелігі деп тануға болады. [10:32]

Осы ұлы күш – адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін зиянның шексіз болатындығын еске алсақ, адамдық қасиеті тапшы бір адамнан көп адам зор зардап шегуі мүмкін,Мәселен, тарихта ойы олақ, сезімі шолақ оспадар бір адам соғыс бастап отырған да ал қарапайым халық бостан-босқақырылып, шығынғы ұшырап келген ғой. Халық еш уақытта соғыс бастамаған, тек жекелеген соғысқұмар сойқандардың кесірінен келеңсіз кесепатқа душар болып отырған, Ондайлар көктен түспеген, олар да анадан туған, тек олардың қанында адамға деген сүйіспеншіліктің орнына, керісінше, жамандыққа бағытталған қараниеттілік сезім басым келеді екен. Міне, бұл жағдай теориялық тұжырым ғана емес, өмірдің өзі дәлелдеген , ғылым растаған тарихи шындық фактілердің негізінде айтылып отыр. Демек, бұдан шығатын қорытынды: адамға деген сүйіспеншілік сезімі жоқ – яғни бойында адамгершілігі жоқ адамның қолына билік тиюі – былайша айтқанда, «қауіпті қару» тиюінен асқан ақ ниетті адамдарға қатер жоқ екен. Сондықтан да ең қауіпті адам – ар-ұяттан ада, адамгершіліктен жұрдай адам... Бар жаманшылық атаулыны тек солардан күту керек.

17- қара сөзіндегі қайрат, жүрек, ақыл үшеуін айтыстырп барып, мықты қайратты да, ақылды да жылы жүрекке жеңдіруінің себебін оқушыларға проблемалық сұрақ ретінде қою керек. Сонда ғана бала ақылдың да күш-қайраттың да жүрекке бағынып, мейірімге бөленсе, жер бетінде еш жамандық болмайтынын ұғады. Мысалы, Сталинді алайық, ол кісіде ақыл жетпеді ме, немесе қайраты аз болды ма? Жоқ екеуі де бар, бірақ неге ол кісі көп зұлымдық жасады, себебі ол кісіде жүрек болмады, ақыл-қайратын жүрекке бағындырмады, сондықтан да тарихта аты жақсылықпен қалмады,- деген сияқты қарапайым мысалдармен түсіндірсе, оқушы санасына оңай тиеді.

Абай қара сөздерін балалардың санасына сіңіру керек, көңілдеріне тасқа басқан мөрдей қылып орнату керек. Себебі адамның өзін-өзі танушылығының іргетасы – Абай қарасөздері болып табылады. Ал рухани ілім іргетасының берік қалануы – рухани өсіп жетілуге мүмкіндік тууының кепілдігі. Сондықтан келесі сабақтардың мақсаты руханияттың іргетасы болып табылатын мағлұматарды бекітуге негізделген.

Қарапайым мысал, егер аңшының қолында қаруы, я болмаса басқа құрал-жабдығы жоқ болса, ол аң атып – айлай алмайды. Нағыз құралайды көзге атқан, атқан оғын маздатқан аңшы болу үшін алдымен адамның қолында қаруы мен құрал-жабдығы болуы шарт, сонымен қатар оларды шебер қолдана алуы қажет. Сол сияқты адам нағыз рухани сауатты да, салауатты болуы үшін оның ажадында рухани ілімнің іргетасы берік қаланып, одан іс ала алатын жағдайда болу керек. Рухани ілімді жай ғана біліп, онымен таныс болу ешнәрсеге жарамайды. Аңшының қолында қаруы жоқ болып, алдынан аң кездессе, оны аулай алмайды. Сол сияқты жадында жатталып тұрмағандықтан рухани ілімнен тәрбие алу мүмкін емес.

Ұстаз шәкіртінің санасына «Жаттасаң – сенікі, жаттамасаң -кітаптікі» деген қағиданы жақсылап сіңіру керек.

Аңшылыққа жаңа машықтанып жүрген аңшы бірден аң-құсты топырлатып атып ала алмайды. Аңшылық құрал-жабдықтары мен қаруын күн сайын қолынан тастамай жүріп, қайта-қайта қолдану арқылы ғана машықтанып, шеберлігі біртіндеп арта бастайды. Шәкәрім атамыздың : «күн сайын жаттап оқып, айында бір рет пайымда», - дейтіні де сол, Топыраққа тасталған дәннің өсіп шығып, жайқалып гүлдеп, түйін байлап жеміс беру үшін , оған үздіксіз күтім керек. Түбінің кеуіп кетпей, арам шөпке шырматылып қалмауы үшін қайта-қайта суғарылып , топырағы қопсытылып , арам шөптерден тазартылып тұруы тиіс. Сол сияқты санаға егілген рухани ілім дәндерінің жемісін көру үшін , жаттағанды қайта-қайта қайталап, сан мәрте сараптап тұру қажет, Рухани ілімді игерудің құпиясы да осында жатыр, Ол жүректің терең түбіне жеткенде ғана өз жемісін бере бастайды, Ой құлағының ашылуы мен надандықтан қашуда осы кезден басталады, Сондықтан да біздің дана ата-бабаларымыз оқуды жаттау деп біліп, барлық ілім-ғылымды жадында ұстаған, Халқымыздың ауыз әдебиеті мен шешендік өнерінің құдіреттілігі мен ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай сақталуы осыған байланысты.

Ой құлағының ашылуы адамның рухани тірілуінің белгісі болып табылады, Ешнәрсені ұқпайтын надан адам - өлі адаммен пара-пар, Сондықтан да ғұлама ата-бабаларымыз адамдыф тірілту үшін , рухани ілімнің тез, әрі оңай жатталып жеміс беруі үшін еңбектерін өлеңмен , қарасөзбен жазып қалдырған.


АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ

АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

(12-сабақ)

Қазіргі күрделі қоғамда жастарды тәрбиелеу ісінің маңызы арта түсуде. Себебі, адам табиғаты жөнделмейінше қоғамдағы көптеген күрмеуі қиын мәселелерді шешу мүмкін емес. Бүгінде адам тәрбиесі мәселесі әлемдегі барлық мемлекеттер үшін маңызы мәселелер қатарына көтеріледі. Жаппай байлыққа ұмтылу, агрессия, зорлық пен әділетсіздік, адамгершілік құндылықтардың қорғалмауы, өтірік пен зұлымдық идеологиясының салтанат құруы адамзаттың азғындау үдірісін тереңдетуде. Сондықтан, ізгілік қағидаларын ұстанған зиялы қауым адамзаттың адами сапаларын сақтаудың және дамытудың түрлі жолдарын қарастыруда. Ұлт тәрбиесіне ықпал етуге қуаты бар, тиімді идеяларға бай мұраның бірі: Абай мен Шәкәрім шығармашылықтары.

Абай мен Шәкәрімнің рухани мұраларындағы жастар тәрбиесіне ықпал ете алатын тұжырымды ойларын ұлттық тәрбие мәселесінде ұтымды пайдалануға болады. Оларды арнайы бағдарламаға енгізіп, ұрпақ тәрбиесін тиімді жұмыстармен байыта аламыз, Оның негіздері әсіресе қара сөздер мен мәнді сөздерде жатыр. Тәрбие жүйесіндегі келелі істерге қазіргі кезеңде сананы рухани тоқыраудан алып шығатын, тазартатын күш ретінде қажетке айналдыру және де оны практикалық түрде іс-тәжірибеге жүзеге асыруда кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Шәкәрім шығармаларындағы адамның рухани жетілуін Абай мұраларындағы адам мәселесі туралы жазылған ойларымен ұштасатын тұстарын қарастырғанда тәрбиелік, тағылымдық жүйеге назар аударып, зерттеу жұмыстарын жүргізілуі тиімді болмақ. Тәрбие жүйесінде адамның ішкі әлемі жайлы жазылған екі ойшылдың көрсеткен бағыттарын негізге алуымыз қажет.

Жастар тәрбиесінде ішкі құндылықтарды түсіндіріп, оның адамның мәнді өмір сүруі үшін негізгі тірек екендігін іс тәжірибеге арқылы күнделікті іс-әрекетте жүзеге асырудың жолдарын қарастырғанымыз жөн. Күнделікті іс-әрекетте, оқу процесінде Абайдың қара сөздеріндегі негізгі ойларды студент жастарға түсіндіре отыра, оларға сабақ барысында өздеріне тікелей жұмыс жасату арқылы меңгертуге болады. Біріншіден, Абай қара сөздеріндегі негізгі ойларды схема арқылы түсіндіріп, ұстаздың жіті қадағалауымен өздерін ойландырып, жекелей тапсырма беріп, түйген түсініктерін схема арқылы жасауды үйрету. Студент қара сөздердегі түйінді ойларды өзі жасайды, алайда оған білікті ұстаздың демеп, жол көрсетуі маңызды. Сонымен қатар, өлеңдері мен поэмаларындағы сол ұсынып отырған тақырыпқа сәйкес келетін жерлеріне де баса назар аударту да маңызды.

Екіншіден, студенттің өзіне тапсырма беру арқылы әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, схема, плакат, слайды жасауды ұсыну. Плакат жасаудың тиімділігі зор. Себебі, студент өзі іздену арқылы, сол тақырыпты меңгере алады. Оны тағы да білікті ұстаз өзі қадағалауы тиімді. Абайдың адамның ішкі әлеміндегі дұрыстық пен түзулікті айшықтайтын құндылықтарды немесе кері әрекеттер туындататын құнсыздықтарды «адам болам десеңіз», «бес нәрседен қашық болу» қағидасындағы жақсылық пен жамандықтың ақиқаттық болмысын ашу мәселесін де жастар тәрбиесіне ықпалы зор. Осыған қатысты студенттерге «бес асыл істің» адамның қалыптасу процесінде үлкен мәні бар екендігін түсіндіріп, нақты көз алдарына схема, слайды, плакат түрінде көрсетіп, көрнекіліктің маңыздылығын арттыруға болады. Абай адамның ішкі мазмұнының жақсы сапалар арқылы жетілдірудің табиғатын ашады.

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол –

Адам болам десеңіз.»

Абай «адам болу» қағидасын бес асыл істі жүзеге асырумен байланыстырады. Ол үшін ең алдымен адамға зиян «бес нәрседен қашық болу» керектігіне айрықша назар аудартады.

Абай «адам болу» қағидасында иман мәселесін алдыға қояды. Абайдың он үшінші қара сөзінде: «Иман» – барлық адамшылықтың бастауы. Иманы бар адам жайлы: «Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен», - дейді ойшыл.

Абай шығармашылығындағы өзін-өзі тәрбиелеумен айналысудың маңыздылығы адамның өзінен-өзі есеп алудан басталатындығын студенттерге әрбір сабақта нақтылап отырудың да әсері күшті. Адамның өз-өзіне дұрыс көзқараспен қарап, өзіндік баға беру, өзіндік бақылау қажеттілігін де студент жастар есте сақтауға тиіс. Абайдың қара сөздеріндегі адам болу идеясы жастар тарапына, жастардың санасына сіңіріп, жұмыс жасау үшін бірқатар ізденістер қажет.

Қазіргі жаһандану кезеңінде ақпараттық ағыстың күштілігі адам санасына кей уақытта кері әсер беретіні анық. Абайдың қара сөздеріндегі адамның өзінен «есеп алуы», ұят, иман,сабыр, әділет, қанағат, рақым, мейірім,махаббат, талап, ар, намыс т.б. құндылықтардың негізгі рухани қуат беретін ұстаным екендігі сөзсіз. Әрбір қара сөздеріндегі адамгершілікке үндейтін ойларды жастарды өзін-өзі тәрбиелеу үшін ең алдымен адам болмысының жан мен тәннен тұратындығын, әрқайсысының өзіндік іс әрекеттері барлығын нақтылайтын Абайдың жетінші қара сөздеріндегі ойларымен таныстырып, назарларын аударып, терең түсіндіруге болады. Жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары,бұлар болмаса,тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай – керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?»деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».

Адамды Абайша түсіну адамзаттық гуманистік ойдың биік шыңы. Себебі, Абай адамның ішкі болмысындағы рухани құндылықтарды бірінші орынға қойып, жете зерделейді. Осы құндылықтардың негізінде адамның рухани ішкі әлеміндегі жетілу мәселесін күн тәртібіне қояды. Абай адамның ішкі жан-дүниесінің реттілігін, қалыпты жағдайда болуының, ішкі әлемінің мәдениеттілігін сақтаудың жолдарын көрсетіп,адам болмысының этикалық қырына баса назар аударады. Абайдың негізгі ұстанған бағытындағы этикалық қағида – «адам болу». Бұл қағида ақынның шығармашылығының негізгі өзегіне айналған. Абай адамның өмірінің мәнін, оның міндеті мен мақсаттарын, ролін жоғары бағалап отырады. Ақын өз дүниетанымында адамды адамшылықтың, ақыл-ойдың, білімділіктің, еңбексүйгіштік, адалдық, ұят, иманның, махаббаттың, әділеттің тұрғысынан жинақтап, танытады. Міне, осы образ арқылы адамның ішкі әлемінің тұтас картинасын береді. Осы бағытты жастар тәрбиесінде ұтымды жүзеге асыруымыз қажет.

