СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар»

Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері

1.Денсаулық сақтау технологиясы

2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

3.Зайцев технологиясы

4.Әуенді кесте технологиясы

5.Дамыта оқыту технологиясы

6.Ақпараттық қатынастық технология

7.Ойын технологиясы

8.ТРИЗ технологиясы

Денсаулық сақтау технологиясы

     Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :

Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

-Мектепке дейінгі мекемелермен;

-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;

-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;

-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;

-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;

-Балалардың денсаулық көрсетілімі.

Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.

Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:

Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.

Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.

Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.

     Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б

Зайцев технологиясы

Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.

Технологияның негізгі мақсаттары:

  • Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;

  • Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі   арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • Бүктеу арқылы оқыту;

  • Өлең айту арқылы оқыту;

  • Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;

  • Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;

  • Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;

  • Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!