СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ахмет Йассауи өмірі мен шығармашылығы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сопылық әдебиеттің негізін салушы Ахмет Йассауидің өмірі мен шығармашылығына арналған

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Йассауи өмірі мен шығармашылығы»

16.11.17 ж.9-сынып,әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи. Өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Қожа Ахмет Йасаудың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға жаңа білім беру.

Дамытушылық: Өлеңдерінің мән-маңызын, өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Сопылық поэзия туралы ұғымдарын кеңейту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық рухты оқушы бойына егу.Мейрімділікке, имандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүйуге, қорғай білуге баулу. Білімді, саналы азамат болуға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірме,баяндау

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

1. Үй тапсырмасын сұрау: .

ІІ.Жаңа сабақ:

1. Оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша Ахмет Йасауи туралы мәліметтерді сұрау, оған тән негізгі ерекшеліктерді топтатырғызу.

Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.

Қожа Ахмет Йасауи (? – 1166 ж.) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді.

Туған жері

Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған – жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.

Отбасы

Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты – Қарашаш.

Білімі

Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.

«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») атты шығармасы

«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

Халық арасындағы Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыздар

Халық арасында Қожа Ахмет Йасауи туралы аңызға айналған әңгімелер көп. Соның бірінде оның 63 жасқа келгеннен кейін, өзінің пайғамбар жасынан асып, мына жарық дүниені көруін асылық санап, жер астынан мекен жасатып, қалған ғұмырын қылуетте өткізді делінеді.

Жерленген жері

Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан атлып, басына ХІV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Бертінде Қожа Ахмет Йасауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрк дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.

Қорытынды. Қожа Ахмет Йасауи туралы Топтастыру. Мысалмен дәлелдеу.



Үйге тапсырма.Өмірі мен шығармашылығы

Бағалау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!