Абайдың «адам болу» идеясындағы құндылықтардың легін сараптап, бір ізге түсіріп, жинақтап, іс-тәжірибе негізінде студенттерге схема, плакат, слайдымен көрсетіп, оны өздеріне ойландырып, мысалдар негізінде түсіндіріп, үйрету де тиімді. Абай, Шәкәрім шығармашылықтарында адам болмысы мәселесін этикалық аспектіде қарастырады. Олар адам тәрбиесі мәселесін «ар, ұждан» туралы этикалық тұжырым тұрғысынан зерделейді. Олар ұстанған этикалық феномендер: «ар», «ұждан», «әділет», «рақым», «иман», «ұят», «ынсап», «қанағат», «мейірім», «сабыр», «сақтық», «талап», «ақ жүрек», «ақ ниет», «жылы жүрек», «ыстық қайрат», «адал еңбек», «арлы ақыл», «намыс», «шыдам», «шыншыл», «харакет», «терең ой», «адалдық», «махаббат», «таза ақыл», «шын таза жан», «қайырымдылық» т.б. Осы құндылықтардың мәнін аша отыра, даналар адам болмысын жетілдірудің негізгі жолы: «ар ілімін» және «толық адамды қалыптастыру» деп есептейді. Абай мен Шәкәрімнің философиялық-этикалық көзқарастарынан ұлт тәрбиесіне зор ықпал жасайтын пікірлерді көптеп, табамыз. Адамның рухани жетілуі, оның ғылым мен білімді терең игеруіне байланысты. Қоғамның игілігі ғылымның жетістіктерін игеруге тәуелді. Білім мен ғылымды игерген жұрт қана адамгершілік пен мораль принциптеріне жауап беретін ойлау жүйесін меңгере алады. Ұлттық тәрбие мәселесінде «ар ілімі», «толық адам» концепциялары адам тәрбиесін жақсартатын игілікті іске тірек болары сөзсіз. Біз осы мәселені әуелі қалай жүзеге асыруымызға болады деген мәселе төңірегінде жұмыс жасауымыз қажет сияқты.

Абайдың он жетінші қара сөзіндегі «ақыл», «қайрат», «жүрек» сапаларының айқындалуыда үлкен бір жетістік. Себебі, адамның болмысына тікелей ықпал ететін бұл үштіктің ролі айрықша. Абай бұлардың әрқайсысының сапалық қасиетін ашып, адам болмысындағы мәнін түсіндіреді. Ойшыл осы үштіктің қасиетін, құрамын, сапасын ерекше тәсілмен береді. Үшеуі өз қызметін сұхбаттасу арқылы көрсетеді. Бұл әдіс адамның түсінігіне тез әсер етеді және ұғынықты. Осындағы «ақыл», «қайраттың», «жүректің» қызметін студент жастарға түсіндіре отыра, көрнекілікті пайдаланудың да тиімділігі зор. Осы тақырыпқа сәйкес студенттің ынтасын, ықыласын Абайдың өлеңдерімен салыстыра отырып, түсіндіруде әсерлі болады.

Ұлттық тәрбиенің маңыздылығына назар аударсақ, алдымен жастарға адами қасиеттердің ролін, оның адам өмірінің мәнді болуына ерекше ықпалы бар екендігін, қоғамның барлық сфераларында еңбек еткенде, сонымен қатар, ең бастысы күнделікті қарым-қатынаста қажет екендігіне баса көңіл аудартқанымыз жөн. Осы құндылықтарды бойға сіңіріп, қастерлеу арқылы, өз өмірімізді жақсарта алатынымызға, сыйластыққа, мәдениетке жетісіп,жарқын өмір сүруге болатындығын айғақты дәлелдермен түсіндірген абзал. Себебі, Абай, Шәкәрім мұраларындағы адам тәрбиесіне қатысты ой-түйіндердің дені көпшілігі адам сапасын танытатын қасиеттердің мәнісін, қызметін уағыздап, адам тәрбиесінің маңыздылығын насихаттайды. Міне, осы қасиеттер адамның «адам болу» қабылетін жетілдіретін рухани сапалар болып табылады. Белгілі дәрежеде осы сапалардың әрбірін жекелей қарастырсақ, әрбірінің қазіргі біздің әрқайсымыздың ішкі әлемімізді меңгеруге ішкі қалпымызды дұрыстауға қажетті құндылықтар. Құндылықтардың сапасы, сипаты, қызметі, табиғаты, мәні тек қана адамның болмысымен ғана танылады. Осы құндылықтарды іс-тәжірибеге айналдырып, жүзеге асыру үшін, педагогикалық ұжымдардың студент жастармен бірлесіп, жұмыс жасауы маңызды.

Абай отыз бірінші қара сөзінде адамның өзін өзі тәрбиелеуі үшін қандай істерді көкірекке байлауы керек, оны қалай дамытуы қажет және неден сақ болуы керек екендігін нақтылайды. Жақсы игі істі атқару үшін ең алдымен «ой кеселдерінен» сақтана білуіміз қажеттілігін түсіндіреді. Жастарды Абайша тәрбиелеудің қазіргі кезеңде тиімділігі зор. «Ой кеселдері» – уайымсыздық, салғырттық, ойын-күлкішілдік, қайғыға салыну. Осы кеселдер ХХІ ғасырда адамзат баласын жайлап алған індет. Абай сақтандырған кеселдерді жою адам табиғатын жақсартары сөзсіз. Ұлттық тәрбие – адам тәрбиесінен басталатыны айқын. Ұлттық тәрбие адам тәрбиесіне ықпал ете отыра, тұтас қоғам үшін пайдалылығы мен қажеттілік негізі жас ұрпақты тәрбиелеудегі тәжірибелік және әдістемелік істердің нәтижесін жүзеге асыруы қажет. Қоғамның қай саласында болмасын тәрбиенің бұл бағытын жолға қойсақ, қоғамның дұрысталуына игі ықпалы болатындығы сөзсіз. Себебі, бұл мәселені Абай да, Шәкәрім де «адам түзеу» деген қағидадан бастаған. Ойшылдарымыздың «адам түзеу» қағидалары адамның жан әлемін дұрыстау, жан азығы, жанды жетілдіру деген мәселелер арқылы өрбиді. Олар өз еңбектерінде осы мәселелердің мәнін ашқан. Жас қауымға тәрбие бергенде үнемі Абай, Шәкәрім мұраларының терең философиялық көзқарастарын, олардың адамтану мәселесін жоғары қойғандығын, адамгершілік, рухани даму белгілерін оқытуды, адамның рухани жетілуінің негізгі принциптерін, эстетикалық мәселелер мен адамның ой-санасын жетілдіруге арналғанын түсіндірген жөн. Адам болмысының жан мен тәннен тұратындығын, олардың әрқайсысының өзіндік қызметін дәл Абай мен Шәкәрім бағытында тәрбиелеу, түсіндіріп, ұғындыру жас жеткіншектің өзін, танып түсінуіне жол ашары айғақ. Жастардың Абай мен Шәкәрім тәрбиелік мұрасын түсінетіндігі және оған ерекше ден қоятындығы күдік тудырмайды. Жас ұрпақ адам мәселесінің маңыздылығын және ұлт тәрбиесінің қажеттілігін ақындар шығармаларындағы адамгершілік, эстетикалық және әлеуметтік мәселелерді таңдау арқылы сезінеді және түсінеді. Абай мен Шәкәрімнің ойлары мен идеяларын жастар өз бойындағы ізгілікті сапалар мен қасиеттерді жетілдіруге және жаңғыртуға пайдаланады. Ұлт ұстаздарының қағидалық ұсыныстары адам тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, халықты кемшіліктер мен жаманшылықтардан құтқаратын «рухани нәрі» болып қала береді.

Қарасөз жаттаудың, әсіресе, мағынасы терең күрделі дүниелерді игерудің қиындығын бәріміз де жақсы білеміз, Ал руханияттан хабары жоқ балаларға рухани еңбектерді күштеп те жаттата алмайсың, Оның себебі рухани азықтың дәмін сезбегендіктен, мағынасын түсініп, қадір-қасиетін білмегендіктен болады. Ешқандай дән егіле салысымен жеміс бермейді. Оның жемісін көру үшін ұзақ күтім жасап, көп тер төгу қажет,

Сусыз егін не шықсын,

Суғар шыда азапқа.

Дәмін алып, ел ұқсын,

Сонда ұмтылар тамаққа, -

деп Шәкәрім атамыз айтқандай, рухани ілімнің дәнін баланың санасына егіп, оны көктетіп өсіріп, жемісінің дәмін татырғанша рухани байлық бақшасының бағбаны болып, ұстазға ұзақ суғару жұмысымен айналысу керек болады, Ал рухани азықтың дәмі аузына тигенде, ой құлағы ашылып, рух тәбетінің арқасында баланың өзі рухани ілімді игеруге ұмтылады. Ал жаттаудан қорқатын ешнәрсе жоқ, Себебі адамның есте сақтау қабілеті мен зейінінің күшеюі миындағы білім қорының көптігі мен оның қайта-қайт қопсытылып, басқа білімдермен толықтырып, жаңартылып тұруына байланысты. Неғұрлым көп жаттаған сайын, соғұрлым есте сақтау қабілеті артып, зейіні де күшейе түседі.

Сондықтан ұстаз өзінің барлық шеберлігін балаға ілімді жаттатуға салу керек. Жаттауды алдымен Абайдың он жетінші қарасөзінен бастаған жөн, себебі осы қарасөзде рух, ақыл және нәпсінің болмысы жақсы ашылған. Оны Абай атамыз өте шеберлікпен ақыл, қайрат және жүректің өзара тартысы түрінде , олардың таласына ғылымның төрелік айтуы арқылы суреттеген, Сонымен қатар «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» және «Ғылым таппай мақтанба» деген екі өлеңін осы жетінші қарасөзімен байланыстырып жаттап алса, бірін-бірі ашып, толықтыратын болғандықтан өте тиімді болады,

Абайдың қарасөздерін бірден жаттау балаға ауыр соғады, Срндықтан жаттауға жеңіл болу үшін балаларды топтарға бөліп, әр топтағы балаларға рөлдер беріп жаттатса, қызықты әрі оңайырақ болады. Бұл сабақ мұғалімнің ұйымдастыруына байланысты бірнеше сабаққа созылуы мүмкін, Беріліп отырған материалды балалар әбден жаттап , саналарына сіңіріп , одан өздері қорытынды мен пайым жасай алатын деңгейге жетулері үшін біраз уақыт керек болады, [31:54]

Бірінші күні сабақта мұғалім негізгі үш нәрсе - рух, ақыл және нәпсіні еске түсіру қажет, Балалардан олардың қасиеттері мен мақсаттарын т.б.сұрап қайталап болғаннан соң ғана жаңа сабаққа кіріседі.

Абайдың он жетінші қара сөзін дәптерлеріне жазғызып , талдап түсіндіріп береді. Балаларды топтарға бөліп, өзара рөлдерін белгілейді. Әрбір топ өз рөлдерімен он жетінші қарасөзді оқып шығады.Үйге тапсырма: әрқайсысы өз сөздерін жаттап келулері қажет.

Екінші күні сабақты балалардың өздері бастайды, яғни рух, ақыл және нәпсі жайлы өздері айтады. Әрбір топ рөлдерін ауызша айтып, ойнап көрсетеді,

Мұғалім Абайдың он жетінші қара сөзін қорытындылайды. Келесі сабақта қара сөздерін е үндес келетін өлеңдерін қоса айтулары керек болады Сонымен қатар үй тапсырмасын талдауға да біраз уақыт бөлініп, балалар қара сөздердің мағынасын өз сөздерімен айтып берулері керек, Уақыт жетпейтін болса, әркім өз рөлдеріне қатысты ғана жерлерін айтса да жетіп жатыр,Бұған қоса мұғалім «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттауға берсе ұтымды болады,

Сонда қара сөз бен өлеңдердің жиынтығы төмендегідей болады:

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

Қайрат айтыпты:

- Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелә өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те менің ісім, Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен , нәпсі, шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?

Ақыл айтыпты:

- Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып игере алмайды екен, осы екеуі маған қайтіп таласады? Менсіз өздері неге жарайды?

Онан соң жүрек айтыпты:

- Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рахым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, ынсап, ұят, рахым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің барлығы менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқанының бәрі рас. Ол айтқан – болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.

Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас, Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын де сен білесің, Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет.

Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымнан табылсаңдар, табаныңның топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол,

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.

Ақыл айтады:

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек,

Қайрат айтады:

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, -

Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Жүрек айтады:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек,

Ақыл айтады:

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Қайрат айтады:

Ашу да, ақыл да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.

Жүрек:

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Ғылым:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа білуге,

Ақыл:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Қайрат айтады:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

Жүрек:

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибратлі

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым:

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз,

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кіңм бере,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Ақыл:

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз.

Қайрат:

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса, мейлі, сол айтты –

Ақылменен жеңсеңіз.

Жүрек:

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз.

Аят, хадис емес қой,

Күпір болдың демес қой.

Қанша қарсы келсеңіз.

Көп көзіне көріне айтпа,

Біздің сөзге ерсеңіз.


Ғылым:

Мұны жазған кісінің

Атын білме, сөзін біл!

Осы жалған дүниеден

Шешен де өткен не бұлбұл,

Көсем де өткен не дүлдүл,

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл – мизан, өлшеу қыл.

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста,мейлің күл.

Ақыл:

Егер түзу көрінсе,

Ойлап – ойлап құлаққа іл.

Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі бұл.

Қайрат:

Жақынның сөзі тәтті деп,

Жақыным айтты дей көрме.

Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме,

Сізге айтамын қаупім бұл.

Жүрек:

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Білгеніңнің бәрі тұл.

Ғылым:

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл.

Келесі сабақты қорытынды сабақ етіп өткізуге болады.

