СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру. Әке мен ананың тәрбиедегі алатын орны, маңыздылығын түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»




«Тауағаш орта мектебі»КММ

Педагог –психоло пәнімұғалім

Балгожина Сандугаш Боранбаевна

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі


Мақсаты: қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру. Әке мен ананың тәрбиедегі алатын орны, маңыздылығын түсіндіру.

Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезовтың тәрбиелі бір әдемі де, ұлағатты сөзі бар «Тәрбие тал бесіктен» деген. Міне, отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз – ата-ана, ата-әже, балалар – ұл, қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы, иманды, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуішарт. Бақытты отбасы – сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Отбасы болып құрылғаннан бастап, ата-ана өмірдің алғашқы күнінен бастап, өздерінің негізгі борышын атқаруға кіріседі. Ең басты, яғни олар – ата-ана тәрбиеші, бала тәрбиені, яғни тәрбиенің алғашқы қадамын өзінің алтын ұясынан алады.

Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Міне, қай ата-ана болсын ең алғашқы ойын,тәтті қиялын ән етіп, өлең етіп баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жылағанда жұбату, қуанышпен ойнату, тәрбиелеу әдемі де көркем, әсерлі баланың құлағына қанығандай, есінде қалатындай өлеңмен, жырмен, ұлылардың асыл сөздерін айта отырып балаларын тәрбиелеген.

Тәрбиелеудегі алғашқы қадам – анасының сөзі. Ана – бала өмірінде маңызды орын алады. Мейірімі қанып ана сүтін емген, ананың ыстық алақанын сезген бала қандай болып өседі? Ал керісінше болған жағдайда баланың бойында қандай психологиялық өзгерістер болады?

Ойын: «Танысу»

Мақсаты: Ата-аналармен танысып, ашық түрде пікір алмасу

Шарты: Ата-аналар кезекпен аты-жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да, балаларының аттарын айтады. Балаларының есіміндегі бірінші бас әрпіне байланысты мінездеме сөзбен айтады..

Мысалы, Дулат – дана бала, Мағжан – мұратына жететін бала.

Тест «Сіз қандай ата-анасыз?»

Нұсқау: Баламен қарым-қатынас кезінде жиі қолданатын сөйлемдерді белгілеп, оң жақ бағандағы ұпайларды есептеңіз:

Сұрақтар

балл

1

Саған неше рет қайталап айтуға болады?

2

2

Маған кеңес бере аласың ба?

1

3

Сенсіз қалай болар едім?

1

4

Кімге тартты екенсің?!

2

5

Сенің достарың қандай жақсы адамдар?

1

6

Енді, сен кімге тартқансың?

2

7

Мен сенің жасыңда...

2

8

Сен менің қорғанымсың және көмекшімсің

1

9

Не қылған достар сенікі осы?

2

10

Не ойлап жүресің осы ылғи?

2

11

Ақылдым менің!

1

12

Сен қалай ойлайсың балам?

1

13

Бәрінің баласы бала да, менікі

2

14

Менің балам қандай тапқыр!

1

Ұпайлардың жалпы санын қосаңыз

Нәтижелері:

5-7 ұпай: сіз балаңызбен өте жақсы қарым-қатынастасыз. Ол сізді өте жақсы көреді және бұл қарым-қатынас оның тұлға ретінде қалыптасуына жақсы әсер етеді

8-10 ұпай: сіздің балаңызбен қарым-қатынаста кейбір қиындықтарыңыз бар. Оның проблемаларын түсінбейсіз және оның дамуындағы кемшіліктері үшін кінәні баланың өзіне аударуға тырысасыз

11 ұпай және жоғары: баламен қарым-қатынасыңыз тұрақсыз. Оның дамуы кездейсоқ жағдайларға байланысты. Сізге ойлану керек!

Бала тәрбиесіндегі теріс ықпал ететін факторларды анықтау

  1. Ата-ананың ішімдікке бой алдыруы;

  2. Өз беттерімен бас қосып сайрандатып, өмірін күнде тойға айналдыруы;

  3. Баланы үнемі жалғыз қалдырып, әке мен шешенің өз беттерімен біріне-бірі ерегесіп балаға қарамауы;

  4. Баланың демалысын дұрыс пайдаланбауы;

  5. Көшеде кіммен, не бітіріп, кіммен ойнап жүр деп әке мен шешенің ойламағаны;

  6. Баланың ер жетіп қалған кезде жат қылықтарын әке мен шешесінің көрмеуі, байқамауы

  7. Әке-шешенің еңбек етпей бос жүрістері, еріншектігі;

  8. Кейбір әке мен шеше бала өзі өседі, өсе келе өзі үйренеді дейді деп, балаға мүлдем қарамайды;

  9. Бала мен ата-ананың арасындағы түрлі жағдайлар, келіспеушілік, ұрыс-жанжал, біріне-бірінің қол жұмсауы;

  10. Отбасында бала өз құқығынан айрылуы, баланың сөзіне де, өзіне де мән бермеуі;

  11. Балаларын жасық етіп ұстауы, соның салдарынан кейбір жастар селсоқ өз пікірі жоқ, ынжық болуы осыдан;

  12. Әке-шешеде ортақ мінездің болмауында, мен- мендіктері балаға әсер етуі.

Бала тәрбиесіндегі дұрыс ықпал ететін факторлар:

  1. Отбасында әке мен шешенің бір-біріне сенімділігі;

  2. Балаға деген жауапкершілігі;

  3. Отбасындағы үй ішіндегі жеке қарым-қатынастар;

  4. Әке мен шеше – үлгі ретінде балаға жарқын сеніммен, сезіммен қарауы;

  5. Әке мен шеше неғұрлым баланың қасында көбірек болса, баламен бірге, оның ортасымен бірлессе сонда ғана бала жақсыға қарай ұмтылады;

  6. Еңбек – тәрбие құралы дегендей, ата-ананың баламен жақсы қарым-қатынасы үй тірлігінде қалыптасады;

  7. Ынтымақ болған отбасындағы балалар өнегелі болып өседі;

  8. Отбасында жақсы дәстүр қалыптасса, ондағы өмір де мазмұнды болады. Ондағы балалар тәрбиелі болатыны анық.

Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрін түсінеді» деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиеніңқандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

«Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» - дегені бар.

Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!