СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балабақшадағы 3-4 жасар балаларға арналған ағылшын тілі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сіздердің назарларыңызға мүлдем әдеттен тыс кіші сәбилерге арналған ағылшын тілі сабақтарын ұсынып отырмын.

Просмотр содержимого документа
«Балабақшадағы 3-4 жасар балаларға арналған ағылшын тілі.»

Балабақшадағы 3-4 жасар балаларға арналған ағылшын тілі.

Авторлық бағдарлама


Сіздердің назарларыңызға мүлдем әдеттен тыс кіші сәбилерге арналған ағылшын тілі сабақтарын ұсынып отырмын. Сабақтарда балалар жәй ғана ағылшын тілін ойнайды. Қазіргі кезде ағылшын тілінің қаншалықты қажет болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Бірақ сәбилердің ынталануы біздерге, ересек адамдарға қарағанда, мүлдем басқаша. Олар «жетілдену», «табыс», «өзгеру» дегенді білмейді. Оларға «Ойнау» ғана қызықты. Сөйтіп, менің сабақтарымда сәби оңдап тұрып ойнай алады. Өлеңдер, санамақтар, жарыстар, қызықты сайыстар, таңғажайып қонақтар, қуыршақ театры, қозғалыс ойындары, бояу кітаптары – бұлардың бәрі ағылшын тілінің қыр-сырын білуге көмектеседі. Менің жұмысым: В. Мещерякованың “I love English” – «Мен ағылшын тілін жақсы көремін» әдістемесінің негізінде іске асырылады.

Егер сіздің балаңыз 3-4 жасар болса, және сіз оған шетел тілі керектігі туралы қам жесеңіз, күманданбаңыз! Оқытудың негізгі принципі – ағылшын тілін үйрену:

  1. «Бала тыңдайды» - Listening;

  2. «Бала қайталайды» - Repeat;

  3. «Бала сөйлейді» - Speaking.

Туған тілін үйрену бала үшін өзіндік мақсат болып табылмайды, ол оған басқа адамдармен қарым-қатынас үшін қажет. Сол сияқты ағылшын тілі сабағында балалар тілді үйренбейді, тек қана мұғалімнің естігенін қолданады. Мүлдем тілдік қабілеттері жоқ бала болмайды. Біз бәріміз кезінде туған тілімізде сөйлеп үйрендік, алайда біреу 1 жасында сөйлей бастайды, біреу екі жарым жасқа келсе де үндемейді. Бұндай жағдайда ата-ана қандай әрекет жасайды? Олар бала тілді білмейді деп ойлай ма? Жоқ! Бала оған айтып тұрған тілді түсінеді! Айтылған сөздерді қайталатқыза ма? Жоқ! Ақылды ата-ана бұндай баламен көбірек сөйлесу керектігін түсінеді және күндердің күнінде саны сапаға айналады.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!