Әр топ өз рөлдерін мүдірмей айтып шығулары керек. Қызықтырақ болу үшін топ мүшелерін өзара алмастырыпта айтқызуға да болады.ь Әрбір оқушы кез келген топта өз рөлін еркін орындай алатын жағдайға жету керек. Өз сөздерін мүдірмей жаттап алған оқушылар басқаның да сөзін жаттай берулері керек. Себебі сабақтың түпкі мақсаты осы материалдарды оқушылардың барлығы да жатқа айтатын жағдайға жеткізу болып табылады.

Сабақ соңында «Адамгершілік – асыл қасиет» атты шығарма жазғызуға болады. Жалпы жамандық атаулының «жаны сірі» екенін айтып қан қою жеткіліксіз және оны көрмегенсіп, жасырып жапқан сайын жақсылықтың рухы жасып, жалыны кеми беретіндігін ұмытпаған жөн.

Осы жерде ерекше атап айтатын нәрсе, өмірдегі сорақы құбылыстарды анықтап, айғақтап беру арқылы жамандықтан сақтандырудағы әрі онымен күресуге үндеудегі әдебиеттің ролі тіпті айрықша. Бұл жалпы әдебиет атаулының адам тәрбиелеудегі және адамгершілік байлықты молайтудағы ең негізгі эстетикалық , этикалық міндеттерімен тікелей байланысты, Қысқасы, қоғамдағы орны бөлек орасан дүние - адамгершілік байлықтың ортаймауына жауап беретін бірден-бір рухани ұлы күш әдебиет болып келген, солай болып қала береді де.

Адам бойындағы адамгершілік байлықтың – шын мәніндегі ең үлкен қоғамдық рухани байлықтың азая бастауын ешбір табиғи қазына байлықтың молдығымен алмастыруға болмайды. Бұл жердің үлкендігі халықтың рухани мәдениетінің үлкендігіне кепіл бола алмайтындығына немесе халықтың ұлылығы санының аз-көптілігімен өлшенбейтіндігіне ұқсас нәрсе.

Тағы бір көңіл аударатын жайт, алтын мен алмастың, жалпы асыл металдардың аздығына сәйкес, керісінше кейбір керексіз дүниелердің көп болатындығы сияқты, жамандыққа қарағанда жақсылық қашан да аз болып, соған орай жамандықтың жалпылдап жүрмейтін , кездеспейтін жері жоқ екендігін де ұмытуға болмайды.

Міне, Абай қарасөздері сол жамандық атаулының түрі мен түсін, себебі мен салдарын түсінуге, сондай-ақ осы анайы құбылыстың туатын, дамитын тұстарын дәл көрсетіп әрі одан сақтандыруда ерекше көмегін тигізетін, оқушыға дұрыс жол сілтейтін бағдаршам іспеттес.

«Адамның адамшылығы істі қалайша бастағандығынан білінеді, қалайша аяқтағанынан емес»,- деп дұрыс ниеттің,жақсылыққа ұмтылудың өзі адамдық қасиетті аңғартатынын айтады,

Адамның азаматтық қасиеті өз қара басына емес, басқаға жасаған қарымтасыз қайырымдылығымен өлшенетіндігі сияқты, ақынның парасаттылығы да адамгершілікті қорғауға, ізгілікті қолдауға , жалпы өмір тануға қосқан қомақты үлесімен өлшенеді.


ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНІДЕГІ ҒЫЛЫМ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

(13-сабақ)


Шәкәрім өз шығармаларында қазақ қоғамында қалыптасқан атаққұмарлық, мансапшылдық, мақтанқұмарлық, көрсеқызарлық қасиеттердің өз ұлтын еш уақытта да биікке жетелемесін, одан құтылу үшін білім, ғылымға барар жол табу қажеттігін айтады. Ойшылдың идеалында осындай келеңсіз қасиеттерден арылу мен рухани және материалдық игіліктерге жеткізер жол, яғни, қазақ жұртын өркениетті елдер көшіне жеткізетін нәрсе-ғылым жолы болып табылады. Сол себепті ұлт келешегі жастарға «ақылмен жол табалық ел бастарлық!» деп үндеу салады.. Ш.Құдайбердіұлы өзіне ұстаз тұтқан Л.Н.Толстой былай деген екен: идеал-бұл темірқазық іспетті, онсыз нақты бағыт жоқ, ал бағыт жоқ болса, өмір де жоқ. Сондықтан ол өз еңбектерінің көпшілігінде ғылым, білім мәселелері мен сол кездегі қазақ еліне таныс емес ғылыми жаңалықтар мен түрлі ілімдерді насихаттап жазады. Шәкәрім халқына, адамдарға: «Үйренсе ғылым менен сан өнерін, Білер еді-ау өнердің не берерін» деген. Ғылым мен сан өнері (математика) туралы арабтың алғаш философы атанған Әл-Кинди өзінің «Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгерудегі не қажеттілік туралы трактат» еңбегінде: «Математика ғылымдары болмаған жерде, ол арқылы ақиқат мәңгілік нәрселерді түйсініп қабылдау деңгейінде ғана білуге болады. Бұған тілсіз хайуандар да қабілетті. Ал егер математика ғылымдарын білу дәрежесіне өсіп жетпеген соңынан ғана ғылыми жолмен тану пәніне айналған нәрселер турасында әлдене айтар болса, көптеген тілсіз хайуандар да (мен тілсіз дегенде ақылды сөзді айтып отырмын) мағынасын өздері де түсінбейтін адам тіліндегі сөздерді айта береді емес пе?»,-дейді. Шәкәрім атақшы ойшылмен үндесіп:

«Шын наданға білгеніңді,

Ұқтырам деп ойлама.

Қанша бидай шашсаң-дағы,

Болмас егін тасты жер.


Тотыға тіл үйретілсе,

Сөзі – адам, өзі – құс,

Сол сықылды ол наданды,

Ермек үшін сөйлетер»,-дейді.

Философтың дүниетанымында ғылымның мақсаты- ақиқатты тану. Ақиқатты танудан адамның мәнін көруге болады. Ақиқатты тану Шәкәрім өмірінің мазмұны болып табылады. Ойшылдың түсінігінде адамның дүниені бас көзімен ғана емес, ақыл көзімен қарауы оның жан-жануардан басты айырмашылығы. «Ғылымсыз адам - айуан, Не қылсаңда ғылым біл»-дейді. Шәкәрім өз ұлтының өкілдерін өзінің «Қазақ», «Насихат», «Сен ғылымға», «Жастарға», «Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық», «Иманым» және тағы басқа өлеңдерінде адамшылықтың негізі ғылым-білімге шақырады.

Ойшылдың «Үш анық» атты философиялық еңбегінде айтылғандай түрлі өсімдіктерде жанның жылылық пен суықты айыратын сезімнен бастап, олардың тозаңдарына келіп қонған жәндіктерді қорек қылатын сознание-аңғарарлық жан болады. Ал хайуандардың барлығында түрлі деңгейде инстинкт болады. Философ өз ойын «Адамның күйі сол хайуандардан есті болмаса да, толық терең ақыл адамнан шығады»-деп қорытындылайды. Ойшылдың түсінігінде «Ақылға билетпеген пенде ақымақ». Шәкәрімше ақыл көзін ашатын қару-ғылым. Адам ғылым отын жақса, оның жарығы халқына түспек.

Қай ғылымды білсеңіз де,

Қазір оны елге жай.

Құр ішінде кеткенінше,

Пайдалансын өзгелер

,-дейді . Себебі елдің дамуын ғылымсыз елестету мүмкін емес.

Жұқпайды екен айтқан сөз,

Ғылымы жоқ наданға,

Кеудесінде болса көз,

Жұғар сондай адамға.

Ондай адам қазақтан

Көп туса осы заманға,-

Босар еді-ау азаптан

Қазақ шығып самалға»,-

дейді. Өйткені ғылым өзінің табыстарымен адамдардың өмірін жеңілдетер еді. Шәкәрім қазақ жастарын өнер, білім, ғылымға шақырып, құр шатаққа мас болмай «Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де»,-деп, оны міндетті түрде халық игілігі үшін ғана жұмсауды көксейді. «Ғылым екі жүзі де өткір қару сияқты, оның кімнің қолында болғанына қарай, ол адамдардың бақыты мен игілігі үшін, не олардың ажалы үшін қызмет етеді». Себебі көптеген ғылыми жаңалықтардың екі қыры бар - бірі жасаушы, бірі жоюшы. Барлығы да оның қай мақсатқа жұмсалатындығында. Осы мәселеде Шәкәрім:

«Пән жамылған әлімдер,

Дін жамылған зәлімдер,

Бере берсең бәрін жер,

Сол жалмауыз паңнан без»,-дейді. Адамзат тарихындағы асқан ойшылдардың бірі бола отыра И.Кант ғылым мен ғалымдарға ұстамды және сыни көзбен қараған. Соңғы кезге дейін ғалымдар өздерінің ғылыми жаңалықтарының кейде адамзатқа қасірет әкелетіндігі жөнінде ойламаған болатын. Ғылымның дамуы ілгерілеумен қатар көптеген моралдық мәселелер тудыратындығы енді белгілі болып отыр. Мысалы, Шәкәрімнің туған жері Семей өңірі Шыңғыстаудағы атом бомбасының талай жылдар бойы сыналуы халқымызға қаншама орны толмас қасірет әкелді. Сондықтан ғылым адамзат игілігі үшін қызмет етуі тиіс. Шәкәрім «Ар түзейтін бір ғылым табылмаса, Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес»,-дейді. Шәкәрім ғылымның бұндай қырына жиіркенішпен қараған:

Қайда кетті жаралыс берген байлық,

Ұстанғалы әскер мен қару сайлық?

Жаны ашымай әлсізді аңша қырып,

Мейірімсіз, озбырлығы осындайлық.


Мұнысы айуаннан қалай дейсің,

Бір жаңа өнер шықса, «пәлі-ай» дейсің.

Ол өнермен өзгені құлданып ап,

Аямай өз бауырыңды қалай жейсің?


Күн көре алмай жақының жатыр өліп,

Шіміркенбей жемтігін жейсің бөліп.

«Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын,»-

Демеске бара жатыр ішім толып,-

дейді. Сол кезде айтқан ойшылдың сөзі әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Ғылымы мен техникасы дамыған елдердің әлсіз елдерге әр қырынан салмақ салып, қару-жараққа миллиондаған ақша бөлуі, дүниенің екінші бөлігінде адамдардың аштықтан өліп жатқан тұста, ғылыми прогресті себеп қылып адамды клондау мәселесінің көтерілуі адамшылыққа жата қоймасы анық. Сондықтан ғылым мейірімділіксіз, құндылық өлшемдерінсіз болмақ емес. Шәкәрімнің айтпағы да осы болса керек.




Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ

АДАМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҢ МӘНІ

(14-сабақ)

ХХ ғасыр басындағы көрнекті қазақ ойшылдарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болып табылады. Бұл ойшыл, ағартушы, ғалымның есімі көптеген уақыт бойы тасадан тыс қалды. Шәкәрім, басқа да өз заманының ойшылдары сияқты репрессияға ұшырады, себебі сталиндік режим моноидеологияның шеңберінен кең ойлаған кез-келген азат ойлы адамдарды жау көрді.

Шәкәрім тек қана ақын ғана емес өз халқының ұлы, шамшырағы іспетті. Себебі халықтың бірлігін, рухани жаңғыруына себепкер болатын нәрсе-ол Шәкәрімдей кемеңгер, ойшыл тұлғалар. Халық көсемдерге әр уақыттада зәру болады. Цицерон, шынтуайтында халықтың күші егер оның алға жетелер көсемі жоқ болса сұм күшке айналады; көсем барлығы үшін жауаптылықта екендігін сезе отырып, елі үшін алаң болады, себебі сезім көзі тұмшаланған халық төніп тұрған қауіпті көрмейді, деген екен. Адам-әлеуметтік тіршілік иесі, оның өмірлік мұраты жеке бас мақсаттары мен мүдделерін қанағаттандыру ғана емес, өз халқының әлеуметтік тағдырына да алаңдау. Сондықтан Шәкәрім өз халқының перзенті ретінде қазақ ұлтының алдыңдағы жауапкершілікті сезініп, өз ұлтының, оның жекелеген мүшелерінің санасын ояту қажет деп есептеген. Ол өзі дүниеден өткеннен кейін артында кейінгі ұрпаққа із қалғанын қалайды. Ол өзінің жұрттың көбі түсінбегеніне қарамастан:

Жасымнан сендер едің менің елім,

Аяушы едім қайысып, сынып белім.

Тірлігімде тілімді алмасаң да,

Өлгеннен соң дерсің қамқоршы ерім.

Молама, есіңе алып келерсіңдер,

Сөзімді оқып, ойланып көрерсіңдер,

Айтқаным тапжылмастай келгеніне

Көз жетіп, сонда ғана сенерсіңдер», -

деген.

Шәкәрім адамның адамдық борышы-халқына еңбек қылуында, деп есептеген. Ол «Дүние мен өмір» атты өлеңінде «Білімділер насихат көп жазады, Адам үшін уайым жеп жазады»-дейді. Шәкәрім үшін жеке адам мен халықты ұшпаққа жеткізер күш-ғылым деп есептеген. Ол өзінің алдындағы Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың ағартушылық бағытын одан әрі жалғастырып, дамытқан. Өйткені халықтың ғылымсыз дамуы мүмкін емес.

