СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Арнайы пәндерді оқытуда мұғалімнің кәсіби шеберлігі, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен өзгеріспен құра білу

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

“Интерактив” - ағылшының сөзі – (“өзара”, “әрекет ету”) деген сөзінен шыққан, немесе «екі жақтың өзара қатынасы»). Яғни, интеракция – жеке тұлғалардың, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір – біріне алма кезек әсер етуі.  Интерактивті әдіс дегеніміз - оқу үрдісінің өзара әрекет үрдісіне батып кетуі, ал оқушылар белсенділігінің жоғары болуы.

 

Интерактивті әдістің мақсаты: білім алушылар бойында түрлі проблемалық мәселелерге өз бетінше жауап табу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Мәліметті алу және бағалай білу.

2.Мәліметті талқылай білу.

3.Топтың басқа мүшелеріне өзінің идеясын хабарлай білу.

4.Жалпы мақсатқа жету үшін топтың басқа мүшелерімен ынтымақтаса жұмыс істей білу.

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Арнайы пәндерді оқытуда мұғалімнің кәсіби шеберлігі, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен өзгеріспен құра білу»

«Автоматика әлемі» атты білімділер сайысы.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған интеллектуалдық ойын.


Мақсаты: Білімгерлердің танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан - жақты болуға үйрету, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, білімгерлерді озық ойлы білімгер болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, білімгерлер «Автоматика әлемі» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер! Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.Тәуелсіздік- қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, жықпай ұстау, біздің қолымызда. Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оның көзіміздің қарашығындай қорғау, баршамыздың борышымыз.Ұлттық санамыз саяси өрісіміз сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, ұлан байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі тектілердің ұрпағы екендігімізді ұғынып, келешекке жеткізу парызымыз.Тәуелсіздігімізді мәңгілік сақтауымыз үшін бүгінгі ұрпақтан терең білімді және саналы болу керектігі сұралып отыр.Соның ішінде Елбасымыз соңғы жолдауында айтқанындай техникалық мамандықтарды жаңғыртуымыз қажет.бүгінгі сыныптан тыс іс шараны ұйымдастыруымыздың мақсаты білімгерлердің мамандығына деген қызығушылығын арттыру,ой өрістерін,ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады.

Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады.
І кезең: «Таныстыру»
ІІ кезең: «Сұрақ-жауап»
ІІІ кезең: «Қызықты ұйқастар»
ІV кезең: «Үйге тапсырма»
V кезең: «Алтын жәшік»

VI кезең: «Өнер»

VII кезең: «Болашақ Қазақстан»

Енді Білімділер сайысын бастайық.
Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:

1

2

3

Сайысымызға үш топ қатысып отыр.
І топ: «»
ІІ топ:«АБ»
ІІІ топ : «Жас техник»
Сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәт сапар тілейміз.

Бірінші кезең «Таныстыру».Әр топ өз эмблемасын және ұранын,топтың атын таныстырады.(5 мин)
Екінші кезең: «Сұрақ-жауап». Бұл кезеңде тақтаға әр түрлі категорияда ұпай сандарына байланысты сұрақтар қойылады.Әр топ ұпайға байланысты сұрақты таңдайды да жауап беруі тиіс.
І топ:

  1. Ом заңының формуласы (10 ұпай)

  2. Конденсатор дегеніміз не?

  3. Қазақстан Республикасы туының авторы.

  4. Электр энергиясының формуласы (20 ұпай)

  5. Диод дегеніміз не?

ІІ топ:

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы?

  2. Параллель жалғанған резистордың формуласы (30 ұпай)

  3. Транзистор дегеніміз не?

  4. Қазақ Хандығының құрылғанына қанша жыл болды?

  5. Ампер заңының формуласы (40 ұпай)

ІІІ топ:

  1. Стабилитрондар дегеніміз не?

  2. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары?

  3. Магнит энергиясының формуласы (50 ұпай)

  4. Трансформатор дегеніміз не?

  5. Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданған күні?


Үшінші кезең «Қызықты ұйқастар» кезеңінде әр топ тақтадағы техникалық мамандыққа қатысты терминдерді 1 минуттың ішінде сәйкестендіріп орындауы керек.

Төртінші кезең: «Үйге тапсырма»
Бұл кезеңде әр топқа тапсырма берілген болатын.Әр топ өздері жасаған жобаларын таныстырып,қорғайды.

Бесінші кезең«Алтын жәшік» деп аталады.Бұл кезеңде әр топ өздерінің бұйымдарын жәшікке жұмбақ етіп жасырады.Қалған екі топ сол жұмбақтың жауабын табуы тиіс.

Алтыншы кезең: «Өнер» болып табылады.Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Жетінші кезең «Болашақ Қазақстан» деп аталады.Бұл кезеңде әр топ өздеріне таратылған кеңсе тауарларынан өз мамандықтарына байланысты еліміздің болашағын суреттеп беруі тиіс.(5 мин)
Қорытынды
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар, білімгерлер! Осымен сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!