СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Адамның еркіндігі" тақырыбы өзін-өзі тану пәнінен 9 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Адамның еркіндігі" тақырыбы өзін-өзі тану пәнінен 9 сыныпқа арналған сабақ жоспары»


Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

№ 15

Мұғалім:

Сыныбы: 9

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адамның еркіндігі

Құндылығы: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: ұстамдылық, сыпайылық, табандылық

Мақсаты: Оқушыларға адам еркіндігінің маңызы туралы айта отырып, ішкі тыныштық құндылығың мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ұстамды болуға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы табандылық қасиеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. u-s.kz

  2. https://infourok.ru

  3. https://alashainasy.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй.

«Автопортрет» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 
Үйге тапсырманы тексеру.

1. №14 – сабақ. «Жігіт сипаты» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №15, «Біз үшін игі нәрсе не? Ақиқат еркіндіктің не екендігі туралы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Эпиктеттің «Менің рухым еркін, сондықтан да мен өзім қалай қаласам, солай өмір сүре аламын» деген тұжырымын қалай түсінесіздер?

2. Өзі қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүретін адамды ғана еркін адам деуге бола ма? Пікіріңізді нақты мысал келтіріп дәйектеп айтыңыз.

3. Сіздің ойыңызша, толық еркіндікке жету деген нені білдіреді? Бұл мүмкін бе?

4. «Адам еркіндікке күйбең тірліктерін қанағаттандыру арқылы жетпейді; керісінше, осындай тілектерден құтылу арқылы жетеді» дегенді қалай түсінесіздер?

5. «Мен өзінің ар-ұятына жүгініп әрекет жасайтын, ешқандай да қырсықтар мен азаптардан, тіпті өлімнің өзінен де қорықпайтын адамды ғана еркін адам деп атаймын» деген тұжырыммен келісесіз бе? Неліктен? 6. Адам үшін жауапкершілікті қабылдау адам бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді арттырады? Қалайша?

7. Еркіндік пен жауапкершілік бір-бірімен қаншалықты байланысты?

8. Осы мәтіннен өзіңіз үшін маңызды және пайдалы не алдыңыз?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға бір рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.

Әл-Фараби

Сұрақтар:

  1. Сіздің ойыңызша, толық еркіндікке жету деген нені білдіреді? Бұл мүмкін бе?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Көбелектен алған сабақ1


Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты.

Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ.

Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді.

Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жәрдемдескісі келіп, қолына бәкі алып пілләні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден сыртқа шықты.

Бірақ оның денесі әлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де зорға жылжитын еді.

Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып, сәлден соң-ақ көбелектің қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады.

Бірақ олай болмады. Көбелек өзінің әлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады.

Олай болуының себебі: адам көбелекке жәрдем бергісі келіп, көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға жұмсалатын еді, олай болмай қалды. Солай болғанда ғана көбелек ұшып кететін еді. Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір қалпында шығатын еді.

Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар.

Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, ешуақытта қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз ешуақытта биікке самғай алмас едік.

Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін қиындықтар берді.

Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс проблемалар берді.

Мен өмірден байлық сұрап едім, ал өмір маған жұмыс істесін деп ми мен қуат берді.

Мен өмірден ұшу мүмкіндігін сұрап едім, ал өмір маған жеңсін деп кедергілер берді.

Мен өмірден махаббат сұрап едім, ал өмір маған олардың проблемаларын шешуге жәрдем берсін деп адамдар берді.

Мен игіліктер сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді.

Мен сұрағандарымның ішінен ештеңе де ала алмадым... Бірақ мен өзіме керектілердің бәрін алдым.

Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерді батылдықпен күтіп ал және оларды жеңе алатыныңды дәлелде.


  1. Көбелекке көмек берудің салдары қандай болды?

  2. Неге өмірде қиындықтарды орындау қажет?

  3. Қалай ойлайсыздар, адамның дамуы мен кемелденуі үшін қиын жағдайларды туғызу қиянатқа жата ма?

  4. Нені ұғынып, дұрыс әрекет жасауға және басқаларға қиянат жасамауға ұмтыламыз? Жауаптарыңызды өмірден алынған мысалдармен түсіндіріңіздер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

2-тапсырма. «Менің еркін болғым келеді». Еркіндікті екі түрлі түсінуге болады: бір нәрседен «азат, еркін, тәуелсіз болу» және бір нәрсе үшін «еркін, азат, ерікті болу». Сіз үшін осы екі ұғым нені білдіретіні туралы ойланып, кестені толтырыңыз.


6. Топпен ән айту.

Біздің елдің жігіттері Сөзін жазған Есенқұл Жақыпбек

Әнін жазған Жәкен Омаров

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,

Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы?

Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден,

Өйткені олар –ақиқат пен шындық сөздің жебесі.

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі,

Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі.

Осы жұрттан бақ пен Қызыр қашпаса екен деп тілеп,

Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны,

Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.

Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,

Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.

Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр,

Солар жүрген жолдарменен дәтің болса, жүріп көр.

Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,

Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.


    1. Үй тапсырмасы.

1. №15 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №16, «Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: халыққа алғысымды осылай білдіргім келеді» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










1 http://www.pritchi.castle.by/main-12.html


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!