Шәкәрім Құдайбердіұлының көптеген шығармаларында қазақ ұлтының мақтан сүйгіштігін, өсек-аяңға жуықтығын, бетіне мақтап, артынан даттайтынын, ғылым, білімге ұмтылмай мал жисам, партияшылдығын айтады. Мысалы, Шәкәрім өзінің «Қазақ» деген өлеңінде:

«Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,

Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа.

«Анау қу, мынау пысық, мен батырмын»- деп,

Айналды бірін-бірі құрытпаққа»,-дейді. Бірақ Шәкәрім бұдан өз ұлтын сүймеді деген ой тумауы тиіс. П.Я.Чаадаев: «Отанға деген махаббат-тамаша қасиет, бірақ одан да жоғары тұратын сезім-ақиқатқа деген махаббат. Мұны біз ешқашан да ұмытпауымыз керек, себебі елге деген соқыр махаббат инстинктивті отансүйгіштікті тудырып, мәдениетсіз ғана емес білімді адамдарға да тән нәрсе, халықты тоғышарлыққа, мақтан сүйгіштікке, топастыққа душар қылады»,-деген. Сондықтан Шәкәрім қазақ халқының кемшілігін бетіне баса отыра, бұл ұлттың прогрессивті мұраттардан кежегесін кері қайтаратын қасиеттерден арылуын насихаттап, өз ұлтының рухының биік болғанын қалайды. Егер ұлт дегеніміз-тарихи қалыптасқан, негізінен белгілі бір аумақтағы тілі мен ділі (менталитеті), рухани болмысы, мінез-құлқы мен дәстүрі бітіскен адамдардың бірлестігі екендігі белгілі болса, осындай бірлестікте ғана халық рухани өрлеп, оның әрбір мүшесі одан рухани күш алып сусындайды. Шәкәрім осындай мақсаттағы ұлттың тобырға айналмауын көксеген. Себебі тобырда органикалық байланыс пен ішкі бірлік жоқ, көмескі сипатта болады. Оның тарихи өмірі де ұзаққа бармайды. Шәкәрім «Тағы да сорлы қазақ» деген өлеңінде:

«Салынған қала жоқ, оқытқан бала жоқ,

Қолында өнер жоқ, ғылымда дана жоқ.

Қуаты, күші жоқ, сырты бар, іші жоқ,

Артына қам қылып, ұмтылған кісі жоқ.

Көретін көзі жоқ, ұғатын сөзі жоқ,

Қазақтың бұл күнде аты бар, өзі жоқ.

Түзелер кезі жоқ, түзетер тегі жоқ,

Жер жүзі халқының қазақтан өзі жоқ»,-деп күйзеледі.

Психология ғылымы тобыр өзін-өзі интеллектпен басқара алмайтындығын айтады. Тарих тобырдың тұрақсыз екендігін көрсеткен. Абай өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім?-Ол көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал»-деген (5). Шәкәрім де көптің ессіздігін айтып.

«Жолама қулар маңайға,

Не қылмадың талайға?

Кім жағады сендерге

Тартқызған азап Абайға?

Соның да тілін алмадың,

Сабадың, сөктің, қарғадың.

Көріне қашан кіргенше,

Арсылдап иттей қалмадың»,-дейді. Шәкәрім тобырлық санадан құтылу жолы қала салу, бала оқыту, ғылым үйрену екендігін айтады. Шәкәрімнің замандасы, ұлтын өркениетті елдер қатарына қосуға ынтық болған мүдделесі Мысалы, И.Фихте адам түсінігі бір адамға ғана қатысты емес; жекелеген адамның қасиетін жеке дара, оның басқа адамдармен қатынасынсыз, яғни қоғамнан тыс алып қарау мүмкін емес деген екен. Шәкәрімнің шығармалары тарихи үрдіспен, қазақ қоғамындағы рухани өзгерістермен, ғылыми ізденістермен, ұлттық ой-сананың өркендеуімен тығыз байланысты. Шәкәрім қазақтың ұлттық келбетіндегі кемшін тұстарды, ел санасы мен тәрбиесіндегі қателіктерді аяусыз сынай отыра, одан шығар жолды да көрсете білген. Шәкәрім өркениетке жетудің, рухани толысудың жолы «Махаббат, ғаделет пен таза жүрек, Бостандық, терең ғылым,-міне, осылар»,-деген. Шындымен де ғылыми-техникалық жаңғыруды басынан кешірген ұлттар ғана болашағында өркениетті қоғам құра алады. Ойшыл осыған сенеді:

«Қазақтың жайнар даласы,

Жетілер оқып баласы».


ШӘКӘРІМ МЕН ГЕТЕ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ОЙ, СӨЗ, ІС БІРЛІГІ ИДЕЯСЫ

(15-сабақ)

Әлемге әйгiлi немiстiң ұлы ақыны И.В.Гете танымындағы ең жоғарғы символ – Жаратушы мен табиғаттың бiрлiгi, мәңгi қалыптасу мен қозғалыс, рух пен материя, жан мен тән, ой мен кеңiстiк, ерiк барлықтың бiрiн-бiрi толықтырушы қасиетi екенiн әмбебап шығармашылығымен дәлелдеген ойшыл ретiнде белгiлi. Бiзге ой салатыны – осы мәселеде қазақ ойшылы Шәкәрiмнiң де әлемнiң тұтастығын анықтау үшiн қозғалыс табиғатына аса терең үңiле отырып, мәселенiң түп қазығына әмбебап көзқараспен бара бiлгендiгi. Шәкәрiм көзқарасында кез-келген қозғалыс пен өзгерiс әрi түзiлушi әрi бұзылушы немесе «жану мен шiрудiң түбi бiр» болатын «рух» пен «ұрық» бiрлiгi екенiн «Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнiң идеясы тұтастай дәлелдейдi:

Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғауға керек қолбағыс

Жан де мейлiң, бiр мән де

Сол қуатпен бол таныс

Әлемдi сол мән жаратқан.

Шәкәрiм қозғалысты – жан, мән, әлемдi жаратушы деп түйiндесе, Гете «Фауст» трагедиясында мәңгi дамудағы ғаламдық болмысты рационалды әлем заңдылығымен түсiндiрмей, интуитивтi метафора арқылы жол табуға тырысқанын байқаймыз.

Трагедияның I-бөлiмiндегi «Фаусттың жұмыс бөлмесiнде» атты көрiнiсте Фаусттың латын тiлiндегi Iнжiл мәтiнiн немiс тiлiне аударып отыратын тұсы бар:

(Ол кiтапты ашып, аударуға кiрiседi.)

О баста, алдыменен Сөз жаралған !

Фауст латын тiлiндегi мәтiнге сенбегендiктен ежелгi грек тiлiндегi нұсқасына қарайды. Грек тiлiндегi нұсқада «Сөз» орнына көп мағына бiлдiретiн «Логос» берiлген екен. «Фаустты» зерттеушi А.Аникст осыған байланысты мынадай түсiнiктемелер келтiредi: «Гете әрмен қарай өзiнiң досы И.Г.Гердердiң Жаңа Өсиетке жасаған түсiнiктемесiндегi: «Немiсше «сөз» бұл ежелгi түсiнiктiң дәл мағынасын бере алмайды», – деп жазғанына сүйенедi. Гердер «логостың»: «сөз», «ой», «күш», «iс», «қайраткерлiк махаббат» деген сияқты бiрнеше түсiнiгi бар болуы мүмкiн деп көрсетедi. Яғни «Фаусттағы»: «О баста алдыменен Сөз жаралған!» дегеннен кейiнгi тармақтарды Гете Шәкәрiмше «iс», анығырақ айтсақ, «Жаралыс басы – қозғалысқа» өзгертедi. М.Құрманов оны «жұмыс» деп аударған:

О баста, ең әуелi болған Жұмыс!» .

М.Құрмановтың аударған «Жұмыс» сөзi Гердердiң орысша «деятельная любовь» немесе әлемнiң жаратушы махаббаты арқылы жаратылуы (қозғалысқа келуi) «Фаусттың» Б.Пастернак аударған нұсқасында да «Жұмыс» сөзiнiң орысша баламасында «Дело» деп аударылған. Сонымен, Гетеде қозғалыс ұғымының сөз, ой, күштiң бiрлiгiн бiлдiруi Шәкәрiмдегi қозғалыстың алғашқы мән немесе жан деп қарастырылуымен сәйкес ұғым.

Шәкәрiм iрi ойшыл ретiнде ой мен сөздiң астарын адамнан жоғарғы жаратылыстың бастауынан iздейдi: «Шошыма достым сөзiмнен, Сөз құдайдан шыққан бу. Ұқпасаң көр өзiңнен, Жұтқызайын нұрлы су.

Бу сөзi бұл жерде метафоралық қызмет атқарып қана қоймай, көзге көрiнбейтiн ой ұғымымен пара-пар трансцендентті нұрлы суға теңелiп тұр. «Фаусттағы» «Мартаның бағы» атты көрiнiсте Фауст Сөздi – түтiн, дыбыс, құдайдың есiмi де сол сынды деп түсiндiредi. Ал шын түйсiнген адамға құдайды қалай атаса да:

Махаббат, бақыт, шаттық, жүрек деген -

Барлығы не десең де бiр-ақ сезiм .

Сондықтан, Гете «Сөздi» бiр мезетте «сөз-ой-күш-iстiң» бiрлiгi ретiнде ұқтыруға тырысса, Шәкәрiм «Сөз» арқылы: «Байлаймын да көзiңдi, Патса қылам өзiңдi.Ұғып отыр сөзiмдi, Ел билетем жетi ру, - деп, Сөздiң жетi қасиетiне: мейiрiм, ынсап, әдiлет, шыдам, шыншыл, харекет, ақ ниеттi жатқызады. Сөйтіп, Шәкәрiмде Сөз ұғымы – мән, жан, жанның Тәңiрден бiрге берiлген жетi қасиетi бар жаратушы. Егер, Шәкәрiм мен Гете жоғарыда айтып өткен ой мен сөздiң бiрлiгiн дәлелге алар болсақ, идеалистердiң ой дегенiмiз құдай деп қарастырып келген концепциясын да басшылыққа аламыз.

Шәкәрiмнiң ұстазы ұлы Абай Сөздiң үнсiз қалпы – ойдың бiр мезетте материалдық қалпы – бар болуға айналуын, сөйтiп, әлемдегi мәңгiлiк қозғалыстағы табиғаттың өмiрi болып қалыптасуын 38-ші қара сөзiнде Алланың бiр сипаты ғылым дей отырып: «... ғылымның бiр сипаты кәләм, яғни сөйлеушi деген: сөз – қарiпсiз, дауыссыз болушы ма едi? Алланың сөзi – қарiпсiз, дауыссыз. Ендi, олай болса, айтқандай қылып бiлдiретұғын және басар, сәмиғ, яғни көрушi, естушi деген. Алла тағаланың көрмегi, естiмегi бiз секiлдi көзбенен, құлақпенен емес, көргендей, естiгендей бiлетұғын ғылымның бiр сипаты. Бiрi тәкуин, яғни барлыққа келтiрушi деген сөз»,- деп түсiндiредi. Бұл жерде арабтың тәкуин сөзi болдыру, жарату, қозғалысқа келтiру мағынасында қолданылып тұр.

Құрандағы «Әнғам» сүресiнiң 73-ші аятында: «... Ол көктер мен жердi шындықпен жаратты. Ол: «Бол» деген күнi бола кетедi. Оның сөзi шын», – делiнген. Шәкәрiмнiң «Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде:

Бас қозғалыс қой – жанның атасы Ол жаратады гүрлеп,-

деп келетiн жолдардағы бас қозғалыстың – құдай-сөз-жан-мән бола-тындығына көз жетiп тұр. Ендеше, Алладан келген төрт кiтаптың бiрi – Iнжiлдiң Иоанн жазған Iзгi Хабар мәтiнiн оқып көрелiк: «Әуел баста Сөз болған, Сөз Құдаймен бiрге болған, Сөз Құдай болған».

ХХ ғасырдағы қазақ ақыны Шәкәрiм Сөз, Ой, Iстi бiр деп ұққандықтан Сөз – ажалсыз әскер, мәңгiлiкке өтудiң, әлемдi өзгертудiң ең зиянсыз қаруы деп түсiндiредi: «Қарумен қанша қатты ұрса да, Сөзiме жанның әлi келмейдi. Бұл дүние шыр айналып тұрса да, Ғаскерiм қартаймайды, өлмейдi» .

Шәкәрiмнiң қозғалысты – жан, мән деп анықтауы ХХ ғасырдағы iрi француз ойшылы философ, теолог, археолог, палеонтолог, антрополог, неотомис Теяр де Шарден Пъердiң қозғалысты: геогенез, психогенез, биогенез, техногенез, ноогенез деп бес түрге жiктеуiне сәйкес келедi. Жалпы, Теяр де Шарденнiң, В.Вернадскийдiң «ноосфера» – ақыл сферасы, «ноология» – грекшеден аударғанда рух жайындағы iлiмге сәйкес ұғымын Шәкәрiм «таза ақыл» деп тапқан:

Рух деген дiнсiз таза ақыл,

Мiнсiздiң iсi шын мақұл .

