СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Астау жасаудың жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астау бұйымын жасаудың негізгі мақсаты халқымыздың тарыхына шолу жасай отырып, өткен ғасырда ата-бабаларымыз үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың көбісі ағаштан жасалынған бұйымдар болғанын көріп отырмыз. Сол бұйымдардың көпшілігі бүгінгі күні үй тұрмысына қайта оралып, теберік ретінде, үлкен құдалар күтуде, той мәзірлерінің бірі ретінде пайдаланылып жүргенін көріп отырмыз. Солардың бірі болып ет салғыш астау болып отыр. Сол себепті ет салғыш астау жасаудың технологиясын оқушыларға үйрету және жасап шығару әдісін менгеруді негізгі мақсаттың бірі ретінде тапсырма берілген болатын.

Просмотр содержимого документа
«Астау жасаудың жолдары»

Ғылыми жоба тақырыбы: «Астауды жасау»

Ғылыми жоба тақырыбы:

«Астауды жасау»

Мақсаты:  Астаудың қазақ халқының тұрмысында алатын орны жайында мағлұмат беру, жұмыс істеген кезде оқушыларды ағаштардың түрімен, қасиетімен таныстыру; Еңбек іскерлігін, икемділігін дамыту, оқушылардың кәсіптік білімін қалыптастыру, шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру; Ұлттық тәрбиені дәріптеу барысында шеберлікке, тиянақтылыққа, қауіпсіздік ережелерін әрдайым есте ұстауға  тәрбиелеу.

Мақсаты:

Астаудың қазақ халқының тұрмысында алатын орны

жайында мағлұмат беру, жұмыс істеген кезде

оқушыларды ағаштардың түрімен, қасиетімен

таныстыру;

Еңбек іскерлігін, икемділігін дамыту, оқушылардың

кәсіптік білімін қалыптастыру, шығармашылық

еңбек дегенді түсіндіру;

Ұлттық тәрбиені дәріптеу барысында шеберлікке,

тиянақтылыққа, қауіпсіздік ережелерін әрдайым есте

ұстауға  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтеже   Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек. Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді. Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді. Күтілетін нәтижелер:  оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

Күтілетін нәтеже

  Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді

Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.

Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.

Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.

Күтілетін нәтижелер:  оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

Кіріспе бөлім

Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған.

Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.

Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген. Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.

Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағаш шеберлік аспаптары – ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында А. ш. құрал-саймандарын сайлап алады.

Қазақ шеберлерінің дәстүрлі саймандары: 1- моғал ыңғыру; 2- балта;3 - балға;4 - шаппа шот;5- үскі;6 - пышақ;7- аталғы шот;8 - тік қашау;9 - имек қашау;10 - имек ыңғыру;11- моғал ыңғыру;12 - құстұмсық ыңғыру;13 - бұрғы;14 - құсқұлақ;15 - ойыс жүзді қашау;16- тістеуік;17 - самиян ыңғыру.

Қазақ шеберлерінің дәстүрлі саймандары:

1- моғал ыңғыру; 2- балта;3 - балға;4 - шаппа шот;5- үскі;6 - пышақ;7- аталғы шот;8 - тік қашау;9 - имек қашау;10 - имек ыңғыру;11- моғал ыңғыру;12 - құстұмсық ыңғыру;13 - бұрғы;14 - құсқұлақ;15 - ойыс жүзді қашау;16- тістеуік;17 - самиян ыңғыру.

Негізгі бөлім

Осы күнге дейін айтылып жүрген деректерде астаудың ХIХ ғасырда жасалғаны туралы жазылып келді, алайда тарихи оқиғаларды саралай келе сол заманның талабымен ойлайтын болсақ «Вакуфнаме» өсиет хаты Әмір Темірдің көзі тірі кезінде жазылса, сол кезеңдерден бастап «Халим аба» тағамы дайындалса, демек астауда әрі кетсе сол ХV-ХVI ғасырларда жасалған болу керек деген тұжырым жасауға болады. Сондықтан кесенеде сақталған ағаш астаулар да Әмір Темір дәуірінен қалған Тайқазан, Шырағдандардан кейінгі ХV-ХVI ғасырлардан қалған заттай дерек, құнды жәдігерлердің бірі.

