СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақпараттық-компьютерлік технологияларды арнайы пәндерді оқытуда қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақпараттық технологияларды сабақ барысында қолдану тиімділігі жазылғын. 

Просмотр содержимого документа
«Ақпараттық-компьютерлік технологияларды арнайы пәндерді оқытуда қолдану»

Ақпараттық-компьютерлік технологияларды

арнайы пәндерді оқытуда қолдану



Койбагарова Куан Назаровна

мектепке дейінгі пәндер оқытушысы


Бүгінгі таңда АКТ – оқыту барысындағы мақсат пен міндетті жүзеге асыру құралдарының біріне айналып, компьютер қазіргі өмірдің әрбір саласында орын алды.

Білім беруді ақпараттандыру – бұл кешенді,көп жоспарлы , ресурсты үдеріс, оған балалар да, педогогтар да және мектепке дейінгі ұйымның ұжымы да қатысады. Мектепке дейінгі ұйымды бірыңғай ақпараттандыру; қала,аудан,мемлекетте және ақпаратты технологияны мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқытуда қолдану; интелектуалды сабақтардың жоспары;және жобалық қызмет;білім беруде белсенді ғаламтор игерушілік.

Оны құру үшін даму және ақпаратты технологиялық ортада міндетті түрде ғылыми әдістемелік, ақпараттық,технологиялық, ұйымдастырушылық және педагогикалық әлеует,жинақталған білім беру жүйесінде әрекет ету қажет.

Жүйелі түрде өзгеріп отыратын әлемде, түпкілікті жетілдіру және технологияның күрделенуі ақпараттық білім беру жүйесінің іргетасын қалайды. Білім беру саласының дамуы, мемлекеттік құжаттарда айқын ерекшеленеді,ең маңызды ұлттық басымдылықпен айқындалады. Ақпаратты технология тек қана мектепте ғана емес,сонымен қатар мектепке дейінгі мекемеде де қолдану маңызды роль атқарады, біз оны тек қана нақтылы тәжірибе жүзінде бақылай алатынбыз.

Ақпаратты технологияның дамуы әр түрлі ортада ерекше орын алып,қажетті мәдениеттің бір бөлщегіне айналды. Ақпаратты технологияны қолдану тәрбиешіге жаңа әлеуметтік экономикалық ортада өзін жайлы сезінуіне,ал білім беру мекемесіне дамыған ашық білім беру жүйесіне көшуіне әсерін тигізеді.

Жетістікке жету үшін мектепке дейінгі ұйымда ғылыми тәжірибелік қызмет түріне «өндірістік» үдерісінің ақпараттық қамсызданудың тиімді жүйесін құру. Ол үшін оның әрбір элементі сапалы түрде іске қосылу қажет.

Компьютер, мультимедиялық құрал – ақпаратты өңдейтін құрал жабдықтар,мықты білім беретін технологиялық ,комуникациялық,тәрбиеші, ата - ана және тәрбиеленушілердің бірлесіп іс әрекет жасауына қажетті құрал.

Мектепке дейінгі білім беруді ақпараттандыру тәрбиешілерге жаңа әдістерді қосу үшін мүмкіндіктерді ашады, тәрбиелеу және білім беру иновациялық үдерісінің қарқынды жүзеге асуы.

Мектепке дейінгі білім беруді ақпараттандыру жүйесі жаңаша дамыған ортаның койылған талаптарға сай болу қажет, өндірістік шығармашылық еңбекке оның әр мүшесі дайын болу қажет. Барлық ғылыми ақпаратты қамтамасыз ететін ғаламтор жүйесі.Концепцияға енгізілген жаңа ережелер бойынша мектепке дейінгі мекемеде ақпараттық технологиялар дамытушы құрал ретінде қолдануы керек.Ол жеке ойын құралы ретінде қолданылмайды, ол әмбебап құрал ретінде оқыту жүйесінің жан жақты бағытта қолданылады.

Ақпараттық технологияны мектепке дейінгі мекемеде қолдану мақсатқа бағытталу емес, отандық және шет елдік зерттеулері бойынша: ол баланы интелектуалды жеке тұлға ретінде қалыптастырады.(С. Новоселова, Г. Петку, И. Пашелите, С. Пейперт, Б. Хантер және т.б.)

Қазіргі зерттеулер бойынша ақпараттық технологиялар мектепке дейінгі ұйымда қолдану өте төмен дәрежеде.

