СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бауырсақ аппликация

Нажмите, чтобы узнать подробности

№48 "Мұрагер" бөбекжайының тәрбиешісі

Просмотр содержимого документа
«Бауырсақ аппликация»

№ 48 «Мұрагер»бөбекжайы

Әдіскері: Тажібаева.Б.Т

Тексерген:

«Ақжелкен» ортаңғы арнайы түзету тобының ұйымдастырылған

қызметінің технологиялық картасы


Күні: 14.11.16ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Білімділік: бұрыштарын дөңгелектеп, шаршыдан дөңгелек жырту, қарындашпен немесе фломастермен аппликацияларды толықтыра білу дағдыларын үйрету.

Түзете – дамытушылық: Өзінің отбасында бауырсақты кімнің пісіретіні жөнінде сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардыңда бауырсақ жөнінде айтқан әнгімелерін тындап түсіне білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Шаршыдан дөңгелектерді жыртып алуды үйрету. Жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: Бейнетаспадан бауырсақ ертегісінің желісін көріп ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

Әдіс – тәсілдер: АҚТ, дидактикалық ойын «Үлкен – кіші доптар» ажырата білу, денсаулық сақтау технологиясын саралау.

Қажетті құрал – жабдықтар: Бауырсақ ертегісінен суреттер, желім, сулық, үлестірмелі материалдар

Үштілділік компоненттер: Дөңгелек – круг, бауырсақ – колобок, ұзын – длинный, қысқа – каротки.

Оқу іс-әрекетінің қызметі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі



Балаларға әже жұмбақ жасырады:

Атасынан да қашты,

Апасынан да қашты.

Өзінің домалақ басына

Кездестірді түлкіні,

Жоқ боп кетті бір күні

-Балалар, бауырсақ жоғалмапты, мінекей ол (ойыншық бауырсақты көрсетеді)

-Бауырсақпен амандасайық, балалар.

Педагог балалармен бірге ойыншық бауырсақпен амандасады.

Әжені тыңдайды. Жауабы тәрбиешінің көмегімен шешеді.

Бауырсақ


Бауырсақты көреді. Бауырсақпен амандасады.




Ұйымдастырушы-лық

-ізденушілік.


-Бауырсақ мұнда қалай келдің?

Бауырсақ:

Мен атамнан қаштым,

Әжемнен де қаштым.

Мен олармен бірге болудан жалықтым.

-Бауырсақ сен неге атаң мен әжеңнен жалықтың?

-Мен ойнағанды қатты жақсы көремін, атам мен әжем менімен ойнамайды. Мен балабақшаға келдім, мұнда жақсы және көңілді. Балалар бір-бірімен ойнайды. Балабақшада сондай қызық.

Сендерге ойнаған ұнай ма, балалар?

-Бауырсақ сен жолда шаршаған боларсың? бізге домалап келген жолың ұзақ болған шығар?

-Иә, шаршадым және тоқтайын десем де, тоқтай алмады, неге екенін білмеймін.

-Балалар бауырсақ неге тоқтай алмады?

Сөздік жұмыс: домалау.

-Балалар бауырсақпен ойын ойнайық.

«Үлкен кіші доптар» ажырата білу ойыны.

Сары түсті үлкен – кіші доптар жерде жатады балалар карзинаға доптарды ажыратып жинауы тиіс.

Ал сен, бауырсақ, тексересің.

-Бауырсақ неге тоқтай алмағаныңды енді түсіндің бе?

Домалақ дөңелейді.

-Жарайсындар балалар енді мына ұзын жолымызбен жүріп тапсырмамызға жетіп алайық.

Билингвальді компонент. Ұзын жолыды балалар длинный дарога дейміз, бауырсақ-колобок, дөңгелек-круг.

Балалар аппликацияны жасау үшін бізге не қажет?

Үлестірмелі материалға назар аударады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз, желімдейміз.

-Мен шаршыны аламын. Түсі қандай?

Мен неге осы түсті таңдадым?

-Сары шаршының бұрыштарын әдемілеп,дөңгелектеп жыртамыз.

-Екінші жағына желім жағып, суреттегі жолға желімдейміз.

-Ал оны не күтіп тұр?

-Дұрыс айтасындар түлкі күтіп тұр түлкіні орысша лиса деп атайды.

Денсаулық сақтау технологиясы:

Балалар біз атаға бауырсақ пісіріп берейік. Ол үшін табаққа суды құйып оған тұз қосамыз, ұн саламыз, дәмді болу үшін май қосамыз, енди илейміз.

Балалар тәрбиешінің көрсету көмегімен жолда келе жатқан бауырсақты жапсырады.

Үлестірмелі материалмен жұмыс тәсілін түсіндіріп жұмысқа кірісуді ұсынады. (Қоянның құлағын, түлкінің құйрығын, қасқырдын құйрығын қондыру.)

біз саған өзіміз жасаған аппликацияларды-бауырсақтарды сыйға тартамыз.




Диалогті тыңдайды.






-Иә, ұнайды.



тәрбиешінің көмегімен жауап береді бауырсақ домалақ болған соң тоқтай алмады.

Қайталайды: домалау

Балалар доптарды тәрбиешінін көмегімен ажыратады.



Қайталайды:

Бауырсақ-колобок, дөңгелек-круг.





Сары

Тәрбиешінің көмегімен жауап береді.



Түлкі

Түлкі – лиса.









Балалар тәрбиешінің көмегімен саусақ жаттығуын орындайды.




Үлестірмелі материалмен жұмыс түрін тәрбиешімен бірге орындайды.

Іс - әрекетін бағалау кезеңі


-Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген, бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды!

Бауырсақ шыршаның артына тығылып, қашып кетеді.

Жол бойында жүгіріп ән шырқайды.

Апамнан да қаштым,

Атамнан да қаштым.

Түспедім мен ауызға,

Ас болмадым тағы да,

Бауырсақпын осындай!

Аяқталды ертегіміз,

Сәтті болды күніміз!

Бауырсақ балаларға рақмет айтады.

Балалармен қоштасады.

Қуаныштарын білдіреді. Жұмыстарын бауырсаққа сыйлайды.




Балалар бауырсақпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бұрыштарын дөңгелектеп, шаршыдан дөңгелек жыртуды, қарындашпен немесе фломастермен аппликацияларды толықтырады.;

Игерді: бауырсақты кімнің пісіретіні жөнінде мағлұматты игерді.

Меңгереді: Мұқият жабсыруды, сулықты қолдануды.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!