СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Белдемше түрлерәі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ технология 6 класс. Белдемше түрлері

Просмотр содержимого документа
«Белдемше түрлерәі»





Сабақтың тақырыбы: Белдемшені матаға пішу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін арттыра отырып, пішу технологиясын менгеру, өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Үлгі бөліктерін матаға дұрыс орналастыруды, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау. 
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сән журналдары, белдемшенің нұсқауламалық картасы, мата, үлгі бөліктер, тігіншілік бор, ағылшын инелер, құралдар, тігін машинасы,салйт

Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ . Үй  тапсырмасын  тексеру.

1.Белдемшенің шығу тарихы туралы?

2.Киімді модельдеудің неше принциптері бар?

3.Модельдеу дегеніміз не?

4.Белдемшені қалай өлшеміз ( Бжо,Мжо;Бұ )

5. Модельдеу неге бөлғнеді?

Жаңа сабақ түсіндіру

Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Көптеген маталардың жуғаннан кейін отырып қалатын қасиеттері бар.Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді.
Мата бетіне пішім үлгілерін жайып қойып шыққанда мынадай қасиеттеріне мән беру керек. Қатты, тығыз маталарды тайғанап кететін маталарға қарағанда пішу оңайырақ. Жаю кезінде суреті бір бағытта орналасқан маталарға ерекше назар аудару керек. Бұл жерде бұйымның барлық бөлшектерінде суреттің бір жаққа қарай бағытталуы қадағаланады. Түкті маталарда түктің бағытын тексереді. Велвет пен бархатты пішуде пішім бөлшектерін ретпен түктің бағытына төменне жоғарыға қарай жаяды. Жолақ немесе тор маталар пішім бөлшектерінің бірігетін жерлерінде (тігістерде) жолақ немесе тордың түсі мен ені сәйкес келуі және алдыңғы бой мен артқы бойдың ортасынан дәл өтуі керек.
Матаға пішімдерді екі түрлі әдіспен жайып қойып шығады. Матаны ұзына бойына екі қабаттап бүктеп және еніне жайып қойып пішімдерді орналастырады.
Матаны пішу үстеліне жайып, жиектерін кеседі. Матаны бойлық жіп бойынша суретін ортасына келтіре отырып, орта сызықпен бет жағын ішке қаратып бүктейді. Бойлық қиындыларды теңестіріп, түйрейді және көлденең қиындыларын теңестіреді. Ені 140 – 160см маталарды көлденең жіп бойымен бет жағын ішіне қаратып бүктейді.
Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жаю. Матаға пішілген үлгі бөлшектерін жайып шеттерін бормен сызады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін (түйіндер, тесіктер, дақ, орнамент өшіңкі, т.б.) тігінші бормен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібіреді.

ІІІ. Практикалық жұмыс.  Матаны пішуге дайындау. Пішу технологиясы. Бұйым негізі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі белдемше бұйымдарын тігуге болады.
Бұйымды пішкеннен кейін контур сызықтарын, бүкпелерін екінші бөлікке аудару керек. Екі тәсіл қолдануға болады:
Бірінші тәсіл: 
• көрсетілген сызықтар бойымен тепшу жүргізу 
• бөлшектің екі жағында қалатындай етіп оны ұқыпты түрде қию.
• матаның теріс жағынан тепшу сызықтарын борлау.
• бөлшектерді көктегеннен кейін тепшу жібін алып тастау.
Екінші тәсіл оған қарағанда жеңілдеу.

  • Борлаған сызықты қалыңдатып борлау;

  • бөлікті теріс жағынан бір-біріне қаратып горизонталь бетінен борлаған сызықтың бойымен алақанмен ұрғылау;

  • екінші бөлікке алынған контур сызығын қалыңдатып борлау.

  • оқушылар бүкпелерді және бүйір тігістерін көктейді.

Бұйымды алғашқы өлшеуге дайындау:
- бақылау тігістерін жүргізу 
- бүкпелерді көктеу
- белдемшенің артқы бөлігінің орта тігісін көктеу 
- бүйір тігістерін тігу
- бұйымның төменгі бөлігін қайып көктеу
Тік, кең етекті, қиық белдемше тігудің технологиялық бірізділігі.
Өлшемнен кейінгі тігін машинасында бұйымды өндеу
- бүкпелерді қайып тігу;
- бүкпелерді ылғалды – жылулық өңдеу;
- төменгі қиықты және бүйір қиықтарын зигзагты тігіспен немесе жөрмеумен өңдеу;
- бүйір тігістерін қайып тігу;
- ылғалды – жылулық өңдеу;
- белдікке желімді жапсырманы үтектеу арқылы жапсыру;
- белдіктің бұрышын рәсімдеу;
- белдікті орналастырып тігу;
- ылғалды – жылулық өңдеу;
- белдемшенің төменгі қиығын өңдеу;
- ылғалды – жылулық өңдеу;

Кіріспе нұсқау.

  • қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • түсіндіру

  • практикалық жұмысқа дайындығын тексеру

  • нұсқаулық бойынша жұмыс


Ағымдағы нұсқау:

  • Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.

  • Дайындау технологиясының сақталуына, орындалуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.

  • Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.



Қорытынды нұсқау:

  • Орныдалған жұмысының сапасын тексеру

  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.

  • Әрбір оқушының жұмыстағы жетісті ктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету. 

Ү.Сабақты бекіту.

1.Өлшемді өлшенетін адамның қай жағынан тұрып аламыз? 2.Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алу қажет? 3.Киім тігу үшін пішім жасаудың неше жолы бар? 4.Стильдің неше түрі бар? 5. Қауіпсіздік ережесі.  Бағалау. Оқушыларды біліміне байланысты және дайындаған жұмысына байланысты бағалау.

Үйге тапсырма беру: пішім бөліктері, құралдар, сән журналдар, жеке жұмыстар т.б.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!