Педогогикалық ұжымның жұмысы басқа қызметтер түрімен сипатталады.Мектепке дейінгі ұйымның педогогтары білім беру технологиясына белсенді түрде үлес қосып отыр. Жоба әдісі,технологиялық портфолио, ойын технологиялары және т.б 60% педагог ұжымы компьютермен қамтамасыз етілген.Олардың: 45% – жаңа қолданушылар; 33%-қолданушылар; 22% – жан жақты қолданушылар.

Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен жүргізілетін жұмысқа аса көңіл бөлінеді,мекеме тапсырмаларына байланысты балаларды тәрбиелеуде маңызды роль атқарады.Бұл үшін әр түрлі формалар қолданылады: ашық есік күндері,спорттық мерекелер,көрмелер,әр түрлі мамандармен кездесу жатады. Интеллектуалды және топтық іс-әрекеттер жүргізіледі. Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас өзекті мәселеге айналып отыр. Бірақ ата-аналарды ортақ жоба құруға жұмылдыру қиынға түседі. Сонымен қатар ата-аналармен жұмыс жүргізген кезде олардың қызығушылығын тудыру үшін балаларының жетістіктерін айтып,отбасы және балабақша арасындағы байланысты нығайту қажет.

Біздің көзқарасымыз бойынша,басты қиындықтар балабақша қызметкерлері мен ата-аналар дәстүрлі әдістер мен отбасымен жұмыс формаларын жүргізу болып табылады. Қазіргі кезде ата-аналармен тәрбиешілердің бірлесіп қызмет етуі өте қажет.

Соңғы кездері ұжымның жаңа формалары пайда болды,бұл ата-аналардың балабақшадағы іс-әрекетке белсенді қатысуына ықпалын тигізеді,көбінде ата-аналармен жұмыс бір сарында жүргізіледі,оған отбасы тек қана әрекет етуші объект ретінде ғана қарастырылады.Нәтижесінде отбасымен қайта қарым-қатынас орнатылмайды,ал отбасындағы тәрбие толық жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде ақпараттық,әсіресе телекоммуникациялық технология балабақша ұжымы мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жоғарылатуға мүмкіншілік тудырып отыр.

Балабақшаның жеке ғаламтор желісі ата-аналарға мектепке дейінгі ұйым жайында,топтар,сабақ кестесі,өткізілетін іс шаралар,мерекелер мен ойын-сауықтар жайында ақпарат алуға мүмкіншілігі бар.

Мұндай ақпараттық іс-әрекет қандайда бір өзекті немесе маңызды ақпарат алуға мүмкіншілігі бар екенін жоққа шағармайды. Мектепке дейінгі ұйымның желісінде қолданушының рұқсаты бар,ал ата-аналарда мұндай сайтқа кіру үшін міндетті түрде «кілті»болады.

Мектепке дейінгі және басқа да білім беру мекемелерінде бұл сайт ата-аналарға білім беру жүйесі, тәрбие берудегі әдіс-тәсілдер болып табылады. Мұндай сайт беттерінен ата-аналар балалардың денсаулық сақтау,қауіпсіздік,балалардың отбасы мен қоршаған ортадағы іс-әрекетін, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты кеңестер алуға болады.

Қазіргі кезде отбасы мен мектепке дейінгі мекеменің бірлесіп қызмет етуі баланың дамуына әсер етеді және мектеп пен мектепке дейінгі білім беру педагогтар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа технологияларды қолдану,дәстүрлі емес формалар, қазірге кезде ақпаратты технологияларды қолдану мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзекті мәселе болып табылады. Cондықтан, сабақ барысында бәсекеге қабілетті, жан-жақты маман даярлау – біздің міндетіміз.

Оқытушы АКТ-ны арнайы пәндерді оқытуда қолдана отырып, студенттердің бір-бірімен ақпарат алмасуын қамтамасыз етіп, білім беріп қана қоймай, студентті дамытады және тәрбиелейді және өзін-өзі кәсіптік, шығармашылық тұрғыда дамытуға мүмкіндік алады.

Ақпараттық қоғамдағы болашақ мамандарды даярлауда АКТ-ды арнайы пәндерді оқытуда еркін қолдану арқылы әрбір студенттің арнайы пәндерді оқудағы білім сапасын, сонымен қатар, кәсіби шеберлігін арттырады. Кәсіби шеберлік педагогикалық іс-әрекетті жоғары деңгейде меңгерумен сипатталады. Бұл болашақ педагогтардың тиімді және мақсатты жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы білім кешені және іскерлік пен дағды.

Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде АКТ – кәсіби шеберлік құралы ретінде орын алады. Сондықтан болашақ педагог мамандар міндетті түрде АКТ өз бағытында қолдана білуі керек.

АКТ-ғы кәсіби шеберлік – педагогикалық іс-әрекеттегі шексіз міндеттерді шешуде жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияны еркін қолдану қабілеттілігі.

Біздің мекемеде арнайы пәндерді оқытуда әрбір оқытушы мен студенттің АКТ элементтерін қолдану мүмкіндігі орасан зор. Соның ішіне желідегі ақпараттар, электрондық оқулықтар, анықтамалар мен сөздіктер, дидактикалық материалдар, презентациялар, білім сапасын бақылайтын бағдарламалар қатары жатады.

Бүгінгі таңда арнайы пәндер оқытушысы ретінде, АКТ-ды студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту және қалыптастыру мақсатында қолданамын. Ақпараттық қоғамға өту, білім сапасын көтеру қазіргі заман талабы, сондықтан болашақ кәсіби маман даярлау – біздің басты міндетіміз. Арнайы пәндерді оқыту барысында АКТ-ны қолдану үшін, оқытушы өз пәнін жан-жақты жетік меңгеруі және еркін қолдана білуі тиіс.

АКТ-ды сабақтарда еркін қолдану үшін, әрбір тұлғаның АКТ-ны қолдана білу шеберлігін жоғарлатуда ішкі тілегі мен талпынысы болуы керек.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша арнайы пәндер қатарындағы мектепке дейінгі психология және бейнелеу өнері әдістемесі пәндерін оқыту барысында интерактивті тақта мен компьютер жүйелі түрде қолданылады.

Арнайы пәндерді оқыту барысында АКТ-ны қолдана отырып, кәсіби шеберлікті қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізіледі. Сабақтарда барысында төмендегі АКТ құралдары қолданылады:

  • Microsoft PowerPoint;

  • Activ Inspirе;

  • Интернет желісі;

  • Анықтамалар мен психологиялық сөздіктер;

  • анимация негізінде құрылған тапсырмалар мен түсіндірулер.

Арнайы пәндерді жүргізе отырып, оқытушы ретінде күнделікті қолданып жүрген АКТ құралдары және студенттерден де осы деңгейде талап етіледі. Сонымен қатар, студенттер психология, мамандандыру сабақтарында компьютерді тиімді қолдана отырып шығармашылық папка жинақтайды. Шығармашылық папка мазмұны:

  • кесте

  • психологиялық сөздік

  • балабақшадағы жұмыс түрлеріне байланысты тапсырмалар

  • балаларға арналған психологиялық тәжірибелер

  • балаларға, ата-аналарға және педагогтарға арналған тренингтер

  • ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер.

Ал, бейнелеу өнері әдістемесі сабақтарында шығармашылық папкаға тақырып ретіне сай бейнелеу өнері іс-әрекетінің түрлері, оның ішінде:

әр жас тобына арналған сурет үлгілері

жапсыру үлгілері

құрастыру және оригами үлгілері жасалу жолдары нақты көрсетіліп салынады, яғни барлық үлгілер бағдарламаға сай балабақшада берілетін тақырыптарға негізделеді.

Осындай жұмыстар қатарын жүргізе отырып, студенттерге топ алдында жүргізе отырып, студенттердің кәсібилігін белгілі бір деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін АКТ-ны қолдана отырып, түрлі формадағы жұмыстар қатары ұйымдастырылып жүргізіледі:

  • тренинг;

  • семинар;

  • іскерлік ойындар;

  • үстел;

  • жеке және топтық кеңестер.

Оқыту барысының тиімділігін арттыру үшін, ақпарат алмасу үшін ақпараттандыру элементтерін жүйелі түрде қолданамын. Арнайы пәндерді оқыту барысындағы теориялық білім іс-тәжірибемен өте тығыз байланыста. Сондықтан, менің алдымдағы негізгі мақсат – жұмыс барысындағы тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі. Ал, бүгінгі күні осы мақсатқа жету жолы АКТ-ны толығымен сабақтарымда қолдану. Мәселен, психология және мамандандыру сабақтарында әрбір студенттің психолог қызметімен теориялық тұрғыда ғана танысу емес, сонымен қатар, практикалық тұрғыда жұмыс жасай білуі тиіс. Балабақшада тек балалармен ғана емес, ересектермен жұмыс түрлерін жүргізу керек, осы орайда әрбір студент аудитория алдында өзін еркін ұстап, ойындағысын тыңдаушыларға жеткізе білуі керек. Ал, бұл дағды мен іскерлік, бір емес, бірнеше тәжірибе арқасында ғана келеді.

