СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында инновациялық технологияларды қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

     «Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі. Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.»  А. С. Макаренко

 

1. «Фребель сыйы».Фридрих Фребель идеялары

2.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

3.Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

 

     Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттыңа жырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуымен дамуы болып отыр. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Просмотр содержимого документа
«Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында инновациялық технологияларды қолдану»

Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту

мақсатында инновациялық технологияларды қолдану


«Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі. Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.» А. С. Макаренко


1. «Фребель сыйы».Фридрих Фребель идеялары

2.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері

3.Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі


Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттыңа жырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуымен дамуы болып отыр. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.


1.«Фребель сыйы».Фридрих Фребель идеялары

  • Фридрих Фребель (1782- 1852) - неміс педагогі, мектепке дейінгі тәрбиенің теоретигі. Фридрих бала бақшасының құрылуын насихаттаған, балалар үшін тәрбиешілерді дайындаған және олардың жұмысының өзіндік әдісін әзірлеген. Фридрих балалардың даму процесінде ойынның үлкен тәрбиелік және білімдік мағынасын айтқан.Баланы нәресте шағынан дұрыс жетілдіру үшін Фребель алты «сыйлық» жасауды ұсынды.

  • Бірінші сыйлық – доп. Доп шағын, жұмсақ, алуан түске –қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін (яғни, кемпірқосақтың барлық) түсіне және аққа боялған жүннен тоқылғаны жөн. Әрбір допшар жіптен тұрады. Анасы балаға доптың алуан түсін көрсете отырып, оны түстерді айыра білуге жаттықтырады. Шарды жан-жаққа қозғалта отырып, тиісінше «алдыға-артқа», «жоғары-төмен», «оңға-солға» деген ұғымдарды санасына сіңіріп, ана балаға кеңістік жайлы түсінік береді. Шарды алақанында көрсетіп және жасырып, тиісінше «Доп бар – доп жоқ» деген сөздермен демей отырып баланы мақұлдаумен және теріске шығарумен таныстырады.

  • Екінші сыйлық шағын ағаш шар, текше және цилиндр (шардың диаметрі, цилиндрдің табаны және текшенің жақтары бірдей). Осылардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Текше өзінің формасымен және орнықтылығымен шарға қарама-қайшы болып келеді.

  • Үшінші сыйлық – сегіз шағын текшеден құрастырылған бір текше(текше екіге, оның әрбір жартысы төртке бөлінген).Осы сыйлықтың көмегі арқасында бала тұтас зат және оның бөлшектері туралы түсінікке ие болады деп есептеді ұсынылған ойындарды мектепке дейінгі білім беретін бағдарламалардың кез келгенін іске асыру барысында пайдалануға болады.


Карточкалармен жұмыстың ерекшеліктері

Жұмысқа кіріспес бұрын осы жиынтықтың барлық карточкаларымен танысқан жөн. Өлеңдер, әндер, жұмбақтар және бой жазу жаттығулары ұсынылған ойындар мазмұнын байыту, олардың дидактикалық және дамытушылық мүмкіншіліктерін кеңейту, алдағы уақытта оның сюжеті мен түрлену мүмкіншіліктерін жетілдіру үшін іріктелген және ойынның басталуына қажетті ахуал туғызуға, ойын алаңында отырып, біраз үзіліс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ойынды ұйымдастыру кезінде «көмекшілер» ретінде пайдаланбас бұрын бұл қысқаша туындыларды жаттап алу ұсынылады.


Құралда ұсынылған ойындар келесі міндеттерді шешеді:

  • ұсақ маториканы, қиялды, ойды дамыту;

  • гендерлік түсінікті дамыту;

  • бірлескен ойындарға деген қызығушылықты арттыру;

  • қатынас дағдыларын дамыту;

  • қоғамдық орындарда әлеуметтік жүріс-тұрыс дағдыларын дамыту;

  • танымдық-зерттеу және өнімді (сындарлы) әрекетті дамыту;

  • өзі және тобы жайлы түсініктерді дамыту;

  • өзіндік сананы дамыту;

  • ойын қимылдарын орындау іскерліктерін дамыту, ойын сюжеттерін ойлап табу және дамыту;

  • түрлі белгілері (түсі, нысаны, мөлшері) бойынша фигураларды ажырата білу іскерліктерін жетілдіру;

  • елінің бір мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру;

  • қоршаған әлес тұтастығын қалыптастыру, балалар дүниетанымын кеңейту.


2.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс – тәсілдері.

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі жәнеоның маңызы Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген.

Монтессори ұстазының міндеті:

- балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;

- негізгі түстерді айыра білуге үйрету;

- ұсақ моториканы дамыту;

- алғашқы математикалық,

- ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;

- зейінін тұрақтандыру;

- тәртіпке үйрету;


Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

1.Сенсорлық аймақ.

2.Математикалық аймақ.

3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.

4.Тілдік аймақ.

5.Ғарыштық аймақ.


