СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі»

« Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі »

Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кенейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы тиіс. Әрбір бөбектің күнделікті іс – әрекеті, неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата – анаға белгілі. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме – ертегілер , мақал – мәтелдер баланың әдет – дағдыларын тереңдете түседі. Шығарманың баланы Отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата – анаға, айналасындағы үлкен – кішіге, ата – әжесіне деген сүйіспеншілікке, мейрімділікке тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни, шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару қажет. Мұндайда ата – баба мұрасынан бізге жеткен тілек бата, өнеге – өсиетін оқып беруге болады. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекеті, көркем образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шынайлығына мән берген жөн. Психологтардың дәлелдеуінше балалар, оқиғаның басталу, даму процесіне, оның себептеріне, шешіміне, кейіпкерлер міңездерінің әр түрлі іс – әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп, қортынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айрықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады.

Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерің, оның себептерін, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды көркемде түсінікті түрде сурттеп беретін шығарма баланы сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулиды. Оның зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастырады. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс. Бар жақсысын баласынан аямаған халқымыз баланы сылаумен өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін сіңдіре білген. Бала есейген сайын ана сүтімен даритын тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа, ізеттілікке, жомартыққа, әсемдік, сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді. Халық даналағы: санамақтар, мақал – мәтелдер, жанылтпаштар, жұмбақтар, баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі, аңыз әңгімелердің қай – қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізеді. Тіліне үйіріліп, еріксіз еліктіреді. Өткені, ауыз әдибиеті халықтың ұрпағына деген

сүйіспеншілігі, арман – мүддесінен туындаған.

Педагог – жазушы Ы.Алтынсариннің қаламынан туындаған қысқа әңгімелер, мысалдарының мектепке дейінгі тәрбиеде маңызы зор. 3 – 4 жасқа дейінгі балалар суретті кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суреті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы балаларға оқиға сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Ересектер, мектепалды даярлық топтағы балаларға көлімдірек ертегі, әңгімені кітаптан оқып беріп, оқылған шығарманы 30 – 35 минут бойына тыныш тыңдай білуге, әңгімелеп беруге үйреткен дұрыс. Көркем әдебиетті шығарма мазмұнына, оқиғаның желісіне қарай кейде жатқа айтып, кейде кітаптан оқып, түсіндіріп отыру қажет. Бұлай түрлендіру баланы мұқият тыңдай білуге үйретеді.



Білім беру саласы: “Қатынас”

Тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегісі).

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, тиянақтау.Төрт түліктің адамға пайдасы, олардың төлдері, төрт түліктің бір-бірінен ерекшелігі, ұқсастығы туралы әңгімелеу.

Дамытушылығы: Ойлау қабілетін, зейін тұрақтылығын дамыту. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу, тіл белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілігі: Балаларды үй жануарларын қорғауға, қамқор болуға, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрсету.

Сөздік жұмыс: төрт түлік, төлі

Көрнекілік: үй жануарлары және төлдер суреті

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

Негізгі бөлім:

Үй жануарлары мен төлдерімен таныстыру,

Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Халық малды өте қастерлеген.


-Төрт түлік малға нелер жатады? Айта қойыңдаршы. (Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі). Олардың төлдері қалай аталады? (бұзау, бота, құлын, қозы, лақ).

Бұл жануарларды не себепті үй жануарлары деп атаған? (себебі олар үй маңында ұстап, адамдар күтіп-баптайды).


Төлдер айтысы ертегісі:

-Біздің иеміз қайсысымызды жақсы көреді.


Лақ

- Мә-ә, мә-ә, әрине мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады.


Құлын

- Лақ, сен орынсыз мақтанба, бізден қазы қарта, шұжық, қымыз алады, мініс көлігі де біз.


Бұзау

- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады.


Қошақан

- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнім мен терімнен жасалады.


Бота

- Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.


Адам

- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.


Дидактикалық ойын: “Дыбысын тап”

Үнтаспадан үй жануарларының дыбысын анықтау.


Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағын,
ботам былай жүреді,
Сыртылдатып тұяғын,
бұзау оған ереді.
Алға созып мойнын,
ойнақтайды ботақан,
Көкке қарай мұрынын
шүйіреді бұзауқан.


Жұмбақтар

1.Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

2.Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

3.Қос мүйізді, төрт сирақты,

Ағызады сүт – бұлақты.

(Сиыр)

4.Секең-секең етеді,
Секеңдеп кіріп кетеді.

(Лақ)

  1. Иіліп тұр мойыны,
    Қанбайды екен ойыны.

Тостағандай көзі,
Әдемі екен өзі.

(Түйе)

6.Көкке шауып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім.

(Құлын)

7. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды.
Сақалы тағы бар.

(Ешкі)

Дидактикалық ойын “Төлдерін тап”

Тақтада ілінген суреттегі үй жануарларына төлдерін қосу.


Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болды?

Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалар,үй жануарларының адамзатқа қандай пайдасы бар?

Малдан қандай өнім алады?

Үй жануарларының төлдерін ата?


Қорытынды:

Төрт түлік тің төлдерін таниды,қандай дыбыс шығаратынын білді.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!