Тәжірибені жинақтау үшін, әрбір студент АКТ-ды қолдана отырып, балаларға арналған тапсырмалар қатарын, көбіне, фильмдерді қолданады, анимация арқылы және Activ Inspire бағдарламасы бойынша дайындап, топ ішінде және іс-тәжірибеге барғанда жүзеге асырады. Ата-аналармен және педагогтармен жүргізілетін семинар, тренинг, дөңгелек үстел, іскерлік ойындарды Mickrosoft PowerPoint, аудио,видеоны қолдана отырып жүзеге асырады. Бұл тәжірибелер күнделікті беріліп жатқан білімдер жүйесіне негізделеді. Психология және мамандандыру сабақтарын оқыту барысында балаларға арналған ойындар, суретті тест тапсырмалары, тәжірибе барысы интерактивті тақтаны және компьютерді қолдану арқылы дайындалады. Жарқын бейнелер, суретті тапсырмалар бүлдіршіндердің ғана емес, сонымен қатар студенттердің жадында да сақталады. Бейнелеу өнері сабақтарында іс-әрекеттің мазмұнымен, жасалу жолдарымен таныстырған кезде АКТ-ң үлесі зор. Әрбір жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде педагогтың демонстрациялық құралы болуы қажет. Осы орайда тыңдаушыларды толық қамту, барлығына бірдей деңгейде түсіндіру мәселесі орын алады. Бұл оқытушылар ғана емес, тәрбиешілердің де күнделікті кездесетін мәселесі. Ал интерактивті тақта және компьютер, оның ішіндегі түрлі бағдарламалардың көмегімен осы осындай оқылықтардың орнын толтырамыз. Сонымен қатар, бейнелеу өнері әдістемесі сабақтарында теориялық білімді бекіту үшін, практикалық сабақтарда бейнелеу іс-әрекеті түрлері орындалады. Бұл орайда АКТ студенттің жұмыс дәптері рөлін де атқара алады, барлық заттар мен сюжеттің мазмұнның жасалу жолдарын қарастырып жүзеге асырады.

Студенттер іс-тәжірибеге барған кезде арнайы пәндер бойынша жүргізілетін жұмыстарды АКТ құралдарын қолдана отырып жүзеге асырады. Студенттер ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін флипчартта дайындап, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толығымен қолдану міндеттеледі. Қазіргі таңда осы бағыт бойынша тек балалармен атқарылатын іс-әрекеттер қатарын практикалық тұрғыда жүзеге асырудамыз, болашақта ата-аналармен және педагогтармен жүргізілетін жұмыс бағытының мазмұны мен құрылымын жүзеге асыруды қолға аламыз. Бейнелеу өнері әдістемесінен тақырыптық жоспарға сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің демонстрациялық құралын электронды тұрғыда өңделуде. Бұның барлығы студенттердің кәсіби шеберліктерін қалыптастыруға АКТ-ны қолданудың тиімділігін және оқытушының АКТ-ны тиімді пайдаланатынының көрсеткіші.







Әдебиеттер тізімі:

1. Т.Баймолдаев  «Ақпараттық – білімдік ортада педагогтардың ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру» //Информатика негіздері №1, 2010 жыл

2. А.Ерболатов  «Жаңаақпараттық технология – мектепте» //Информатика негіздері №2, 2010 жыл

3. Т.С.Сламбекова «Педагогикалықпсихолгия»

4. Г.Сұлтанова  «Жаңатехнологиялардыұтымдыпайдалану» //Бастауышмектеп №12 2005 жыл

5. М.Ералиева  «Оқытудыңқазіргітехнологиялары» //Бастауышмектеп №5, 2006 жыл

6.Габдуллина З.М. Развитие навыков работы с компьютером у детей 4-7 лет. Волгоград, 2010.

7. Кочергина Г.Д., Оценка эффективности использования мультимедийных презентаций в педагогическом процессе http: //rrrc.roslobr.ru/








 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!