Әлемдi құдай мен табиғаттың пантеистiк тұтастықтағы өзгерiсi деп қарастырған Гете, қозғалыс жайлы өз ойын былай деп қорытындылайды: «Бiз тәжiрибемiзде байқайтын қандайлық реттегi болмасын барлық iс-әрекеттер үнемi бiр-бiрiмен байланыста өрiлген. Бiз бұны былайша атауға тырысамыз: кездейсоқ, механикалық, физикалық, химиялық, органикалық, психикалық, этикалық, дiни, данышпандық. Бұл мәңгi – Бiрлiк, көп түрлi анықталушылық». Шәкәрiм қозғалыс мәнiн осылайша саралау мәселесiн «Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде түсiндiредi: «Қозғаған қуат – жан деймiз, Жан өстi жаннан сан деймiз. Сол жандар әсер берген соң Жаралды сансыз тән деймiз. Жанына қарай тән солар. Өсiмдiк күннен алады ас, Күн суық болса түпке қаш, Дым тиiп, нұр кеп жылытса, «Өс тағы жайнап, көңiл аш!» - Дейтұғын жанда мән болар».

Осы шумақтағы «дым», «нұр» арқылы жанның әлемге «жайнап, көңiл аш» дейтұғын мәнiн сезiмдiк-заттық тұрғыдан басқа Шәкәрiм «бiлiм құдiрет шеберлiгiнде өлшеу жоқ себеп» деп, Гете Эрос – өмiрдiң жасампаздығымен бiрге бұл себептi «кемеңгер» деп анықтаған екен. Бұл тылсым құдiреттi ақын поэзия тiлiнде трагедияның 1-бөлiмiндегi Фаустқа Жер Рухының берген жауабымен бередi:

Өмiр дауылында, тұрмыс толқынында

Арпалысам, тербелем.

Өмiр-бақи бола бермек

Туу деген, өлу деген.

Өзгерген өмiр,

Құбылған көңiл.

Уақыттың ұршығын иiремiн,

Құдайлардың тоқимын киiмдерiн!

Гетенiң Фаусттың сөзiмен «Am Anfang war die Тhat» («О баста ең әуелi болған Жұмыс!») дейтiн тармағын Ф.П.Федоров, Г.Плеханов, М.Горькийлер марксистiк философияның негiзiн жақтаушылар ретiнде материалистiк тұрғыдан революциялық қозғалысқа пара-пар ұғым деп түсіндірсе, Гете шығармашылығындағы қозғалыс мәселесiн бiр жақты материалистiк тұрғыдан түсiндiруден гөрi Сөз бен Iстiң бiрлiгi ретiнде қарастырып, әдiл шешiмiн тапқан М.И.Бент «Гетеде Фауст «iс» түсiнiгiне (мынадай реттiлiк бойынша: сөз-ой-күш-iс) тоқталады. Мұнда әлi әлем жайлы материалистiк көзқарас жоқ. Бұл жерде ағартушы деизм рухында, канттық космогония рухында қозғалыс пен дамудың көзi ретiнде әрекет етушi ерiк туралы сөз болып тұр»,- деп жазады.

Гетенiң «Жұмыс» ұғымы құдайлық махаббаттың қозғалыстағы көрiнiсi, Шәкәрiм түсiнiгiндегi адамның құдайлық қасиетiнiң бiрi – «харекет» – деп топшылауымыз керек. Гетенiң жырлап отырған «О баста алдыменен Сөз жаралған!» деп басталатын өлең жолдарындағы «Сөз» әрине «тiл-қатынас құралындағы» сөз емес, Заратуштра пайғамбар негiзге алған «шапағатты ой», «шапағатты сөз», «шапағатты iстiң» бiрлiгi макрокосмдық үйлесiмде өмiр сүретiнiне пара-пар екенiн түйсiнемiз. Сондықтан Мефистофель Фаустқа:

Әдетте адам сөзге ден қояды, Ойменен, iспен ғана сен жоя бiл! , -деп ескертедi.

Шәкәрiм әулиелiктiң белгiсi деп «хақиқат – жардың нұрына малынып, рахатқа батып отыру емес», жер әлемiне оймен де, сөзбен де, iспен де ұлы өзгерiстi қоса енгiзудi айтады: өнер, ғылым үйренсең еңбек етiп, Мазақ болмай елдiкке жетер қолың.

Олай болса, қос ақын танымындағы «қозғалыс» түсінігі «жаратушыға керек қолғабыс» екенін олардың тұтастай шығармашылық әлемі дәлелдейді деп ойымызды қорытамыз.


ШӘКӘРІМНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЛИРИКАСЫ


(16-сабақ)


Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық

лириканың бұрын өріс алмаған

жаңа түрлерін қалыптастырып,

бұл салада үлкен жаңалық тапты.

Академик Зәки Ахметов.


Шәкәрімнің философиялық лирикасы ғылымда проблема ретінде қойылып, арнайы қарастырылған емес. Оның бірнеше себептері бар. Негізгі себеп, отандық әдебиеттануда, жалпы ұлттық мәдени шығармашылық пен ғылымдар контексінде (философия, филология, мәдениеттану, өнертану, теология, т.б.) алып қарасаңыз да қазақ философиялық лирикасын жанрлық түр ретінде арнайы зерттеген еңбекті кездестірмейсіз. Соның нәтижесінде, қазақ философиялық лирикасы - тамырын тереңнен тартатын ұлттық шығармашылықтың (сақ-ғұн-түркі-қазақ мәдениеті) негізгі өзегі ретінде орны айқындалмады. Әдебиеттануда арнайы мәселе ретінде қойылмады, философиялық лирика табиғатын айқындайтын ғылыми жүйе қалыптаспады, сондықтан жалпы көркемдік-эстетикалық, діни-танымдық бірліктің бөлшегі ретінде әр кезде аталып өтіп, жалпылай қарастырылатын.

Ал, отандық философия, мәдениеттану және теологияда да философиялық лирика ең алдымен ұлттық сөз өнеріндегі жанрлық жүйе екендігі назарға алынбай келеді, әркім қажетінше өз керегіне жаратып жүр. Қарастыратын себебі, қажетіне жарататын себебі философиялық лирика ұлттық дүниетанымның өнер, дін, философия сияқты тарихи қалыптасқан типтеріне тән қасиеттерді бойына жиған ерекше жүйе, сөз өнерінің ерекше жанры, яғни метажанр. Философиялық лирика ұғымы ғылыми айналымда бар болса, ұлттық сөз өнерінде де жанрлық түр, көркемдік жүйе ретінде бар болғаны. Ескерте кететін жайт, қазақ философиялық лирикасы шашыранды түрде болса да басқа мәселелер контексінде отандық әдебиеттануда қарастырылып келе жатқандығын терістемейміз.

Филология ғылымы аясында А.Байтұрсынов, Абай шығармашылығы аясында М. Әуезов, Шәкәрім шығармашылығы аясында айтар болсақ, З. Ахметов, Р.Бердібай, М. Базарбаев, Ш. Елеукенов, Ш.Қ. Сәтбаева, М. Мырхзахметұлы, Т. Шапай, Ғ. Доскенов арнайы зерттемегенмен философиялық лириканың қазақ сөз өнерінде барлығына әр кезде жанама түрде болса да тоқталып, атап өткен. Соның біразына шолу ретінде тоқталып өткенді ретті санаймыз: «...Абай өлеңге,..төр түгіл, тақтан орын берген.», «Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп, таяқтан тартынбаған. Хақиқатты хақиқат қалыбында, тереңді терең қалпында жазған. Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әр түрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін жазушы Ғалихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Луис Дрепер деген Европаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған.», «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1)ақылға, 2)қиялға 3)көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау.»; «Өзіндік философиялық системасы, жекеше философиялық еңбектері болмаса да Абайдың барлық мұрасын алғанда (лирикасы, поэмалары, қара сөздері) көп шығармаларында көрініп отыратын анық ойшылдық көзқарастар, терең толғаулар болады. Бұлар міне, қатты ескеріліп, анықтап зерттеліп отыруға керек. Және осындай ойшылдық белгілерін жеке философиясы деп атамасақ та, ақынның даналық, философиялық көзқарастары (философские взгляды) деген түрде, мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдай білуіміз керек.»; «Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты.», «Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сарын күшті.», «Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты.», «Шәкәрім лирикасының түрлік, мазмұндық сан-сала жаңалығын сөз ету арнаулы зерттеулер сыбағасы болмақ.», «Абай дәстүріндегі поэзияның биік мәдениетін, алғырлығын, философиялық түйін-толғанысқа деген қабылетінің молдығын байқаймыз.»(6,53). «Қазақ ақынының «таза ақыл», «ақ жүрек» дейтіні жай бір қысыр кеңес емес, оның адамгершілік философиясынан тарайды.». «Шәкәрім Құдайбердиев табиғат, қоғам, адам туралы көп толғаныс-тебіреністер, философиялық тұжырымдар жасаған.». «Сопылық поэзиядағы осы ұғым Шәкәрімнің философиялық лирикасында шартты ұғым ретінде берілетін.», «Абайдың лирикалық Тұлғасы – ақынның дара болмысынан, дербес сана, бүтін дүниетанымынан бөлініп-жарылмаған бірегей-тұтас құбылыс.,..Шәкәрім тұлғалаған «мен»...Абай сомдаған тұлғаның рухани тұрғыдағы тікелей жалғасы болып келбет алды,».

Философиялық лирикаға отандық ғылымда алғашқы анықтама «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» берілді: «Философиялық лирика – лирикалық тақырыптық табиғатына, мазмұндық-идеялық тұрғыда жіктелуіне байланысты туған ұғым. Философиялық лирика термині әдебиеттануда жиі ұшысырасатындығына қарамастан, ол туралы дәйекті, тиянақты байлам жоқ.,..Ғалам сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағы – адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, ақындар мен философтарды бірдей ой азабына салған мәселелер.,..Тәңірі нанымы мен исламның тоғысынан туындап, өзгеше сыңайда кемелденген халықтық философия аңғарындағы терең ойлы шығармаларға мейлінше бай қазақ поэзиясында қазіргі түсініктегі философиялық лирика Абайдың өнер намысынан басталады. Шығыс пен батыс философиясын көп зерделеген Шәкәрімнің философиялық лирикасы, Мағжанның осы бағыттағы өлеңдері төл поэзиямызда философиялық лирика жазу үрдісінің біржола орныққанын әйгіледі».

Көрініс тапқан мол мысалдағы ой-тұжырымнан шығатын қорытынды, ұлттық сөз өнерінде, жалпы қазақ поэзиясында, Абай, Шәкәрім поэзиясында философиялық лириканың барлығы, оның орныққаны. Шәкәрім поэзиясында философиялық лириканың барлығын Зәки Ахметов, Мекемтас Мырзахметұлы және Ғалым Доскеновтердің атап айтқанын жоғарыдағы мысалдар айғақтайды. Бұл пікірлердің барлығында құнды пайымдар бар, дегенмен мәселенің басы ашық қалып отыр.

Сонымен философиялық лирика дегеніміз не? Тіпті кейіннен, Шәкәрім лирикасында философиялық терең толғаныс бар дегенді жалқаудан басқаның бәрі айтты. Мәселені басқаша қою керек сияқты. Ол, бар нәрсені танудың жолы. Философиялық лириканы толықанды танудың, кешенді талдаудың жолдары қандай? Философиялық лириканың көркемдік құрылымының ерекшелігі қандай? Лириканың басқа түрлерінен ерекшелендіріп тұратын қасиеті қандай? Мәселе, оны түстеп тануда болып отыр. Философиялық лириканың табиғатын танытатын, сипатын айқындайтын ерекше көркемдік-эстетикалық, діни-танымдық, мәдени-әлеуметтік элементер, факторлар, негіздер, белгілер қандай? Міне, соған мән беріп, назар аударғанымыз жөн болар. Осы бағытта ойланып көрейік.

Біздің ойымызша, осы мәселеде әдебиет пен өнер теориясы, дін мен мәдениет теориясы және философия теориясы ортақ методологиялық принциптерді айқындап, өзара «келісім-шартқа» отыруы керек сияқты. Әйтпесе, Шәкәрім шығармашылығын зерттеуде «әркім бір-бір талын ұстап» анығы осы деп жүр. Шәкәрім өнерді де, дінді де, философияны да бір-біріне қарсы қоймаған, терістемеген. Таза ақылмен тануға ұмтылған. Шәкәрімді шектеп, өзіне тарту, басқаны терістеу үрдісі қазірде бар. Шәкәрім – данышпан, оны зерттеуде береке-бірлік, жүйелі зерттеу методологиясы керек. Философиялық лирика жайында әңгіменің жалпылама ғана айтылуы, оның көркемдік, эстетикалық, танымдық, жанрлық табиғатын бірлікте қарастыратын, талдау жасауға мүмкіндік беретін ұғымдық-терминологиялық жүйенің бүгінде қалыптаспағанын көрсетіп отыр. Философиялық көркем сөз өнерін, онда көрініс тапқан ұлттық-адамзаттық құндылықтарды контексте жүйелі тануға мүмкіншілік беретін ғылыми модельдің жоқтығы, Шәкәрімнің философиялық шығармашылығына бетпе-бет келгенде айқын көрініс тапты.

