СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алжапқышты негізгі сызбасын бойынша модельдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ  Алжапқышты негізгі сызбасы бойынша модельдеу. 8класс

Просмотр содержимого документа
«Алжапқышты негізгі сызбасын бойынша модельдеу»

8 класс

Сабақтың тақырыбы: «Алжапқышты негізгі сызбасы бойынша модельдеу»

Сабақтың мақсаты:

  • Киімді модельдеудің кезеңдерінің ерекшеліктері мен таныстыру. Алжапқышты

модельдеу түрлерімен бағыттарын үйрету.

  • Материалды есте сақтау қабілетін, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра

білуін жетілдіру. Дүниетанымын, ой - өрісін дамыту.

  • Эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға, өзара көмек көрсетуге, пәнге

қызығушылығын арттыруға үйрету.



Сабақтың түрі: аралас.



Сабақтың әдісі: СТО технологиясы,актив студия, интер.тақта,сарамандық жұмыс.



Сабақтың көрнекілігі: Алжапқыш түррлері, суреттер.



Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері – түс үйлесімділігі; математика –

есептеулер; сызу – сызба



Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын оятуэтапында «ВЕНН диаграммасы» стратегиясын қолдану.

ВЕНН диаграммасы

айырмашылықтары ұқсастықтары





Айырмашылығы

1. Көкірекшеден және төменгі

бөлшектен тұрады.

2. Барлық алжапқыштарда белбеу

болады.

3. Барлық алжапқыштарда аспабау

болады.

4. Алжапқыштардың барлығын

әрлеп өңдейді.

5. Алжапқыштардың төменгі

бөлшектерінің пішіні әртүрлі.

Ұқсастығы:

1. Тұтас көкірекшесі бөлек немесе

тек төменгі бөліктен тұратын

алжапқыш.

2. Қалталардың түсіндегі

айырмашылық

3. Алжапқыштар түсіндегі

айырмашылық

4. Алжапқыштарды әртүрлі әрлейді.


ІІ.Мағынаны тану этапында ЖИГСО стратегиясын қолдану.

Класты 3 топқа бөлемін.

Әр топқа мәтін беремін.7 минут.Мәтінді мұқият, әрі ұқыпты оқуларың керек. Қазір

жанұяларыңа ақпараттарыңды дұрыс жеткізулерің керек. Оқушылардың сабақты түсінуі

сендердің берген ақпараттарыңа байланысты.



1-топ. Кез келген бұйымды пішуден, технологиялық өңдеуден бұрын, оның көркемдік жобасын жасап алады. Киімді модельдеу – бұл оның жаңа моделін жасау болып табылады. Модельдеу термині модель – «үлгі» сөзінен алынған. Суретші киімді модельдеу кезенде жаңа жоба ойлап табуы немесе бұрынғы затты заман талабына сай жаңарту мүмкін. Сонымен қатар суретші бұйымның қажеттілігін, пішімін, түсін, материал қасиетін, қазіргі заманның сән талабын ұмытпауы керек.



2-топ. Киім үлгілерін ойлап табушы және соны жүзеге асырушы адамды сәнгер (модельер) дейді. Сәнгер жаңадан ойлап тапқан модельді алдын ала графикалық іске асырады, нобайын жасайды. Нобайды ақ – қара түсті, сондай – ақ түрлі түсті етіп те жасауға болады. Нобай – бөлшектерге бөлініп өңделмеген бұйымның алдын ала жасалған үлгісі. Сонымен қатар (алжапқышта) модельдің екінші модельден айырмашылығы фасон деп аталады.



3-топ. Киімді тігуге кіріспес бұрын, біріншіден, оның көркем жобасын немесе жай ғана эскизін жасау керек – бұл кезең көркемүлгілеу кезеңі аталады; екіншіден, конструкция негізінің есебі мен сызбасы немесе жай ғана негізі жасалады – бұл жинақтау; үшіншіден, есептеу арқылы бүрмелер, қатармалар, иініштер, қалталар, ойықтар және т.б. анықтау – бұл техникалық үлгілеу.



Ал енді, негізгі және қосымша түсініктерді толтырамыз. Жанұяларыңа қайтыңдар. Негізгі түсінікке өздеріңнің алған, ал қосымша түсінікке топтан алған ақпараттарыңды ортаға салып, жазасыздар. Бірінші жұппен, одан кейін топпен ойласасыңыздар 10 мин.

1 жіңішке 1 жуан сұрақтар дайындаңдар.



Сарамандық жұмыс алжапқышты М1:4 модельдеу әр оқушы өздері ұнатқан модельдерін модельдейді, онда қайшымен қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетпейік. Түс үйлесімділіктерін ескеруіміз керек. Сендерге 15 мин.Іске кірісейік.іске сәт. Ал, енді дайындаған модельдеріңізді тақтаға іліңіздер және осы галлерияға саяхат жасап жіберейік. Өз ойымызды ашық айта алуымыз керек. Тоқталып кетейік.

ІІІ. Ой толғаныс «Ассоцация» стратегиясын қолдану. Оқушылар сендер бүгінгі сабақтан модельдеу деген жаңа терминді үйрендіңдер. Ендеше осы сөзді сендердің қалай түсінгендеріңді білгім келеді.









Ерекшелеу өзгеріс енгізу әсемдеу





Модельдеу

















Түрлендіру сәндеу пішімін өзгерту құрастыру

Топ басшылары оқушыларды бағалап, үйге жалғастыру.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!