СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 16.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары информатика 6 сынып Ақпаратты енгізу-шығару құралдары

Просмотр содержимого документа
«Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары»

Күні:

Сабақ тақырыбы: Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары 
Сабақтың мақсаты: 

  • Білімділік:  Оқушыларға енгізу және шығару құрылғылары туралы түсінік беру. Компьютер құрылғыларының құрамын және олардың міндеттерін білу.

  • Дамыту: Қазіргі қоғамдағы компьютерлерді қолдану барысында оқушылардың білімдерін дамыту. ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту.

  • Тәрбиелілік: жаңа шыққан ақпараттық технологиясын жұмыс барысында пайдалана білуге, мәдени ойлануға тәрбиелеу, жетектеу, шығармашылық белсенділігін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өзіндік еңбек етуге баулу.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс: компьютердің енгізу-шығару құрылғыларын, монитордың сипаттамаларын арналуын, құрамдас бөліктерін, пернетақтаның міндетін, пернелердің негізгі топтарын, алфавитті-цифрлық символдарды енгізу тәсілдерін, арнайы пернелердің негізгі функцияларын, пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелерін. Пернетақтаның схемасын, меңзердің анықталуы мен міндетін.

Оқушылар үйренуі тиіс: пернелердің негізгі топтарын пайдалануды, арнайы пернелерді пайдалануды, пернетақтамен дұрыс жұмыс істеуді, меңзердің орнын анқытауды және оны басқаруды, пернетақтада қолды дұрыс орналастыруды, он саусақпен теруді.
Сабақ түрі: сын тұрғыдан ойлау, баяндау, көрсету, практикум.

Сабақ әдістері: анаграмма, мыйға шабуыл, интерактивті тақта әдісі, диалог әдісі, Insert әдісі, Блум таксономиясы.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру – 2
2. Үй тапсырмасын сұрау - 12
3. Жаңа сабақты түсіндіру – 20
4. Сабақты бекіту – 8
5. Үйге тапсырма беру - 3
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, электронды сынып журналына белгі қою. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Мыйға шабуыл» әдісі
1. Компьютер құрамына кіретін негізгі құрылғыларын ата
2. Жүйелік блок дегеніміз не?
3. Процессор дегеніміз не?
4. Жедел жад дегеніміз не?
5. Компьютер жадының қандай түрлерін білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ

Анаграмма шешу. Оқушылар анаграмма шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

  1. РОМТИНО

  2. РАТҚАЕПНЕТ

  3. АНЕРКС

  4. МЕДОМ

  5. НМОРФОКИ

  6. РҰЫЛҒҚЫ

  7. МЮЬТРОЕКП

«Insert» әдісі. Оқушылар мәтінді оқып, маңызды мәліметтер мен терминдердің астын сызады.

Дербес компьютердің (ДК) процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу қызметін атқарады. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

Енгізу құрылғылары:

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компь­ютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.
Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер. Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

Тышқан – компьютердің негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байла­нысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.

Микрофон – бұл дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы.

Шығару құрылғылары:

Принтер -  мәтіндік және графикалық мәліметтерді қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің бірнеше түрлері болады, олар матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, сублимационалдық, жарық диодты (LED) және т.б..

Монитор - компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. 

Дыбыс ойнатқыш – бұл құрылғы дыбыстар мен әуендерді ойнатуға арналған ақпаратты шығару құрылғысына жатады.

Жеке жұмыс. Блум таксономиясы

Деңгей сұрақтар: Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады? Монитор, пернетақта , жүйелік блок
Білу: Компьютердің енгізу құрылғыларын көрсет және олардың міндеттерін ата:

Сканер-
Принтер-
Модем-
Колонкалар-
Тінтуір-
Қолдану: Пернетақтадағы пернелердің қызметін анықтау:

Shift-
Delete-
Pritscreen-
Tab-
Home-
END-
Талдау: Компьютердің құрылғыларының мүмкіндіктерін көрсету . Электрондық оқулықтағы тапсырмалар.компьютердің құрылғылары.
Жинақтау: Дискуссиялық өрнек әдісі.
1.Пернетақта енгізу құрылғысы
2.Интернетке кіру үшін модем керек
3.Мұрағаттық файлдарды бууға, ашуға мүмкіндік беретін бағдарлама- антивирус
4. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа- мұрағаттаушылар
5.Компьютердің миы- процессор

Жұптық жұмыс «Ойлан-тап» «5 қатені тап»
1. Компьютерде басты енгізу пернесі – ESC
2. Қосымша цифрлық перне- CAPSLOCK
3. Бос орын тастау пернесі – END
4. Бағдарламаның орындалуын кідіртетін перне- HOME
5. Мәтінді азат жолдан бастайтын перне- ENTER
IV. Сабақты бекіту

Тест сұрақтары:

1.Енгізу құрылғысы
а) пернетақта Ә) монитор б) принтер
2. Шығару құрылғысы
А) тінтуір ә) сканер б) монитор
3. Әрекетті болдырмау пернесі.
А) END ә) ESC б) HOME
4. Жолдың соңына апаратын перне
А) END ә) ESC б) HOME
5.Вирусқа қарсы программа
А) мұрағаттау Ә) өңдеу б) антивирус

Рефлексия «Бағдаршам» 

Бақылай-бағалау рефлексиясы. Оқушылар бірін-бірі, өзін өзі бағалайды. Бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.


мүлдем түсінбедім



түгелдей түсінбедім


барлығын түсіндім


V. Үйге тапсырма беру
Өткен тақырып бойынша тест құрап келу, кроссворд жасау.  Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері туралы мәлімет жинап келу.


Скачать

© 2017, 9402 17

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя