СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары 9- сыныптың қазақ әдебиеті бойынша жасақталды.

Просмотр содержимого документа
«Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі»

Күні:

Қазақ әдебиеті 9 «а»

Муханбетова А.О

Сабақтың тақырыбы

Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.


Сабақтың мақсаты


Оқушыларға «Алашорда үкіметі және оның өкілдері туралы мәлімет беру. Олардың шығармашылығымен таныстыру. Маңыздылығын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже


А) Оқушылар «Алашорданың» тарихымен және өкілдерімен танысады.

Б) Шығармалары мен қызметтерінің маңыздылығын біледі.

В) Ұлттық патриотизмі қалыптасады.

Сабақтың түрі

Сындарлы оқытуға негізделген жаңа сабақты меңгерту

Керекті жабдықтар

Оқулық, тақта, суреттер, ресурстар, постер, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

I. Кіріспе

А) Ұйымдастыру бөлімі


3 минут




Б) Үй тапсырмасын сұрау

8 минут




















С) Қызығушылығын ояту

2 минут


Балалардың назарын сабаққа аударады. Сыныпты түгендейді.

Оқушылар дөңгеленіп түрады. «Менің өлкем» тренингін орындаймыз. Әр оқушы менің елім тіркесінен кейін толықтырып жеткізеді.

Оқушылар топтарға бөлінеді.


1-«Зымыран сұрақтар»

  1. 20- ғасырдың басындағы тарихи жағдай туралы не білеміз?

  2. Қазақ баспасөзінің қарлығаштары туралы айт

  3. «Қазақ» газеті кімдердің басшылығымен шықты? (Ахмет. М.Дулатов)

  4. «Айқап» журналы нешінші жылдары шықты? (1911-1915ж

  5. Назира өлеңдерді жазған ақын кім? (Н.Наушанбай)

  6. 1915 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кай шығармаларда көрініс тапты?


2-«Авторын тап» Көркем шығармаларды сәйкестендіру.



«Жастарға», «Насихат» өлеңдерінің авторы

Ш.Құдайбердиев

«Сарыарқаның кімдікі екендігі»

М.Ж.Көпеев

«Манзумат пен қазақия»

Н.Наушанбаев

«Топжарған», «Гүлхашима» дастандары

М.Сералин

«Кім жазықты?»

С.Торайғыров

«Губернатор келгенде» өлеңі

Омар Шипин

«Тар заиан» толғауы

Сартай ақын

«Еңлік Кебек» пьесасы

М.Әуезов


Оқушылардың назарына С.Торайғыровтың өлеңі ұсынылдады.

Мұғаліммен амандасады.

Кезекші сынып туралы мәлімет жасайд



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.














Көркем туындылардың авторын тауып жазады. Оны көршілері тексереді.










II. Негізгі бөлім

А)Жаңа сабақты түсіндіру


5 минут дайындық

6 минут айту




Б) Жаңа сабақ бойынша

жаттығу жұмыстары


орындауға 2 минут

айтуға 6 минут


В) Сабақты бекіту

2 минут


Топтық жұмыс.

1-топ «Алаш орда» партиясы мен үкіметі туралы мәлімет береді.

2-топ «Алаш орда» өкілдерімен таныстырады.

3-топ «Ұлылардан қалған ұлы сөз» Алашорда өкілдерінің шығармаларымен таныстырады.


Топтық жұмыс.

1-топ «Алашорда» үкіметі құламағанда не болар еді? Алтернативті болжам

2-топ «Желтоқсан жаңғырығы» Дәлелдеу

3-топ «Тәуелсіздік тірегім» Ойтолғау.

Оқушылар берілген ресурстармен жұмыс жасайды.


Алашорда өкілдерімен таныстырып, олар туралы мәлімет береді.

Алаш зиялыларының шығармаларынан үзінділер келтіре отырып, оның идеясын анықтайды.



1-топ оқушылары өз болжамдарын ұсынады.

2-топ желтоқсан оқиғасының тәуелсіздік тің бастауы болғандығын дәлелдейді.

3-топ ҚР тәуелсіздік алғаннанбергі жетістіктері туралы ойтолғау жазады.




III. Қорытынды

А) Үйге тапсырма беру 2минут


Б) Бағалау

3 минут


С) Кері байланыс

2 минут



«Алашорда» өкілдерінің бір өлеңін жаттау.

1990 — «Мағжан» Мағжан Жұмабаев режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” 1993 — «Міржақыптың оралуы» Міржақып Дулатұлы режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” 1994 — «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” 2009 — «Алашорда» режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы





Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.


Оқушылар берілген тапсырманы жазып алады.








Әр бала өзін нысана әдісі бойынша өздерін бағалайды.

