СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аудиторлық оқыту кезеңдерінің нәтижесіне негізделген мектеп мұғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың рефлективті есебі.

Категория: Директору

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі уақытта мектеп басшылары мен мұғалімдері үшін түйінді болып саналатын сұрақтар «21 ғасырдағы өмірге оқушыларды мұғалімдер қалай дайындайды?», «21 ғасырда оқушыларға қандай білім қажет?». 

Анықталғаны бұл ғасырда  сыни тұрғыда ойлай білетін, ынтымақтастықта жұмыс жасап, туындаған мәселелерді шеше білетін тұлға қалыптастыру қажеттігі. Өзгерістер ену үшін, ол өзгеріске басшы белсенді түрде қатысып, нәтижеге бағытталған құзіретті педагогтардың  тиімді жұмысы қажет.

Курсалды сауалнамадан анықталған мәселелерді шешу мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне сай туындаған деп шештім. Тек өз ісінің маманы, шебері ғана нәтижеге бағытталған тиімді жұмыс жасайды.

Просмотр содержимого документа
«Аудиторлық оқыту кезеңдерінің нәтижесіне негізделген мектеп мұғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың рефлективті есебі.»

Мамаева Арайлым Серикбековна Мектеп басшының портфолиосы Н жазбасы

№6 топ Мектеп басшыларына арналған курстары

Астана қ.


Аудиторлық оқыту кезеңдерінің нәтижесіне

негізделген мектеп мұғалімдерінің даму басымдықтарын

талдаудың рефлективті есебі.


Қазіргі уақытта мектеп басшылары мен мұғалімдері үшін түйінді болып саналатын сұрақтар «21 ғасырдағы өмірге оқушыларды мұғалімдер қалай дайындайды?», «21 ғасырда оқушыларға қандай білім қажет?».

Анықталғаны бұл ғасырда сыни тұрғыда ойлай білетін, ынтымақтастықта жұмыс жасап, туындаған мәселелерді шеше білетін тұлға қалыптастыру қажеттігі. Өзгерістер ену үшін, ол өзгеріске басшы белсенді түрде қатысып, нәтижеге бағытталған құзіретті педагогтардың тиімді жұмысы қажет.

Курсалды сауалнамадан анықталған мәселелерді шешу мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне сай туындаған деп шештім. Тек өз ісінің маманы, шебері ғана нәтижеге бағытталған тиімді жұмыс жасайды.

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігінің деңгейін анықтау мақсатында, мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтау мақсатында МДЖ іске асыру уақытында сауалнама алынды. TALIS халықаралық зерттеу аясындағы сауалнамаға мектеп ұжымы мұғалімдерінің 98 %, яғни 46 мұғалім қатысты.

Осы зерттеуді жүргізген уақытта қиындықтар туды, себебі қазақ тіліндегі аудармасы нақты түсінікті бермеді, орыс тіліндегі нұсқасы арқылы түсіндіру жұмысын жүргізуге тура келді. Сондықтан зерттеу тапсырылған оқу тәрбие ісі бойынша орынбасарым З.М. сауалнаманы түсіндіруге уақыт жұмсады. Сауалнаманы өңдеуде қазақ сыныптарында жұмыс жасайтын мұғалімдердің сұрақтарға жауап беруінде жауапкершілікпен қарамағаны анықталды. Бұл мәселе талқыланып, нақты жауап алынып нәтиже өңделді.

Сауалнама нәтижесімен таныса отырып, толық мектеп алдындағы мәселелер туралы түсінік қалыптасып, келесі тәжірибе кезеңінде басымдық болатын мәселелер анықталды. Мысалы, мұғалімдер біліктілікті жоғарылату курстарынан өтеді, бірақ олар кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға әсерінің шамалылығы, мұғалімдер жасаған жұмыстарын талдап, әрі қарай оның нәтижесін пайдаланып жұмыс жасауды білмейтіндігі анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде және өзге де сауланама нәтижесінен және сұхбаттар нәтижесінде анықталғаны мұғалімдер не үшін жұмыс істейтіндері, әдістемелік тақырыптар мен мектептің мақсат міндеттердің формальды екендігіне көзім жетті. Көп мұғалім жұмыс істеуімнің мақсаты сабақ беру деп ойлайтындығы көрінді. Жүргізіліп жатқан зерттеу жұмысына сенбеушілікпен қарайтындардың да бар екендігі анықталды. Яғни, мектеп басшысы ретінде жасайтын жұмыс аясы кең және қиынықтардың көп екендігін анықтадым. Сондықтан осы мәселелердің көшбасшылық қасиеттерді дамытуға кедергі болатындығы да айқындалды. Ал, көшбасшылыққа ұмтылматын адам кәсіби дамымайтындығы да мәлім. Алдыңғы уақытта әр педагог бойында көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ұмтылуды өзім үшін белгіледім. Мектептегі материалдық техникалық базаның әлсіздігінен АКТ құзіреттілікте төмендігі тағы бір мәселе. Бұл анықталған мәселелердің көбі, өзге де мектептерде орын алған жайттар. Бірақ кез келген мәселені шешуге болады деген сеніммен алдыңғы уақыттағы жосарлауда осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру қажеттігі айқындалды. Бірақ жарты жұмыс жоспарлаудан тұратындығына курс аясында көзім жеткендіктен, бұрынғы жоспарлаудағы формализмнен алшақ болып, жоспардың әр тармағына назар аударып, ойланып жасау қажеттілігін де ұмытпау және назардан шығармау қажеттігін өзіме түйдім.

