СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман!

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман!»


Тақырып:

«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман!»

Мектеп: №42

Күні:16.02.2021

Мұғалімдер: Сейдазбай Назерке, Әкеша Айғаным

Сынып:10 «Ә»

Оқушы саны: 30


Сабақтың тақырыбы:

«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

«Ауған соғысы»- жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі:

Слайд, Видео, ардагерлердің суреттері,

Әдісі:

Сұрақ-жауап, ой толғау, кіріспе түсініктер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі, Амандасу.

Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман!». Яғни, Ауған соғысы ардагерлерін еске алу.


Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт. «Ауғанстан - жүректегі жара» демекші 15 ақпан 1989 жылы талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды  құрмет тұтуға міндеттіміз.

«Білейік, танысайық!»

- 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы : Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады.

- 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

- Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті.

- Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000–ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000–дайы мүгедектер қатарында.


Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама


Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.

«Макал-мәтелдер» кезеңі.

  • Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

  • Ерлік білекте емес, жүректе.

  • Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.

  • Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі.

  • Ерегісте ер өлер,
    Екі батыр егессе,
    Екеуінің бірі өлер.

  • Батыр бір оқтық,
    Бай бір жұттық.

  • Ерлік білекте емес, жүректе.

  • Айлалы батыр алдырмас.

  • Бөрі азығы мен ер азығы жолында.

Қорытынды:

Мұғалім 1: Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

Мұғалім 2:  Қазіргі таңда Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған, сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азамат ағалар еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етіп, өз үлестерін Отан үшін қосуда. Үкіметіміз  ардагер ағалардың ерлігін ескеріп, жеңілдіктер жасап келеді. Ал біздер, Тәуелсіз елдің жарқын болашағымыз. Ел тыныштығы үшін, бірлік үшін соғысқа қатысқан ардагер ағаларымызды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармауға міндеттіміз.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!