СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы тақырыбында Блум таксономиясы бойынша құрылған сабақ жоспары. 

Просмотр содержимого документа
«Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы.»

30.01.16

Биология 7


Сабақтың тақырыбы

Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы. 


№6 зертханалық жұмыс.


Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары бойынша балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу

Сабақтың мақсаты,міндеті

Оқушыларға сүйекті балықтардың өзіне тән – ерекшеліктері туралы білім беру.
Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой - өрісін, іздену қабілетін дамыту. 
Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға жан – жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

Оқушылар тақырыпты толық меңгереді,жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін қорғай алады,сыни ойлай білуге үйренеді,ақпаратты тиімді қолдана біледі 

Сілтеме

Биология оқулығы 7 сынып, слайд

Негізгі идеясы

Оқушыларды сүйекті балықтардың тіршілігімен таныстырып, олардың ішкі, сыртқы құрылысы, тіршілік әрекеттері және түрлері жөнінде түсіндіру;

№6 зертханалық жұмыс. Балықтардың сыртқы құрылысын зерттеп, танысады.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология), 
оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.

Ресурстар

Интерактивті тақтамен жұмыс, сызба-кестелер, суреттер, муляж, сұрақтар жазылған парақтар

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу(1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма




Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Оқушыларды психологиялық дайындау.


Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушыларды топқа бөлу:

Оқушыларды 1-4 дейін санау арқылы 4 топқа бөледі

Топтарға бөлінеді

Білу

Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын сұрап, өткен тақырыпты еске түсіру


1. Қандай жануарларды желілілер деп атайды?

 Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған.


2. Желілілердің қандай тип тармағы бар? 


Желілердің тип тармағы


Бассүйексіздер Қабықтылар Омыртқалылар


3. Қандауыршаның орталық жүйке жүйесінің қызметін не атқарады? Жүйке түтігі


4. Қандауыршаның ас қорыту ерекшелігі?

Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады. Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәр шығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.


5. Қабықтылар тип тармағы?

Асцидиялар (Ascіdіae) – хордалылар типіне жататын қабықтылар тип тармағының класы. Дүние жүзіндегі барлық мұхиттар мен теңіздерде кездесетін 2 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілік түрлері теңіздердің 500 м-ге дейінгі терең қабаттарында жекелей де шоғырланып та тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы 0,1 мм-ден 30 см-ге жетеді.


6. Ішектыныстылар тип тармағы туралы?

Ішектыныстылар класы - баланоглосс шалажелілілер. Денесі: еттұмсықты бас, жаға, тұлға; желбезек арқылы тыныс алады; қантарату жүйесі - ашық; сезім мүшелері жоқ;

Кесте толтыру.

Желілілердің өзіне тән белгілері

Желілілердің омыртқасыздармен ұқсас белілері




Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы

мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.


Түсіну

Сұрақтарға тез жауап алу.

I-топ. Омыртқалылар тип тармағы

II-топ. Сүйекті балықтар туралы жалпы сипаттама

III-топ. Сәулеқанатты балықтар класс тармағы

IV-топ. Қалаққанатты балықтар класс тармағы




Топтар талдап түсіндіреді

Қолдану

Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді

“Балық аулау” ойыны.

1. Сүйекті балықтардың қазіргі кезде қанша түрі бар? (20 000-нан астам)

2. Сүйекті балықтардың желбезектерінің қандай ерекшеліктері бар? (Желбезектің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады)

3.”Шоғал” деген не? (Аталық безден бөлінген сұйықтық)

4.Қандай балықтар өрістегіш балықтар деп аталады? (Олар уылдырық шашу үшін өзен бойларымен көтеріліп өрістейді)

5.Сүйекті балықтардың миының құрылысы қандай? (Алдыңғы миы – шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу)

6.Торсылдақ қандай қызмет атқарады?(Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды)

Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады



Талдау

Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды.

Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды

Жинақтау

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра.
Хабхат.........................( Бахтах)
Батан...........................(Табан)
Кеңөм..........................(Мөңке)
Азанс...........................(Сазан)
Іебрек..........................(Бекіре)
Нартош........................(Шортан)


Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды

Бағалау

Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.

Критерийлер бойынша бағалайды

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!