СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Баяндама "?аза? тілі саба?тарында инновацияны енгізу"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі саба?тарында инновацияны енгізу бойынша ж?мыс т?жірибем.Жа?а технологияны ж?зеге асыруда м??алім белсенділігі, шы?армашылы? ізденісі,?з маманды?ына деген с?йіспеншілігі алдында?ы ш?кірттерін ба?алауы орын алады.                  

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "?аза? тілі саба?тарында инновацияны енгізу"»

Риддер қаласы «№14 орта мектебі» коммуналдықмемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тлеуханова А.Н.

Қазақ тілі сабақтарында инновацияны енгізу бойынша жұмыс тәжірибем.

Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі,өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.                            

       Сондықтан  қазіргі мектеп мұғалімі қоғам талаптарын ескеріп,өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбие технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын,тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыттап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

          Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман. Ендеше,қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру түрін жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын  арттыру,қабілетін дамыту міндеттері тұр. Демек,мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей,шығармашылығын шыңдап,озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі шарт. Сабақ ұйымдастырудың түрлеріне басты назар аудару керек.

2015-2016 оқу жылында мен 3Б,В,4В,7Б,В орыс сыныптарында және 6А сыныбында қазақ тілі мен әдебиетін беремін. Өз сабақтарымда оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі тиімді формаларын оқып - үйреніп, қолданып отыруға тырысамын. Бастауыш сыныптарында сын тұрғысынан ойлау технологиясымен қатар ойын технологиясының элементтерін қолданамын.  Сабағымда оқушыны біліммен, іскерлікпен, дағдымен қарулан-дырып қана қоймай ,олардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін де дамытамын. Әсіресе 6А сыныбында қазақ тілі мен әдебиетін сабағында мәтінмен жұмыс жасағанда, оның тақырыптық идеясын толығымен ашу үшін оқып, әңгімелеумен шектелмей мәтін бойынша сыни тұрғыдан ойландыратын түрткі сұрақтар әзірлеуге, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме жазуды, эссе арқылы жүзеге асыруға, топтастыру стратегиясы, 5 жолды өлең, инсерт әдісі, Венн диаграммасы, Семантикалық картамен жұмыс, тест сұрақтарына жауап беру тәсілдерін қолданамын. Егер өлеңмен таныссақ, өлең ұйқасына салып өлең құрау сияқты шығармашылық жұмыстар істеуді, сұлулық пен әсемдік туралы  шығарма жазуды, оқушылардың сөздік қорын дамыту үшін ертегі құрау ойыны, сөзден сөз тудыру, ойдан жұмбақ құрау ойындарын жүргіземін.  

           Менің өз іс- тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз бетімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқу шыларға орындаттырады Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу арқылы оқытуда нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды.. Уақыт үнемделеді. Өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілеттері дамиды.    

  Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.  Қорыта келе айтарым, инновациялық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз деген үміттемін.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал-тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу керек.
Педагогика жаңалықтарының бірі жаңа форматтағы сабақтар. Менің жаңа форматтағы сабағым үш кезеңнен тұрады.

І.Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Рефлексия

Қызығушылығын ояту кезеңі

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, барлық оқушыларды танымдық үрдіске тарту.Мұғалімге ойландыратын видеоролик көрсетуіне, өзекті сұрақ сұрақ қоюына, өмірлік жағдай туралы айтуына қызықты сурет немесе фото көрсетуіне болады. Бұл кезеңдеҮйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

Мағынаны тану кезеңі

Мақсаты: Білімге қол жеткізу үшін ұжымдық ынтымақтастық жағдай ұйымдастыру

Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

Рефлексия кезеңі

Мақсаты: Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйрету.

Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!