Ассоциация әдісі – сол тыңдаған ертегі жайлы мәлімет Мысалы: Суретте «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақ ортасында тармақтарына кемпір, шал, қоян, үй, қасқыр, аю, түлкіні балалар жапсырады көп қиынды суреттердің ішінен. Ой қозғау әдісі: Балаларға ертегілерге берілген жұмбақтарды жасыру; Жалпақ тұмсық көріп пе ең, Жер қазатын тінткілеп. Ілмек дерсің құйрығын, Кебіс дерсің тұяғын, Білсең енді таба ғой, Қай кейіпкер екенін? (Үш торай) Әжей жақсы көретін осы қызға, Телпек тарту етіпті қызыл түсті. Ұнатқаны соншама бұл сыйлықты, Немересі есімін ұмытыпты, Ал, айтшы сен, бұл есімді? (Қызыл телпек)

Сұрақтар арқылы ой салу:

Сен бұларды неліктен ертегілер деп ойлайсың? Сен Қызыл телпектің орнында болсаң не істер едің? Флипчартта «инструменты» батырмасының көмегімен сызғышпен әр түрлі бағытта «Бауырсақ» тың жолын салу, презентацияда жүктелген суреттерді орналастырып, актив қаламның көмегімен бауырсақты жүргізу, балалар бағытты дауыстап айтады; (графикалық диктант түрінде қолданса болады) Мысалы: Жата - жата жалыққан бауырсақ терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі. - Бағыты: төмен, оңға, төмен, қоянға жолығады Ассоциация әдісі: қоян - қорқақ, ұзын құлақ, ерні жырық, артқы аяғы жақсы дамыған, көзі қызыл, қыста тонын ауыстырады, құйрығы кішкентай, секіреді (Балалар орындарынан тұрып секіреді) - Бағыты: солға, төмен, оңға, жоғары қасқырға жолықты Ассоциация әдісі: қасқыр - жабайы жануар, сұр, жағымсыз кейіпкер, жыртқыш, итке ұқсайды, ұлиды (Түймені басып қасқырдың дыбысын естірту) - Бағыты: оңға, жоғары, оңға, төмен аюға кездесті Ассоциация: аю - жабайы жануар, бал жейді, жидек жейді, қорбаңдап жүреді, аяғы талтақ, аю ақырады (Дыбысын естірту) - Бағыты: оңға, төмен түсіп түлкіге кездесті Ассоциация: түлкі - қу, айлакер, құйрығы ұзын, сылаңдап жүреді Бауырсақ, түлкіге жем болғысы келмей, үйіне қайтқысы келіп түр көмектесейік (бір бала активті қаламды алып бауырсақты келген жолымен қайта домалатады, балалар бағытын айтып отырады) Ертегідегі мінез - құлқы қарама - қарсы кейіпкерлерді ата;(кіші топтың балаларына жағымды кейіпкерді тәрбиеші атайды, бала жалғастырады) Мысалы: Қызыл телпек – Қасқыр, Күлше қыз - өгей шешесі, Қарлығаш - жылан, Ит – мысық, Қасқыр – түлкі т. с. с. Құм қалашығындағы ойын Сонымен қатар құмдағы ойындарды да енгізуге болады. Құмдағы ойындар – баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Өз қиялындағы ертегіні құрастыр (ұсақ ойыншықтар, тастанды заттар, табиғи заттар, алдын - ала қағаздан, ермексаздан жасалған т. с. с.)

Құмдағы ойындардың мақсаты:

1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.

2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, тактильді - кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикаларын.

3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым - қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру.



Әдіс-тәсіл түрі


Мақсаты


Тиімділігі


Қолданылуы


1


Миға шабуыл

(әдіс)

Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша келтіреді.

Балаға сұрақ қою арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы басталады

Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алуға болады


2

Шаттық шеңбері

(сергіту сәті)

Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді.

Баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.


3


«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру)


Тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.

Баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады


Балалар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.


4

«Сұраққа жетіп ал»

әдісі

Баланың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.

Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, балалардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою (сұрақтарды мәтін бойынша оқушылардың өздері немесе мұғалімнің қоюына болады)


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кондрыкинская Л.А. Зания по патриотическому воспитанию в детском саду. М.: ТЦ «Сфера», 2010

«Бала мен балабақша» журналы № 11,2011жыл

Джуринский А. Н. История зарубежной педагогики: Учебное пособие.- М., 1998.

История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца XX в.: Учебное пособие для педагогических учебных заведений Под ред. А. И. Пискунова.- М.,2001.

Коджаспирова Г. М. История образования и педагогической мысли.- М.,2003.- С. 90.

Педагогический энциклопедический словарь/Под ред Б. М. Бим-Бада.- М.,2003.- С. 418. Н. Арапова. Детская садовница // «Учительская газета», № 06 (10243) от 10 февраля 2009 года.

Материал из Википедии — свободной энциклопедии (Перенаправлено с Фребель)












Өскемен қаласы әкімдігінің № 5 «Арай» балабақша-бөбекжайы



















Тақырыбы: «Балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту

мақсатында инновациялық технологияларды қолдану»











Тәрбиешілер: Айтахметова А.Е















Өскемен, 2020 жыл


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!