Сондай ағаштан ойылып жасалатын ыдыстардың бірі астауға тоқталып өтер болсақ, астаудың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде алатын орны ерекше. Астаудың шүңғылдау жасалғандарына қымыз, айран, сүт, құйса, жайпақ түрлеріне бауырсақ, құрт құрғақ тағамдар салуға арналып жасалатын болған. Күнделікті тұрмыста қолданылатын астауларды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі, тек қыздың жасауына қосатын не құрметті қонаққа арналатындары өрнектеліп, күміспен нақышталады. Қазақ халқының ағаш ыдыстарының бірден-бір айырмашылық белгісі, оның көлемді келетіндігі. Мысалы, бір қойдың еті түгел сиятын керсен сияқты ағаш ыдыстар, астаулар қазақ арасында жиі кездеседі. Мұндай астаулармен белгілі, елге сыйлы кісілердің жылдық асы берілген кезде киіз үйлерге епті жігіттер астау толы етті атпен жүріп таситын болған.

Астау халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы болып табылады. Сонымен астаумен қатар астабақ та кеңінен қолданаста болған.Астауға тек қана ет салып қана қоймай басқа да майлы дәмді астарды тартуға болады.

Астауды жасаудағы әдіс тәсілдерді меңгеру үшін ең алдымен қолөнершінің шеберлігі мен арнайы көркемдік дайындығы болса, бұйым жасауға арналған қажетті жағдайларын ұйымдастыруы қажет.

Яғни ең алдымен керекті құрал саймандарды жұмыс орынын сайлағаны дұрыс. қажетті шапқы, қашау, пышақтардың түрлі үлгілерін дайындап, астау жасауға арнайы алынған дайындаманы верстак бетінде нық қозғалмастай етіп орнатып (бекітіп) немесе қойып алып, бірақ жұмысқа кіріскен дұрыс.

Бұл жерде ағаш таңдауда ағаштың жапырақ тұқымдас түрлерін қолданған дұрыс. Мысалы қайың, терек, үйеңкі т.б. Себебі бұл ағаштар кесуге жұмсақ келеді.

Жұмыс бастамас бұрын пышақтардың жүздерін қайрап, күтім жасау қаже. Ең бастысы пышақпен жұмыс істеу барысында өте мұқияттылық және абайлық таныту керек.

Себебі, қауіпсіздік ережесі сақталмаса нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Әр пышақтың өзінің орынды қолданылуы және кесудегі арнайы әдіс тәсілдерін біліп, меңгеру қажет.

Жалпы бұйымның сырт көрініс,і кескіні, өлшемі тұтынушының қалауына байланысты. Дегенмен заттың өзіндік қолданылуындағы талап етілетін сапалық, эргономикалық, көркемдік үйлесімдігінің сақталуы қажет.

Астауды көркемдеуде ұлттық өрнектердің кез келгенін қолдануға келмейді. Негізі бабаларымыз ыдыс аяқтарды өсімдік тектес өрнектермен өрнектеген. Бірақ ағаш бұйымдарын көркемдеуде жануар текті ұлттық ою өрнектерді де қолдану өте ұтымды, әсерлі нәтиже береді.

