Уа-қыт мин | Сабақ кезеңі | Блум бойынша оқушылардың ойлау деңгейлері | Мұғалімнің оқытудағы міндеттері | СМАРТ мақсатты амалға асыру механизмі. | Бағалау | Ресурстар |
Оқушылардың іс-әрекеттері: | Бәрін қосқанда ұйымд.форма |
2 | Ұйымдас- тыру кезеңі, психоло-гиялық дайындық | Барлығы: мұғалімнің сөзін тыңдайды. Тақтадан оқыйды. Көпшілігі:нақыл сөзді түсінеді, мұғалім не үшін айтқанын біледі, түсінеді. Кейбіреулері: ақынның басқа да нақыл сөздерін қосымша білгісі келеді. | Оқушылар, мен бүгінгі сабағымызды аса көрнекті ақын, данышпан ойшылымыз Жүсіп Баласағұнның ( эпиграфпен) сөзімен бастағым келеді. «Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатына біле-біле». Міне, балалар, алдымызға қоған мақсатымызға жету үшін көп оқып, іздене білуіміз керек. Ендеше бір-бірімізге сәттілік тілеп сабағымызды бастайық! | Оқушыларға тапсырма Мұғалім сөзін мұхият тыңдайды. | Жеке жұмыс | Формативті (Қалыптастырушы) Мадақтау  | Интербел-сенді тақта Ақынның портреті |
3 | Қайталау | Барлығы: бұйрық райдың ережесін біледі, түсінеді, мысал келтіреді. Көпшілігі: бұйрық райлы етістіктерінің өзіндік ерекшеліктерін атап, бұйрық райды жіктеп сөйлемде қолданады, талдайды. Кейбіреулері: бұйрық райлы етістіктің жасалауын толығымен зерттейді, түсінеді, өздерін бағалайды. | «Миға шабуыл» әдісі * Бұйрық рай дегеніміз не? * Бұйрық райдың өзіндік ерекшеліктерін ата? * Бұйрық райлы етістіктің жіктелу үлгісін ата. | Оқушылар «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.(Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бір-бірлеріне осы сұрақтарды қайта қойып, қайталайды) | Жеке жұмыс | Формативті (Қалыптастырушы) Смайликтер арқылы бағаланады.  | Интербел-сенді тақта. Мидың суреті. |
10 | Үй жұмысын тексеру | Барлығы: сөйлем мен тестті орындайды. Көпшілігі: сөйлем мен тестті орындайды. Кейбіреулері: сөйлем мен тест орындайды. Бұйрық райлы етістікке морфологиялық талдау жасайды. | Мұғалім үй тапсырманы тексереді. 1-тапсырма: Тест тапсырмасын орындау. 2-тапсырма: Бұйрық райлы етістікке 3 сөйлем жазу. 3-тапсырма: Суретке қарап, бұйрық райлы сөйлем құра. Бағалау критерийге тоқталу. 1.Тест тапсырмасы - 5 ұпай. 2. Бұйрық райлы етістікке 3 сөйлем – 3 ұпай 3. Суретке қарап, бұйрық райлы сөйлем құрастыру – 2 ұпай. Ұпай саны: 10 ұпай – «5» 8, 9 ұпай – «4»; 7, 6, 5 ұпай – «3» 4 ұпайдан төмен – «2» | Бағалау кретериилермен танысады. Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Бұйрық райлы 3 сөйлемді оқиды. Бұйрық райды анықтайды. Суреттерден бұйрық райлы сөйлем құрастырады. | Жеке жұмыс | Суммативті (жиынтық) Тест және тапсырмалар | Интербел-сенді тақта. Кесте. Суреттер. |
1 | Сергіту сәті. | Барлығы: етістіктерді оқиды, қимылдар істейді. Көпшілігі: рай түрлерін анықтап, қимылмен орындайды. Кейбіреулері: еш қателіксіз, өткен сабақты жинақтау мақсатында қорынтындылайды. | «Ойна да ойла!» Оқушылар бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық. Мен сіздерге ашық рай мен бұйрық райлы етістіктерді оқимын, ал сіздер қимыл қозғалыс арқылы жауап бересіздер. Егер, ашық райлы етістік десеңіздер – қолдарыңызды жаясыздар. - бұйрық райлы етістік десеңіздер –– қолдарыңызды шапалақтаңыз немесе саусақты бұйрық райда нұсқау; Мысалдар: Ол келіпті, сөз айтпа, мен баратын едім, біз бармақпыз, сен айт, мен барайыншы, оқыған еді. | Оқушылар шеңбер құрады. Етістік райларын қай түріне жататын қимыл іс-әрекет арқылы дәлелдейді. | Жеке жұмыс | Формативті Мадақтау  | Интербел-сенді тақта |