Мәселен, жоғарыдағы «философиялық толғаныс бар», «ойшылдық басым», «философиялық сарын күшті», «философиялық түйін мол», «халықтық философия аңғарындағы терең ойлы шығармалар» деген пайымдар, әрине, жанрдың табиғатына берілген баға, жақсы баға. Бірақ, осы талдап-тануда философиялық лирика табиғат лирикасынан, немесе басқа да лириканың жанрлық түрінен күшті, артық деген баға жасырынып тұрса, бұндай позициядағы талдау философиялық жанр табиғатын тануға жол ашпайды. Бұндай тұжырым лириканың басқа жанрлық түрлері философиялық лирикадан көркемдік-эстетикалық жағынан әу бастан төмен деген сияқты ойға жетелейді де, оның табиғатын тану жолынан адастырып әкетеді. Лириканың барлық жанрлық түрлері, сөз өнерінің басқа да жанрлары көркемдік-эстетикалық қуаты күшті болса, жанрлық ерекшелігіне қарамай-ақ, ұлттық-адамзаттық құндылыққа айналмақ. Оған мысал көп. Абайдың, Гетенің табиғат лирикасы т.с.с. Өнердегі көркемдік-философиялық үрдісті көркемдік шеберлік, поэтика аясында ғана қарастырмай, дүниетанымдық мәнде, көркемдік ойлау мәдениетінің қуаты ретінде де қарастырған абзал

Философиялық лирика - тақырыптық-мазмұндық жағынан, лирикалық поэзияның азаматтық лирика, көңіл-күй лирикасы, саяси лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, әлеуметтік лирика деген сияқты дараланған жанрлық түрі екені айқын. Оны лириканың басқа жанрлық түрлерінен «сыршылдықтан ойшылдығы басым, философиялық сарыны күшті» болуы мен «ғалам сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағын» тануға ұмтылысы дараландырып тұр. Яғни, ойшылдық. Басқаша айтсақ танымдық аспектісі дараланған, поэзияда осы танымдық бейнеленіп берілген. Шәкәрімнің осы бағыттағы өлеңдерін қай ғылым саласы қарастырмасын жанрлық табиғаты жағынан философиялық лирика деп тануы шындыққа жанасымды. Философиялық лирика - көркем философия мен сопылық поэзияның және өнер философиясының да объектісі. Діннің де, философияның да, басқаның да бастауында сөз өнері (миф,т.б.) тұрғаны туралы ғылымда неше мәрте айтылған. Философиялық лирика көпқабатты (көркемдік, эстетикалық, танымдық, діни аспектісі астасқан) жанр. Және, Шәкәрімнің философиялық лирикасы жанр болғанда – сыр сөз, хикмет, трактатқа тән сенім мен танымның негізін бойына жиған барлықты(болмысты) көркемдік шындық арқылы бейнелеп келе жатқан және ұлттық-адамзаттық құндылықтар жүйесіне негізделген қазақ сөз өнеріндегі метажанр. Мұнда танымға сенім үндескен. «Өзіңді өзің таны» дейтін антропологиялық философияның концепциясы мен «Өзіңді өзің танысаң, Жаратушыңды да танисың» Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар хадисінің шынайылығы, Құран Кәрімнен бастау алар Ислам санасы, ізгілік жолы Шәкәрім шығармашылығында ерекше көрініс тапқан. Жаратушының барлығы және мәңгілігі туралы идея, дүниенің тұтастығы мен антропологизм, адамның тұлға ретіндегі құндылығы ақын Шәкәрімнің философиялық лирикасында кең өріске шыққан. Шәкәрім шығармаларында автобиографиялық жад аса қуатты, онда өткен өмір тізбектеліп айтылмайды, одан ақиқатқа бастайтын даналық ой қорытылады. Ақынның «Мұтылғанның өмірі» деген автобиографиялық көркем шығармасын Ғарифолла Есімнің «Мұтылған» философиясы деп қарастыруы кедейсоқтық емес. Шәкәрімнің философиялық лирикасына иек артқанда, философ, мәдениеттанушы, теолог, филолог барлығы, оны ең алдымен қазақтың ұлттық мінезін, барлығын(болмысын) контексте танитын ұлттық сөз өнерінің үлкен жанры, ерекше метажанры деп қарастырғаны ләзім. Философиялық лирика, көркем философия, жалпы сөз өнері - ұлттық дүниетанымның, қазақ философиясының бастауында тұрғаны жайында қазірде нақтылы айтыла бастады. Мәселен, Ғарифолла Есім «...халықтық, ұлттық дүниетанымның табиғи-тарихи арналары қайсы дегенде, мен бұл мәселені халықтың сөз өнеріне қатысты қарастырмақпын...», немесе, «Ұлтық дүниетанымның бастауы қайда? Бұл тұста мынаны айтса жөн: қазақта эпос, жыр, ертегі, айтыс, аңыз, өлең тағы басқалары жетілген халықтық өнер жүйесі бар.», немесе, «Осының бәрінен ұлттық ойлау, дүниетанымы көрініс береді. Соларды философияның объектісі етіп жиынтықтап, саралай зерттей бастағанда, қазақ философиясына тән, қазақша ойлау үлгісін сипаттайтын ұғымдар айқындала бастайды.», - дейді.

Сол, қазақша ойлау үлгісін сипаттайтын ұғымдар, философиялық лириканың, Шәкәрімнің философиялық лирикасының табиғатын айқындайтын көркемдік-танымдық негізгі факторлар болып отыр. Оның ұлттық мәйегі аса қуатты. Шәкәрімнің философиялық лирикасындағы, жалпы көркем философиясындағы көркемдік-танымдық, діни-теологиялық ұғымдар, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ұлттық мәдениетіне, өнер философиясына ренессанстық құбылыс болып келген ұғым-категорияларындай болашақта ықпал етері анық деп танимыз. Мәселен, Шәкәрімнің философиялық лирикасында танымның құрылымы, көпаспектілілігі, гнесологияның, антропологиялық философияның категориялары, мәдениет категориялары - ұлттық ойлау үлгісінде бейнеленіп, қозғалыста, қарым-қатынаста берілген. Сондықтан олардың табиғаты ашыла түскен. Мәселен, ақиқат, адам, жан, тән, барлық(болмыс), анық, ақыл, жүрек, көңіл, ынсап, сыр, нәпсі тағы басқа ұғымдар жүздеген рет қайталанып келіп, түрлі контексте беріледі. Теологиялық, немесе сопылық поэзия категориялардың молдығы, олардың философиялық лирикадағы орнының ерекше екенін көрсетеді. Шәкәрімнің философиялық лирикасының жанрлық табиғатын ашатын тағы бір фактор, осы категориялардың поэзиялық «сюжетке» объекті болуында, және көбіне көп қарсылықты берілуімен ерекшеленеді: дүние мен өмір, анық пен танық, махаббат пен құмарлық, ашу мен ынсап, талап пен ақыл, жан мен тән, рух пен нәпсі, мақтау мен сөгіс, міндеу мен күндеу, қараңғы мен жарық, т.с.с. Сонымен, философиялық лирика танымдық пәні жағынан философияға жақын. Философияның пәні категория болса, соның табиғатын тану, сол арқылы дүниені, адамды тануға ұмтылса, философиялық лирика осы пәнді бейнелеп береді, көркемдік жолмен таниды. Яғни, көркем философияға жол ашады. Алайда, көп жылдар ұлттық мәдениетте «ақтаңдақтардың» болуы, кеңестік идеологияның «шідері» ұлт мәдениетінің кешенді зерттелуіне кері әсерін тигізді. Бір қызығы, осы кезеңде өсіп шыққан, уызға жарымаған, мәйектен ажыраған «мәңгүрт-маригиналдар» қазірде ұлт мәдениетін желе зерттеп, елдің алдына түсті. Былық көбейді. Бұл да дерт. Дегенмен, ұлт мәдениетінің барлығы(болмысы) ұлттық дүниетаным мен философияға өз жолын нұсқары анық. Ұлттық танымдағы философтардың ұлттық ойлау үлгісін сөз өнерінен іздеуі тегін емес. Бұл соншалықты үлкен жаңалық та емес, тарихта оған мысал көп. Философ В.Ф.Асмус бұл мәселе туралы былай дейді: «Платон излагал свои философские и научные идеи в литературных произведениях.,..греческие философы и ученые постоянно излагали свои воззрения в стихах». Классикалық шығыс поэзиясы мен фалсафа, сопылық поэзия мен философия үлкен жолда талай «диалог», яғни сұхбат құрған. Алайда ұлттық әдеби туындыны қазірде әркім қажетінше өз керегіне жаратып жүргенімен, оның тегінен жеру сияқты үрдіс те кейде қылаң беріп қалады. «Бетсыдырғы білім мен тамыры келте танымның тісі батпайтын Шәкәрім бабамыздың сыр сөздері - әдеби туынды ретінде ғана қарастыруды қанағат қылмайтын рухани мұра»,- деген пікір. Жалпы алғанда, Е.Жиенбайдың «Абай руханияты» мақаласы терең танымды, соны мақала екенін атап өткіміз келеді. Тек, әдеби туынды деген ұғымға қатысты ойына пікір айтпақпыз. Шәкәрімнің сыр сөздері (яғни өлеңдері, поэзиялық шығармалары) рухани мұра екені рас. Алайда, тегіне қарасақ, Шәкәрімнің философиялық лирикасы нағыз әдеби туынды, және көркемдік-эстетикалық, діни-танымдық стилімен ерекшеленетін поэзия жанры екені тағы рас. Сөз өнері - қазақтың көрнек өнері ғана емес, танымдық ойының басында тұрған рухани мұра. Шәкәрім өлеңдеріне ең алдымен әдеби туынды деп қараймыз. Ақынды ақын дейміз, өлеңді өлең дейміз. Ал оның қуаты адамзатқа рухани азық. Ғылымға жол. Поэзияның жанры, философиялық лирикада «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін абсалютті ақиқат туралы сенім де бар, «Шала дін мен қате пәннің соңынан ерме, шынға ер» деп келетін таным да бар. Біздің философиялық лириканы метажанр дейтініміз сондықтан.

Енді, сол философиялық лириканың біреуіне тоқталайық. Біздің пайымдауымызша Шәкәрімнің кемел жасында жазған «Ойлаңыз, ақыл, білім қайда болмақ…»деген өлеңі философиялық лирикаға жатады. Шығармада ақынның тұтас поэзиясындағы поэтикалық контексте қайталанып келетін күретамыр тақырыбы - дүниетанымдық концепциясы көрініс тапқан. Шәкәрімнің қазақ философиялық лирикасын мол биікке көтергенін байқататын өлеңі. Дегенмен, әр өнер жанрының табиғатын айқындайтын көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, стилі болады дедік. Оны ескермеске болмайды. Өлеңді Аристотельдің «Метафизикасы» сияқты еңбек танып, талдап кету сәтті болар ма екен? Өйткені, философиялық лириканың ең алдымен көркем шығарма екенін естен шығармауымыз қажет. Ақын өлеңіне «Анық пен танық» деп тақырып қояды. Анық – Шәкәрімнің қазақ философиясына енгізген концепткатегориясы. Ұғымды кең қарастырайық. Шәкәрім осы ұғымды алып өлең ғана жазбаған, ғылыми еңбек те жазған. Оған «Үш анық» философиялық трактаты дәлел. Онда философ Шәкәрім түйіп айтсақ «дүниені Жаратушының жаратқандығы» - анық, «адамның барлық рухани қасиеттері жаннан шығатыны, Жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығы» - анық, «адам жанынының азығы, Ұждан» - анық» деген тұжырымдама жасаған. Бұл – философиялық трактат, яғни ғылыми еңбегіндегі тұжырым. Ғалым Б.Рақымжанов алғашқы боп өз зерттеуінде «бірінші, екінші және үшінші анық деген жоқ, үш анық бар деп» осылай жүйелейді(17). Ал, Шәкәрімнің осы, басқа да категория-ұғымдарды көркем шығармада алудағы мақсаты не? Мың жылдық тарихы бар сопылық поэзияның оқырманға(тыңдаушыға) ықпалын білетін суреткер танымдық ойын жеткізуге осы дәстүрдің жетекшілік атқаратынын білген. Лирикалық шығармасында Анықтың жанына Танық ұғымын қояды. Танық - көркем шығармадағы негізгі ұғым-бейне Анықтың табиғатын ашу үшін қажет. «Есінен тану», «айтқанынан тану» деген ұғымдар бар, соған жақын алынған Танық ұғымы адамның бойындағы жағымсыз қасиеттердің жиынтық атауы - философиялық макрокатегория. Бұл жағдайда Анық пен Танық шендестіріле берілген метафоралық символ. Көркем шығармадағы философиялық таным. Мағжанның махаббат лирикасындағы «...нәзік талдай беліңнен,,..тәтті балдай тіліңнен» дегендей әсем теңелмейді. Бұл махаббат лирикасының көркемдік-эстетикалық қуаты. Бұл әлсіздік емес, махаббат лирикасының даралығы. Ал, философиялық лирикада Анық дегеніміз не? Соның мәні, структурасы талданып-бейнеленеді. Концепт-ұғымның теңелмей шендестіріле берілуі философиялық лириканың көркемдік-эстетикалық табиғатының көрінісі, лирикада ұғым-бейненің категориялық берілу тәсілі. Философиялық лириканың өзегінде негізгі ұғымға қарама-қарсы ұғым берілу тән дедік, сол лирикалық сюжет құратын «оппозициялық» категория арқылы автор өз концепциясын, бірінші ұғымның «көркемдік-танымдық» бейнесін ашуға ұмтылады. Кейде «тану» ұғымына етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосымшасы қосылу арқылы болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын жасайды да, мағына өзгереді. Жағымдылық реңк алады. Мәселен, «Танбаймын шәкіртімін Толстойдың» дегендегі танбау, «Танық» ұғымына қарама-қарсы келіп, «полярлы» мағынаға ие. Бұл философиялық лириканың грамматикалық аспектісіндегі көріністер.