Оқушыларға ұсынылатын ресурстар:

1-топ үшін:

1917 жылы 5-13 желтоқсан Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде Б.Құлманов және орынбасарлары Ә.Бөкейханов, А.Кенесарин, Х.Досмұхамедов, О.Қарашевтың төрағалық етуімен “Алашорда” үкіметі құрылды. Алашорданың орталығы-Семей қаласы, халық Кеңесін (үкіметін)-Ә.Бөкейханов басқарды. Съезден кейін “Алашорда” автономиясының Батыс бөлімі- Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар басқарған “Ойыл уалаяты” құрылды.

Қазақстанда қоғамдық – саяси өмір үлкен өзгеріске ұшырады. 1917 жылы шілдеде Орынборда бірінші Бүкілқазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу ағарту, сот, саяси партиялар құру т.б. жөніндегі мәселелер қарастырылды. Съезд “Алаш” партиясын құру жөнінде шешім қабылданды.

“Алаш” партиясының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б. буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. Алаш партиясының қатарына ғылыми және шығармашылық зиялы өкілдері: М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы т.б. кірді.

1917 жылы желтоқсанда “Алаш” партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде автономия мен оның үкіметін құру жөніндегі құжаттар қабылданды. “Алаш” атауымен қазақ автономиясының құрылғанын мәлімдеді. “Алашорда” деп аталды. Құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облыстары мен Алтайдың қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп қаулы қабылданды. Алашорда орталығы Семей қаласы. Алашорда үкіметті Ә.Бөкейханов басқарды.

1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясының бағдарламасының жобасы жарияланды. 10 бөлімнен тұрады.

Бағдарламасы:


1. Азамат соғысы жылдары Алашорда үкіметі Кеңес өкіметіне қарсы болғандықтан саяси қудалауға ұшырады. 1920 жылы Алашорда үкіметін жою жөнінде қаулы шықты. Тоталитарлық тәртіптің нығаюы алашордашылардың өміріне, ісіне араласа отырып 1937 – 1938 жылдары жаппай сталиндік репрессияға ұшырады.


1955 жылы алашордашылар ақталса да, ресми тарихтан тыс болды. Тек 1988 – 1989ж. Қазақстан Ком-к партиясының шешімімен шығармашылық мұралары жарық көрді.



2-топ үшін:

Уәлитхан Танашев

1891—1970 жылдары өмір сүрген қоғам қайраткері, заңгер.











Халел Досмұхамбетов

1883—1939 жылдары өмір сүрген. Қазақ педагогикалық институтының проректоры, профессор.

Әскери дәрігер





Жанша Досмұхамедов (Жаһанша) 1886 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы №1 - аулында дүниеге келген. Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.





Міржақып Дулатов

1885-1935 жылдары өмір сүрген. Қазақтың  аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Ахмет Байтұрсынов

1872—1937 жылдары өмір сүрген, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің идеологиялық көсемі.

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (1893– 1938 жылдары өмір сүрген.  Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 

1866 -1937 жылдары өмір сүрген. Көрнекті қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.



Мұстафа Шоқай

1890—1941 жылдары өмір сүрген.

Заңгер, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі.





Жақып Ақбаев

1876-1943 жылдары өмір сүрген.

Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкі­ме­ті­нің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі.

Бақытжан Қаратаев

1860 жылы 10 мамырда Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Алғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы, демократ.



3 – топ үшін:

Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?
© Міржақып Дулатұлы

Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл -
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Жастық деген - бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
© Мағжан Жұмабаев

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
© Ахмет Байтұрсынов

Шығады асыл тастан, өнер жастан,
Тәрбие тәуір болса әуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді.
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.
© Міржақып Дулатұлы

Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай
Надандық шәрбәтіне қаныппыз ғой.
© Міржақып Дулатұлы

Несі қызық байлықтың, несі бақыт?!
Байлықпен алмаған соң бақыт сатып.
Бақыт тауып беретін істі қумай,
Неге мен өткізейін оған уақыт?
Өйткені мен қалмаспын аштан өліп,
Суыр да жүр ін қазып, күнін көріп.
Қарын тоққа қанағат қылатұғын,
Мен емес, тәнім тірі, жаным өлік.
Ірі мақсат болмаса, ұсақ іске,
Неге мен алданайын уақыт бөліп.
© Cұлтанмахмұт Торайғыров

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
© Міржақып Дулатұлы

Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты 
Қырандай күштi қанатты. 
Мен жастарға сенемiн! 
Көздерiнде от ойнар, 
Сөздерiнде жалын бар, 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемiн!
© Мағжан Жұмабаев

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
© Ахмет Байтұрсынов






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!