Басымдықтарды анықтауда барысында нәтижелі жұмыс үшін мамандардың әлеуетін, мектептің жалпы мүмкіндіктерін назардан шығармастан, шынайы орындалу мүмкіндігі бар басымдықтарды анықтаудың да қажеттілігі айқын.

TALIS халықаралық зерттеуіне талдау өткізу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамытуға оң әсерін тигізетін басымдықтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Бұрынғы мектеп тәжірибесіне көз жүгіртсем, мектеп ұжымы мектеп жұмыс істеп отырған тақырыпты білмейді, бағыттарды жоспарлау үдерісіне қатыстырылмайды, жоспарлардың кейбір тармақтары тек қағаз жүзінде ғана іске асқан болса, кейбір іс шаралар жоспарда тұрғандықтан сараланбай өткізілген, іс шараларды талдау формальды болып, фактілерді тізбектеумен ғана шектелген екен. Сонымен қатар, мектепте деңгейлік курс бітірген мұғалімдер бола тұра жоспарлау мен іске асыруда жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану жүзеге аспаған. Іс шараларды талдауда кері байланыс жүргізілмеген немесе мүлдем ескерілмеді. Кері байланыстың қозғауш күшіне мән берілмеген екен. Мектеп жұмыстарын жүргізуде көшбасшылық белгілері байқалса да, басқаруда нағыз көшбасшылық әлеуеті мен бөлінген көшбасшылықты қолдану жүзеге аспаған. Мектеп әкімшілігі бөлінген көшбасшылықты өкілеттігін табыстау деп түсініп, өз жұмысын біреуге жүктеу арқылы жүзеге асырған екен. Кәсіби қоғамдастықтың маңызы түсінбейтін әріптестер де аз емес, сондықтан жоспардағы жұмыстар формалды түрде ғана орындалғандығы айқындалды. Мектептің білім беру кеңістігіне қатысушылардың (ата ана, оқушы, мұғалім) арасында бірлескен ынтымақтастықтағы жұмысы мен мектеп мұғалімдері мен әкімшілік арасында бірлескен жұмыс болмай, қатаң талап арқасында басқару арқылы ғана іске асып отырған.

Өткізілген зерттеу нәтижесінде жұмысты жүйелеу қажеттігін түсіндім, сонымен қатар өзгеріс енгізу үшін мектептің жұмыс жүйесіне «төңкеріс» жасау қажеттігін түсіндім. Анықталған басымдықтар:

  1. Кәсіби қоғамдастық жұмысының маңызын түсіндіру арқылы жұмысын жандандыру,

  2. Оқу тәрбие үдерісі кеңістігіне қатысушылар арасындағы ынтымақтастықтағы біріккен жұмысты жүзеге асыру,

  3. Көшбасшылықты және бөлінген көшбасшылықты дамыту және жүзеге асыру,

  4. Коучинтер, семинарлар арқылы кәсіби құзіреттіліктерін арттыру,

  5. Тәлімгерлік үдерісін дұрыс және нәтижелі бағытта жүзеге асыру,

  6. Әр іс шараға кері байланыс алып, рефлексиялық талдау жасауға үйрету,

  7. Оқыту мен оқу үдерісіне жаңа әдіс тәсілдерді енгізуді жолға қою.

