СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 25.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аспанға ұшқан иттер" сөйлеуді дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«"Аспанға ұшқан иттер" сөйлеуді дамыту»

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас. Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы/Тема: «Аспанға ұшқан иттер»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық – развивающая: балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын ояту.

3.Оқыту – обучающая: балаларды ғарыш әлемімен таныстыру, алғаш ғарышқа ұшқан Белка және Стрелка иттері жайлы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, слайд, суреттер, жұлдызшалар.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт, ғаламшар-планета, зымыран – ракета.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар,қазір бізге аспан әлемінен бір қонақ келеді. Қараңдаршы, мынау кім,балалар?

Робот: Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-да тұ-ра-сың-дар?

Балалар: Жер ғаламында тұрамыз.

Робот: Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?

Балалар: Қазақ жері деп аталады?

Робот: Балалар, мен жер шарын аралап жүрмін. Мен жай жүрген жоқпын.

Балалар мен сендердің ғарыш туралы білімдеріңді тексергім келіп тұр.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Әңгімелесу(слайдтар бойынша).

Аспан әлеміне шолу.

Балалар біз аспан әлемінен нелерді көріп тұрмыз?

Күн, ай, жұлдыздар аспан денелері деп аталады. Ай алғаш жарты ай болып көрінеді, содан бірте-бірте ай толады. Жұлдыздар өте көп және олар бізге кішкене болып көрінеді.

Балалар күн жерден де үлкен. Ол жерден өте ұзақ, сондықтан күн бізге кішкене болып көрінеді.

Жеке жұмыс: Арсен Жер ғарыштан қарағанда неге ұқсайды?

-Ясмин адамдар ғарышқа не үшін ұшады деп ойлайсың?

Ғаламшарларға шолу.

Ғарышта тоғыз ғаламшар бар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

Ғарыш – аспан әлемі. Ғаламшар – Күнді айналатын, Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.

Билингвальдық компонент: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт, ғаламшар-планета.

- Ең алғаш аспанға ұшқан нелер деп ойлайсыңдар?

Балалар бұл ең алғаш ғарышқа ұшқан иттер екен. Олардың аты Белка және Стрелка. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді.

Содан кейін ең алғаш адам ұшты. Ол Ю. Гагарин.

- Ал мына ғарышкерлер, ол біздің қазақстанның ғарышкерлері. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

Ғарышкерлер аспан әлемін зерттеу үшін ұшады.

- Кім өскесін ғарышкер болғысы келеді?

Тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:

1.– ер, - ер, - ер

Біз боламыз ғарышкер.

2.- ға, - ға, - ға

Біз ұштық Айға.

Ғарышқа дайындалу үшін балалар арнайы киімі болу қажет .Оны-скафандр дейді. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.

Сергіту сәті: «Робот»

- Менің командам бойынша қимыл - қозғалыс жасайсыңдар:

Солға қадам, оңға қадам

Алға қадам

Артқа қадам

Секіреміз бір рет

Отырамыз

Түзу тұрамыз

Роботтар сынды. (денелерін босатады)

Балалар ғарышқа немен ұшуға болады?

Билингвалдық компонент: зымыран – ракета

Ойын: «Зымыран-Ұшақ»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау,зейіндерін дамыту.

Зымыран- қолымызды жоғару көтеру;

Ұшақ- қолымызды созамыз.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Робот: балалар сендер білімді, тапқыр балалар екенсіңдер. Мен сендерге

жай сыйлық емес,сиқырлы сыйлықтар сыйлаймын. Сау болыңдар, балалар.

-Балалар аспан әлемінен нелерді көруге болады?

-Ғарышта неше ғаламшар бар?

- Ең алғаш аспанға ұшқан нелер?

-Қазақстанның ғарышкерлері кімдер?

Балаларды мадақтау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя