Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі:оқушыларға жапырақтың сыртқы құрылысы, қызметі, тақтасының пішіні,жапырақтың орналасқан ерекшелігі мен жүйелену туралы мәлімет беріп,білімін тиянақтау,өткен сабақта алған білімдерін одан әрі дамыту.
2.Дамытушылығы:тапсырмалар,сөзжұмбақ орындату арқылы танымдық ой-өрісін,іс-әрекетін,шығармашылық ойлау қабілетін дамыту; өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу.
3.Тәрбиелігі: қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге,өз жерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Түрі: дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: экология,ағылшын тілі,математика,қазақ әдебиеті,орыс әдебиеті.
Көрнекілігі: кеппе шөп,слайд,тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,балалардың назарын сабаққа аудару.(Слайд №1)
Салем саған,жер Ана!
Салем саған,нұрлы Күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
II.Өткенді қайталау.
1.Үй тапсырмасын сұрау.
-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық? (Сабақтың түрөзгерістері)
I. Осы тақырыпқа байланысты тест-экспресс өткізейік.Мен сендерге сұрақтар қоямын,сол сұрақтарға тез жауап беру керек.(Слайд №2)
1.Сояу дегеніміз не? (түрін өзгерткен жер үсті сабақ)
2.Сабақтың сояуға айналып түрін өзгертуінің себебін атаңдар?
(1.ылғал жетіспегендіктен 2. жабайы өсетіндіктен,қолайсыз жағдайға бейімделуі)
3.Түрі өзгерген жер асты өркендерді ата? (тамырсабақ,түйнек,пиязшық)
4.Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы неде?
(1.Тамырсабақ тек көпжылдық өсімдіктерде болады,ал тамыр жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады;Ұшында бүршік болады,тамыр ұшында тамыр оймақшасы;Буын және буын аралығынан тұрады,буын және буын аралығы болмайды; бүршіктен дамиды,ұрық тамыршасынан дамиды;қабыршақ қолтығында бүршік дамиды, бүршіктері жоқ;жапырақтары қабыршақты,жапырақ болмайды)
5.Түйнек пен тамырдың айырмашылығы неде?( түйнектін сыртында көзшелері жапырақ іздері бар, тамыр ешқашан жапырақ шығармайды;бүршіктері кезектесіп орналасады,одан өркен дамиды,тамырда бүршіктері болмайды;жарық түссе түйнек жасыл түске боялады,тамырдың түсі өзгермейді)
6.Қандай пиязшықты өсімдіктерді білесіндер?
(пияз,сарымсақ,лалагүл,қызғалдақ,бәйшешек)
7.Қандай тамырсабақты өсімдіктерді білесіндер?
(Інжугүл,қазтабан,бидайық)
II.Келесі тапсырма:Сөйлемді толықтыр (Слайд №3)
Көп нүктелердің орнына қажетті сөздерді жазу,қосымша сөздер берілген.
Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық
Алдында өткен тақырыптарды естерімізге түсіріп сөзжұмбақты шешейік (Слайд №4)
III.Келесі тапсырма (Слайд №5-6) Картоп өсімдігіндегі түйнектің бөлімдерін ата
Пиязшықтың бөлімдерін жаз
IY.Жасыл «Ия», сары «жоқ» үндемес ойыны арқылы үй тапсырмасын қорытамыз(Слайд №7)
III.Жаңа тақырыпты оқыту
Балалар мен сендерге бүгін жұмбақ дайындадым
Жазда жайнайды
Күзде жайрайды
Өсімдіктің қандай мүшесіне арналған жұмбақ?Дұрыс Жапырақ.
Қазақша – жапырақ дейміз,орысша –лист,ағылшын тілінде(Слайд №8)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жапырақ» (Слайд №9)
Сабақтың мақсатымен танысыңдар (Слайд №10)
Бүгінгі сабақта біз сендермен бірнеше сұрақтарды қарастырамыз.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты пайдаланып, жауабын табу.Жапырақ дегеніміз не?
(жапырақ-өсімдіктің өсу мүшесі)
Жапырақ қандай қызмет атқарады? (ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп,жапырақтың әсерінен органикалық зат түзеді;жасушадағы артық суды буландырады;Газ алмасу жүреді;органикалық заттарды қорға жинайды,өсімдіктің көбеюіне қатысады)
Келесі қарастыратын сұрағымыз: Өсімдік жапырағының сыртқы құрылысы(Слайд №11) Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады.Жапырақ тақтасы дегеніміз не? Оқулықтан бұл сұраққа жауап табыңдар.
Жапырақтың кеңейген бөлімі-жапырақ тақтасы.Сағақ дегеніміз не? Табыңдар.Сабаққа бекітетін жіңішке бөлімі-сағағы деп аталады
Газ алмасу,заттарды қорға жинау,суды буландыру,фотосинтез құбылысы жапырақ тақтасында жүреді.Сағағы жапырақты жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады.Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапыраққа өтеді,сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қырай бағыттайды.
Жапырақ сағағының түбінде орналасқан кішкентай жапырақшаларды бөбешік жапырақшалар дейді.Жапырақ тақтасынан бұрын пайда болады да,бүршікті зақымдаудан қорғайды.Бүршік ашылған соң қурап қалады.
Өткізгіш шоқтар-жапырақ тақтасында орналасқан сызықшалар. Ол туралы біз әлі де айтамыз.Және жапырақтың негізі
Жапырақтың сабаққа бекінуіне байланысты сағақты,сағақсыз және қынапты жапырақтар болады (Слайд №12) Жапырақтар тақтасының негізі ұзарып өсіп сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады,оны қынап дейді
Келесі сұрақ Жапырақ тақтасының пішіндері.Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі.Оқулықтағы суреттерді қарастырайық 24 сурет
Сергіту сәті(Слайд №13)
Жапырақ тақтасының санына байланысты жапырақтың көптүрлігін қарастырайық( Слайд №14) Бір сағақта бір жапырақ тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді.Қандай өсімдіктерде жай жапырақ (терек,көктерек,алма ағашы т.б.) Бір сағатқа екі немесе одан да көп жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді.Сызба арқылы көрсету.
Алдарыңа кеппе шөптер берілген.Жай жапырақты және күрделі жапырақты өсімдіктерді бөліп,кестені толтырасыңдар(Слайд №15)
Келесі сұрақ Жапырақтың жүйкеленуі.Оқулықты пайдаланып жүйкелену дегеніміз не? Жуйкелену дегеніміз өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.
Жүйкелер қандай қызмет атқарады?1.Жапыраққ беріктік қасиет береді.
2.Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі,органикалық заттар басқа мүшелеріне таралады.(Слайд №16)
Келесі сұрақ жапырақтың сабаққа орналасуы.Жапырақтардың сабаққа орналасуында бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көленке түсірмейтіндей ретпен бекінеді.Бекінудің 3 түрі бар (Слайд №17) (Слайд №18)
IY.Жаңа тақырыпты пысықтау .
1.Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
2.Жапырақ туралы не білдік?
Сызба арқылы көрсету
Y.Бағалау
YI.Уйге тапсырма
Жапырақ туралы мақал-мәтелдер,өлеңдер,тақпақтар