СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым"тарихи шығармашылық кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстра отырып, өз еліміздің тарихын білуге, салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын сүюге Жас ұрпақты Отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тарихи кезеңдер туралы слайдтар, қазақ батырларының суреттері, еліміздің рәміздері, үнжазба және кітап көрмесі.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым"тарихи шығармашылық кеш»


«БҚОӘББ Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК


«Бекітемін»

директордың

ТЖ бойынша орынбасары

__________Н.Г.Хайруллина

«_____» _________2016жыл







«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!»



Дайындағандар ӘГП оқытушылары: С.Қ.Сисенгалиева

Ж.С.Баймункина

А.А.Ибатова





Орал-2016ж

Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым

(тарихи- шығармашылық кеш)


Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің тарихын білуге, салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын сүюге Жас ұрпақты Отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тарихи кезеңдер туралы слайдтар, қазақ батырларының суреттері, еліміздің рәміздері, үнжазба және кітап көрмесі.


Кештің барысы:

Нұржан Мақсат Ст621

  1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар мен көрермендер!

Бүгін тарихымызды тағы да бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым»атты ашық тәрбие шарамызды назарларыңызға ұсынып отырмыз, қош келдіңіздер!

Ізбасарова Мөлдір Ст-621

  1. Жүргізуші: «Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі, Қазақ елі –асқан батырлығымен,ақыл парсаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

1-жүргізуші:Қазақ қазақ болғалы талай тарихи оқиғаларды басынан кешірген.Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихтың ақтаңдақ беттеріне тағы бір тоқталу бүгінгі кешіміздің алдында тұрған басты міндеттеріміздің бірі болып отыр.


  1. Жүргізуші:XV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық.Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады.Ұлан байтақ елімізге тұс тұстан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

  2. Жүргізуші:Қазақ халқы небір зұлматтарды басынан кешірген,1723 жылы Жоңғар билеушілері қалың әскермен қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді.

  1. Көрініс :

Сахна сыртынан дауыс: Дана ст-621

Қаратаудың қойнынан

Шықты жосып бір сарын

Күңіренте даланы...

Осы кезде кісінеген аттың даусы,маңыраған қой, бақырған түйе,азан-қазан ауылдың дыбысы таспа арқылы беріледі.(Алмаз Ст621)


(Осы кезде сахнада жоңғар қонтайшысы отырады, жанында екі уәзірі мен алдында қағаз жазып отырған шабарман отыр).

Қоңтайшы:- (Равиль ст-621)

Әмірімді тез жеткіз!

Алау басып олжаға

Бөгелмесін жолынан,

Алдымызда сүргін бар,

Қан сасыған қырғын бар,

Қалдырмаңдар ұрпағын.

Жойыңдар қазақтардың барлығын!!!!

Мыңбасы:-Құп тақсыр, әміріңіз орындалады! (Ернар ст-621). Екі уәзір Шерхан, Нұрәділ).

(Сахна сыртынан халықтың зарлы даусы естіледі).Сойқан басталады.Зарлы әуен-«Елім-ай» хормен айтылады.

1-жүргізуші:-Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін,ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды.Жауға соққы беріп,жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа,елді бірлікке шақырды.(қасына киім киіп Байсал, Мейрхан,Алмаз,Аман).

2-Көрініс: (Төле би отырады,оған 4-5 жасар бала жетектеген,кемпір келеді.)

Ол:

Кейуана: Уа би мен сұлтан,датым бар.Мына шикі өкпені алдарыңа әкеп тұрмын. (Эльзира ст-621)

Төле би: жөніңді айт, кейуана. (Нұргелді Ст-621).

Кейуана: Орта жүз найман ішінде Садыр деген ел едік. Жомарт деген батырымыздың кешқұрым мезгілде ауылды жау шауып, тоғыз баласымен өлтіріп кетті. Ауылды түгел қырды. Мына баланы қазан астына жасырып қалдым. Рулы елдің артында қалған жалғыз тұяққа батаңды бер.

Төле би:Уа, жалғыз тұяқ, ғұмырың ұзақ болсын, Қыдыр бабаң қолдасын, бердім батамды , әумин!

Уәзір : «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпей , бір жерден қол шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық!» Кең пейілді бауырмал халық бір тудың астында «сабалақ Абылай» аталған Абылайды хан көтерейік! (бір бала керек).

  1. Көрініс : Сахнада хан тағына жайғасып отырған Әбілхайыр(Ғалымжан ст-621) хан, екі жағында екі уәзірі бар.Орыс елшісі Тевкелев келеді.

Тевкелев( тағзым етіп, сәлемдеседі қолында грамота бар.)

Тевкелев:(Айсұлтан)Уа, кіші жүз ханы Әбілхайыр, Мені Сізге Ресей патшасы Анна Ионовна жіберді. Сіздің Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі ұсынысыңызды патшайым қабыл алып, мына грамотаны рақым қылды. (Хан грамотасын алып сүйіп, өз ризалығын білдірді.)

1-жүргізуші:-Содан бастап патша өкіметіне қарсы қаншама көтерілістер болды десеңізші.Сырым, Махамбет пен Исатай, Кенесары, Жанқожа батырлардың ерліктері ел аузында мәңгі сақталады.