10 | Жаңа тақырып-ты ашу және меңгеру | Барлығы: сұрақтарға жауап береді. Көпшілігі: мақалдың мағынасын ашады, түсінік береді. Кейбіреулері: мақалдағы шартты райлы етістікке түсінік береді. Барлығы: жаңа тақырыпты тыңдайды, түсінік алады. Көпшілігі: өз беттерімен кітаптан оқып, көршісіне айтып береді. Кейбіреулері: жаңа тақырып бойынша басқа оқушыларға сұрақ қояды. | Жаңа тақырыпты ашу. Нота санаттары арқылы мақалды табу.   7 нотаға 7 сұраққа жауап беру. 1. Рай деген сөз қандай сөздермен синонимдес білдіреді. 2. Рай қандай мағынаны білдіреді.3. Рай категориясы дегеніміз не?4. Етістіктіктің райлары нешеге бөлінеді? 5. Ашық рай қалай жасалады? 6. Кел етістіктігін бұйрық райда жекеше жікте. 7. Кел етістіктігін бұйрық райда көпше жікте. Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа Жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа. Мұғалім шартты рай етістігіне түсінік беріп, тақырыпты ашу. Мақсат қою. Етістіктің шартты райы – қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістігінің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са,жүр-се, айтпа-са, оқыт-са т.б. Жіктелу үлгісіне тоқталады. | Әр нотадағы сұрақтарға жауап береді.Мақалдың мағынасын ашады. Бұйрық райлы етістікке морфологиялық талдау жасайды. Оқушылар жаңа тақырыпқа мақсат қояды. | Жеке жұмыс. Жұппен жұмыс. | Формативті Смайликтер арқылы бағаланады.    | Интербел-сенді тақта Үлестірмелі қағаздар 7 нота |
7 | Жаңа сабақты меңгерге-нін тексеру | Барлығы:пазыл құрастырады, оқиды. Көпшілігі: мақалдың мағынасын ашып, жұмбақтың жауабын айтады. Кейбіреулері: бірінші топ екінші топқа сұрақ қойып, қателерін түзетеді. | Практикалық жаттығулар. 153-жаттығу. Оқып шығып, шартты райлы етістіктерді табыңдар, қай жақта тұрғандығын анықтаңдар. Үлгі: тайса – ІІІ жақ. Топпен жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөлу. (Смайликтер арқылы бөлу) Фазыл құрастыру. Мақал-мәтел мен жұмбақ немесе жаңылтпаш құрастыру. Кретерий (негізгі талаптар) 1. Мақалдың, жұмбақтың дұрыс құрастырылуы, айтылуы. 2. Мақалдың толығымен мағынасының ашылуы. Жұмбақтың жауабының дұрыс болуы. 3. 2 топтың бір-бірлерінің тапсырмасын тексеріп, сұрақ қоюуы. І топ: Мақал ІІ топ. Жұмбақ 1.Оқи берсең көзің ашылады, Отыра берсең, жалқаулық басынады. 2.Бірі үй күзетіп қалса да, Бірі жүрер қалтада. (Құлып пен кілт) | Оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Топтық тапсырманы бірлесе орындайды, пазыл құрастырып, постер қорғап, мақал мен жұмбақтың мағынасын ашады. | Жеке жұмыс Топпен жұмыс | Формативті Мадақтау Смайликтер арқылы бағаланады.   | Оқулық (102б.) Үлестірме-лі қағаздар Пазыл Постер қорғау |
5 | Бекіту және түзету. | Барлығы: етістіктің райларын ережелерін сәйкестендіреді. Көпшілігі: шартты райлы етістікті сөйлемде тиісті табады. Мағынасын ашады. Кейбіреулері: қосымша шартты райлы сөйлемдер мен мақалдар айтады. | «Сәйкестендіру» кезеңі. «Кім жылдам?» Етістіктің райлары Ашық рай Бұйрық рай Шартты рай (Флипчарт арқылы тірек сөздердің ережесін анықтау.) «Орнын тап» Көп нүктенің орнына керекті етістіктерді жаз. 1) Жаңбыр ..., біз ешқайда бармаймыз. 2) Мен ..., сен жоқсың. 3) Кітапты ... , суретті көресің. 4) Еңбек... ерінбей. Тояды қарның тіленбей. Керекті сөздер: ашсаң, жауса, келсем, етсең. | Оқушылар жаңа тақырыпты меңгергенін дәлелдейді. Етістіктің райларын сәйкестендіреді. Шартты райлы етістіктерді сөйлемнің керек жеріне қояды. | Жеке жұмыс | Формативті Жұлдызша-лар мен смайликтер арқылы бағаланады.   | Интербел-сенді тақта, Плакат Флипчарт |
3 | Үй жұмысы нұсқау-лық | Барлығы: үй тапсырмасын тыңдайды. Көпшілігі:шартты райлы етістіктерді біледі. Кейбіреулері: қосымша сұрақ қояды. | 154-жаттығу. Берілген етістіктерден шартты рай жасап, әрқайсысына бір-бір сөйлем құраңдар. Үлгі: Сана – санаса – Арман асықтарын санаса біреуі кем екен. Ережені оқу. | Оқушы кітапқа қарайды, мұғалімді тыңдайды. | Жеке жұмыс | | Интербел-сенді тақта Оқулық (103 б.) |
3 | Рефлексия | Барлығы: ортаға шығады. Еркін микрофонды ұстайды. Сөз сөйлейді. Көпшілігі: толығымен мақсатына жетті ме соған ойын айтады. Кейбіреулері: мақсатына қалай жеткені туралы пікір айтады. | Сабақта өз мақсаттарына жеткені туралы әр оқушыдан пікір алу. «Еркін микрофон»  | Оқушылардың барлығы ортаға шығып, «Еркін микрофон» арқылы сабақтағы мақсаттарына жетті ме екен туралы сөз айтады. | Жеке жұмыс | Формативті Смайликтер мен жұлдызша-лар, мадақтау, қолпаштау. | Микрофон |