Шәкәрімнің философиялық лирикасындағы танымдық ұғымдар, «ойын-күлкі», «ғашықтық-құмарлық», «ақыл-жүрек-қайрат» сияқты ұғымдарды жаңа сапаға көтерген Абай дәстүрінің өрелі жалғасы. Философиялық лирикаға тән шығарма тақырыбында берілген автордың көзқарасы өлеңнің алғашқы шумағында айқын көрінген: «Ойлаңыз ақыл, білім қайда болмақ, Денеде қандай орын, жайда болмақ? Білу, нану, ұнату – ақыл ісі, Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?». Өлеңнің алғашқы шумағындағы екі тармақ екі сұрақ-сауал түрінде берілген. Сұрақ-сауалдың мазмұны - ақыл, білімнің орны қайда, сол ақылдың ісі қайтсе пайда, қайткенде зиян. Субстанциальды мазмұнға ие негізгі ұғымның мәнін айқындауды басты мақсат еткен философиялық өлең осындай ойтолғаммен басталады. Лирикалық кейіпкер, авторлық «Мен» шегініс жасап, бейтарап күйде қалған. Биографиялық сигналдарды автор саналы түрде алып тастаған. Ал, автордың концепциясы - осындай концепт ұғымдарды біріктіре, рационалды айқындылықпен негізгі идея-ұғымға қарай ой желісінің жылжуынан байқалады. Келесі шумақтар ширап, ақын ойы магистралды арнаға қарай жылжып отырады. Екінші шумақтың өз мотивациясы бар: «Тән – сезіп, құлақ – естіп, көзбен көрмек, Мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, Жақсы, жаман әр істі сол тексермек». Философиялық лирикада лирикалық кейіпкер мейлінше жасырылған. Философиялық лирикада автор ойының қозғалысы берілген «ұғым-бейненің» мәніне бағытталған. Субъектінің санасы дараланған, бірақ эмоциональды-психологиялық нақтылықта көрініс таппайды. Ол өлеңнің ситаксистік конструкциясынан да байқалады. Сыртқы қалып пен ішкі мазмұнның гармониясы өлең мақсатын тануға жол ашқан. Мақсатты келер шақтық құрылым (болмақ, көрмек, тексермек, қозғалмақ, оңбақ, асылмақ, сатылмақ, атылмақ т.б.) лирикалық тұлғаның мақсатынан хабар беріп, адресатты айқындауға да қызмет етіп тұр. Лирикалық кейіпкер лирикалық тұлға деңгейіне көтерілген. Философиялық лирикада автор оқырманды сол ұғымдардың мәніне, адам денесінің бес сезімі арқылы білінген нәрсенің қайда барарына бағыттайды. Ақын Шәкәрімнің бейнелік ойы, философ Шәкәрімнің танымдық ойымен үндесетін, өзінің философиялық трактатындағы Анықтың мәніне, антропологиялық философия мәселесіне сәйкес келетін сәті осы. Шәкәрім «Үш анық» философиялық трактатында: «Енді бір кесел; 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Огюст Конт деген адам: Физика жолымен анықталмаған, метафизика нәрсені білем деп әуре болмайық. Дене сезімімен барлығы табылған нәрсені ғана шын деп білейік деген бір жол шығарып, оған «позивитивизм» деп ат қойған. Соған нанып қалып, сол жолға түсіп, дененің бес сезімі арқылы білінбеген нәрсені бір жола жоқ деп қоятын болған. Сөйтіп жанның ең қасиеті – терең ой, ноқтадан сау ақылын арқандап қойып, жанын тани алмай қалған», -деген. Яғни, бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы, жаман екенін ақылға салып тексермек, билік жүректен шығарылмақ. Маңызды мәселелерді поэтикалық ойтолғаныстан өткізу Шәкәрімнің философиялық лирикасының стилі. Ақылға салмай, ықтималмен, өлшеуге алмай, нәпсінің ұнатқанымен жүргеннің қайда ұрындырарын Шәкәрім өлеңде дәл бейнелеп берген: «Нысананы сығалап, дәлдеп атпай, Көзін жұмып оқ атқан қайтіп оңбақ». Философияда «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, жүрек көзімен көреді» дейтін Шәкәрім ақылға салып, жүрекке өлшетпеген күйдің байлаусыздығын өлеңінде көркемдік-эстетикалық таныммен ашады. Ақын ақылдан ойға, ойдан жүрекке ойысады. Ғылымда негізгі салмақ ақылға түссе, поэзияның негізгі тірегі жүрек болмақ. Ойтолғамнан шешім шығармақ сәттегі ар мен ұяттың ұясы жүректің мәніне Шәкәрім үш мәрте тоқталады: «Дәл солай қалайын деп, ұнағанда, Ғаділетті жүрегің бір қозғалмақ», «Бар билік сол жүректен шығарылмақ», «Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол, Ұғып ал да бола гөр соған көмек». Шәкәрім өлеңінің мәйек-ядросы жүрек болып, негізгі ой соған бағытталған. Абай «Он төртінші қара сөзінде» жүрекке қаратып: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?,..Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Асықтық та –жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады»(20) деген. Ал, он жетінші қара сөзінде де қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің өнерлерін айтысып, таласып келгенде, ғылым «Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп Кітаптың айтқаны осы» - дейді. Бұл, философиялық трактаттағы тұжырым. Ислам дінінде, Құран Кәрімде жүрек – негізгі тірек. Шәкәрімнің философиялық лирикасында да жүрек – негізгі макрокатегория. Шәкәрімнің ақиқатқа жетуге, хақиқатты тануға бағытталған философиялық трактат-еңбектеріндегі ойтанымы, философиялық лирикасында бейнелілік жолмен дами жалғасын тауып, үндесіп жатады: «Жасырып тұр Жар өзін, Бас көзімен қарама, Жүрегіңнің көзін аш, Жанның сырын арала», т.б., т.с.с. Абай қалыптастырған философиялық лириканың дәстүрін Шәкәрім дамыта жалғастырды дегенде, осы тақырыпта жазған шығармаларының мазмұндық сыры мен пішіндік тұрпатынан да реминиценциялық өзгеше үндестік табамыз. Мәселен, «Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек»(21, Абай), «Арсыз, арам, асығыс, айлакерлік, Мұның бәрі шайтанның досы болмақ»(Шәкәрім). Екі өлеңде де Ар ілімі, адал рухани таза жолмен жүрмеген пендені не күтіп тұрғаны соңғы түйін-сентенция шумақта шешімін табады. Абайда «Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек» болса, Шәкәрімдегі үкім одан да қатал: «Құдай кешер, алла деп күнә қылмақ, Ар кетіріп, ант ішіп, жан сатылмақ, Не жалғанда, немесе ақиретте, Оңалмастай өкпеден бір атылмақ». Лирикада қандай да бір сюжет болмайды дегенмен, философиялық лирикадағы берілген ұғым-категория өзегінде мазмұн бар. Философиялық лириканың өз «сюжеті» бар дейтініміз сондықтан. Философиялық лирикада категориялық ұғымның мәні анықтамалық жолмен берілмейді, бейнелік жолмен ашылады. Шәкәрімнің философиялық лирикасы тұтас көркемдік-эстетикалық, діни-теологиялық, әлеуметтік-тарихи құбылыс. Осы өлеңде суреткердің адамгершілік позициясы, ар ілімі көрініс тапқан. Ақынның толғаныс пен ізденіс, қиялының поэтикалық қорытындысы, дүниетанымдық мәнде, көркемдік ойлау мәдениетінің қуаты. Сәттік толғаныстың жемісі емес, жүйелі көркемдік-эстетикалық танымның жемісі. Шәкәрімнің философиялық лирикасы ұлттық рухқа ие. Қазақ ұлттық философиясының концептсферасы. Пәні - философиялық антропология. Шәкәрім философиялық ойын сөз өнері формасымен берген. Философиялық лирика философияға пәнді тану жағынан жақын келеді. Жеке адам емес, әркімге, кез-келгенге айтылатын ұғымды таныту, оның адамдық сапасы, адамзат мәселесі. Философиялық лирикада субъектінің санасы мәтінге сіңіп кеткен, кейіпкер ретінде (болыс,т.б.) объектіленбеген. Барша адамзатқа қаратылып айтылған. Шәкәрімнің философиялық лирикасының негізгі идеясы – адамдық сапасы, ар ілімі деген ойдамыз


ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ «ҮШ АНЫҚ» ЕҢБЕГІ – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТРАКТАТ

(17-сабақ)


«Үш анық» трактатында Шәкәрім ұждан мәселесіне төтенше мән бере қарайтыны бар. Ынсап, әділет, мейірім үшеуі ұждан ұғымын құрайды. Өйткені «Ұждан – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылай береді. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты бір керегі – совесть – Ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады». Яғни, Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік дариясының барсакелмес қайығына мінеді.

Шәкәрім осы мәселе арқылы өзінің «Үш анық « философиялық еңбегіндегі «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді» деген тезисін қуаттайды. Шәкәрім өзінің қара сөзінде «Бір адам сайтанға махаббат көзімен қарап әдеттенсе, аздан соң сайтанды біржолата періште деп біліп, жанына өлшеген асық жар қылып алады да, Жүсіптей нұрлы сұлудан қара қоңыз бен жыланнан жиренгендей жиренетін болып, өз қылығын өзі сынай алмай қалады»,-дейді. Сондықтан жүрек ақылды тұмшаламауы тиіс, оны саралар ақыл көзі әрдайым ашық болмағы дұрыс. Ол Шәкәрімше ынсап арқылы мүмкін болады.

Осындай нанымдағы пенделерге қарап Шәкәрім:

Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,

Екі өмірдің азығы – осы Ұждан

Шын нану – ақылымен қабылдауы,

Қалады зұлымдықтан сөйткенде адам, -

деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де рухани азығы: ынсап, әділет, мейірім сияқты ақыл адами қасиетті әрбір саналы адам жастайынан бойына ұялату жолында болуын ескертеді. Өйткені «Ар түзер адамның адамдық санасын» деп, Ұждан ұғымына зор мән бере қарағандықтан:

Шын таза жан тазалықпен

Тәңірісіне барады ол.

Мейірім, ынсап, әділеттен

Ағызам деп нұр бұлақ!-

деп, өзі қойған екінші сұрағына жауап береді.

Шәкәрім 1898 жылдан бастап түп иені танып-білумен ол жолдағы пайда болған жантану іліміне терең бойлау бағытына біржолата бет бұрып, қорытқан ой байламдарын:

Қырықтан соңғы иманым,

Отыз жылдай жиғаным, –

деп, отыз жылдық іздену жолындағы қол жеткен ой желісінің негізін «Үш анық» деп аталатын философиялық қолжазбасында желілі жүйеге түсіріп, баяндап берді.

Шәкәрім түпиені танып-білу мен жантану іліміне өзіндік қайталанбас ой-пікірлері мен қорытынды ой-танымдарын ұсына отырып:

Кейінгі жандар қабылдар

Айтылған түзу жолымды, –

деп, келешек заман жастарына өз рухани мұрасын аманат етеді. Әрине, Шәкәрімнің түзу жолы – бүгінгі біздің арман қуған тәуелсіздік замандағы рухани жолымызбен үндестік табуымен бірге заман талабына да сай келіп тұр. Өйткені қазіргі үшінші мыңжылдықта ғылым адамгершілік пен діни бастаулардан желі тартып, дін ғылымиланған кезде өз мәнімізді яғни жанымызды Шәкәрім меңзеген жолмен ғана тани алмақпыз.


МАХАББАТ - ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

(18-сабақ)


Махаббат мәселесі кез-келген заманда, елде өзінің рухани құндылығын жоғалтпаған. Себебі махаббат адамзатпен бірге жасасып келеді. Махаббаттың пайда болуы мен дамуы адаммен және адамзат қоғамымен бірге көрініс беріп келеді. Қоғамның дамуына байланысты махаббат туралы түсініктер өзгеріп отыратындығына қарамастан халықтың тарихы мен дәстүріндегі махаббат ұғымының мәні мен табиғаты жұмбағы көп өзекті мәселе болып қала береді. Шығыс поэзиясы мен қазақы дәстүрлі түсініктер негізінде қалыптасқан махаббат философиясына қатысты рухани құндылықтар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Мақпал қыз» және тағы да басқа лирикалық дастандар мен ұлттық фольклорға сіңісті болған жеті ғашықтар туралы жырлардан ғашықтық мәселесі қазақ халқының ұлттық дүниетанымында да өзекті екендігін көреміз. Сондықтан махаббат ұғымын әр елдің әйгілі философтары Платон, Әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям, Қожа Ахмет Иассауи, Кант, Бердяев, қазақ жыраулары, Абай, Мағжан және тағы басқа ойшылдар бұл сезімді өздерінің дүниетанымында әр қырынан көрсеткен. Өзінің «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ пен Айсұлу» және атақты Физули ақын ізімен, немесе шығыс дәстүріндегі «Нәзира» үлгісімен жазылған Шәкәрімнің төл туындысы болып табылатын «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарында оның махаббат мәселесіне терең үңілгенін көреміз. Ол өзінің шығармаларының кейіпкерлері арқылы өзінің рухани дүниетанымынан хабар береді. Кейіпкерлердің жан толғанысы, жан азабы, сезім буырқанысы арқылы, оның адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынасын бейнелей отыра автордың басқаларға қандай тәлім бермек болғанын пайымдауға болады. Мысалы, «Ләйлі-Мәжнүн» жырындағы Ләйлінің хатында терең танымдық дүниелер, ойлар үлгісін көреміз:

Қарағым! Мен өлді деп қайғы жеме,

Білемісің жан өлмейді, өлер дене.