  1. Көрініс:

Жәңгір хан: Уа, Махамбет ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені жақтап өлең айтшы.

Махамбет: -Айтсам айтайын!

Хан емессің, қасқырсың!

Қас албасты басқырсың

Дұшпаның келіп табалап,

Достарың сені басқа ұрсын.

Хан емессің, аярсың.

Айыр құйрық шаянсың!

Осы кезде Жәңгір хан уәзірлеріне ұстаңдар деп бұйрық береді.

Махамбет :

Дұшпанына келгенде,

Тартынбай сөйлер асылмын.

Құла бір сұлу ат мінген,

Құйрық, жалын шарт түйген

Ту түбінен ту алған

Жауды көрсе қуанған

Мен Өтемістің баласы

Махамбет атты батырмын.

Ән: «Бабалар жыры» ?

1-жүргізуші:-Көтерілістерден басқа қазақ ашаршылдық жылдарында да жер бетінде дәл қазақтай ашығып қырылған халық болмаған болар??

5-Көрініс: (1932 ж. Ашаршылық . Сталиннің кабинеті.Сталинмен Рұсқұловтың кездесуі.)


Сталин: Байқаймын, жүдеп кеткен сияқтысың?

Рысқұлов:Ия, қазақ халқы аштықта жатыр, тез арада көмектесуіміз керек.Голощекинді кері қайтару керек.

Сталин:Голощекинді кері қайтарғанымен орнына лайықты кім бар?Сөйтіп аштықтан құтқара аламыз ба?

Рысқұлов : Лайықты адамадар бар: О.Исаев, С.Сейфуллин,О.Жандосов - бәрі де елім деп еңіреген азаматтар.

Сталин:Жарайды көрерміз, боссың!Алып кетіңдер, мынаны!


2-Жүргізуші:1930-1932 жылдары күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақ шаруашылығына үлкен зиян келтірді.Негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жыл ішінде малдарынан түгелге жуық айрылды.1928 жылы 45 млн –ға жуық мал болса, ол 10 еседей кеміп, 4,5 млн –ға дейін азаяды.Сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысына жуығы қырылды.Бұл 2,1 млн қазақ деген сөз. Бас қа халықтарда ашаршылыққа ұшырады.Бірақ бірден –бір халықтың қазақтар сияқты тең жартысы қырылған жоқ.Халық зиялыларының көбі ату жазасына кесілді.

  1. Көрініс:( Музыка жүреді иттің үрген даусы мен жылаған дыбыстар.Сахнаға бес адам шығады олар сотталғандар, оларды алып келе жатқан солдаттар және қарап тұраған басшылар.Сол жерде ату жазасы жүзеге асады.)


1-Жүргізуші:1937 жыл.Еліміздің ішінде сол зұлматтың құрбаны болғандар қаншама. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған асыл, аяулы ұлдарымызды өз ортамыздан осылайша аластаттық.Ол күн енді қайталанбасын.

2-Жүргізуші:1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Еліміздің тәуелсіздігін аңсаңан жастар алаңға шықты. Желтоқсан дауылға айналды.Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

  1. Көрініс :(Қайрат абақтыда отырады, үстелдің үстінде қағазға қарап ата-анасына хат жазып отыр).

Әкетай -ау, пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды –ау біз секілді «масылдар».

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам, үзіледі жұлыным.

Сенің ерке, ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Тергеуші келеді

-Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт! Савицкийді өлтірдің бе?

-Жоқ ,өлтіргем жоқ.

-Мойында , мойындасаң жазаң жеңілдейді.

Тергеуші үкім оқиды :

-Қайрат Рысқұлбеков «қылмысты»деп табылып, Қазақ ҚСР қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан ,65 бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылсын.Және Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173 – бабының 1тармағы бойынша, жазаның ең ауыр түрі өлім жазасына атуға кесілсін!

Қайраттың ақтық сөзі:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең, атыңдар!

Ән «Желтоқсан желі» (видео ролик).


  1. Көрініс.Сүйінші, Алақай Еліміз көптен күткен тәуелсіздігіне қол жеткізді.-деп сахнаға сүйінші сұрап бір оқушы шығады.

Би: Қазақ биі. Халелова Ақерке (сахнада шашу шашылады екі қыз бала саханаға Руфина, Балнұр шығады).

  1. Көрініс: (Ортаға қыздар кезекпен шығады, өлең жолдарын оқиды).

Қазақстан- тәуелсіздік бесігі (Дана)

Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!


Отансыздар мына өмірде бос қалар, (Айбану)

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерім де мүлт кетпесін қас қағар.

Қазақстан- Тәуелсіздік бесігі,(Ұлпан)

Басқалардың тимесінші кесірі

Елдің көшін ерте өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.


Қазақстан Тәуелсіздік бесігі (Альбина).

Бесігімде тербеледі дос үні

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық , ұлықтайық осыны!

Ән: «Жаса, қазағым!» Әбділахат Ғалымжан


1-Жүргізуші:Қазақстан бүгін егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы.Тарих бізге тәуелсідікті тарту етті.Енді біздің парызымыз –ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

2-Жүргізуші:

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың,

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын

Тәуелсідік туын туын тігуге қаншалықты қажыр –қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр– қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым» шарамызды аяқтаймыз.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!