Мұғалімдердің жауапкершілігі мен жұмыс тиімділігін бақылаудың халықаралық тәжірибесін талдаудан көзім жеткені басшыларға арналған курстарда қарастырылған Жаңа Зелендия, Чикаго (АҚШ), Сингапур, Финляндия, Австралия (Куинсланд) елдерінің тәжірибелерінің ең тиімдісі енгізілуде екендігі. Елдер арасында әсер қалдырғаны Куинсланд тәжірибесіндегі «жақсы ұстаз»= «жоғары нәтиже» теңдеуі. Сингапур тәжірибесіндегі 3 идея (оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету, ынтымақтастық мәдениет құру, оқушылардың оқу нәтижелерін назарда ұстау) мен 4 шешуші сұрақтың (Оқушының нені игергендігін қалаймыз, игергендігін қайдан білеміз, игермесе қандай шара қабылдаймыз, игерту қажет материалды бұрынна білсе қандай шара қабылдаймыз?) дәлдігі, нақтылығы және шешуші күші. Қарастырылған мемлекеттердегі оң тәжірибені енгізуде НЗМ анықтаған өзгеріс енгізудің он факторы ақ сипаттап көрсетеді, олар; адамгершілік мақсат, оқыту сапасы, мектеп мәдениетінің жағымдылығы, үздіксіз кәсіби даму, зерттеуге негізделген тәжірибе, мектеп деректері мен фактілерін қозғаушы күш ретінде пайдаланып отыру, бүкіл оқушылардың оқуын жақсарту, мектептің бүкіл оқушыларға үміт артуы мен олардың мүмкіндіктерінің бірегейлігі және сапалы жауапкершілік және есептілікті қамтамасыз ету.

Кәсіби желілік қоғамдастық жұмысының жемісін көрсету үшін, АКТ мүмкіндіктерін кеңінен қолданудың маңызын көрсету үшін кәсіби қоғамдастық жұмысын жүргізуді өз қолыма алдым, әрі қарай дамыту жоспарын әріптестеріммен бірлесе отырып құрып, жандандыру әрекетін іске асырмақпын.

Оқу тәрбие үдерісі кеңістігіне қатысушылар арасындағы ынтымақтастықтағы біріккен жұмысты жүзеге асыру үшін де көп жұмыс жасау қажет және ынтымақтастықтағы жұмыстың маңызы зор екендігін түсіндіру және пайдалану қажет.

Мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату мақсатында шебер сыныптар, коучинг, семинарларға қатысуын қамтамасыз ету және осы іс шаралар нәтижесінде алынған білімді таратып отыру және талқылауды үүнемі жүзеге асырып отыру. Мектепте ұйымдастырылған іс шараларды өткізудің түүрін мұқият таңдауды ұйымдастырып отыру қажет.

Коучинг арқылы қажеттіліктерді толықтырып, Lesson Study үдерісін үнемі жүргізіп, мектеп тәжірибесіне енгізу. Бұл үдерісті іске асырудағы талдау жұмысы оң нәтиже берері, мектеп қажеттіліктерін қанағаттандыру кілті болып, оқу сапасының артуына және өзіндік білімін көтеру арқылы ғылыми зерттеу жұмысының негізін қалауға мүмкіндік беретініне кәміл сенемін. Осылайша, мектепте қазіргі кезде саусақпен санарлық болатын, авторлық бағдарлама, әдістемелік құралдар дайындауға және озық тәжірибені таратуға мүмкіндік тудыратындығы айқын.

Әріптестерімді үнемі қолдау үшін тәлімгерлік үдерісіне ұжымның әр мүшесн тарту. Кәсіби сұхбат, жоспарларды бірлесе құру, өзара сабақтарға қатысу, қорларды және өз жұмысын үнемі талдап отыруға уәждеу арқылы мұғалімдерді кәсіби дамыту.

Көшбасшылық және бөлінген көшбасшылықты жүзеге асырудың маңызын түсіндіру МДЖ іске асыруда өте қажет. Өйткені, «көшбасшылықты дамыту бүкіл қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтиды». Лейтвуд пен әріптестерінің зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бөлінген көшбасшылық арқылы ғана көшбасшылық ықпалын арттыруға болатындығы айқын. Көшбасшылық нақты жалпы мақсатқа жету үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік-психологиялық үдеріс деп текке белгіленбегендігі анық. Тек көшбасшы ғана көшбасшылық қабілеті дамыған оқушыны тәрбиелей алады.

Мектеп алдындағы мәселелерді шешу үшін оқу мен оқытуға жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін дамытудың маңызы зор және ең маңызды құраушыларының бірі - ынтымақтастықтағы жұмыс. Өйткені тек ынтымақтастықтағы жұмыс қана нәтижелі болмақ.













Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!