 Астау түрлері

Астау түрлері

Астау жасаудың жолдары Жұмыстың барысы және атауы  Бұтақсыз ағаш шикізаттарын таңдау Кескінін белгілеу Үлгі - кескін Құрал-жабдықтар Ішкі бөлігін тауып ою Сызғыш, қолара, қайың Ішкі бөлігін тауып ою Қарындаш, үлгі қағаз Табақтың сыртқы формасын алу Доғал қашау, балға, бұрғы Пішінін кесу Доғал қашау, балға, бұрғы Астауды өңдеу, әрлеу Тік қашау, балға Арнайы ара Қылқалам, бояу, өсімдік майы

Астау жасаудың жолдары

Жұмыстың барысы және атауы

Бұтақсыз ағаш шикізаттарын таңдау

Кескінін белгілеу

Үлгі - кескін

Құрал-жабдықтар

Ішкі бөлігін тауып ою

Сызғыш, қолара, қайың

Ішкі бөлігін тауып ою

Қарындаш, үлгі қағаз

Табақтың сыртқы формасын алу

Доғал қашау, балға, бұрғы

Пішінін кесу

Доғал қашау, балға, бұрғы

Астауды өңдеу, әрлеу

Тік қашау, балға

Арнайы ара

Қылқалам, бояу, өсімдік майы

Қорытынды

Бүгінгі таңда оқушыларды қолөнерге баулудың орны ерекше. Қолөнерге баулу жалпы білім беретін орта мектептерде «Технология» пәнін оқытуда, қолөнер шеберлігіне үйрететін кәсіптік білім беретін мектептерде сабақта жәнесыныптан тыс жұмыстарда өз шешімін табары сөзсіз. Кейбір ұмыт бола бастаған өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге, көркем өңдеуге жас жеткіншектердің қызығушылығын арттырудың жалпы білім беретін орта мектепте «Технология» пәнінің алар орны ерекше екенін дәлелденді.

  Біздің ғылыми жұмысымыздағы ең маңызды мақсатымыз: Жоғары сынып оқушыларына көркем өңдеуді үйірме жұмыстарында үйрету жолдарын меңгертуде өз қолдарынан шыққан тамаша туындыларының әдемілігін көріп, оны өз қолдарымен жасай білуге және осы арқылы өмірді әсемдік жаққа қарай бейімдеп, өз еңбектеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, көркем өңдеуді үйірме жұмыстарында үйрету жолдарын меңгерту екенін анықтау.

Мектеп оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халқының қолөнерін үйрете отырып, көркем өңдеуді үйірме жұмыстарында қолға алуды іске асыруға болатынын дәлелдейді.

Пайдаланған әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан, 1999. - 7 маусым 2. Қазақ совет энциклопедиясы. 6 том.- Алматы, 1975.- 597 б. 3. Әмирғазин Қ. Қазақ колөнері. - Алматы: ТОО Дайкө Пресс, 1996.-226б 4. Ералин Қ., Айменов Ж. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері. –Түркістан, 2005.-92б. 5. Шоқпарұлы Д. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы, 2006.-386 б. 6. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. - Алматы: Жазушы, 1992. - 192 б. 7. Әбдіғаппарова Ұ. Қазақтың ою-өрнектері. –А.: Өнер, 1999 8. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері- Алматы, Қазақстан, 1995.-240б. 9. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. -Алматы, «Қазақстан», 1977. -96 б. 10. Жолдасбекова С.А., Жолдасбеков А.А. Ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнерге үйрету. Әдістемелік нұсқау. –Шымкент, 1993. –42 б

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан,

1999. - 7 маусым

2. Қазақ совет энциклопедиясы. 6 том.- Алматы, 1975.- 597 б.

3. Әмирғазин Қ. Қазақ колөнері. - Алматы: ТОО Дайкө Пресс, 1996.-226б

4. Ералин Қ., Айменов Ж. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері. –Түркістан,

2005.-92б.

5. Шоқпарұлы Д. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы, 2006.-386 б.

6. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. - Алматы: Жазушы, 1992. - 192 б.

7. Әбдіғаппарова Ұ. Қазақтың ою-өрнектері. –А.: Өнер, 1999

8. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері- Алматы, Қазақстан, 1995.-240б.

9. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. -Алматы, «Қазақстан», 1977. -96 б.

10. Жолдасбекова С.А., Жолдасбеков А.А. Ұлттық сәндік-қолданбалы

қолөнерге үйрету. Әдістемелік нұсқау. –Шымкент, 1993. –42 б


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!