СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алқа тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) – қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады.

 

Просмотр содержимого документа
«Алқа тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары.»


Сынып: 6

Күні

Сабақтың тақырыбы: Алқа тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері

Сабақтың мақсаты:.

Сабақтың құрал-жабдығы: Ұлғайтқыш қол әйнегі, Алқатұқымдастарының кеппешөптері, алқа тұқымдас өсімдіктерінің демонстрациялық жинақтамасы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тірек-сызбамен түсіндіру, слайд

Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау:

«Сәйкестендіру тесті»

1.Көкөністік өсімдіктер А)Қыша

2.Татымды өсімдіктер Б)Ақжелкен

3.Майлы өсімдіктер В)Орамжапырақ

4.Дәрілік өсімдіктер Г)Шалғам

5.Арамшөптер Д)Шомыр

Ж)Қышабас

З)Жұмыршақ

И)Рапс

К)Арыш

Л)Тарна

М)Ақбасқурай

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Өсімдіктер дүниесі нешеге жіктеледі?

  2. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қандай топтары бар?

  3. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қандай топтары бар?

  4. Споралы өсімдіктердің өкілдерін атаңыз?

  5. Тұқымды өсімдіктер қандай бөлімге жіктеледі?

  6. Ашық тұқымдылардың өкілдерін атаңыз?

  7. Жабық тұқымдылар неше класқа жіктеледі?

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.

Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) – қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі – көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.

Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі - жидек немесе қауашақ.Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ(физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы.

IV. Бекіту

№24 зертханалық жұмыс.

Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы



Зертханалық жұмыс №24


Тақырыбы: Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.

Мақсаты: Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы анықтау.

Құрал-жабдықтар: кеппеөсімдіктер, кестелер, ұлғайтқыш әйнектер.

Жұмыс барысы.

1.Алқа тұқымдастарға ортақ белгілерді атаңдар. Бұл топқа қай өсімдіктер жатады? Баклажан қандай өсімдік?

2. Баклажанның гүл құрылысы қандай? Баклажанның жемісі қалай аталады?

3. Бақшадан алқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерді бақылаңдар. Көшеттеріне назар аударыңдар. Гүлін, жапырақ, сабақтарын қарап, ерекшеліктеріне көңіл бөліңдер.

Қорытынды.


Үйге тапсырма: §44. Тақырып соныңдағы денгейлік сұрақтарға жауап жазу. 104-суретті салу.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!