Келгенде амандаса бейітіме,

Сөзіңді айт тірідегі, өлді деме,-

деген Ләйлінің сөзіндегі «Білемісің жан өлмейді, өлер дене» деген сөзінен ақынның дүниетанымындағы жан және тән (дене) мәселесіне қатысты дүниетанымының түйінін көреміз. Шәкәрім түсінігінде жан өлмейді.

Материалисттік көзқарастағы ғалымдар жан деген жоқ, олар үшін жан метафора. Оның кеңістіктегі орны қайда дейді. Платон мен И.Кант жанды субстанция, жан шындық, бірақ көзге көрініп, қолға ұсталатын материалдық шындық емес дейді. Мәселенің қиындығы, күрделілігі мен өзектілігі де, адаммен бірге жасайтындығы да осында. Шәкәрім көзге көрінбеген нәрсені жоқ деуге болмайды, жан жоқ болса спиритизм, телепатия, магнетизм сырларын қалай түсіндіреміз деген сұрақ қояды. Егер бұл нәрселер бар болса, оны зерттеу қажет. Себебі ол өздігінен өзі болмақ емес қой дейді. Жанның өлместігін, тәннің құр ғана жанның сауыты екендігін айтады.

Ләйлі мен Мәжнүннің махаббатында қуаныш пен күйзеліс сезімі қатар жүреді. Себебі, махаббат әр кезде де қасірет, азап шегумен байланысты болады, ол тән азабы емес, жанның ұмтылысы, құлшынысы, адамға рух беретін, өмірінің мазмұны мен мәні болатұғын сезім. Махаббаттың эстетикалық қыры сүйген адамға ол өмірлік күш беріп, тәтті сезім толқынын тудыратын, қуаныш пен қасірет шегу сияқты ішкі жан әлемінің қарама-қайшылығын тудырып, эмоционалдық буырқанысты тудырады. Мұндай сезім көрінісі Шәкәрім шығармасында да көрініс береді. Мәжнүн Меккеге барып Алладан:

Шығарма Ләйлі дертін жүрегімнен,

Айырма ғашық отын сүйегімнен.

Зарлатып өмірімде күйіп-жанғыз,

Өзімнің болды дейін тілегімнен.


Ләйлінің мен атасам құрметті атын,

Көңіліме қатты бекіт махаббатын.

Жолдасым-бейнет болсын, жауым-рахат,

Көз тартқыз ғашықтықтың михнатын.


Күн сайын рахатымды қашыра бер,

Дертімді жалындатып асыра бер.

Көп жүргіз, бейнет көргіз, жасымды алма,

Қайғының ең ауырын басыма бер!-

деп жалбыранады. Бұл буддизм танымындағы махаббат-азаптың көзі, сондықтан одан құтылу қажет дейтін түсінігінен өзгеше, керсінше ол Алланың адамға берген нұры, адамға ғана берілген құдайдың сыйы, адамның өмірінің мәні екендігін Шәкәрім Мәжнүннін дұғасы арқылы айтады. Махаббат үшін азап шегу қарапайым адамдардың маңдайына ғана жазылмаған, ол үшін қасірет шегу пайғамбарларға да тән қасиет екендігін «...Адам ата, хақ, пайғамбар, айырылып Хауанадан болыпты зар» деп көрсетеді. «Махаббатсыз-дүние бос, хайуанға оны қосыңдар»,- деп Абай айтқандай, махаббат тек адамдық ұлы сезім. Әрине моногамия кей жануарларда да бар, дегенмен ол инстинктпен және тіршілік үшін күреспен ғана байланысты. Абай өзінің қырық бесінші қара сөзінде: «Адамшылықтың алды-махаббат, ғаделет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ. Ол- жаратқан тәңірінің ісі»,-дейді. Шәкәрім махаббат Алланың ісі екендігін Ләйлінің Мәжнүнге жазған хаты арқылы көрсетеді:

Жаратқан алла мені бір сен үшін,

Жаралған жан едің ғой сен мен үшін.

Алланың бекіткені бұзыла ма,

Бұра ма құдай ісін пенденікі»,-

дейді.

Шынайы махаббат дегеніміз Шәкәрімше «Қарағым, мен-сенікі, сен-менікі», яғни өзара бір-бірінен сол адамға ғана тән игі қасиеттер мен құндылықтарды көре, тани білуі.

Шәкәрім махаббат әлемінде ең алдымен өзінің дүниетанымына сай мәселелерді қозғап, тән сұлулығынан көрі жан сұлулығына аса мән береді. «Бас көзімен қарасаң- нәпсі жалған, Бір сұлу қыз сияқты жұрт таңдаған»,-деп [2, 192-бет], алдымен тән-нәпсі сұранысынан гөрі, жанның қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді. Дана ата-бабаларымыз айтқандай «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» қағидасы Шәкәрім шығармасындада көрініс береді. Шәкәрімнің «Бәйшешек бақшасы» деген топтамасында мынандай мазмұндағы әңгімесі бар: Уәзірінен Ләйлі мен Мәжнүн жайын білген араптың бір патшасы дала кезіп, дүниені тәрк қылған Мәжнүнді көруге ынтық болып, іздеп тауып, бұл жүрісінің мәнін сұрағанда, Мәжнүн Ләйлінің нұрлы жүзінің өзін қалай арбағанын айтады. Патша іздеп барып Ләйліні көрсе: жүзі қансыз қара сұрлау, өткір қара көзді, нәзік қана әйел екен. Патша Мәжнүнге қайыра келіп: «Ләйліде онша қызығарлық сұлулық жоқ қой? Шын сұлу болса, оған жанның бәрі құмар болмас па еді?»-дегенде, Мәжнүн айтыпты: «Әр ақылды адам әлемнің қиын сырын аша алмайды. Әрбір көз шын махаббат нұрын көре алмайды. Ләйліге асық болған көз де, жүрек те сіздікі емес, менікі, Ләйлінің анық нұрын көрем десеңіз, менің көзіммен қарап, менің жүрегіммен ойласаңыз, Жүсіптің сұлулығына таң қалып, кеспе орнына қолын тураған әйелдерге ұқсар едіңіз де, менің Ләйліге махаббатымның қандай дәрежеде екендігін білер едіңіз,..»,-деп осы қағидатты түйіндейді.

Махаббат адамның әлемді және өзін-өзі тануды анықтайтын философиялық Шәкәрім махаббатты ақиқаттың, руханилықтың жарығымен байланыстырады. Оның пікірінше, адам өз махаббатын жоғалтса, онда ол өзінің адамдық мәнінің тереңдігінен де айырылады. Шәкәрім «Ләйлі-Мәжнүн» жырының қорытынды сөзінде, өзінің дүниетанымының қорытындысын жасап, өзін Мәжнүндей ғарып, дерті қалың екендігін айтып:

«Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар,

Берейін атын атап, ұқсаңыздар:

Махаббат, ғаделет пен таза жүрек,

Бостандық, терең ғылым,-міне, осылар.»,-

дейді. Біз бұдан Шәкәрім адамның, қоғам мәнін, мұратын махаббат мәселесі, призмасы арқылы да жан-жақты көрсетпек болғанын көреміз. Әмбебап ұғым ретінде махаббат ол Шәкәрімнің рухани дүниетанымы туралы көп түсінік береді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Нысанбаев А. Глобализация и проблемы межкультурного диалога в 2-томах,-Алматы: Изд. Центр Института философии и политологии МОН РК, 2004. Том 2. –308с.

  2. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары. Құраст. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, [А.Құдайбердиев.]-Алматы: Жазушы, 1988.-560 бет.

  3. Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, Алматы. 1961.- 695 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. М.Әуезов. Абайдың лирикасы // Сөзстан 7-кітап Алматы, 1996.-39-58б

  2. С.Борбасов, С.Ізтілеуов. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. 1994,-4қазан.

  3. М.Әуезов. Әр жылдағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149б.

  4. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалары. Алматы.1958, 100бет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қалмұқан Исабаев, Абай сүйген – Гете. (мәтін) //Алматы ақшамы.-1993.6 қыркүйек

  2. Қажыұлы М. Гете және хақ дін Ислам (мәтін) //Заң. 1995.- №16.Б.12-13

  3. Мәкішев Ж. Ислам және Гете. //Жас қазақ.-2007. 29 маусым,Б.8

  4. Ж. Шойынбет. Абай – Кришнашы да, буддашы да емес, нағыз мұсылман.//Жұлдыздар отбасы.-2010.№5 қыркүйек Б.41

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Ғабдуллин Б. Абай және Сократ. – Абай тағылымы. А. Жазушы. 1986.159-173-б.

2.Мұратова Г. Абай Сократ ойшылдығындағы ортақтық. – «Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. А. Арыс. 2007. 117-121-б.

3.Ксенофонт. Воспоминания о Сократе. М. Наука. 1993

4. Абай. Шығармалар жинағы. 2-том. А. Жазушы.1986.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны, -216-222 беттер. // Кітапта: Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу //Құраст. Р.Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш, -340-361 беттер. // Кітапта: Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу //Құраст. Р.Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.

  3. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. «Ғылым», - Алматы, -1967. -391 б.

  4. Ахметов З. Шәкәрім – қазақ әдебиетінің классигі, -30-39 беттер.// Кітапта: Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ.(Құраст. Т.Шаңбай) - Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», -360 б.

  5. Бердібай Р. Елеулі рухани олжа, -39-45 беттер. // Кітапта: Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ. (Құраст. Т.Шаңбай) - Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», -360 б.

  6. Базарбаев М. Шәкәрім ақын, -45-60 беттер. // Кітапта: Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ.(Құраст. Т.Шаңбай) - Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», -360 б.

  7. Елеукенов Ш. Армысыз, Шәкәрім аға! -60-75 беттер. // Кітапта: Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ.(Құраст. Т.Шаңбай) - Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», -360 б.

  8. Сәтбаева Ш. Қ. Лирикалық өрнектер сыры, -75-89 беттер. // Кітапта: Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ.(Құраст. Т.Шаңбай) - Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», -360 б.

  9. Мырхзахметұлы М. Абай мен Шәкәрімнің сопылыққа қатысы. «Түркістан» газеті. №22(672). 31мамыр, бейсенбі. 2007 жыл.

  10. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек: Эссе. Әдеби сын. Зерттеу. – Алматы: Жазушы, 1999. -256 б.

  11. Доскенов Ғ. Философиялық лирика, -367-369 беттер.//Кітапта: Әдебиеттану. Терминдер сөздігі.(Құрастыр.: З.Ахметов, Т.Шаңбай), -Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», 2006, -398 б.

  12. Есім Ғарифолла. Даналыққа құштарлық: Философия. Методология. Көрнек өнері. –Семей-Новосибирск, «Талер-Пресс», -2007. -522 б.

  13. Есім Ғарифолла. Қазақ философиясының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 216 б.

  14. Асмус В.Ф. Платон. Изд. 2-е. –Москва. Едиториал УРСС, 2005. -160 с.

  15. Жиенбай Е. Абай руханияты. -199-220 беттер. //Кітапта: Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері (Ұжымдық монография) –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы. -2002. -274 б.

  16. Құдайбердіұлы Шәкәрім. Жолсыз жаза: Өлеңдер мен поэмалар. (Құраст. М.Мағауин.) – Алматы: Жалын, 1988. – 256 б.

  17. Б. Қадырұлы. Шәкәрімнің Үш анығы немесе таным таразысындағы ақиқат. Шәкәрім. Ғылыми-педагогикалық журнал. №3(03) 2006. -132 б.

  18. Жұмабаев М. Сүй, жан сәулем. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2002. – 256 б.

  19. Шәкәрім Құдайбердіұлы.Үш анық.// ҚазССР Ғылым акад., М.О.Әуезов атынд. әдебиет және өнер ин-ты; Жауапты ред. А. Сейдімбеков. – Алматы: Қазақстан: «Ғақлия» ғыл.-әдеби орталығы, 1991.- 80 б.

  20. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы\\ Қаз. Респ. Ұлттық ғылым акад. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы: Жазушы, 1995. Т. 2: Өлеңдер мен аудармалар; поэмалар; қара сөздер. – 384 б.

  21. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы\\ Қаз. Респ. Ұлттық ғылым акад. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы: Жазушы, 1995. Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. – 336 б.

  22. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары. Құраст. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, А.Құдайбердиев.-Алматы: Жазушы, 1988.227-бет.

  23. Спиркин А.Г. Философия:М.: Гардарики, 2005. С. 251.

  24. Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы.Қазақтың мемлекеттік көркемм әдебиет баспасы, Алматы. 1961. 228-бет

  25. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. Т.10. –Алматы: Ғылым, 2003. -456 б

  26. Қирабаев С. Абайтанудың кезекті міндеттері туралы. / Кітапта: Абай және қазіргі заман: Зерттеулер жинағы. –Алматы: Ғылым, 1994. -336 б.

  27. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. –Алматы: Санат, 1997. – 448 б.

  28. Ахметов З. Абайтану және ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. / Кітапта: Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері. –Алматы: Ғылым, 2002. -274 б.

  29. Аникст А. «Фауст» Гете, Лит. коммент, Москва, Просвещение, 1979, 240 с

  30. Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екi томдық шығармалар жинағы, Алматы, 1986, Т. 1, 304 б

  31. Современная философия: словарь и хрестоматия, Ростов на Дону, 1995, 200 с.

  32. Краткая философская энциклопедия, Москва, 1994, 576 с.




МАЗМҰНЫ:


1

ТҮСІНІК ХАТ..............................................................................

3

2

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ........................................................


5

3

«АБАЙ, ШӘКӘРІМ АФОРИЗМДЕРІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯ» ЭЛЕКТИВТІК КУРСЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ.........................................................



7

4

ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ.......................

8

5

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................

69







78




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!