СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Балмұздақ" тақырыбына сабақ жоспары. 1-сынып.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Жаңа сөздерді есте сақтауға дағдыланады.

Нақты сөйлеуге үйренеді.

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Жаңа сөздерді есте сақтауға дағдыланады.

Нақты сөйлеуге үйренеді.

Просмотр содержимого документа
«"Балмұздақ" тақырыбына сабақ жоспары. 1-сынып.»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақ: 3

Бөлім: 7

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы: Балмұздақ.

24.04.19

25.04.19

Мұғғалімнің аты-жөні: Серікова Н.Ә.

1 в,д,б,л.

1 к,г,з.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес сұрақ таңдау.

1.2.4.1.Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.5.1. Мұғалімнің  көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, h әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Балмұздақ қандай болатынын (дәмді, тәтті, суық) және өзінің балмұздақты жейтін/жемейтінін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады. Қазқ тіліне тән дыбыстарды таниды, осы дыбыстар кездесетін сөздер қатарын дұрыс жаза алады.

Кейбір оқушылар: Балалар басқа да сүйікті тәттілерін атай алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Берілген тапсырмаға қатысты сипаттау сөздер айтады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жеймін, жемеймін, балмұздақ, суық, тәтті, дәмді.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: мен... ұнатамын, мына ... дәмді, мына .... өте суық.

Бағалау кретерийлері:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Жаңа сөздерді есте сақтауға дағдыланады.

Нақты сөйлеуге үйренеді.

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезеңдері:

Жоспарланған жұмыс:

Ресурстар:

Сабақтың басы:

(5 минут)

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру..

  2. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

  3. «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпты болжау.

  • «Меню» деген сөзді естідік пе?

  • Қай жерде қолданылады?

  • «Ас болсын» деп қай кезде айтамыз?

Оқулық.

Сабақтың ортасы:









Модуль: Оқушылардың физиологиялық қабілеттірін ескере отырып оқыту.










(7 минут)

Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісіне аударады. Сөйлеу үлгісі бойынша дәмді, тәтті, суық сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша оқушылар «Балмұздақ қандай болады?» деген сұрақпен танысады.


2-тапсырмада берілген сұраққа оқушылар өткен сабақтар бойынша өз қалауымен (жеймін, жемеймін) жауап бере алады.

Сұрақ: Сен балмұздақ жейсің бе?


3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар дәмді, тәтті,суық сөздерін қайталайды. Оқушылар өз қалауы бойынша «Балмұздақ қандай болады?» деген сұраққа жауап береді.


4-тапсырмадағы сөйлесу үлгілері бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді.


Оқушылар сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Содан кейін осы үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Оқушылар жеймін-жемеймін сөзін қайталайды, сондай-ақ өздерінің балмұздақ неге жейтін/жемейтіндерін түсіндіре алуға жаттығады.

Үлгі:



-Сен балмұздақ жейсің бе?

- Иә мен балмұздақ жеймін.

 Балмұздақ тәтті.

-Сен балмұздақ жейсің бе?

-Жоқ мен балмұздақ жемеймін. Балмұздақ суық.


Осы бөлім бойынша өткен сөздер арасынан қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатары іріктеліп алынады (өрік, алмұрт, қызанақ, қияр, ботқа, сүт, бауырсақ, балмұздақ). Мұғалім оқушыларға осы сөздердің суреті берілген карточкалар таратады.

 Оқушылар 3 топқа бөлініп жұмыс істейді.

Топтарға дескриптор бойынша жұмыс беріледі.

1.Балмұздақтың ұзындығы 20 см -10 ұпай

2.Балмұздақта 3түсі ғана болу керек – 10 ұпай

3.Балмұздақты сипатта (3 сөз) - 10 ұпай

Оқушыларға жеті минут беріледі.

Оқушылар тақтаға шығып, қорғайды.

Оқушылар тиісті әріптерді толықтырып жазып шығады:

...р...к, алм...рт, ...ызана..., ...ияр, бот...а, с...т, бауырса..., балм...зда....

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Жұмыс дәптері.













Тақта, бор.












Тақта, бор.

Сабақтың соңы:

(10 минут)

(7 минут)

Рефлексия: «Бағдаршам»

  • Тақтаға бағдаршамның суреті салынады.

  • Әр түске сәкес оқушылар өздеріне қиын болған сөзді жазады.

  • Қызыл-өте қиын, сары-қиын емес, жасыл-оңай.

Тақта, бор, бағдаршам суреті.

Бағалау:

(3 миунт)

«Көңілді смайликтер»

Оқушылар сабақтан алған әсерлерінмимика арқылы смайлик түрінде көрсетеді.


Қосымша ақпарат.

Рефлексия

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

2. Бүгін оқушылар не үйренді?

3. Оқыту ортасы қандай болды?

4. Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге сты ма?

5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

6. Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?



Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еде?











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!