СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі - тірлік» Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның СЦЕНАРИЙІ

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий празднования "Наурыз мейрамы"

Просмотр содержимого документа
««Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі - тірлік» Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның СЦЕНАРИЙІ»

«Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі - тірлік»

Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның

СЦЕНАРИЙІ


Мақсаты:  «Наурыз» мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру,  балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

(Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар, ата-аналар, мүғалімдер ұлттық киімдерімен келеді. Залда әсем әуен ойнап тұрады).

(қосылып тұрған «Наурыз думан» әні біртіндеп азайтылады)



 1 жүргізуші (Мейрам): «Сәлем» - сөздің атасы демекші

Ассалаумағалейкум қаптаған ел,

Жүйрігінің жалындысын баптады ел.

Бүгін міне думанды мерей той болады деп,

Асқазанын сары майдай сақтаған ел.

 

2 жүргізуші (Айгерім): Армысың тойға келген үлкенің де жасың да бар,

Ашық болсын жайылған дастарханың

Шежірелі сөздердің шекесінен

Сәлем бердім төрдегі, ақсақалым (басын иеді).



1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.

Шілдехана, бесік той, тұсау кесер,

Сүндет той, туған күн тойлап, той жасау –

ата-дәстүр салтымыз,

Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.

Думанды тойын жасап дүбірлетіп,

Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз.

2 жүргізуші: Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар,

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам,

Қайта оралған намысымдай наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым,-дей отырып

құттықтау сөзін мектебіміздің директоры  Ақсауытова Ажар Жансұлтановнаға береміз.


1 жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар. 

2 жүргізуші: Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағатқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай салалар гүрілдеп.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдеп.
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.

1 жүргізуші:   Ауыл барма ақсақалсыз, ағасыз?

Оның айтқан сөзіне әрбір нанасыз

Сөз берейік қарияға төрдегі

Тағылымынан зор ғибрат табасыз

(үлкен кісі батасын береді).



1 жүргізуші:   Қазақпыз – қыз өсірген інкәр қылып,

Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп

Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,

Сайысқа түскен және тұлпар мініп.

«Ерке сылқым» күйі – Асыл мен Мейрам Қосановтар


2 жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

«Ата дәстүрі» әні – Ахметова Дильназ







1 жүргізуші:   Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі».


2 жүргізуші:   Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі алдынан шығып шашу шашады)


Әже (Ерасылдың мамасы): Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Мешінді» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Әтеш» кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.

Наурыз қыз (Лаура): Мен «Наурыз –қызбын»,
Әжем де қасымда
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға.
Келген жылым жақсылыққа басташы,

Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!

2 жүргізуші:   Қош келдің, әтеш жылы
Еліме бақыт жылы, құт жылы
Бейбіт жылы боп кір әр үйге,
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады.


Наурыз қыз:                   Жасай бер жаңа күн!

Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

(Осы кезде Арай шығады – «Көктем» биі Лаурамен бірге орындалады)


1 жүргізуші:  Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.


2 жүргізуші:   Күлімде, Наурыз, күлімде!   

                          Күн менен түн теңеледі бұл күнде.

                           Күн мен Түнді шақырайық ортаға

                          Қуанышың сыйласың бүкіл елге!



( Күн мен Түн ортаға шығады - көрініс)

 

Күн (Дариға):                Сәулесі көп күнмін.


Түн (Әмина):                 Жұлдызы көп түнмін


Екеуі:         Бірдей болып біздер,

                          Теңелеміз бүгін.


Түн:            Ал, ертең күн ұзақ.


Күн:            Түн қысқарар бірақ.


Екеуі:          Ұйқы қанбай қалып

                           Жүрмендер тек жылап.

                            Күн менен түн теңеледі,

                           Жер шуаққа кеңеледі.

                           Соны тойлар ел енді.



1 жүргізуші:   Әке сөзі – парыз,

Ана сүті – қарыз,

Ұл өссе – ұрпақ,

Қыз өссе - ырыс.



(Ахмет залға жүгіріп келіп Ажар Жансұлтановнадан сүйінші сұрайды)

Ахмет: Апа, апа, сүйінші, ауылға келін келді!!!

(Есік жақтан екі жеңгесімен (Әсем, Айжан апайлар) келін (Ұлмекен апай) кіріп келеді)

(«Беташар» дәстүрі, келіннің бетін ашатын Қосанов Мейрам, Ажар Жансұлтановна келінді бетінен сүйіп, батасын береді)

1 жүргізуші:   Өмір тойы, көңіл тойы – үйлену

Үйлену, бір – мәңгі көктем күйге ену

Жаңа отаудың қабырғасы қаланып

Дүниеге тағы да бір үй келу,- деп бәріміз қосылып бір тамаша ән шырқайық.

(Барлықтар қосылып «Той, тойға ұлассын» әнін шырқайды, домбырада Мейрам Қ.)



2 жүргізуші:   Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

9 сыныптың қыздарын орындауында «Қазақ» биі

(жылаған баланың дауысы қосылады)



1, 4 сынып «Балаға ат қою» – Арманның атасы Айтбай ата дәстүрді көрсетеді



1 жүргізуші:   Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар,- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

Айтбай аға, сөз өзіңізде!


1 жүргізуші:   Қарақазан – қасиетті халқымның,

Бір өзіңде құдіретті салтымның.

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Құны ешқашан төмендемес нарқыңның.

Ауылдың алты ауызын 5-ші сынып жалғастырса!..

«Қазақ дастарханы» әні – Қосанова |Асыл



2 жүргізуші:   Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Енді, 1 сыныптын шашуын көрейік!



«Бипл» биі Шырайлым мен Әсем апай


1 жүргізуші:   Жұп болсын деп, 5-ші сыныптың ән-шашуын ортаға салайық! Дильнара, сені тыңдаймыз!

«Дархан жерім» әні


1 жүргізуші:   Нәресте - жаңа туған жөргектегі сәби. Сәби – өмірдің гүлі, көз сүйініші, әке - шеше дәнекері, жас баланың жұпар иесі - көңілдің хошы, жанды жадыратар нұры. Сөзі – бал, қылығы - қуаныш, сүйсең - шәрбат. Сәбиге жұмақ есігі ашық. О дүниеде ата - ана қорғанышы, арашашысы және жеңілдік әперуші періште тектес пәк жаратылыс тобына жатады. Ендеше, Күнзада апайымыз «Бесікке салу» дәстүрін ортаға салады.

(«Бесіке салу» дәстүрін 2-3 сыныптардың ауылы көрсетеді)


1 жүргізуші:   Ауылдың балалары аяққа оралмай, мына жерде асық ойнай тұрындар. (оларға асық беріледі)



2 жүргізуші:   Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

«Арқан тарту» ойыны - 7 сыныптың ұлдары


1 жүргізуші:   Үлкен бір қария үйінде отырса, немересі келіп, байлық келді деген екен. Сонда қария осы уақытқа дейін келмеген байлықтың енді қажеті жоқ, жүре берсін, депті.

Біраздан кейін, немересі: «Ата-ата, дәулет пен бақ келіп тұр», - депті. «Осы уақытқа дейін келмеген дәулет пен бақтың қажеті жоқ, жүре берсін», - депті қария. Біраздан соң немересі жүгіріп келіп «Ата-ата, амандықпен деңсаулық келіп тұр», деген екен. Сол кезде қария орнынан тұрып, амандық пен деңсаулықты төрге шақырғанда, артынан байлық та, дәулет те еріп кіріп, қариядан сұрапты: «амандық пен деңсаулықтан біз бұрын келдік, бізді неге кіргізбедің» дегенде, «Егерде менің амандығым мен деңсаулығым болмаса, осы немерелерімнің жүгіріп жүргені, осы амандық пен деңсаулықтың арқасы. Олар болмаса маған байлықтың да, дәулетің де қажеті жоқ», деген екен.

Олай болса, амандық пен денсаулықтың арқасында бәріміз осында, бір ауыл болып, шаттыққа толып отырмыз.


«Ауылдың алты ауызын» айтуға 3-ші сыныптың ауылына кезегі келді.

3-ші сыныптың жігіттері қайдасындар!


«Қазақ жігіттері» әні – Азамат, Азат, Санжар, Жасұлан



2 жүргізуші:   Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі – жасың,- деп «баланы қырқынан шығару» дәстүрін тамашалайық.

«Баланы қырқынан шығару» дәстүрін 9 сыныптың ауылы –

Жұлдызайдың әжесі көрсетеді

1 жүргізуші:   «Ауылдың алты ауызының» кезегі 9-шы сыныптың ауылына келді.

(«Төрешім» әні – Мырзахмет)



2 жүргізуші: Арпа өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

«Қара жорға» биі!!!



(«Қара жорға» биі – 3-4 сыныптардың ұлдары)


1 жүргізуші:   Осындай той бәрімізге жұғысты болсын деп, Бітібай аға, ежелден келе жатқан «асату» дәстүрімізді көрсетіп жіберіңізші.


 2 жүргізуші:   Жолың болсын деселік,

                                     Жолыңа нұр төселік.

                                      Жарылқасын алдыңнан,

                                     Тұсауынды кеселік.

«Тұсау кесер» дәстүрін 5-6 сыныптың ауылы Гүлсезімнің анасы көрсетеді           

2 жүргізуші: Осы ауылдың ән-шашуын ағалы-інілі Руслан мен Азаматтан сұрайық. «Жаным қазақ» әні.


1 жүргізуші:   Жұп болсын деп, ата-аналар, даярлық тобы ән кезегі сіздерде...


1 жүргізуші:   Ассалаумағалейкум, уа халқым,

Айналдым келбетіңнен сенің жарқын.

Ел болып халық болып қастерлейік,

Ертеден бізге жеткен ата салтын,- дей отырып көнеге айналған «Тілашар» дәстүрімізді бірге тамашалайық.

«Тілашар» дәстүрімен Бітібай атамыз таныстырады.


2 жүргізуші: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Олай болса Қазгелді атамыздан (Нұрасылдың атасы) бата сұрайық.


 1 жүргізуші:   Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Ауылдың алты ауызын

Жұлдызай мен Данагүл жалғастырсын.


«Наурыз-көктем» әні.




1 жүргізуші:   «Көппен біткен іс сәнді –

Көппен біткен ас дәмді»,- дей отырып сөз кезегін мектеп әкімшілігіне берсек.

(Көтермелеу ретінде әр ауылға мадақтамаларды табыстайды)


2 жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
                  Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош, сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенше күн жарық болсын!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!