СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алгоритм ж?не оны? ат?арушылары

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:------------                                                                                           Сыныбы: 6

 

Саба?ты? та?ырыбы: Алгоритм ж?не оны? ат?арушылары

Саба?ты? ма?саты:

білімділік: О?ушылар?а алгоритм ж?не оны? ат?арушылары туралы т?сінік беру.

дамытушылы?:о?ушыларды? ой-?дістерін, ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

т?рбиелік:О?ушылар информатика кабинетінде техникалы? ереже бойынша т?ртіп са?тау ж?не е?бекке баулу, о?ушыларды ??ыптылы??а, адалды??а е?бекс?йгішке т?рбиелеу;

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?

Саба?ты? ?дісі :пікірлесіп-т?сіндіру, баяндау

П?наралы? байланысы: математика

Саба?ты? к?рнекілігі: о?улы?, д?птермен ж?мыс

?олданыл?ан ?дебиеттер:. 6 сынып о?улы?ы С.Т. М?ханбетжанова , А.С. Тен, интернет беттері

 

Саба?ты? барысы:

 

І . ?йымдастыру кезе?і

а) о?ушылармен с?лемдесу, т?гендеу;

?) о?ушыларды? зейіндерін саба??а аудару;

б) саба?ты? ма?сатымен таныстыру.

 

ІІ.  ?й тапсырмасын с?рау кезе?і

Компьютерлік техниканы? дамуыны? негізгі ?рдістерін ата?

?мбебап компьютерлерді? орнын ?андай ??рыл?ылар алмастырады?

ІІІ. Білімдерін жан-жа?ты жетілдіру. Тест

 

?айсысы ал?аш?ы есептеу ??рыл?ысы емес?

А)Шоттар                                        Б)Арифмометр

С)Калькулятор                                 Д)Соробан

 

  •  

А)Арифмометр                                 Б) Холлерит машинасы

С)Шоттар                                        Д)Беббидж машинасы

 

  •  

А)Чарльз Беббидж                           Б)Герман Холлерит

С)Ада Августа Лавлейс                    Д)Блес Паскаль

 

 Ал?аш?ы ЭЕМ ?ай жылы пайда болды?

А)1946ж                                            Б)1949ж

С)1980ж                                            Д)1956ж

 

 USB шинасын ?андай дискілерді ?осу ?шін ?олданады?

А)оптикалы? дискілерді                   Б)флэш — дискілерді

С)ж?мса? магнитті дискілерді      Д)DVD дискілерді

 

ІV. Жа?а саба??а даярлы?.

О?ушыларды? дайынды?ын 

Просмотр содержимого документа
«Алгоритм ж?не оны? ат?арушылары»

Күні:------------ Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға алгоритм жəне оның атқарушылары туралы түсінік беру.

дамытушылық:оқушылардың ой-әдістерін, қызығушылықтарын арттыру.

тәрбиелік:Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу, оқушыларды ұқыптылыққа, адалдыққа еңбексүйгішке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі :пікірлесіп-түсіндіру, баяндау

Пәнаралық байланысы: математика

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптермен жұмыс

Қолданылған әдебиеттер:. 6 сынып оқулығы С.Т. Мұханбетжанова , А.С. Тен, интернет беттері


Сабақтың барысы:


І . Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Компьютерлік техниканың дамуының негізгі үрдістерін ата?

Әмбебап компьютерлердің орнын қандай құрылғылар алмастырады?

ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру. Тест


Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А)Шоттар Б)Арифмометр

С)Калькулятор Д)Соробан


Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:

А)Арифмометр Б) Холлерит машинасы

С)Шоттар Д)Беббидж машинасы


Бірінші программалаушы кім?

А)Чарльз Беббидж Б)Герман Холлерит

С)Ада Августа Лавлейс Д)Блес Паскаль


Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А)1946ж Б)1949ж

С)1980ж Д)1956ж


USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады?

А)оптикалық дискілерді Б)флэш — дискілерді

С)жұмсақ магнитті дискілерді Д)DVD дискілерді


ІV. Жаңа сабаққа даярлық.

  1. Оқушылардың дайындығын тексеру

  2. Жаңа тақырыптың мазмұынымын таныстыру

V. Жаңа сабақ

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
















Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.


Алгоритмнің қасиеттері:

Түсініктілік

Дискреттілік

Анықтылық

Нәтижелілік

Жалпылық


Түсініктілік. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгортмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.

Дискреттілік. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.


Анықтылық. Алгоритмнің әрбір ережесі анық, мағыналы болу керек.


Нәтижелілік. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі — қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет .


Жалпылық. Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.


ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.

«Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.

Бұйрық

нөмірі

Алгоритмнің бұйрығы

нәтижесі

Бұйрықтың орындалу


1

Көк қарындашты ал


2

Шардың суретін сал


3

Шарды боя


4

Қарындашты орнына қой


5

Соңы



ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер

Алгоритмнің қасиеттері қандай?


ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру:

§3.1 Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.

Бағалау



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!